А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


Сырым. Тарқатсаңшы ой кірін, (110 б.) Дулат



бет33/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   95
Байланысты:
Лингвистикалық поэтика. Монография

Сырым. Тарқатсаңшы ой кірін, (110 б.)
Дулат. Жан жанан, өзіңдей жан жананымды. (107 б.)
Осындағы асты сызылған дерексіз зат есімдер деректі зат есімдермен синкреттік тіркестер құрап, ой сонылығын көрсетеді.
Әдетте көркем әдебиеттегі поэтикалық мағына, сөздердің стилистикалық қызметінен туатын мағынасымен ұштасып жатады. Сондықтан жаңа тіркестер, соны сөз қолданыстарын туғызу, сөздің үйреншікті мағынасын бейнелеп, поэтикалық көтеріңкі сипатта қолдану көркем шығармаларда жиі кездесетін құбылыс. Осыдан барып поэтикалық мағына қалыптасады. Ал поэтикалық мағына дегеніміз – троп, фигураның түрлері сияқты поэтикалық тәсілдерді қолдану арқылы сөздің айрықша әсермен, көтеріңкі мәнермен айтылуынан туатын мағынасы.
Мысалы, М. Әуезовтің «Еңлік – Кебек» пьесасындағы «Қыздырманың қызыл тілі», «әр лебізің алтындай», «асқар таудай ақылың», «қиғаш қасты, қолаң шашты» т.б. сөйлемдер мен сөйлемшелер немесе «Мұрнын тескен тайлақтай ғып», «бойына сенген түйедей боп», «еркек тоқты құрбандық» деген халықтық тіркестерде поэтикалық мағына айқын байқалады.
Сондай-ақ поэтикалық мағынаның бастау көзі халықтың ауыз әдебиетінде жатса, М.Әуезов оның да не түрлі үздік үлгілерін орнымен қолдана білген: «Тебінгіден тер, қабырғадан қан жаудырам ба?», «қылша мойын талша», «білегінің күші, жүрегінің түгі бар», «ақ қ ар, көк мұз» т.б.
Шығарманы жазу бар да, оны қабылдау бар. Қабылдау – күрделі процесс. Әсіресе драма жанрында қабылдау үдерісі шешуші рөлдердің бірін атқарады. Ондағы сөз өнеріне сүйсініп, бейнелі сөз оралымдарын тыңдаушы қабылдап, тәнті болуы тиіс. «Еңлік – Кебек» пьесасының тілі осындай айшықты сөз оралымдарына өте бай: «екпінін су сепкендей басу, сағы сыну, зықысы шығу, намысын жырту, шіріген жұмыртқа» т.б. тұрақты тіркестер мен «айрандай аптап // күбідей пісіп; ай дер ажа жоқ // қой дер қожа жоқ» сияқты қос тағанды фразеологизмдер де шығарма шырайын аша түседі.
Поэтикалық теңеулердің эмоциялық әсері мол, халық ұғымына етене жақын келеді. Шығармадағы: «Жазғырармысың бұлдыр күн? Кінәлімін бе кәрі тас?! (23 б.), «Азған заманның белді биі бойлауық жылқы секілді бой бермейтін қисық болады екен» (37 б), «Не тұрысың... мұтылып қу томардай?! Жапа жалғыз қу сояудай» (41 б.) «Сүйеніскен егіз марал» (43 б.) дейтін репликалардағы асты сызылған теңеулердің эмоциялық әсері мол.
Сонымен бірге, автор синекдоха тәсілі арқылы образды бейнелеу амалдарын да ұтымды қолданып отырады: «Сіңірі шыққан күң, менің иығымнан түскенге сен неге місе қылмайсың?!» (243 б.). Осындағы «иығымнан түскен» тіркесі бүтіннің бөлшегі ретінде киім деген ұғымды білдіріп тұр.
Тіліміздегі синоним сөздер стильдік мәні неше алуан функционалдық сипатта қолданылуымен тығыз байланысты. Мысалы, «Осы елдің бақ-талайын таластырар асылы кім? (103 б.) деген сөйлемде бақ сөзінен гөрі талай тұлғасының стильдік реңкі жоғарылау. Немесе «...Қарагөздей бәйтеректің басын шалар қанат-қияқ жоқ. Мына шерді зіл-қара тастай көтеріп жүргенше, шыққыр жаным шықса етті. Қара түндей қасірет ортасында жалғыз-шырақ жарығым, маңдайдағы жұлдызым (104 б.). Осы сияқты ыбылыс-жынның жүрісін көрмесем деп ем!» (116 б.) деген сөйлемдердегі қанат-қияқ, зіл-қара тас, шырақ-жарығым, ыбылыс-жын сияқты синонимдік тұлғалар әрі мағыналық, әрі стильдік белгілері арқылы ерекшеленіп тұр.
Ал «Ол сондай мінезді, биязы, нәзік» (103 б.). «Қолында таяғы бар жуан, семіз бәйбіше Мөржан келеді» (113 б.). Тек Өсердің Жарылғаптай жуанының шылауында, ығында кеткен басың бар ғой сорлы әке! (121 б.). Содан менің алмаған үлесім, ортағым, еншім бар (141 б.) («Қарагөз») дейтін сөйлемдерде драматург белгілі бір ұғымды толық қамтып көрсету мақсатымен, жоғарыдағы бірнеше синонимдік тұлғаларды қатар қолданған.
Тіліміздегі сөздердің семантикалық құрылысы неғұрлым бай болса, соғұрлым көп мағыналы сөздердің атқаратын қызметінің де күшейері даусыз. Осы орайда пьесадағы омонимдерге де бір мысал келтіре кетейік:
«Өсер аулы. Өсер... Өсер... не өсер? Тек зұлымдық өсер нөсер болып сенен! Сор өсер, ар өшер» (138 б.). Мұндағы «өсер» сөзінің бірінші мағынасы рудың атын білдіреді. Яғни, Сырымның руы, алтыншы атасының аты. Ал етістік тұлғалы екінші «өсер» сөзі аффикс жалғану арқылы туынды омоним болып тұр.
Пьесада кездесетін антонимдер де қарама-қарсы құбылыстарды біріне-бірі шендестіріп салыстыру арқылы күшті стильдік мән тудырады Мысалы, Жазылмас жарам жатыр. Сырт жарасы емес, іш жарасы (141 б.). Шынымен жарық күндей басталған өмірің қара түндей болып құлазып, жүдеп біткені ме?! (146 б.). Мінекей, осы келтірілген мысалдардағы және де суреткер тіліндегі басқа да сөз контрастары автор шендестіруінің асқан шеберлігін танытады.
Сондай-ақ жазушы көнерген сөздерді де орынды қолданып отырған: «Кембай, Көбей кісесін буындырады» (31 б.), «Жағасы жақыт кіреуке жебесі жетіп жүн болғанша шыдастық» (39 б.), «Қолында ұзын ақ таяқ, үстінде өзге қазақтан бөлек ақ кебентай» (40 б.) деген сөйлемдердегі жебе, кісе, кебентай, кіреуке сөздері бүгінде көнерген сөздердің қатарында.
«Мақал – сөздің атасы» дегендей М.Әуезов халықтың өз сөзін де ұтымды қолданған. Мәселен, «Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар, саптыаққа ас құйып, сабынан қарауыл қарайды, Батыр болсаң бопсаға шыда, ауылдастың тайы озсын, Оразаның түбіне мақсым жетер, азған елдің түбіне тақсыр жетер» дейтін мақал-мәтелдер арқылы автор тоқсан ауыз сөзге тобықтай түйін жасап отырған.
Драма тіліндегі ең басты құбылтулардың бірі – метафоралар – суреттеліп отырған заттың, не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту үшін қолданылады. Метафоралар – режиссура мен драматургиялық әдебиеттің, спектакльдің поэтикалық қарым-қатынасын анықтайтын тұтас кешенді қамтиды.
М. Әуезовті метафоралық стильдің шебері деуге болады. Бұл сөзімізге суреткердің өзіндік бай метафоралық қолданыстары дәлел.
Мәселен, жазушының тіліндегі «қара түндей қасірет ортасында жалғыз шырақ – жарығым, маңдайдағы жұлдызым! Торға түскен ақ тотым..., күнім!», т.б. тың сөз образдары алуан.
Эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын. Мәселен, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» драмасындағы Баянның сөзі салыстырмалы эпитетке толы:
Баян: Баян өзін осы жолы танып қайтты... Қарабайдың ұлысың деп алдаған екен ел-жұртым!.. Баян қыз екен! Әкел қыздың киімін! Жібек баулы сұңқарым келеді ұшып! Ақ тотыдай таранып, қарсы аламын құсымды!.. (49 б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет