А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


Қамбар (Бөлтірікке). Кәнпеске деген осы екен, ә?.. Қоңдыбай байды өрен-жаранымен... (384 б.) Омар



бет35/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   95
Қамбар (Бөлтірікке). Кәнпеске деген осы екен, ә?.. Қоңдыбай байды өрен-жаранымен... (384 б.)
Омар. Жолдастар! Ячейкелерің мына ауылдың ячейкесі, соның есебінде, соның мүшесі боласыңдар. Енді кешікпей барып кнежкелеріңді алыңдар. (386 б.)
Бөлтірік. Ие, ие, кемназия... Сол кемназияға жіберем. Песір боласың. Әшейін сұңқылдатып арыз жазып отыратын баяғы Содырша. (391б.)
Арпабай. Осының нормысы аз ба? Жоқ, біздің балалардың ісі ширақ па? Тағы бітіріп тастапты-ау! (395 б.) ( «Тас түлек»)
Яғни, жоғарыдағы кейіпкерлердің репликаларындағы конфискация/кәнпеске; книжка/кнежке; писарь/песір; норма/нормы сөздері қазақ орфоэпиясы заңдылығына бағынып, өзгеріске түсіп қолданылған.
Сонымен, біз лексикалық поэтикасын, грамматикалық құрылымын қарастырған пьесалардың тілі – халықтық тілдің телегей-теңіз бай қазынасымен астасып жатқан метафоралы тіл деуге толық негіз бар. Ал осы метафоралы сұлу тілді сахнада жүзеге асыратын актер. Актер – сахналық әрекеттің субьектісі. Тек актер ғана өзінің мінез-құлқымен, дауыс мәнерімен, іс-қимылымен (пластика), сөз ырғағын сақтауымен тілдік әрекетті метафораландыра алады. Яғни, актер драматургиялық мәтінді жан-тәнімен меңгергенде ғана метафораларға эстетикалық шынайылық бере алады.
2.3 Синтаксистік микропоэтика

Драмалық шығармалардың мазмұнын жоғары көркемдік деңгейге жеткізуде, көрерменнің ойы мен сезіміне айрықша әсер етуде драматургтер синтаксистік поэтиканы да орынды қолданып отырады. Автордың тілдік қорына байланысты сөйлемдер кейде қысқа, ұзақ, жай, күрделі, кейбірі контексте түсінікті болса, кейбір сөйлемдер түсіп қалады (анаколуф) немесе сөйлемдегі кейбір бөліктер әдейі бұрмаланып (солецизм) қолданылады. Кейде тілдің поэтикалық-эстетикалық табиғатын ашу мақсатында персонаждардың сөздері бір-бірімен қабыспай да жатады.


Анаколуф – тілдегі элементтердің формальды-синтаксистік байланыстарының (әсіресе, күрделі сөйлемдердің басында және аяқталуында) бұзылуы, мағыналық жағынан үйлескенімен, сөйлем мүшелеріндегі сәйкессіздіктер болып табылады. Әсіресе құрмалас сөйлемдердің басталуы мен аяқталуы арасында, мағына жағынан үйлескенімен, грамматикалық жағынан үйлеспейтін сөйлемдерде кездеседі. Мысалы:
Би. Жоғал бәрің көзімнен! (Көбейге) Шығар... Шығар мынау екі қаңбақ шалыңды!.. Бар... бар, есіттім үндеріңді!.. (Көбей, Кембай... Қараменде мен Абызға ойысып күңкілдейді. Анау екеуі қатар тұрып екі бөлек шыға береді. Қосдәулетке.) Шақыр. Шақырып бер маған Еспембетті!.. Еспембетті шақыр қасыма!.. (Қосдәулет шыға жөнеледі.) (41 б.) («Еңлік – Кебек»)
Тілдегі солецизмдер де синтаксистік құрылымға қажетті формалардың дұрыс қиыспауын білдіреді. Мәселен, Абыз. Өзім... өзім. Тарт жалаңды жазықсыздан... Айта бер айтпақ нарқыңды!.. (Екі би Абызға қарасады да, амалсыз көнген ажар байқатады.) (40 б.) Мұндағы айтпақ нарқыңды айта бер, жалаңды жазықсыздан тарт деудің орнына, яғни сөйлемдегі сөздердің орын ауысуынан, сөйлем мүшелерінің өзара бағыныштылығы әлсіреп, олардың жартылай дербестікке ие болғандығы байқалады.
Көркем мәтіннің құрылымдық-фундаменталдық белгісі болып оның өзгеше ырғақтық түзілісі есептеледі. Көркем мәтіндегі ырғақ тілдік бірліктердің, оның ішінде синтаксистік бірліктердің семантикасына, функцияларына, қарым-қатынасына әсерін тигізеді. Егер шығармадағы ырғақ мәселесі ескерілмесе, шығарма ішкі күрделілігінен ажырап, тек сыртқы деректік мәліметті ғана беріп, көркем мәтін болудан қалады. Сондай-ақ шығармадағы ырғақсыз мәтіннің терең мәні, мәтін астарындағы және концептуалдық мәліметті жинақтайтын екінші коммуникативтік жүйе де болмайды.
Көркем мәтіндегі ырғақтың семантикалық рөлі шығармадағы интонациялық өзгешелікпен байланысты. Көркем мәтінді талдағанда екі интонациялық жүйе ескеріледі. Біріншісі, мәтіннің ырғағы, екіншісі, синтаксистік түзілістер мен элементтерді мағыналық жақтан қарастыру. Мағыналық интонация ырғақтық интонациямен функционалдық жақтан да, семантикалық жақтан да сәйкес келмейді. Мағыналық интонация мәтіндегі сыртқы мағынаны вербалды түрде көрсетеді. Сондықтан көркем мәтінде шешуші рөлді ырғақтық интонация ойнайды. Ол мәтіннің ішкі терең астарын ашуға көмектеседі.
Жоғарыдағы ырғақтық интонацияларға Қ. Жұбанов ән деген сипаттама бере отырып, былай дейді: «Ән дыбыс басындағы зат емес, буын басындағы зат. Сондықтан әр буын жіңішке де, жуан да, ашшы да, қоңыр да, созылып та, қысқа да айтыла алады. Әнді тіл біткеннің бәрі пайдаланады. Бірақ түрліше (пайдаланады). Бір сөздің мағына нышанын (оттенок) білдіру үшін, көңіл райын (настроение) білдіру үшін т.б; бұйрықтар бір-бірінен әнімен айрылады (отыр, тұр).
Ары қарай ғалым әр тілдің әнді пайдалануы да түрліше болатындығын көрсетеді: «Тілдің музыкалық оформлениесі (әуені) ортақ. Сондықтан басқа халықтың тіліне түсінбесек те, сөз әуенінің қайғылылығын, не қуаныштылығын сезінеміз. Тіл тілге ортақ ән де бар, әр тілдің өзіне меншікті басыбайлы әні де болады. Бір нәрсе сұрағанда дауыс 5 тон көтеріледі. Қабат ноқат (қос нүкте) интонациясы мен жай ноқат интонациясы бір емес; сұрау (өтіну), бұйыру, қайғыру, таңдану бәрі де ән арқылы білінеді. Айқындауыш пен айқындалғыштың жапсарын жаба айтамыз; баяндауыш есім болғанда бастауышпен екеуінің жапсарын аша айтамыз. Анықтауыш пен анықталғыш қатар тұрғанда басым екпін анықтауышта болады [78, 70-71 б.].
Сөздің ішкі мазмұнын жоғалту әуезсіз, әсерсіз сөйлеуден келіп шығады. Яғни, сөз әрекетіндегі әуен, әуезділік мәселесі актердің есінен бір сәтке де шығармайтын басты шарты болуы тиіс. Бұл туралы К.С. Станиславскийдің «Артист должен создавать музыку своего чувства на текст пьесы и научиться петь эту музыку чувства словами роли. Когда мы услышим мелодию живой души, только тогда мы в полной мере оценим по достоинству и красоту текста и то,что он в себе скрывает [2, 85 б.],-дейтін ойы да жоғарыдағы ғалым
Қ. Жұбановтың пікірімен орайлас келеді.
Диалогтар құруда драматург түрлі экспрессивті құралдарды пайдаланады. Диалог құрылымы драматург шығармашылығының жалпы бағытына байланысты. Шығармашылықтың мұндай бағыты драматург тіліне белгілі дәрежеде синтаксистік поэтикалық реңк үстейді. Демек, «...контекстің поэтикалық сипат алуы, синтаксистік құрылымдардағы мағына тікелей субъектілік қатынасқа байланысты. Автор-субъект белгілі бір ситуация немесе ойдағы объекті бойынша пікір білдіреді. Автор-субъект ойының, пікірінің материалдық көрінісі синтаксистік құрылымдар монолог, диалог түрлерінде беріліп және бұл мақсатта түрлі тілдік тәсілдер қолданылады: қаратпа сөз, жақ, шақ категориялары, рай категориясы» [79, 12 б.].
Cонымен сөйлемнің негізгі белгісіне предикативтілік, модальдылық, интонацияны жатқызуға болады. Сөйлемде оның негізін құрайтын элемент –
бастауыш пен баяндауыш. Осы екеуінің негізінде ғана оның модальдылық қасиеті айқындалса керек дей отыра, Т.Сайрамбаев былай дейді: «Сөйлемге тән қасиет предикативтілік. Предикативтілікке көбінесе тек жақ, шақ мәселесі ғана негіз болады. Осы екеуі арқылы предикативтілік жүзеге аса алады. Ал предикативтілік мына үш нәрсенің байланысы: а) субъект-предикат арасындағы (логикалық аспект); ә) тема-рема арасындағы (коммуникативті аспект); б) бастауыш-баяндауыш арасындағы (грамматикалық аспект)» [80, 257 б.].
Сондай-ақ, субъект-предикаттық қатынастағы құрмалас сөйлемдер туралы Т.Н. Ермекова «Субъект-предикаттық қатынас сөйлемді ұйымдастырушы негізгі синтаксистік амал, ой білдірудің, мазмұнның және тема-ремалық мүшеленудің ұйытқысы»,-деп көрсетеді [81, 27 б.].
Ғ. Мүсіреповтың пьесасындағы өлең жолдарының дені бір ғана субъектінің немесе объектінің белгілерін, қасиеттерін ашуға негізделген. Демек, кейіпкерлер репликасындағы тұтастай өлең шумақтары бір ғана теманы ашушы предикаттар болып табылады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет