А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


Қодар. Күнде келем осында... күнде көрем Баянды... Көремін де, қашам, жақындауға батпаймын, тіл қатуға бата алман! (57 б.) Жантық



бет37/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   95
Байланысты:
Лингвистикалық поэтика. Монография

Қодар. Күнде келем осында... күнде көрем Баянды... Көремін де, қашам, жақындауға батпаймын, тіл қатуға бата алман! (57 б.)
Жантық. Әдісін тап дегенім! Қозы Көрпеш оңай жау емес! Ер соңымнан, ұста етегімнен! Адастырман! Қорықпа, құлатпан! (38 б.)
Қодар. Ұста білегімнен!
Қарабай. Ұстадым, айрылман! (34 б.) деген мысалдардағы алмаймын, адастырмаймын, құлатпаймын, айрылмаймын тәрізді ашық райлы болымсыз етістіктер алман, адастырман, құлатпан, айрылман болып стильдік мақсатқа орай, ерекше баяндауыштық қызметте жұмсалған. Пьесада бұл тілдік тұлғалар айтылған хабарға өктемдік сипат беріп, үзілді-кесілді ойды білдіру үшін қолданылған.
Күрделі синтаксистік тұтастық күрделі синтаксистік құрылымдардың мәтінтүзімдік қызметінің прагматикалық әлеуетін танытады. Мұнда автор тарапынан берілетін концептуалды ақпараттардың көрерменнің қабылдауына, ұғынуына жеңіл болуы көзделеді. Демек, күрделі синтаксистік тұтастық та автор прагматикасын жүзеге асырып, мәтіннің композициялық бірбүтіндігін, оның архитектоникасы мен семантикасының байланысын қамтамасыз етеді.
Кейде ойды толық жеткізу үшін жеке сөйлемнен де көлемді бірліктің бар екендігі байқалады. Мәселен, сөйлемнің өзіне тән синтаксистік тиянақтылығы бола тұра, қатысымдық тиянақтыққа жетпей тұратын тұстары болады. Яғни, мұндағы ой тиянақтылығы бірнеше сөйлем тізбектерінен көрінеді. Сөйтіп адресат пен адресант арасындағы қатысымдық әрекет толық жүзеге асырылуы үшін бірнеше сөйлем, кем дегенде екі не одан да көп сөйлеммен шектелуі тиіс. Міне, осыдан барып, күрделі синтаксистік тұтастық арқылы ғана қатысым жүзеге асырылады. Бірнеше күрделі синтаксистік тұтастық аяқталған мәтінді байқатады.
Сонымен әрбір синтаксистік бірліктер арқылы берілетін автордың өзіндік ойлары мен түрлі пайымдаулары бір-бірімен жалғасып, шығарма сюжетіне орай көптеген ұғымдар арқылы мәтін түзіледі. Мәтінде суреткердің ой тұжырымы көрініс табады.
Мәтінге тән категориялардың тағы бірі – модальдылық. Мезгілдік көрсеткіштер мәтіннің модальдық шегінің қалыптасуына қатынасады, ол мәтінге нақтылық, объективтілік, шындық, ирреалдылық, белгілік, белгісіздік реңк үстеп, кейіпкердің психологиялық көңіл-күйін көрсетеді.
Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет