А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


Науан. Жасырмаймын, қамшымен! Қамшымен өтем қайданда. Ақан



бет36/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   95
Байланысты:
Лингвистикалық поэтика. Монография

Науан. Жасырмаймын, қамшымен! Қамшымен өтем қайданда.
Ақан. Өткен жоқсың, хазірет...
Жалғыз сол ма ед?
Жаба берген жамандықтар,
Егіздеп-ақ өрмеп пе еді,
Көк мешіттің қасынан?
Көп қылмысты көзім көрді,
Ел сілкінер істер болды,
Қақ басында хазірет еді,
Айыбым сол – құр күңірендім айта алмай!
Көп жылаумен көзі ойылған,
Көп қайғымен көңілі сөніп,
Үміті өлген екі үйіңнің бірінде,
Осы емес пе елге орнатқан заманың!
Әділет пен шындық дейтін қос жетім,
Теңдік сұрап барар жері қалған жоқ,
Енді нең бар көрсетпеген бұл елге? (78 б.)
Мұндағы сөздердің орын тәртібі ырғаққа, ұйқасқа, өлшемге негізделген. Тема-бастауыш болып тұрған қамшылы хазірет, көк мешіт, көп қылмыс, көп қайғы мәтіннің тақырыбын ашушы предикат қызметін атқарып тұр. Мұндағы тақырып-тема елді қанаушы, қамшымен бағындырушы хазірет болса, ол туралы берілген ақпарат хабар-рема ретінде көрінеді.
Кейде драмалық шығармалардағы сөйлем құрылысындағы жетіспей тұрған тілдік элементтер грамматикалық тәсілдермен беріліп отырады:
Науан. Әйел – ердің мүлкі деген құранда...
Білгеніңше масқаралап,
Сол қолыңмен садақа қыл біреуге! (111 б.)
Ақан. Ақтоқты – бір мөлдір бұлақ,
Құяр жері кең дария! (96 б.) (Ғ.М.)
Мәселен, мұнда екі мысалдың да бірінші жолдарындағы Ақтоқты деген (Ақтоқты деген бір мөлдір бұлақ сияқты), әйел деген ердің мүлкі деп айтылатын тіркестердің орнына сызықша қолданылған. Демек, мұндағы имплицитті құрылымның мәні пунктуациялық белгі «сызықша» арқылы анықталады.
Сырым. Соның үстіне өзің де көнермен боп, менің көңіліме тағы бір от тастап тұрған жоқсың ба? (106 б.) Осындағы көнермен тұлғасы арқылы драматург тіліміздегі жыларман, өлермен, білермен т.б. тұлғалас сөздердің ізімен жаңа соны қолданыс тудырған.
Сондай-ақ, етістіктің салт және сабақты болуы сияқты болымды, болымсыз болуы да етістік атаулыға ортақ. Мәселен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет