А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


Қанікей. Үйреніскен ұясын аяр бар ма, жоқ па – жауабын айтсын дейді. Ажар



бет40/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   95
Қанікей. Үйреніскен ұясын аяр бар ма, жоқ па – жауабын айтсын дейді.
Ажар. Аяуды айтасыз. Мен аяныш көрдім бе сол ұядан? (317 б.) Бірінші сөйлемде М. Әуезов аяу бар ма деп отырған жоқ, аяр адам, аяйтын адам бар ма деп сөз үнемдеу тәсілін қолданады. Ал екінші сөйлемде аяушылық көрдім бе деудің орнына, таяныш тұлғасына орайластырып аяныш деп қолданған.
Сырттан. Ағайының өтіл салды... Алмасымды аламын, басқа жерге барсам да. (320 б.) Мысалда өтініш сөзі өтіл деп алынып, ырықсыз етістің -іл жұрнағы арқылы тіліміздегі кепіл, т.б сөздердің ізімен жасалып тұр. Осындағы ағайының өтініш етті деудің орнына, өтіл салды деген сөздің стилдік салмағы басымдау.
Сырттан. Кеше Жиренше үстірт айтты ма деп едім. Жаңа өзім арылдым ғой. Жаңылмасам, жауапкермін деген жоқпысың? Айыпкер болсаң, даугер қайтіп боласың. (322 б.) Мұнда суреткер бір репликаның бойында -кер/-гер жұрнағын ойнату арқылы жауапкер, айыпкер, даугер бірыңғай мүшелеріне салмақ артқан.
Абай. Долгов – ғылым адамы. Бұл антропология ғылымын зерттейді. Зерттеулер арқылы қазақ халқының тарихын жазбақ. Мен сонысына тілеулеспін, жәрдемдеспін. (325 б.) Мұнда жазушы тілдегі жәрдемшімін сөзінің орнына, тілеулеспін тұлғасына орайластырып, жәрдемдеспін деген жаңа сөз тудырып тұр.
Персонаждар мінез-құлқының үздіксіз дамуын көрсету үшін драматургтер лексика-композициялық (акромонограмма, т.б.) қолданыстарды пайдаланады. Мұндай жағдайда алдыңғы сөйлемнің соңғы сөзі немесе сөз тіркесі келесі сөйлемнің басында қайталанып отырады. Мысалы:
Ақтоқты. Мен, өзім.
Ақан. Өзім?! Енді не қалды?! (103 б.) ( «Ақан сері – Ақтоқты»)
Көрермен назарын болып жатқан оқиғаға, ондағы көтерілген мәселеге аудару үшін драматургтер ежелден-ақ риторикалық сұрақтарды пайдаланған. Мұндай риторикалық сауалдар көрермендерден жауап алу үшін емес, қойылған сұрақтың маңыздылығын баса көрсету үшін қолданылады.
Сюжет барысында драматург ауыр тартыстар мен қақтығыстарды көрсетуде эпифораларды пайдаланады. Эпифора – әрбір ой ағымының аяқ жағындағы бір сөздің бірнеше мәрте қайталанып отыруы. Мысалы, «Қозы Көрпеш – Баян сұлуда» Қодар: Елім шалғай... Жерім де шалғай... Кімім бар арқа сүйерлік!.. немесе Жантық: Жылама, бәйбіше, жылама!.. Мен жыласам қатыннан да асырар едім, пайда не?.. (43 б). Мұндағы Қодардың да, Жантықтың да іштегі күйзелісі сөз қайталау арқылы еселене түскен.
Күрделі сөз тіркестерін жасаудың бір тәсілі – тұрақты тіркестер. Жалпы мұндай тұрақты тіркестер идиомалық және фразалық тіркестерге бөлінеді де, оның құрамындағы сөздер ауыстыруға келмейді. Яғни, сол тобымен бір-ақ синтаксистік қызметте жұмсалады. Ал осындай сөз тіркестерінің құрамында сан есімдер жиі кездеседі.
Сан есімдердің өзі қатысты сөздермен тұтас келіп тіркес құрауы қалыптасқан тарихи құбылыс екендігі белгілі. Сан есімдер кейде тіркес құрамында әрқайсысы жеке-дара қолданылмай, сол тобымен есімге, не етістіктерге бағынышты болады. Мұндайда олар мағыналық жақтан жұптала отырып, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір-ақ мүшесі, немесе сөз тіркесінің де бір-ақ сыңары қызметінде жұмсалады:
Жарқын. Тоқсан сері – тоғыз табан,
Тоқсан құзғын – тоғыз таған,
Отырсыңдар ма аман!.. (14 б.) ( «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»)
Мұндағы мысалда берілген сан есімдердің мағынасы дәл сандық дәрежеде берілмеген. Тұрақты тіркестер құрамында сан есімдер көбіне зат есімдерге анықтауыштық қызметте жұмсалады. Алайда олар бөліп-жаруға келмейтін тұтас мағыналы, яғни сол тобымен бір-ақ ұғымды беретін, синтаксистік жағынан мүшелеуге келмейтін топ екендігі анық. Бұлар сөз тіркесінің құрамында да тұтас қалпында қаралады. Сөйтіп олар күрделі сөз тіркесін құраудың бір элементі болып табылып, грамматикалық міндетін атқарып тұр.
Стилистикалық сөйлеу айшығына жататын антитезада – ой-пікір, таным, образдар қарама-қарсы қолданылады: Мөржан. Атаң – күйеу, анаң – келін боп тілеу тілеп кірген ақ күмбезі осы болар! (114 б.) ( «Қарагөз»)
Хиазм – бұл кері параллелизм. Яғни, сөйлемнің негізгі мүшелерінің орын ауыстыруы. Бір мағынаны білдіретін сөйлемдер бірінен кейін бірі қайталанып, бірінші сөйлемдегі морфологиялық көрсеткіштер екінші сөйлемде кері тәртіппен беріліп отырады.
Синтаксистік параллелизм – қайталаманың бір түрі. Олар мәтін құрылымында экспрессивтік қызмет атқарады. Синтаксистік параллелизмдер микромәтіндегі ойды арттыруда белсенді қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет