А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


Драматургиялық диалог пен ауызекі сөйлеу тіліндегі диалогтар



бет56/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   95
3.3 Драматургиялық диалог пен ауызекі сөйлеу тіліндегі диалогтар
(салыстырмалы аспект)

Диалог теориясындағы даулы мәселелердің бірі – көркем диалогтың ауызекі сөйлеу тіліндегі диалогпен арақатынасын белгілеу болып табылады. Бұл арақатынасты белгілеудің қиындығы көркем диалог пен ауызекі сөйлеу тіліндегі диалогтарды топтастыру мәселелерінің әлі де жеткіліксіз зерттелгеніне, драматургиялық феноменнің өзіндік өзгешелігіне байланысты.


Диалогты кең түрде сипаттайтын болсақ, оны тек лингвистикалық тұрғыдан ғана емес, адамзат қарым-қатынасындағы өзара әрекет, байланыс, коммуникация тетігі деп қарастырған жөн. Диалог мәселесіне философиялық және мәдениеттану тұрғысынан келетін болсақ, «это не только и не столько проблема обмена информацией, но прежде всего – проблема диалога культур» [115, 73 б.]. Демек, диалог әмбебап тілдік құбылыс болып табылады.
Көркем диалог – драматургиялық және прозалық шығармалардағы бірден-бір тілдік-композициялық негіз болып саналады. Және ол күнделікті қолданыстағы диалогтан өзіндік артықшылықтары арқылы ерекшеленеді. Көркем диалог ауызша тілден бірден ажыратылады.
Көркем прозадағы диалогтың құрылымдық-семантикалық ерекшеліктері оның лингвостилистикалық ерекшеліктерімен өзара тығыз байланысты.
Көркем прозадағы диалог мәтіннің кейбір құраушы бөліктері болса, драматургиядағы көркем диалог – көркем мәтін құрылымының негізгі, басым бөлігі болып есептеледі.
Көркем диалог туралы «Драмада кейіпкерлер сөздері шешуші мәнге ие болады, олардың ерікті іс-әрекетімен белсенді өзін-өзі көрсетулері мәтіндегі сөздердің тұтас, үздіксіз желісін көрсетеді. Диалогтық және монологтық риторикалар арқылы драма тілі аппелятивтік-әсерлілік мүмкіндікке және ерекше көркем энергияға ие болады» (ЛитЭС 1987, 100 б.) делінген.
Көркем диалогтың, яғни, драматургиялық және прозалық көркем мәтіндердің ішіндегі композициялық-тілдік жағынан бірнеше белгілеріне қарай, өмірдегі диалогтан айырмашылығы бар. «Көркем диалог – бұл шығарманы автордың беруіндегі табиғи көркем мәтіннің бөлігі. Көркем диалогтың мәтіндік сипаты оның мазмұнынан және формасынан көрінеді, бұл жағдайда көркем диалог сөйлеу формасынан сирек ажыратылады» [113, 190 б.]. Әдеби көркемделген диалогтың мәнділігі көп жағдайда ондағы әдеби шығарманың түрі мен жанрына байланысты болады.
Көркем прозалық диалогтың құрылымдық-семантикалық ерекшеліктері В.В. Виноградовтың «Язык хужожественной литературы» (1959), «Поэтика русской литературы» (1976), В.В. Одинцовтың «О языке художественной литературы. Повествование и диалог» (1973), «Стилистика текста» (1980).
Е.А. Иванчикованың «Синтаксис художественной прозы Достоевского» (1979), Н.А. Кожевникованың «Типы повествования в русской литературе ХIХ-ХХ веков» (1994) және басқа да зерттеулерде кеңінен қарастырылды.
В.В. Одинцов «Стилистика текста» еңбегінде ХVIII-ХIХ ғасырдағы орыс әдебиетіндегі диалогтық форманың (прозаға қатысты) дамуын қарастырады. Ал ХIХ ғ. басында және бірінші жартысында диалогтардың ерекше интенсивті түрде дамуы басталады.
Дарынды авторлардың қолтаңбасында кейіпкерлер сөздерінің өзіндік ерекшелігі, қайталанбас тікелей жазушылық мәнері айқындалады. Мұндай жағдайда, жоғары деңгейде қолданылған тілдік құралдар сөйлеушінің біркелкі тілдік белгілері болып қана қоймай, пьесаны қабылдаушы субъектінің сахналық көріністердің белгілі бір тұсында назарын ерекше аударатын сигнал іспеттес болады. Сондықтан, драматургтер жасандылықтан, шарттылықтан арылып, субъективті-эмоционалдық және экспрессивтік бояуы қанық, жымдасқан композициялық-стилистикалық құрылымы берік пьесалар тудыруы қажет.
Егер көркем прозада диалог мәтіннің құрамдас бір бөлігін ғана құрайтын болса, драмалық шығармаларда ол көркем мәтіндік құрылымның негізгі, басым бөлігі болып табылады. Драматургиялық диалог – әдеби драманың материалдық негізі болып саналады.
Ауызекі қатынастағы диалог негізінен, сыртқы ұқсастығына қарамастан, көркем драматургиялық шығармалардағы диалогтан принципиальды түрде өзгешеленеді.
Диалогтың ең маңызды көркем мәні – болып жатқан оқиғаға көрерменнің әсерін ояту болып табылады. Диалогтағы әңгіме баяғыда болып кетсе де, көрерменге дәл бүгін болып жатқандай жеткізілуі тиіс. Диалог тек хабарды бір персонаждың екіншісіне жеткізуі немесе оқиғаны суреттеу ғана емес, көрерменге алдын ала әсер ету мақсатында да жұмсалады. Жоғарыда көрсетілген көркем диалог түрлерін саралай келе, олардың қазақ драмалық шығармаларындағы мынадай түрлерін атап көрсетеміз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет