А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы



бет57/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95
Байланысты:
Лингвистикалық поэтика. Монография

1. Ашық диалогтарда персонаждардың ұмтылысы айқын және ұғынықты, ішкі қарама-қайшылығы ширыға жеткізілген күшті сезімге қанық құрылады:
Ақан. Анайы елдің алқымыан,
Айрылмаса бұл шеңгел
Арашаға жарамасаң, пайдаң не!
Көреді де көзін жұмад,
Айтқың келсе, сырт айналад.
Не боп кеткен бұ заманның жасына.
Науан. Азапта екенсің ғой...
Ақан. Азаптамын!
Тіршіліктің бар мағынасы
Құлшылықтан табылса,
Қашайын деген мен бар ма ем?
Не таптым бірақ?
Науан. Ұқтым ойыңды. Жасырмай жақсы аңғарттың. Тағы нең бар? («Ақан сері – Ақтоқты») (67 б.)
Міне, мұнда Ақанның заманға, жастарға деген өкініші, күйініші нала- мұңға толы сөздерінен анық аңғарылады.
2. Тұйық диалог. Өзгелердің сілтеуімен, ишарат арқылы жүргізілетін диалог. Бұл құпиялылықты, ұстамдылықты, тәрбиелілікті немесе аса сыпайыгершілікті көрсететін диалогтың түрі. Мұндай диалогтар жоғары эстетикалық деңгейге ие, кейбірі ащы сарказмға құрылады:
Нарша. Ойпыр-ай, Қарагөз-ай, не дедің? Бұлай болғанда, бір-ақ тілеу, ақ бата, жазықсыз ата-ана қосқан жас зайыптар емес, тұсау мен бұғаудағы, айдау-жазадағы сорлылар екеміз ғой!.. Осы ма еді айтпағың?
Қарагөз. Сол айтқаныңыздың бірі болмастан, туу бастан тек өзіңізбен өзім болып ұшырассам... басқа болар ма еді менің жұлдызым! Жаңағы атағанның бәрінің аты, жиын аты, еріксіздік болса, менің бүгін үріккенім, жатырқаған қарсылығым, сізден де тітіркене тартынуым – бәрі сол зорлықтан болып жатса – не дейін? Сіздің адамшылығыңыз, маған сонша ерік беріп, осындай сөйлетіп тұрғаныңыз да мені өлердей ұялтады. Жанымды жегендей қапа-қайғыға салады. Міне – мен өз алдыңызда... бар шыным, бар сырыммен аян боп тұрғаным осы. Сұрадыңыз – айтпасқа амалым жоқ. Мен шын дерттімін!.. («Қарагөз») (127 б.)
Яғни, сахналық диалог, драматургия тілін түсінуде орталық арқауды құрайды, күнделікті жанды тілдің ұқсас белгілерін қамти отырып, кәдімгі тұрмыстық тілден бастап эмоционалды бояуы қанық поэтикалық тілді айқындайды. «Ұлттық тілдің барлық нысандарында әдеби тілден бастап оның ауызша және жазбаша түрлері арқылы аймақтық дағдылы тілі, жергілікті диалектіге дейін бәрі қарым-қатынастың шарты мен мақсаттары арқылы анықталады»,-дейді В.В. Виноградов [116, 258 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет