Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет19/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   109
АҚ САРБАЗДЫҢ ҰРАНЫ
Ақ Сарбаздың өткен өмірлеріне көз жібере отырып мен 
осынау Ұлы Тұлғаның елді соңынан ертер қасиетті ұраны 
болғанын білдім.
Ол – отбасын берекеге байытар ортақ игілік. Жігерлі 
жандардың темірдей тәртіпке құрылған тегеурінді мемлекеті.
Ақ Сарбаз қай елде тумасын, қай мемлекетке ықпал етпесін 
оған Өзінің Ұлы Рухына ғана тән өлмес мұра, өшпес естелік 
қалдыра білген.
Ал, Жерұйыққа бет алған адамзат көшін бастаушы Ақ 
Сарбаздың ендігі ұраны не болмақ? Көшке ілесер әрбір жанның 
осы тұрғыда толғануы заңды.
Меніңше ендігі ұран – ЭВОЛЮЦИЯ.
Қазақ көшінің мақсат-мүддесі материалдық игілік емес
жаулап алу да емес. Тек қана қалыпты эволюция жолымен 
алға басу – нағыз міндет осы.
Бұл жолда бізге, тән ләззәтін күйттеп қала салуға, 
байлық қууға, атақ-даңқ іздеуге, тағы да басқа өткен сорақы 
қылықтарды қайта жаңғыртуға мүлде болмайды.
Ондай ойы бар пенденің көшке ілеспей-ақ қойғаны мақұл.
Ұстаз туралы


62
Ақ Сарбаз Әлемі
АҚ САРБАЗ
Рух – Құдайдың ұрпағы
Сана – жанның сыртқы денесі.
Ой – Жан денесінің қимылы
Рух – Жаратушының ұрқы, Құдайдан ұшқын боп шығып, 
келе-келе жана бастайды – Жанға айналады. 
Жанның сана киімі жақсы болса тозбайды. 
Сана жанды лаулатып өсіре түседі де Құдайға әкеп қосады. 
Құдай – Ұлы От.
Ұлы Жандар Дүниесінде Мәңгілік өмір сүретін Жандармен 
жүздесуді армандаймын мен.
Мен Ұлы Жандар Дүниесінде өмір сүре алар нұрлы денесі 
бар Адамды көрдім. Оны менен басқалар «көре» алған жоқ.
* * *
Үш нәрсені бәрінен жоғары қоямын:
1. ТӘҢІРІ – дінім
2. АҚ САРБАЗ – пірім
3. ДӘСТҮРІМ – ұшан-теңіз Ғылым. 
Сенетін дінім бар
Сиынатын пірім бар,
Зерттейтін ғылым бар
Осыдан артық атамның басы керек пе?!
2008 жыл 6 март


63


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет