19. Қорытынды бөлім және оған қойылатын талаптар Ғылыми мақаланы жазу құрылымын зерттеу
1.Мақаланың аты;
2.Авторлары;
3.Кіріспе;
4.Зерзат және зерттеу әдістемесі
5.Зерттеу нәтижесі және оны талдау;
6.Қорытындылар мен ұсыныстар
7.Қолданылған әдебиет тізбесі
Қорытындылар мен ұсыныстар тек автордың өз зерттеулерінен ғана шығуы керек және дәлелдемелердің статистикалық көрсеткіштерінің сенімділігі жеткілікті дәрежеде жоғары болуы қажет. Бұл да қысқа болуы шарт.
20-21. Практикалық сабақ Оқушылардың алдарына жеке-жеке тапсырмалар беріледі.
«Екі дос» тақырыбында берілген мәтінді оқи отырып , көтерілген мәселе туралы өз пікірлерін білдіріп мақала жазады.
САлдарына берілген суретке қарап, жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтай отырып, тілдік құралдарды қолданып, «Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау» туралы (100-160) сөз көлемінде көркем-әдеби мақала жазыңыз.
«Патша» мәтінін оқи отырып, жоспар құрады
22. Мақаланың рәсімделу тәртібі 1.Жоғары сол жақ бұрышта УДК индексі.
2.Автор (авторлар) туралы мәлімет: автордың аты-жөні, ғылыми атағы, (бас әріптермен) дәрежесі; жұмыс орыны (ұйымның аталуын қысқартпай жазу); қала, ел (курсив).
3.Мақаланың тақырыбы (бас әріптермен) орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде.
4.Үш тілде аннотация: орыс, қазақ, ағылшын. Аннотация – міндетіне, мазмұнына, түріне, үлгісіне және басқа ерекшеліктеріне қарай құжаттың қысқаша сипаттамасы.
5.Түйін сөз (3-тен 6-ға дейін) – мақаланы анықтау мен іздеу жүргізуге болатын мәтіннен алынған белгілі бір сөз. Түйін сөз ретінде келесі терминдерді қолдануға болады:мақаланың аталуы, мақалаға аннотация, мақаланың мәтінінің алғы және қорытынды бөлімі.
6.Жарияланатын мақаның мазмұны келесі бөлімдерден тұрады: өзектілігі, зерттеу мақсаты, материал және әдістер, нәтижелер мен оларды талқылау, нәтиже.