БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТƏРБИЕЛЕУДЕГІ
ПЕДАГОГТЫҢ ƏСЕРІ
Ж.Т.Джаксынкаева-
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің оқытушысы
Магистр
Елімізде болып жатқан саяси- əлеумметтік,мəдени–этникалық өзгерістер халыққа білім берумен
тəрбие ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертуді қажет етіп отыр.Бүгінгі өмір жалғастырушы ұрпақ бұл
қоғамнан өзінің келешегінде не алды деген сұраққа жалпы қауым болып жауап іздестіруде.
Бүгінгі таңда білім беру жүесінде бірінші міндет -ол дүние жүзі елдерінде жастарды бейбітшілік
рухта ынтымақтастыққа,руханилыққа тəрбиелеу жəне əлемдік мəдəниетпен əр халыктың ұлттық
мəдениетін кіріктіре меңгеру.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп жəне дене мəдениеті» сериясы, №3 (22),2009ж.
85
Екіншіден жастардың бойындағы адами құндылықтарды:қайырымдылықты сүйіспеншілікті
дамыту, сөйтіп тəрбиелей отырып оқыту.Үшіншіден, білім беру жүйесің бұрынғы ағартушылық
бағытын сақтайды.
Басым бағдарын жеке тұлғаның рухани –адамгершілік тұрысынан кемелденуіне аудару.
Ендеше,жеке тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын
дамыту – заман талабы. Егер адам руханилығынан айырылса, онда ол эмоция мен сезімнен
айырылады, жалаң рационализм мен прагтизімнің құлына айналады.Сөйтіп ,материалдық табысты
негізгі мақсатка айналдырған қоғамдық даму азаматты рухани жұтаңдыққа душар етіп, құндылық
бағдарын өзгертіп жіберуі мүмкін.
Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сəтінен бастап,
бірге дамиды,жақсы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сəйкес бірге қалыптасады.
«Əр заманның өз адамы» деген қағиданың мəніне терең үңілетін болсақ,өмір тəжірибесі
өзінің нəтижесімен көрсете отып, дəлелдеп береді. Бұл көзқарас Қазақстан Республикасының Білім
туралы заңында көрініс тапқан.Онда:«Білім беру–бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық
мəдени дамуының жоғары денгейін жəне кəсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тəрбие
мен оқытудың үздіксіз процесі» ,-деп жазылған.Ал «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін
мектептері білім мазмұнын гуманитарландыру тұжырымдамасында» білім беру жүйесінің негізгі
міндеттері төмендегідей көрсетілген:
-жеке адамның рухани қабілет мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауаттықтың берік
негіздерін қалыптастыру,əрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау ;
-жеке адамның шығармашылық қабілеттері мен өзіндік ерекшеліктеріне қарай тəрбиелеуді
дамыту.
Адамгершілік əр адамның адамгершілік нормаларын орындауын ғана көздеп
қоймай,жаупкершілдікке,өзімшілдікке,дүниеқорлыққа, əділетсіздікке, қанауға қарсы белсене күресуді
көздейді,бүкіл қоршаған өмірді жетілдыру үшін, күресті талап ететін нағыз қоғамдық,белсенді
адамгершілік қасиеттерді тəрбиелеуге тиіс. Адамгершілікке тəрбиелеу ерекшіліктерін тұтас алғанда
баланың жеке басын қалыптастыруға жəне дамытуға бағытталған процесс, ол оның Отанға, қоғамға,
коллективке, адамдарға, еңбекке, өз міндеттеріне жəне өз басына қатынасын қалыптастыруды
көздейді.
Адамды адамгершілік ерекшеліктері жағынан қалыптастыру оның өмірге алғашқы күннен
басталады . Балаларда адамгершілік элементтерінің негізгі олардың мектеп жасына дейінгі кездерінен
бастап-ақ қаланады: Адамгершіліктің бастапқы сезімдері мен түсініктері қалыптасып, адамгершілік
мінез-құлықтың қарапайым дағдылары пайда болады .
Адамгершілікке тəрбиелеудің ерекшеліктерінде жағымды адамгершілік тəжірибелерінің
шешуші маңызы зор.
Адамгершілікке тəрбиелеу қасиеттерінің дамуын анықтайтын тəрбиенің өзегі балалардың
гуманистік қарым-қатынасы мен өзара қатынастарын қалыптастыру болып табылады. Тəрбие
жұмысының мазмұны, методы жəне формаларына, соған сəйкес мақсаттарға қарамастан мұғалімнің
алдында əрқашан балалардың адамгершілік қатынастарын ұйымдастыру міндеті тұруы тиіс .Педагогтың
арнайы ұымдастырылған немесе балалардың өздері құрған құрбыларының шағын топтарындағы мектеп
оқушыларының өзара араласуы мен бірлескен əрекеттерінің адамгершілік жөніндегі тəжірибелерді
жинақтауға ерекше маңызы бар.
Адамгершілікке тəрбиелеудің ерекшеліктері тəжірибесін жинақтай отырып, баланың қателесуі де
дұрыс істемеуіде мүмкін.
Тəрбиеші оған қателігі мен қылығының адамгершілікке жатпайтынына күйзелі, оны
мойындауына көмектесуі тиіс,əрине, оның мінез-құлқын түзетуге ғана емес, қандайда бір əрекетті
тудыруға бағытталған себептерге ықпал жасауға да комектесуі тиіс .
Весник КазНПУ им.Абая,серия
«Начальная школа и физическая культура», №3(22),2009г.
86
Тəрбие процестері мінез-құлық пен қарым-қатынастың адамгершілік жағын мойындауын
қамтамасыз етуі керек .
Барлық балалардың өсіп жетілеуіне бағытталған тəрбие процесі əр баланың қайталанбайтын
өзіндік ерекшелігін еске ала отырып, тиімді дамуын қамтамасыз етеіндей болып құрылуы тиіс.
«Адамгершілікке тəрбиелеу əліппесі» бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған практикалық
құрал.Төменгі сынып оқушыларын адамгершілікке тəрбиелеу ерекшелігінің мазмұны тəрбиенің
жалпы бағдарламасына сəйкес ашып көрсетілген. Құрал үш бөлімнен тұрады,оның əр қайсысы 1, 2,3
сынып мұғалімдеріне арналған.
Кітаптың методикалық материалы балаларды оқыту мен сыныптан тыс жұмыста адамгершілікке
тəрбиелеуге арналған тарауларды қамтиды.
Мұғалімге тəрбие жұмысын жүргізу туралы жалпы методикалық кеңес жəне тиісти практикалық
материал беріледі.
Баланы оқыту тек үстірт қарағанда ғана тіпті өзгеге қатысы жоқ іс болып көрінуі мүмкін.
Шындығында сабақ - алуан түрлі коллективтік қимылдар мен тебіреністердің,адамгершілік өзара
қатынастардың тəжірибесін жинақтайтын орын.Сабақта балалар өздігінен жұмыс істеуге үйренеді. Оны
ойдағыдай жүзеге асыру үшін өз күш-жігерін өзгелердің күш-жігерімен салыстыру, өз жолдастарын
тындап, түсінуді, өз білімін басқалардың білімімен салыстару, өз пікірін дəлелдеу, біреуге жəрдемдесу
жəне онын жəрдеміне сүйену қажет. Сабақта балалар жаңа білім алу процесінің өзінен бірге куануы, ал
қателер мен сəтсідіктерге бірге күйінуі мүмкін. Тəрбиелік жағынан алғанда мектепте оқылатын барлық
пəндердің маңызы бірдей.
Н.К. Крупская атап көрсеткендей, пионер қөзғалысының басты міндеті – жаңа адамды
тəрбиелеу. Пионер ұйымында балалар арасында ең алдымен жолдастық ынтымак. бірлесе əрекет жасау. өз
білімдері мен іскерліктерін басқаларға бере білу қажеттігі. басқалардан үйренуге байланысты қатынастар
қалыптасады.
Өмір тəжірибесін жинақтау үшін «кесте бойынша» жүргізілетін сабақтарды «бос» уақытында
істейтін істермен ұштастырудың үлкен маңызы бар. Өзі жəне басқалар да уақытты пайдалы өткізу
үшін балаға «бос» уақыт беріледі .Бұл баланың өз еркімен өткізетін уақыты. Ұйымдасқан түрде
өтілетін серуен,кесте бойынша өтетін оқу мен ойын- шын мағанасындағы бос уақыт емес.
Адамгершілікке тəрбиелеу ерекшелік процесінде көркем əдебиет шығармаларын пайдалану
балаларда басқалармен бірге тебірену қабілетін оятады.
«Əліппеде» арнайы бөлімдер бар ,олардың мазмұны мен əдеби адамшілік эмоцияларды
қалыптастыруға көмегін тигізеді .Материалын,1,2,3 сынып мүғалімдері оқу жəне сыныптан тыс оқуды
өткізгенде пайдалана алады. Бірде «Əліппеде» келтірген шығармаларды балаларға мүғалім өзі оқып
береді,екінші жағдайда төменгі сынып оқушыларына осы тақырыпта ұқсас əңгімелерді табу
ұсынады,үшінші жағдайда балаларға əңгімені оқып бермей-ақ оның мазмұнына сүйеніп,балалардың
адамгершілік білімдерін кеңейтетін əңгімелер өткізеді,төртінші жағдайда балалар тексті өздігінен
оқып, əр əңгіме соңындағы сұрақтарға жауап береді жəне т.с.с.
Сол сияқты мүғалім оқылған шығармаларға қайта-қайта оралуы мүмкін, кей жағдайларда
бұл қажетте болады.
Балаларды адамгершілікке тəрбиелеуде 1-3сынып оқушыларына арналған ережелермен
жұмыс істеудің маңызы бар . Олардың негізінде коллектив өмірі құрылады.
Оқушыларды адамгершілікке тəрбиелеудің ерекшелігінің маңызы алғышарты сынып пен
мектептегі жалпы адамгершілік «климат» мүғалімдермен балалардың өзара қатынастарының стилі
болып табылады.
Мектепке барғаннан кейін балалардың негізгі əрекеті оқу болады, бірақ ойын
бұрынғысынша олардың өмірінде кең орын алады.
Н.К. Крупская ойын мінездің байқампаздық, ептілік, ұстамдылық жəне де басқа қасиеттердің
тəрбиеледі деп көрсеткен .Ол дербестік, ұйымшылдық дағдылаларды дамытатын қоғам шын-
коллектившіл психологиясы бар адамды тəрбиелейтін ойындарға ерекше маңыз берген.А.С.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп жəне дене мəдениеті» сериясы, №3 (22),2009ж.
87
Макаренко: «ойынның адам өмірінде зор маңызы бар, ол еңбекке əзірлейді жəне біртіндеп
еңбекппен ауыстырылуы тиіс» деп көрсетті.
Мүғалімнің міндеті- ойнап жүрген балаларды зер салып бақылап, олардың қарым-
қатынастары қандай адамгершілік негізінде құрылатынын біліп , дұрыс, адамгершілік қатынастар
қалыптастыруға белсенді ықпал жасау.
Адамгершілік жақсы қасиеттерді түсінуі үшін суреттеліп отырған оқығанның мəніне
баланың ой-сезімінің бойлауын қажет ететін əңгімелердің орны ерекше.
Баланы адамгершілікке тəрбиелеу үшін орыс тілі сабағында өткізілетін қысқа
шығармалаларды да пайдалануға болады.Бұл əңгіме үшін баяндауға арналған əңгіме тексіне
мінез-құлық көрсетудің тиісті əдісін таңдап алуды талап ететін проблемалық адамгершілік
міндеттерді қосу ұтымды болады.
1.
Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы.,3 том.- Алматы 2001.-266 б.
2.
Темирбаев А. «Оқушылардың кеңестік патротизм сезімін тəрбиелеудің кейбір
мəселелері» - Алматы 1998.-119 б.
3.
Жарықбаев Қ., Қалиев С. «Қазақ тəлім тəрбиесі».-Алматы, 1980.-290 б.
4.
Момышұлы Б. «Совет балаларын патриотизмге тəрбиелеу».- Алматы 1989.97 б.
Резюме
В процессе воспитания личности исключительно важное значение имеет формирование ее
нравственности.
Summary
The main aim of this theme – is v give to air country’s people a politic- social,culture – thinks changes an
educational sphere.Their one of the head Function – is to develop generation. The generation’s value is theirs
humanity.
ҚИЫН СӨЗДЕРДІ МЕҢГЕРТУДЕ СӨЗДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Г.Т.Сəдуақас -
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқытушысы
Оқушы сөздігін дамыту – бастауыш оқу сатысының негізгі міндеті, бағыты. Бастауыш сынып
оқушыларын тəрбиелеу жəне одан əрі оқытудың сапасы ең алдымен олардың ойлау жəне сөйлеу тілі
деңгейлерін дамытуға байланысты туындайды.
Оқушы сөздігін байыту – оқушыға таныс емес, ұғымы қиын сөздерді түсіндіру, оның сапалық
өзгерісін, ұғымдар көлемін кеңейтіп, бұрыннан таныс сөздердің мағынасына талдау жасап нақтылау.
Сөздік жұмысы - мұғалімнің өтпелі ісі емес, керісінше, дұрыс ұйымдастырылған, белгілі мақсатта
құрылған жұмыс болуға тиіс.
Балалар сауат ашу кезеңінен кейін-ақ өз бетінше жаза ала бастағандарынан бастап, сөздік
жұмысын жүргізу тиімді. Балалар белгілі бір дəрежеде сөз үйреніп қана қоймайды, сауатты жазуға да
Весник КазНПУ им.Абая,серия
«Начальная школа и физическая культура», №3(22),2009г.
88
үйренеді. Сауат ашу кезеңінде қолданылатын негізгі құрал – кеспе əріптер мен буындар. Кеспе əріптер
мен буындардан балалар сөз құрастырады, оны буынға бөліп үйренеді. Мысалы: мұғалім «құрал-
саймандар» тақырыбына арналып жазылған cөздер жазылған қима қағаздарды үлестіріп береді. Ол
балаларға үлестірілген сөздерден өздеріне таныс заттардың суреттерін іріктеп алуларын тапсырады.
Кейбір оқушылар: айыр, ара, орақ, біздің суреттерін алады. Ал келесі біреулері: шалғы, балға, балта,
күрек, егеу, иненің суреттерін таңдайды. Ал үшіншілері: тырнауыш, тақта, шегенің суреттерін алады.
Балалар бұл сөздердің қалай аталатынын, қандай мақсатта қолданылатындығын айтады. Мұндағы кейбір
сөздер балаға бұрыннан таныс болса, кейбір сөздердің мағынасы баланың ұғынуына қиындық келтіруі
мүмкін. Мысалы: егеу, шалғы, біз, орақ сияқты сөздердің мағынасын балалар түсінбеуі мүмкін. Мұндай
жағдайда мұғалім балаларға заттардың суреттерін көрсету арқылы түсіндіргені жөн. Ал, сурет болмаса,
мұғалім тақтаға сол заттың суретін салып көрсетуіне болады. Жұмыстың бұл түрінде оқушылар əр
сөздердің мағынасын, жазылуын меңгеріп, əр заттың бейнесін көз алдына елестете білуі керек. Сондықтан
ана тілімен, экскурсиямен, жеке жəне топпен бірге жасалатын бақылау жұмыстарымен байланыстыра
өткізіледі. Жаңа сөздермен таныстырғанда, онымен жаттығулар жүргізілгенде, түрлі суреттер,
гербарийлер, үлестірме материалдар, дидактикалық материалдарды тұрақты түрде пайдаланып отырады.
Оқушыларға жалпылауыш сөздер бойынша сол топқа енетін заттарды іздестіртіп, керісінше, бір топтағы
сөздердің жалпылауыш атауын тапқызу керек.
І сыныпта сурет арқылы сөздік жасату тиімді нəтиже береді. Сөздік жұмысы суретпен жүргізілетін
жұмыспен мазмұндас. Алайда сөздік жұмысы оқушылардың дербес ойлануына, кеңірек сөйлеуіне, өз
бетінше сөздер таба білуіне көбірек көңіл бөлінеді. Өйткені балалар əлі əріптерді алфавит ретімен
үйренбейді, сондықтан баланың алдында заттың суретінің өзі болуы, олардың сол сөзді ұзақ есінде
сақтауына көмектеседі. Балалар əр сабақта үйренген қиын сөздерінің атауын сөздік дəптеріне жазып,
жанына суретін жапсырып отырады. Суреттерді балалар журналдардан, газеттерден немесе т.б. басқа да
орындардан қиып алады. Ата-анасының көмегімен оқушылар өздеріне кездескен, ұнаған суреттерін
жапсырып, кейбір суреттерді өздері салып, жанына атауын жазады. Мысалы: «Əліппе» оқуығында 89-
бетте «Əə» əрпін өтуге байланысты «Əже» деген мəтін берілген. Мұғалім мəтінді оқып шығады немесе
бірден оқушыға оқытады.
Əже
Сəуленің əжесі бар. Əжесі немересіне шəлі тоқыды. Шəлі əрі жұмсақ, əрі жылы болды. Сəуле
шəліні басына тартты. Шəлі оған жараса кетті. Сəуле қуанды, əжесіне рахмет айтты. Сəуленің əжесі
тағы да жіп сатып əкелді. Енді немересіне əдемі қолғап, жылы байпақ тоқып берді.
Мұғалім оқушылардан ұғынуларына қиындық келтіретін сөздерді сұрайды. Оқушылар бірнеше
сөзді (мысалы: шəлі, байпақ) атайды. Шəлі, байпақ сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Үй тапсырмасы
ретінді осы сөздерге байланысты суреттерді тауып, жапсырып келуге тапсырады немесе суретін салуға
болатынын ескертеді.
Шəлі -
Байпақ -
Сөздік жұмысының бұл түрі оқушының сөздерді есте сақтауына жақсы ықпал етумен бірге,
оқушыны ізденуге, еңбекке, табандылыққа баулиды.
І-ІІ сыныптарда мұғалім балаларға үйренген сөздерін сабақ барысында жазғызады. Мұғалім
өтілетін тақырыпқа байланысты бала ұғымына қиындық келтіреді-ау деген сөздерді алдын-ала іріктеп,
тақтаға əдемілеп, балаларға көрінетіндей етіп жазып қояды. Ал оқушылар мұғалімнің қадағалауымен сол
сөздерді сөздік дəптерлеріне жазады. Кейбір сөздердің мағынасын бала жақсы білгенімен, жазылуында
қиындық келтіретін сөздер оқулықта өте көп кездеседі. Ал кейбір сөздердің айтылуымен бірге,
жазылуында да қиындық келтіретіндері бар. Сөздік жұмысы тек сөз мағынасын түсіндіру мақсатын ғана
көздемейді, сонымен бірге оқушыларды сауатты жазуға машықтандырады, яғни оқушыларды өздері
қабылдаған əрбір сөздің жазылуын есте сақтауға үйренеді. Мысалы «Əліппе» оқулығының өзінде электр,
элеватор, экипаж, экскаватор, экспресс, щетка, авиация, офицер, чемпионат, чек, рояль, компьютер,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп жəне дене мəдениеті» сериясы, №3 (22),2009ж.
89
альбом, факс, аквариум, телеграф сияқты т.б. көптеген сөздердің мағынасын түсіндірумен бірге, дұрыс
жазылуын да қадағалағаны жөн. Кейде олардың бəрін меңгеру, яғни мағыналарын ажыратып, өз
қолданыстарына енгізу балаларға біршама қиындық туғызады. Жеке сөздердің айтылу ерекшеліктері мен
жазылу ерекшеліктерін тек сөздің мағынасын түсінгенде ғана есте сақтауға болады. Сондықтан мұғалім
орыс тілінен енген дыбыстарға байланысты үйретілетін жаңа сөздерді жеке есепке алып, оларды
пысықтатып отырғаны жөн.Сөздік дəптеріне үйренген жаңа сөздерін, ұғымы қиын сөздерді (айтылуы
қиын, жазылуы қиын т.б.) де жазып отыруы керек.
І-ІІ сыныптарда көбінесе тақырыптық сөздіктер жасату арқылы сөздік жұмысын жүргізген тиімді.
Бұл сабақтарда мұғалім балалардың сөздік қорын байыту мен молайту жөнінде күн сайын
олардың алдына нақты міндеттер қояды, І сыныптағы баланың айтқан əрбір сөзінің түсінікті де дəл
мағыналы болуын қадағалайды, бала сөзінің дұрыс айтылуына айырықша көңіл бөледі. Себебі балаларда
мектепке келмей тұрып-ақ белгілі бір сөздік қор, сөз мағыналарын ажыратып, жеке тəжірибесінде қолдана
білу машығы қалыптасады. Мектепке келетін қазіргі балалардың тілді бастауыш мектептегі оқудың осы
күнгі мазмұны талап ететіндей дəрежеде меңгеруі тəн. Осы қалыптасқан икемділігін одан əрі дамытуға
мектепке келген күннен бастап-ақ назар аударған жөн.
Мектепте балаларды оқу мен жаза білуге үйретіп, қатесіз жазуды ойдағыдай меңгеруіне негіз
жасау ғана емес, сонымен қатар балаларға өз сөзіне жаңа тұрғыдан қарауына, оны өздері бақылайтын
нəрсеге айналдыруына көмектесу, оларға сөз сұлулығын, оның ықшамдылығын, қисындылығы мен
бейнелілігін сезіндіру мақсаты көзделеді.
Бастауыш мектептің ана тілі сабақтарында, оқушының сөздік қорын молайтуда тек білімділік
мазмұн ғана жатпайды, сонымен қатар тəрбиелік мəн де жатады. Сөздік жұмысының көпшілігі ана тілі
сабақтарында жүргізіледі. Тілді меңгерту ең алдымен көркем шығармалар арқылы жүзеге асырылады.
Сондықтан сабақта мұғалім баланы көркем əдеби сөзді көбірек қолдануын қадағалағаны дұрыс болар еді.
Шебер де жатық сөйлеу үшін əдеби тіл нормаларын, заңдылықтарын меңгеру керек.
Бала осылайша жаңа меңгерілген сөздерді өзінің əңгімелеу барысында қолдануға, сондай-ақ сөздік
қорын диалектілік, көнерген, былапыт сөздерден тазартуға дағдыланады. Сөздік жұмысын жүргізу жүйесі
күніне 3-10 жаңа сөздерді меңгертуді, сонымен қатар сөздердің мағыналарын нақтылау жөніндегі тұрақты
жұмыс жүргізуді, олардың мəнерлілік мүмкіндіктерін айқындауды, оларды сөздік қорға енгізіп, белсенді
қолдану жұмыстарын арттыруды білдіреді. Бастауыш сыныпта сөздік жұмысы көпшілік жағдайда
тəжірибелік негізде жүргізіледі.
Сөздік жұмыс сөйлем құрауға материал береді жəне сөздерді байланыстырып сөйлеуге, əңгіме
айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.
Ендеше оқушыларды мектептен бастап, сөздікті пайдалана білуге үйретудің зор маңызы бар.
Қазіргі кезде сөздіктерді үйренім мақсатында пайдалануға болатындай етіп жасау – қазіргі
кезеңдегі басты міндеттердің бірі. Себебі қазақ тілінің түсіндірме сөздігі тіл білетін адамдарға ғана емес,
оқушыларға да өте қажет. Белгілі педагог əрі психолог Э.Л. Торндайк сөздікті өте маңызды үйретім
құралы деп санаған. Ғалым сөздіктен дəл қазіргі, қажетті сəтте өзіне не керек болса, соны жедел тауып
ала-алатын соңғы ғылыми жетістіктерге сай жасалған, сапалы сөздіктердің деректерінің аса құнды
болатындығын жазған
Қазіргі заман талабына сай оқу бағдарламалары оқу үдерісінде оқушылардың сөздіктердің алуан
түрімен жұмыс істей білуін талап етеді, бірақ тəжірибе жүзінде сөздіктерді пайдалану өте сирек. Əрине,
сөздіктердің қай-қайсы да мектеп оқушылары емес, көпшіліктің пайдалануына арналып жасалған. Алайда,
осылардың ішінде оқушылар қажетін өтейтіндері де жоқ емес. Мұғалімдердің сөздік жұмысын
жүргізбеуінің көптеген себептері бар:
1) Қазақ тілінде мектепке арналған сөздіктер өте аз, көпшілік сөздіктер балалардың қолдануына
емес, жалпы қолданысқа арналып жасалған. Он томдық түсіндірме сөздікті апарып, балаларға сабақ
түсіндіру мүмкін емес.
2) Сабақ барысында сөздікпен жұмысын жүргізуге уақыт көп кетіп қалады.
Весник КазНПУ им.Абая,серия
«Начальная школа и физическая культура», №3(22),2009г.
90
Бастауыш сынып мұғалімі 45 минуттың ішінде оқулықтағы материалды жұмыс жасай отырып,
осындай мағынасы бала ұғымына қиын сөздерді сабақ барысында түсіндіріп отыруы қажет. Сондықтан
мұғалім сөздік жұмысын дұрыс ұйымдастыра білуі шарт. Сөздік жұмысы оқушы алдына ашып салар кілт
сияқты. Ал оқушыны бастауыш сыныптардан бастап сөздікпен жұмыс істеуге дағдыландыру -
оқушылардың мəдени, əлеуметтік жағдайымен қоса, білімін көтереді, бағыт береді. Орыс əдіскер-ғалымы
С.П. Редозубов: «...мектептегі сөздік жұмысын дұрыс жолға қоюды қамтамасыз ету үшін ... сөздіктер
(этимологиялық, түсіндірме) анықтамалықтар болуы тиіс, сонымен бірге əр сынып бойынша
түсіндірілетін сөздер тізімі керек. Бұл мұғалімнің əр сыныпта қандай сөздермен сөздік жұмысын жүргізуі
үшін қажет»,- деп атап көрсетеді /2/. Сөздерді іріктеуде мұғалім оқушылардың сөздік қорының
ерекшелігін, түсінік əлемін білуі керек.
Оқушылардың сөздік қорын молайту үшін істелінетін жұмыс үстінде үздіксіз ескеріп отыратын
бір жағдай – оларды əр сөздің мағынасын жете біліп отыруға, түсінбеген сөздерін өз тараптарынан сұрап
алуға дағдыландыру. Оқушының сөз мағынасын шала біліп, өзі оған бейқам қарауы, бұған дағды алып
кетуі, оны үлкен шалағайлыққа əкеліп соқтырады. Сондықтан мұғалім оқу сабақтарында болсын, немесе
грамматика сабақтарында болсын, түсінбейді-ау деген сөздердің мағынасын оқушы нақты, дəл түсіне ме,
жоқ па – сұрап, білдіріп отыруы керек.
Мысалы, оқушылар түсіндірме, орфографиялық, этимологиялық, т.б. сөздіктерді пайдаланып
отыруы қажет. Сонымен бірге көптеген мұғалімдер бастауыш сыныпта мақал-мəтелдер сөздігі, суретті
сөздік, синонимдер, антонимдар сөздігін жасатқызады. Мұндай сөздіктер арқылы жүйелі жүргізілген
сөздік жұмысы жоғары сыныптарда да оқушының сөздік қорын байытуға себепші, негіз болады.
Бастауыш сыныпта сөздіктермен жұмыс жүргізудің жоғары сыныптарға қарағанда өзіндік
ерекшеліктері бар.
І сыныпта жəне барлық бастауыш сыныптарда орындалатын сөздік жұмысы оқушылардың тілін
ауызша жəне жазбаша дамытудың маңызды бөлігі болып табылады.
І сыныптағы сөздік жұмысының ең негізгі түрлерінің бірі – заттың белгілі бір тобын көрсететін
сөздерге жіктеу (топтастыру) арқылы сөздік жұмысын жүргізу.
ІІІ-ІҮ сыныптардағы сөздік жұмысы І-ІІ сыныптарға қарағанда күрделірек жүргізіледі. Мұғалім
қиын сөздерді «Түсіндірме сөздіктен» оқушылардың өздеріне тауып, жазып келуге тапсырады, жазған
сөздерін келесі сабақта тексеріп отырады. Егер мұғалім балалардың сөздік жұмысын үнемі тексеріп
отырмаса, сөздік жұмысының жүйелі жүргізілуіне кері əсерін тигізеді.
ІІІ-ІҮ сыныптарда тақырыптық сөздіктермен бірге алфавиттік сөздік жасату тиімді. Мұнда
балалар сөздерді алфавит ретімен жазып үйренеді. Əр əріпке дəптердің 1-2 парағын арнап, үйренген жаңа
сөздерін сол əріп тұсына жазып отырады. Бұл - оқушыларды сөздікпен жұмыс істеуге машықтандырады,
əрі жоғары сыныптарда сөздіктердің алуан түрлерімен жұмыс істеу оңай болады, яғни оқушыларды өздері
қабылдаған əрбір сөздің жазылуын есте сақтауға үйретеді.
1. Рахметова С. Тіл ұстарту. – А.: Рауан, 1997. – 141б.
2. Редозубов С.П. Основные вопросы преподования русского языка в начальных классах школы.-
М.: Учпедгиз, 1952. с.8.
3. Баранников И.В., Бойцова А.Ф., Карашева Н.Б. Методика начального обучения русскому языку в
национальной школе. - Л: Просвещение, 1981.-270с. стр 86-87.
4. Əуелбаев Ш., Наурызбаева Ə., Ізғұттынова Р., Құлажанова А. Əліппе оқулығы. – А.: Атамұра,
2002.- 144б.
Резюме
В статье рассматривается использование словаря при изучении трудных слов на уроках родного
языка.
Summary
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп жəне дене мəдениеті» сериясы, №3 (22),2009ж.
91
In this article was looked using are dictionary by studing difficult words to the lessons of native language.
Достарыңызбен бөлісу: |