Абай атындағы ҚазҰпу-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47)



Pdf көрінісі
бет12/26
Дата03.03.2017
өлшемі3,24 Mb.
#6675
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26

 
Түйіндеме 
Мартикьян А.С. - Абай атындағы ҚазҰПУ-інің БӘД теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға 
оқытушысы, әскери ғылымының кандидаты, martikyan63@mail.ru 
Офицердің ақпараттық мәдениеті 
Мақалада  ақпараттық  мінездеме  сұрақтары  қарастырылды,  офицердің  әртүрлі  ақпараттық 
қамтамасыз  ету    профессионалдық  қызметімен  байланысты,  оның  қызметтік  саладағы  ең  бастапқы 
орында  тұратын,  қәзіргі  кездегі  әскери  мамандықтың    ақпараттық  мәдениетін  дамыту  мен  
қалыптастыру барысын күшіне енуді талап етеді.   
Түйін сөздер: ақпарат, ақпараттық мәдениет, ақпаратты-профессионалдық қызмет, компьютерлік 
сауаттылық. 
 
Summary 
Martikyan A.S. - Senior teacher of chairof Theory and Methods BMT of Abay KazNPU, candidate of 
military sciences, martikyan63@mail.ru 
Information culture officer 
The  article  considers  the  questions  concerning  information  associated  with  the  information  providing 
various types of professional activity of an officer, which begin to take a leading place in the structure of his 
official  activity,  which  in  turn  requires  greater  attention  to  the  process  of  formation  and  development  of 
information culture of a modern specialist military. 
Keywords: information, information culture, information and professional activities, computer literacy. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г. 
86 
ӘОЖ 612.217 
ӘРТҮРЛІ ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ РЕСПИРАТОРЛЫҚ АППАРАТ ҚЫЗМЕТІНІҢ 
РЕЗЕРВІ 
 
Нарибай Р.Ж. – б.ғ.к. Абай атындағы ҚазҰПУ бастапқы әскери дайындық теориясы мен 
әдістемесі кафедрасының доценті, naribaeva. roza @ mail.ru 
 
Мақалада  адамның  тыныс  аппаратының  резервтік  мүмкіншілігін  сипаттайтын:  өкпенің  тіршілік 
сиымдылығы,  өмірлік  индекс  және  өкпенің  өте  жоғары  желденуі  сияқты  көрсеткіштердің  жасқа  байланысты 
өзгеру  динамикасы  келтірілген.  Сондай-ақ,  бұл  мақалада  тыныс  жүйесінің  механикалық  желдену  және 
қызметтік қабілеттері толық көрініс табатын өкпенің өте жоғары желденуінің, шын мәнінде, маңыздылығы зор 
функционалдық  көрсеткіш  екені  аталып  көрсетілген.  Және  де,  жасқа  байланысты  тыныстың  функционалдық 
резервінің  даму  динамикасын  бағалау  барысында,  әйелдерде  респираторлық  аппарат  мүмкіншілік  резервінің 
қалыптасуы  біршама  ертерек  жүретіні  атап  өтілген.  Сонымен  қатар,  адамның  респираторлық  аппаратына 
жоғары  функционалдық  жүктеме  түсіру  кезінде,  тыныс  бұлшықеттерінің  күштенуін  бағалайтын  жүйе 
қажеттілігі негізделген. 
 
Кілтті  сөздер  –  тыныс  аппаратының  резервтік  мүмкіншілігі,  өкпенің  тіршілік  сиымдылығы,  өмірлік 
индекс, өкпенің өте жоғары желденуі, тыныстың жасқа байланысты функционалдық динамикасы. 
 
Адамның  резервтік  мүмкіншілік  мәселесі,  экстремалдік  жағдайлардағы  адам  өмірінің 
фундаменталдік  және  қолданбалы  аспектілерін  зерттеуші  мамандар  назарында  екені  белгілі.  Кез-
келген бейімделіс, соның қатарында қарқынды инттелектуалді және бұлшықет қызметіне, қоршаған 
ортаның  қолайсыз  факторлер  әсеріне  ағзаның  бейімделуі  –  оның  бүкіл  резервінің  тоғыса  бірігуі, 
әсіресе  физиологиялық  резервінің  жұмылдырылуы  арқылы  іске  асады.  Физиологиялық  резерв 
эволюция  үрдісінде  қалыптасқан,  мүшелердің,  жүйелердің,  тұтас  ағзаның  тыныштық  жағдайымен 
салыстырғандағы  өз  қызметінің  қарқынын  бірнеше  есеге  арттыра  алу  қабілеттілігі  ретінде 
қарастырылады [1-3]. 
Негізінде,  ағзаның  функционалдық  резерві  адам  денсаулығының  дәрежесін  анықтайды. 
Сондықтан  да,  академик  Н.М.Амосов  1975ж.  өзінде-ақ  адам  денсаулығының  сандық  бағалануының 
қажеттілігі  туралы,    ал  функционалдық  резервті  басты  функционалдық  жүйелер  мен  мүшелердің 
«резервтік қуаттылық» жиынтығы ретінде анықтау керектігін тектен-тек айтып өтпеген [4]. Ал тыныс 
жүйесінің  резервіне  қатыстысы,  ол  өкпе  желденуінің  артуы  мен  тыныс  бұлшықеттерінің  төзімділік 
мүмкіншіліктерімен анықталады. 
Адамның  сыртқы  тыныс  резервін  зерттеп  білуге  деген  құштарлық,  респираторлық  аппараттың 
функционалдық  мүмкіншілігі  барынша  шексіз  деп  қалыптасып  қалған  көзқарасқа,  соңғы  уақытта, 
адамның  жұмыскерлік  қабылеттілігін  шектеуші  факторлерге,    тек  жүрек-тамыр  жүйесі  ғана  емес, 
сонымен  бірге  тыныс  бұлшықеттерінің  тез  қажуынан  туындайтын    респираторлық  жүйедегі 
қиыншылықтар ықтималдығымен түсіндіріледі [5,6]. Бір жағынан тыныс бұлшықеттерінің жұмысы, 
тек өте максималдік режімде ғана емес, сонымен қатар өкпенің субмаксималдік желденуінде де, өте 
жоғары оттегін тұтыну шамасының 20-25%-на жете, оттегінің айтарлықтай шығындалуын құрайды. 
Ғылыми  әдебиеттер  мәліметтерін  жүйелей  талдау,  адам  тынысының  функционалдық  резервінің 
жастық динамикасына қатысты мағлұматтарды растайды. Мәселен, 6 жастан 15 жас аралығындағы ер 
балаларда  бір  жағынан  тыныс  қызметінің  онтогенездік  дамуындағы  жеке  даралық  айрықшылық 
көрініс  тапса,  екіншіден  –  соматометрлік  көрсеткіштер  дамуына  байланысты  тығыз  тәуелділік 
байқалады  [7,8].  Назар  аударатын  жайт,  14-15  жастағы  жеткіншектер  тынысының  функционалдық 
резерві  шектеулігі,  сондықтан  жаттықтықтыру  жүктемесін  олардың  тыныс  жүйесінің  жеке  даралық 
мүмкіншілігін  есепке  ала  орайластыру  қажет  [9].  Осындай  көзқарастар,  жеткіншектік  шақтағы 
спортшылар  үшін  сыртқы  тыныс қызмет  резервінің  аса  маңыздығын атап  көрсеткен  соңғы ғылыми 
еңбекте де [10] негізделе түседі.  
Ересек адамдардың функционалдық резервін бағалауда, көптеген зерттеуші ғалымдар мәліметтері 
бойынша 40 жастан соң респираторлық аппарат мүмкіншілігінің айтарлықтай төмендеуін атап өткен 
жөн [11]. Егерде 20-29 жастағы ер адамдардың ӨӨЖЖ (өкпенің өте жоғарғы желденуі) шартты түрде 
100%  десек,  онда,  оның  деңгейі  40-59  жаста  77,3%-ды  құрайды.  Зерттеу  нәтижелері,  ер  және 
әйелдердің  респираторлық  аппарат  резерві  мүмкіншілігінің  айтарлықтай  төмендеуі  60-тан  жоғары 
жаста  жүретінін  көрсетеді.  Мұндай  дәлелдемелер,  тіпті  жүгірумен  белсенді  шұғылданушыларда  да 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж. 
87 
байқалады.  Олардағы  өкпенің  өте  жоғары  желденулері,  30  жастағылармен  салысты  35%-ға 
төмендейтіні  көрсетілген  [12].  Қарт  адамдардағы  ӨӨЖЖ  төмендеуінің  басты  себебінің  бірі,  өкпе 
созылғыштығының (эластика) жасқа байланысты нашарлауында деген жорамал бар. 
Адамның  жұмыскерлік  қабылеті  мен  сыртқы  тыныс  қызметінің  резервтік  мүмкіншілік  арасында 
тығыз  байланыстың  барлығы  жөнінде,  отандық  және  шет  ел  еңбектерінде  оншалықты  қарама 
қайшылық  жоқ.  Негізгі  сұрақ,  қоршаған  орта  жағдайының  өзгеруіне  адамның  бейімделу  сәтінде, 
респираторлық  жүйе  резервінің қандай  жағдайда шешуші  маңыздылығының  артуында болып отыр. 
Спортпен айналыспайтын адамдардың дене жүктемесіне бейімделу үрдісінде сыртқы тыныс қызмет 
резервінің айрықша маңызды рөлі көрсетілген [5]. 
Осы күнге дейін  спортшылар мен спортпен шұғылданбайтындардың тыныстық функционалдық 
резерв  деңгейлеріне  қатысты  қарам-қайшылықтар  шешіле  қоймаған  мәселе.  Кейбір  деректерде 
адамның ӨӨЖЖ дәрежесі 50 литрден 180 литрге [13] дейін, ал басқаларда – 125-тен 170 литрге [14] 
дейін  ауытқиды  делінген.  ӨӨЖЖ  жеке  даралық  шамасының  жоғары  диапазоны:  50-ден  230  литрге 
дейін ер адамдарда, ал 40-тан 170 литрге дейін әйелдерде кезедесетіні келтірілген [15]. Осы автордың 
мәліметі бойынша тыныс бұлшықеттері жақсы жетілген спортшы ер адамдарда ӨӨЖЖ дәрежесі 350 
литрге, ал споршы әйелдерде – 250 литрге жеткен. 
Бұл  жұмыстың  мақсаты,  қозғалыс  белсенділігі  түрлі  режімдегі  (спорпен  шұғылданушылар  және 
спортпен  айналыспайтын)  әйелдер  мен  ер  адамдар  жасын  есепке  ала  тыныс  аппаратының 
функционалдық резервін салыстырмалы бағалау болып табылады. 
 
Материалдар және әдістер 
Бақылауға  жеткіншектер,  жасөспірім  және  ересек  спортшы  бойжеткендер  және  де  спортпен 
шұғылданбайтын орта жастағы әйелдер қамтылды. Зерттеуге, төрт топқа топтастырылған,  жалпы 50 
адам  қатыстырылды.  Алғашқы  үш  топқа:  жеткіншек,  жасөспірім  және  ересек  жастағы  спортшы 
қыздар  қамтылды.  Төртінші  топқа  спортпен  айналыспайтын  жастар  және  толысқан  кәмелеттік 
шақтағылар топтастырылды. Зерттелінгендердің жасы 12-ден 50 жас аралығында болды. 
 Зерттеу жұмысы бір схема бойынша жүргізілді. Алғашында ВСВ-01 волюмоспирометр көмегімен 
өкпенің тіршілік сиымдылығы (ӨТС) анықталынды. Әрбір зерттелушінің үш реттік өлшенілген ӨТС 
ең  жоғарғы  нәтиже  есепке  алынды.  Сосын,  тыңғылықты  түсіндірілумен  және  дайындық 
көрсетілімінен  соң  өзіміз  ойластырған  модификацияланған  әдіс  бойынша  өкпенің  өте  жоғары 
желденуін анықтау жүзеге асырылды. Бұл әдістің ерекшелігі, 30 секундтық ерікті максималді тыныс 
алу  кезеңінде  шығарылған  дем  ауасы  бір  ғана  ыдысқа  емес,  бұрынғы  тәсілдерден  өзгеше,  10 
секундты  құрай  үш  Дуглас  қапшығына  бөлек-бөлек  жинақталды.  Мұндай  тестілеу  нұсқасы  бір 
жағынан ӨӨЖЖ дәрежесін кәдімгі процедураға сәйкес өлшеуді қарастырса, екіншіден зерттелушінің 
дүркін-дүркін  уақыт  аралығындағы  максималді  өкпе  желденуіне  шыдамдылық  қабылетін  бағалауға 
мүмкіндік  туғызады.  Бұндай  зерттеулер  тек,  тыныстың  минөттік  көлемін  (ТМК)  ғана  анықтауға 
байланысты  емес,  сонымен  бірге  Дуглас-Холден  әдісі  бойынша  газ  алмасуына  да  байланысты.  
Шығарылған  дем  ауасының  газдық  құрамын  талдау  ГВВ-2  аппаратында,  ал  оның  көлемі  ГСБ-400 
типіндегі газ есептеуіш көмегімен анықталынды.  
ӨӨЖЖ анықтауда, тыныс жиілігі (ТЖ,цикл/мин) және тыныс тереңдігі, яғни тыныс көлемі (ТК, 
мл)  тіркелінді.  ӨТС  және  ӨӨЖЖ  көрсеткіштерін  бағалау  үшін,  экстремалдік  зерттеу  үрдісінде 
алынған  олардың  негізгі  шамалары  анықталынды  [14,16].  Респираторлық  аппарат  мүмкіншілік 
резерві, ӨТС (мл) дене массасына (кг) бөлгендегі бөлінді, яғни өмірлік индекс негізінде де бағаланды. 
Бұл  көрсеткіш  әйелдерде  50  литрді  құраса,  ал  спортшы  қыздарда  –  57-60  мл  құрады  [17].  Бақылау 
нәтижелері вариациялық статистика әдісін қолданумен өңделінді. 
 
Нәтижелер және талдаулар 
Жалпы,  адамның  респираторлық  аппарат  мүмкіншілік  резерві  туралы  пікірдің  қалыптасуы,  ӨТС 
мен ӨӨЖЖ-нің нақты және негізгі шамаларын салыстыруға мүмкіндік туғызады.  
Жеткіншек  қыздар  өкпесінің  тіршілік  сиымдылығының  нақты  және  негізгі  шамалары  бір 
деңгейлес  десе  де  болады,  ал  бойжеткендер  мен  ересек  жастағы  әйелдердің  өлшенілген 
көрсеткіштері,  есептелінгеннен  12,2%-ға  асып  отыр  (1-ші  кесте).  Жеткіншек  спортшы  қыздардың 
өмірлік индексі, тәжірибелі спортшы әйелдерге қарағанда 15%-ға артқанын атап өткен дұрыс. Кейде, 
мұндай  тиімділік  13,9  жастағы  спортшы  жеткіншек  қыздарымыздың  салыстырмалы  түрдегі  дене 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г. 
88 
салмағының аздығымен де түсіндіріледі. Бірақ та, тұтас алғанда өмірлік индекстің орташа дәрежесі, 
тек жеткіншек қыздарда ғана емес, ересек әйелдерде де спортшыларға тән деңгейден асып түсетінін 
атап өткен жөн. 
ӨӨЖЖ  нақты  және  негізгі  шамаларын  салыстыру,  спортшы  қыздардың  барлық  жастық 
топтарында  өлшенілген  көрсеткіштер,  есептелінген  көрсеткіштен  24-40,2%-ға,  ал  орта  жастағы 
әйелдерде – 17,3%-ға басымдау келетінін дәлелдейді.     
Өкпенің  өте  жоғары  желдену  режімін  сипаттағанда  тыныстық  паттерна  көрсеткіштерін  айналып 
өтуге  болмайды.  Осы  тұрғыдан  жүргізілген  бақылау  нәтижелері  көрсеткендей,  ӨӨЖЖ  анықтау 
сәтіндегі  тыныс  жиілігі  минөтіне  75-88  циклге,  кейде  оданда  жиіленген  ауытқулар  білінді. 
Жасөспірім спортшы қыздар  өкпесінің  өте жоғары  желденуін  анықтауда, тыныс көлемі,  ӨТС-ң  бар 
жоғы  34,4%  ғана  құрайтынын,  ал  ересек  спортшы  қыздар  мен  спортпен  шұғылданбайтын  орта 
жастағы  әйелдерде,  оның  шамасы  ӨТС-нан  44%-ға  жоғарылығын  көрсетті.  1-ші  кестедегі 
мәліметтерден бойжеткен спортшы қыздарда бір литр өте жоғары өкпе желденуіндегі оттегі шығыны 
әжептеурім  екенін  байқауға  болады.  Ал  сондай  мезеттегі,  спортпен  айналыспайтын  орта  жастағы 
әйелдердің  тыныстық  бұлшықеттерінің  жұмысы,  жоғары  деңгейлі  энергия  шығынымен 
сипатталынады.  Оларда,  ӨӨЖЖ  режіміндегі  бір  литр  желденген  ауаға  шығындалған  оттегі  орташа 
24,3%-ға жоғары болатынын көрсетті. 
Сонымен, жүргізілген зерттеу нәтижелерін жалпы түйіндей келе, келесі жайттарды атап өту керек. 
Шын  мәнінде,  өкпенің  өте  жоғары  желденуі,  тыныс  жүйесінің  қызметтік  қабылеттілігін  және 
механикалық  желдену  қасиетін  толық  айқындай  алатын  көрсеткіш  болып  табылады.  Жасқа 
байланысты  тыныстың  қызметтік  резервінің  даму  динамикасын  бағалай  келе,  әйелдердің  тыныс 
аппаратының  резервтік  мүмкіншілігінің  қалыптасу  үрдісі,  жылдамырақ  жүретінін  атап  өту  қажет. 
Қалай  десек  те,  біздің  бақылау  нәтижелерімізден,  жастары  орташа  13,9±1,9  жасты  құрайтын 
жеткіншек қыздардың сыртқы тыныс аппаратының резерві, ересек спортшы қыздар көрсеткіштерінен 
ешқандай  қалыс  қала  қоймағанын  көруге  болады.  Алынған  мәліметтер  бойынша  жасөспірім 
спортшылардың көрсеткіштері, тек 17 жаста ғана ересектермен теңесе алады деп айтуға болады. Бұл 
тұрғыдан біз жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесі, спортшы-жеткіншектердің респираторлық 
аппаратының  резервтік  мүмкіншілігінің  шектеулігін  дәлелдейтін  ғылыми  әдебиеттік  мәліметтермен 
сәйкес келеді. 
Жоғарыда  айтып  өткендей,  ӨӨЖЖ  көрсеткіші  тек  спортшы  қыздарда  ғана  емес,  сонымен  бірге 
спортпен  шұғылданбайтын  адамдарда  да  негізгі  шамадан  айтарлықтай  басым  түсетінін  көреміз. 
Мұндай  нәтижелер,  спортшылардың  ӨӨЖЖ-нің    қанағаттандырмайтын  деңгейі  туралы  тұжырым 
жасауға  жеткілікті  негіз  болып  табылады.  Спортшылардың  ӨӨЖЖ    шамасының  төмендігі,  оны 
спорттық  жетілдіру  үрдісінде,  олардың  сыртқы  тыныс  резервінің  дамуына  барынша  көңіл 
аудармағандықтан бәсең болатынын дәлелдейді.   
Респираторлық  аппараттың  резервтік  мүмкіншілігін  жоғарылату  жөніндегі  қамқорлыққа  қадам 
жасау, әсіресе, баптандыру және жарыстық сипаттағы жүктемелерді орындау сәттері сыртқы тыныс  
қызметін  қуатты  жұмылдырумен  жүзеге  асып,  соның  нәтижесінде  жұмыстық  гиперпное  деңгейі 
кейде  минөтіне  200  литрге  дейін  көтерілетін  спорттың  циклді  түрлерімен  айналысатындар  үшін 
өзекті мәселе болыр отыр (18). 
Біздің  мәліметтер  бойынша  дене  салмағының  әр  кг-на  шағып  есептегендегі  ӨӨЖЖ  дәрежесі, 
циклді  спорт  түрімен  шұғылданатын  спортшыларда  3,5-4  литрден  кем  болмауы  керек.  Демек,  дене 
массасы 75 кг құрайтын спортшыда ӨӨЖЖ 300 литр болуы тиіс. 
Шешімін табу қажеттілігі бұрыннан туындаған тағы да бір сұрақтың пісіп жетілгені анық. Әңгіме, 
жоғары функционалдық жүктеме жағдайында адамның респираторлық аппарат қызметінің күштенуін 
бағалау жүйесі осы сәтке дейін өңделініп жасала қоймаған. Осыған байланысты, біздің көзқарасымыз 
бойынша, тек сол мезеттегі өкпенің желдену дәрежесіне ғана емес, оның ӨӨЖЖ-іне қатынасына баса 
назар аудару қажет. Бұған байланысты, аэробті қуатты бұлшықет жұмысын бағалауда қолданылатын 
жүктеме  градациясын  критерийлік  сапа  ретінде  қабылдауға  да  болады.  Мысалы,  егер  тыныстың 
минөттік  көлемі  ӨӨЖЖ-інің  40-50%-ын  құраса,  онда  респираторлық  аппаратқа  түсетін  жүктеме 
сылбыр  қарқынды  ретінде  бағаланады,  ал  ТМК,  ӨӨЖЖ-інің  55-65%,  70-80%,  85-90%  дәрежелі 
кезінде респираторлық бұлшықеттер қызметінің күштенуі орташа, субмаксималді және өте жоғарыға 
жақын сипатқа ие болады. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж. 
89 
Жалпы  алғанда  жүргізілген  зерттеу  нәтижелері,  спортшыларды  баптандыру  бағдарламаларын 
өңдеп  құрастыру  кезінде,  әртүрлі  жас  кезеңдеріндегі  әйелдердің  респираторлық  аппаратының 
резервтік  мүмкіншілік    динамикасын  дамыту  үшін  өздеріне  тән  ерекшеліктерін  назарға  алу 
қажеттілігін дәлелдейді. Біздің көзқарасымыз бойынша, адамның бейімделу үрдісін қамтамасыз етуде 
респираторлық  жүйенің  шын  мәніндегі  маңыздылығын  бағалауға  қатысты  мәселе,  әліде  терең 
зерттелуді  талап  етеді.  Респираторлық  жүйенің  резервтік  мүмкіншілігінің  жастық  динамикасын, 
адамның тек жас шағында емес, ересек толысқан кезінде де зерттеу керектігі жөнінде сіңісіп қалған 
кейбір ескі көзқарастарды түбегейлі қайта қарастыру мезгілі жеткен сияқты. 
Кесте 1 
Жеткіншек,  жасөспірім  спортшы  қыздар,  бойжеткендер  және  орта  жастағы  спортпен 
щұғылданбайтын әйелдердің тыныс аппаратының резервтік мүмкіншілік көрсеткіштер 
*   1- жеткіншек қыздар; 2 – жасөспірім спортшы қыздар; 3 – ересек спортшы бойжеткендер; 4 – 
спортпен шұғылданбайтын орта жастағы әйелдер. 
 
 
 
1
 
Мозжухин  А.С.  Характеристика  функциональных  резервов  //  Проблемы  резервных 
возможнестей человека. Сборник научных трудов. – М.: 1982. – С. 43-50. 
2
 
Давиденко Д.Н. Общие и частные проблемы функциональных резервов адаптации организма 
к мышечной деятельности // Функциональные резервы и адаптация. Материалы Всесоюзной научной 
конференции. – Киев, 1990. – С. 157-161. 
3
 
Давиденко Д.Н. Резервы адаптации организма человека // Тез. Докл. Международной научной 
конференции  «Адаптация  организма  к  природным  и  экосоциальным  условием  среды».    –  Бишкек, 
1998. – Часть 2. - С. 29-30. 
4
 
Амосов Н.М., Бендет Я.А. Физическая активность и сердце. – Киев: Здоровья, 1975. – 255 с. 
5
 
Кучкин  С.Н.  Резервы  дыхательной  системы  и  аэробная  производительность  организма: 
Автореф.  дисс  ...  докт.  мед.  наук:  140017/.  В  надзаг.:  Казанский  государственный  медицинский 
институт. – Казань, 1986. – 48 с. 
6
 
Исаев Г.Г. Регуляция дыхания при мышечной работе. – Л.: Наука. 1990. – 120 с. 
7
 
Кузнецова  Т.Д.,  Гурова  О.Л.,  Самбурова  И.П.  и  др.  Особенности  возрастного  развития 
системы дыхания у детей 6-15 лет // Физиология человека, 1991. Т.17, № 5. – С. 142-150. 
Зе
рт
те
лу
ш
іл
ер
 т
опт
ар
ы

Б
ио
м
ет
рия
лы
қ 
кө
рс
ет
кі
ш
те
р 
Жа
сы
, т
уғ
ан 
ж
ыл
ы
 
Б
ойы,
 с
м
 
Д
ен
е 
са
ла
м
ғы,
 к
г 
Өкпенің тіршілік сиымдылығы 
Өкпенің өте жоғары желденуі 
Негізгі 
(көлем) 
Нақты 
негізгі 
нақты 
көлем 
ТЖ, 
цик
л/м
ин 
ТК, 
мл 
Оттегін тұтыну, мл 
мл 
мл/к
г 
мл 
мл/к
г 
л 
л/кг 
л 
л/кг 
мин 
кг 
ӨӨ
ЖЖ 

X  13,9 
158,1 
44,2 
3222 
72,9 
3300 
73,8 
89,0 
2,01 
110,4 
2,60 
88,4 
123

697 
16,3

6,35 
σ  1,94 
8,2 
9,1 
322 
7,29 
665 
4,64 
8,9 
0,2 
11,9 
0,47 
12,9 
109 
67 
3,18 
0,59 

X  18,9 
163,4 
60,0 
3244 
54,1 
3820 
64,0 
104,

1,75 
131,5 
2,19 
 
 
 
 
 
σ  2,69 
3,87 
6,5 
32 
5,41 
350 
4,41 
10,5 
0,18 
20,3 
0,31 
 
 
 
 
 

X  23,1 
167,7 
59,0 
3262 
55,3 
3830 
65,3 
100,

1,71 
141,3 
2,41 
84,1 
170

 
 
 
σ  4,1 
6,3 
7,1 
163 
5,53 
296 
7,46 
10,1 
0,17 
13,4 
0,23 
11,1 
306 
 
 
 

X  44,5 
157,0 
59,6 
2713 
45,5 
3050 
51,7 
84,3 
1,41 
98,9 
1,68 
75,3 
135

781 
13,1

7,93 
σ  4,1 
2,9 
5,4 
136 
2,28 
150 
3,18 
8,4 
0,14 
9,4 
 
0,2 
12,1 
208 
162 
2,22 
1,75 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г. 
90 
8
 
Кузнецова  Т.Д.,  Разживина  И.И.  Индивидуальные  особенности  развития  дыхательной 
функции у детей от 7 до 8 лет // Физиология человека, 1994. Т.20, № 5. – С. 68-73. 
9
 
Босенко  А.И.,  Беликова  А.Г.,  Цонева  Т.К.  и  др.  Оценка  резервных  возможностей  дыхания, 
кардио- и гемодинамики юных спортсменов // Гигиена и санитария, 1985. -№2. – С. 20-22. 
10
 
 Ванюшин Ю.С. Показатели кардиреспираторной системы у спортсменов разного возраста 
// Физиология человека, 1998. - Т.24, № 3. – С. 105-108. 
11
 
 Глебовский В.Д., Анохин М.И., Коркушко О.В. и др. Дыхание // М.: БМЭ, 1977. – С. 510-522. 
12
 
Johnson  B.D.,Reddan  W.G.,Pegelov  D.F.  et  al.      Flow  limitation  and  regulation  of  functional 
residual capacity during exercise in a physically active aging population // Amer. Rev.Respir.Disease. -1991. 
-143, № 5,1.- P.960-967. 
13
 
 Исеев Л.Р., Переслегин И.А. Легочная вентиляция // БМЭ, 1980. – Т. 12. –С. 427-428. 
14
 
Комро  Дж.  Г.,  Форстер  Р.Э.,  Дюбуа  А.Б.  и  др.  Легкие.  Клиническая  физиология  и 
функциональные пробы. – М.: медгиз, 1961, - 196 с. 
15
 
 Пономарев 
В.П.,  Фуекциональные  резервы  дыхания  //  В  кн.:  Характеристика 
функциональных резервов спортсмена. Сборник научных трудов. – Л.: 1982. – С. 18-24. 
16
 
Baldwin  E.  De  F.,Cournand  A.  ,  Richards  D.W.  Pulmonary  insufficiency.  I.Methods  of  analysis, 
physiologic classification, standard values in normal subject // Medicine, 1948. -27, s.243-248. 
17  Дембо  А.Г.  Исследование  функционального  состояния  системы  внешнего  дыхания.  / 
Спортивная медицина. – М.: Физкультура и спорт, 1975. – С. 147-175. 
18 Михайлов В.В. Дыхание спортсмена. – М.: Физкультура и спорт, 1983. – 103 с. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет