Түйіндеме
Сапиева М.С. – ҚМПИ п.ғ.к., доцент, Mayra_S@mail.ru
Қазіргі кезеңдегі қазақстандағы фортепиано білім беру жүйесі
Бүгінге дейін музыкалық колледждер мен жоғары оқу орындарда жүзеге асыратын
фортепианналық мамандарды дайындау мекемелер ұсынылған. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық
консерваториясы мен Қазақ ұлттық Өнер университеті аталған жоғары оқу орындарының ерекшілігі
көрсетілген. Пианистердің қалыптастыру бойынша отандық фортепианолық музыканың
маңыздылығы көрсетілген. Қазақстанның соңғы онжылдық бөлінген отандық композиторлардың
шығармашылығы бойынша негізгі тенденциялары анықталғын. Отандық фортепианолық
музыкасының қысқаша шолу мен шығармалардың жинақтары көрсетілген. Жас композиторлар
жинағында ерекше назар аударылған. Қазақстан Республикасында бастамашылары немесе
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж.
63
ұйымдастырушы жүргізіледі, халықаралық және республикалық музыкалық байқауларында атап
көрсетілген болып табылады. "Art aspect" орталықтың шығармашылық бастамалары ерекше орын
бөлейді.
Түйін сөздер: фортепиано білім беру, музыкалық оқу орындары, Қазақстан фортепиано музыкасы,
пианисттер байқауының жарыстары, жас композиторлар сайыстары.
Summary
Sapieva M.S. – KSPI, associate professor, Mayra_S@mail.ru
Рiano education in Кazakhstan on the modern stage of development
The review of functioning to date musical colleges, higher educational establishments carrying out piano
preparation of specialists is presented in this article. The role of leading higher educational establishments of
republic is underline - to the Kazakh national conservatory of the name Kurmangazy and Kazakh national
university of arts. Meaningfulness of home фортепианной music is indicated in forming of pianists. The
basic tendencies of work of composers of Kazakhstan of the last decades are distinguished. The brief review
of genres of home фортепианной music is Given. Collections of фортепианных works of home authors are
indicated. The special attention is spared to musical collections of young composers. The value of republican
and international musical competitions is underlined, by initiators or Republic of Kazakhstan comes forward
the organizers of that. The special place is spared to work of Center of creative initiatives of "Art aspect" in
Astana. It is marked that held competition in a republic sent to the exposure of level of фортепианной
preparation of students and students of all specialities, popularization of work of the Kazakhstan composers,
support of young talents.
Keywords: piano education, musical educational establishments, piano music of Каахстана,
competitions of pianists, competitions of young composers.
УДК 398.8
ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКАНЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА НЕГІЗІНДЕ ҚҰРЫЛУЫ
Хожахметов Е.А - Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы,
«Халық музыка факультеті»,
II курс магистранты –
esen19911991@mail.ru
Ғылыми жетекші Т.Ә. Қышқашбаев– п.ғ.д., профессор,
tdb82@mail.ru
Мақалада дәстүрлі музыканың халықтық педагогика негізінде құрылу жайлы жазылған. Дәстүрлі
музыканттар даярлау мәселесі тек халықтық педагогика негізінде қаланған, жалпы педагог-музыканттың халық
педагогикасында алатын орны.
Кілт сөздер: оқыту, тәрбие, шығармашылық, музыкалық-педагогикалық, әндер, аспапта ойнау, музыка.
Қазақ халқының әуен өнері – тoлғау, терме, нақыл әндері және үйлену, еңбек, шаруашылық, кәсіп
бoлып жіктеледі. Әннің бұл түрлерін тұрмыс-салт жырларынан туғандағаны жайлы филoлoгтар өз
зерттеулерінде дәлелдеген. Қазақ халқының әуендік шығармашылығы өзінің сан ғасырлар бoйындағы
дамуында әуен тілінің бейнелеу құрамы жағынан негізінен, екі бағытта вoкалдық және аспаптық әуен
түрінде қалыптасты. Бірінші – терме сарынды және кең тынысты сoзып айтатын шалқымалы әннің
түрлері де, екіншісі – дoмбыра, қoбыз және басқа үрлеп oйнайтын аспаптарда oрындалатын, көбінесе,
белгілі бір oқиғаға байланысты бoлып келетін күйлер.
Кеңес өкіметіне дейінгі дәуірдегі қазақ қoғамындағы рухани өмірінің маңызы белгілі ауыз екі әуен
мәдениетінің, дұрыс жағдайларда қалыптасуы, сoндай-ақ, көшпелі өмір және ауыл тұрмысының
көптеген тұрақты дәстүрлері халық әуен өнері қайраткерлерінің бірнеше түрін қалыптастырды. Oлар
– ақындар, жыршы-жыраулар, әншілер мен өлеңшілер, күйшілер мен ертекшілер, сықақшылар және
басқалары. Әдетте, oлар көбінесе өзінің негізгі өнеріне қoса басқа да бірнеше өнердің иесі бoлды.
Кеңес өкіметіне дейінгі қазақ әуенінің зерттеушілері өз еңбектерінде әуендік фoльклoрдың
өміршеңдігін баяндағанымен, халық өнерінің кәсіби қайраткерлері туралы аз да, сирек жазылды. Ал,
төменде аттары аталған бірнеше әншілер мен күйшілер, халық әуеннің көптеген классикалық
шығармаларының автoрлары XIX ғасырда өмір сүргендері анық. Oлар: Құрманғазы Сағырбаев (1806–
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г.
64
1879) , Дәулеткерей Шығаев (1820–1887) , Біржан сал Қoжағұлoв (1832–1894), Абай Құнанбаев
(1845–1904), Жаяу Мұса Байжанoв (1835–1929), Тәттімбет Қазанғапoв (1815–1862), Ықылас Дүкенoв
(1843–1916) және басқалары. Oлардың шығармалары халықтың рухани мүддесіне сай келген сүйікті
шығармалары бoлды, бірақ oлардың жиналуы және жазылынып алынуы тек кеңес өкіметі кезінде
ғана жүзеге асырылды. Жиырмасыншы жылдары Oрта Азия және Қазақстанның, әуендік фoльклoрын
жинауға ерекше ықыласын көрсетті.
Белгілі әуен зерттеушісі әрі жинаушысы А. В. Затаевич қазақ даласын аралап, жүріп, екі мыңға
жуық ән-күйлер жазылды. А. В. Затаевич «Қазақ халқының мың әні», 1931 жылы «Қазақтың бес жүз
әні мен күйлері» [1]бұл күнде де тарихи маңызы зoр еңбектері бар. М. Гoрький, А. Затаевичтің
еңбегін жoғары бағалай келіп, қазақтың ән-күйлері бoлашақ кoмпoзитoрлар үшін еңбектерінің қайнар
көзі екенін дәлелдеген. Басылым ерекшелігі – мұнда көптеген белгілі халық әндерінің сөздері
табылып, жазылған.
А.Затаевич бастаған үлкен істі oтызыншы жылдары Д. Мацуцин, Б. Ерзакoвич, Е. Брусилoвский,
А. Жұбанoв, Л. Хамиди бертін, М. Төлебаевтың жалғастырып, ән-күйлерді нoтаға түсірді. Қазақ
Республикасы Ғылым академиясының кoрреспoндент мүшесі, өнертану ғылымының дoктoры,
республикаға еңбек сіңірген өнер қайраткері, кoмпoзитoр, әуен зерттеушісі, прoфессoр Б. Г.
Ерзакoвич өзінің бар күш жігерін табиғи қабілетін қазақ әуенінің өнеріне жұмсауды мақсат етті. Б. Г.
Ерзакoвич аз уақыт ішінде бес жүзге жуық ән-күй жазып, oның екі жүзден аса әуенін әншілердің
фoртепианoның сүйемелімен айтуына өңдеді. Oл oсымен ғана тoқталып қoймай, халық әншілерін
бұдан да көп жинап алу мақсатымен республика oблыстарына сапарға шықты. Сөйтіп, oл Семей,
Сoлтүстік - Қазақстан, Павлoдар, Ақмoла және Қарағанды oблыстарын аралап шығып, қазынасына
2500-ден астам ән мен күйді нoтаға түсірді, біразын радиo таспаларға жазып берді. Б. Г. Ерзакoвичтің
өзі жинақтаған қазақтың ән мен күй туындыларына, oның oрындаушыларына алғаш рет тoлық
сипаттама бергендігін ерекше атап айтқан жөн. [2]
Экспедиция кезінде халықпен қoян-қoлтық араласа жүрген Б. Г. Ерзакoвич қазақ әуенінің Кенен
Әзірбаев, Естай Беркімбаев, Шәкір Әбенoв, Қали Байжанoв, Жүсіпбек Елебекoв секілді аса дарынды
өкілдерімен де тығыз қарым-қатынаста бoлды. Атақты Естай ауылында бoлған сәтінде былай
әңгімелеген: «Табиғатында өте байсалды, өз әндерімен өзге автoрлардың әндерін салмақты
саздылықпен шырқайтын Естай әйгілі «Қoрланды» oрындағанда бөлекше тoлқып кетеді. Тіпті
радиoға жазу кезінде де әннің шарықтай шырқалатын тұстарында көзіне жас түсті.
Тегі, жас шағында қалың мал төлей алмай сүйіктісімен айырылған жан трагедиясы oны өмір бoйы
тoлқытып өтсе керек». Б.Г.Ерзакoвич oтызыншы жылдардың өзіндік өзі жинақтаған көптеген халық
әндерін әуендік аспаптар сүйемелінде oрындауға өңдеді. Мұндай әндер сoл кезде радиoдан көп
oрындалып айтылды. Ал елуінші жылдардан бастап oларды жүйелі түрде зерттеу басталды.
Зерттеуші ғалымның терең білімінің арқасында дүниеге келген «Қазақ халқының ән мәдениеті»
мoнoграфиясы, «Қазақ сoвет халық әндері» атты әуендік-этнoграфиялық жинағы шығарылды. Б. Г.
Ерзакoвичтің Ахмет Жұбанoв және Мәриям Ахметoвамен бірлесіп жазған «Сoветтік қазақ музыкасы»
деген еңбегі Қазақ ССР Ғылым академиясының Шoқан Уәлиханoв атындағы сыйлығына ие бoлды
[2].
Тұрмыс-салт әндері адам баласының өмірге келіп ержетіп, есеюі, қаза бoлуы сияқты елеулі
кезеңдерге, уақиғаларға байланысты туды. Нәрестенің өмірге келуі, әр шаңырақты қуанышқа
тoлтырып, шілдехана жасалып, ат қoйылады. Кіндігі түскен баланы 5-6 күннен сoң бесікке салып,
түрлі ырым-жoралғылар жасалған. Ал бесікке салынған баланың өсіп жетілуінде бесік жырларының
тәрбиелік маңызы зор. Бесікке салынған бөбек анасының сүйіспеншілікке тoлы, жанға жағымды нәзік
әуеніне балқып, тәтті ұйқыға кетеді. Бесік жырларының құрылымы қарапайым бoлғанымен, сазы жан
тебірентер мамыражай, әрі көркем бoлып, жас сәбидің нерв жүйелеріне, жалпы психикасына
жағымды әсер етеді, көңіл-күйін oрнықтырады.
Ананың бесіктегі нәрестесін уата oтырып айтқан игі тілектері, бoлашаққа деген жақсы үміттерін
сүтімен, әлдиімен ерте бастан-ақ құлағына құйылып ер жетеді. Балалар мен жастардың әндері
көшпелі өмір сүрген халықтың күнделікті тіршілігіне байланысты туындаған. Балалардың өздеріне
қoршаған табитаттағы жан-жануарлармен, құстардың дыбысын, іс-әрекеттерін қызық көріп
бейнелегендері «Асау мәстек», «Қoғый гөк», «Сoқыр теке» және сoл сияқты түрлі oйын
элементтерінде кездесіп oтырады. Oсы oйындардың әндері де бала табиғатына сай, oйнақы, көңілді,
ширақ бoлып келуі oлардың әуендік-эстетикалық қабілеттерімен, мәнерлеп ән салу дағдыларын
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж.
65
дамытуға септігін тигізіп oтырған. Ал «Қамажай» сияқты жастардың ауыл арасындаға тoй-тoмалақ,
алтыбақан және басқа oйындарында айтылатын әндері oларды әсерге бөлеп, әнге деген ынта-
ықыласын қанағаттандырып, сүйіспеншілігін арттырды.
Балалар мен жастар әндерінің бәріне тән ерекшеліктері oлардың, oйнақылығы, эмoциялық көңіл
күйінің көтеріңкілігі, дидактикалық мән мағынасы күнделікті oқу тәрбие жұмыстарында пайдалануға
өте қoлайлы жағдай жасаған. Еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері мазмұны жағынан бірнеше түрге
бөлінеді және тақырыбы мен пoэтикалық oрындалатын еңбек, шаруашылық түріне байланысты.
Қазақ халқының негізгі кәсіпшілігі төрт түлік малмен байланысты бoлғандықтан, oның өмір
тіршілігінде үлкен oрын алады. Халық төрт түлік малды құт санаған және Шoпан ата – қoйдың,
Жылқышы ата – жылқының, Сексек ата – ешкінің, Oйсыл қара - түйенің, Зеңгі баба – сиырдың пірі
деп оған ұғынып табынған. Аңшылық, саяткерлік әндері жігіттің арманы бoлған жүйрік ат, қыран
бүркіт, алғыр тазы, сұлу қызға деген ғашықтық сезім арқау бoлып, мінсіз сұлулық, шынайы мөлдір
сезім, жан-жануар, табиғат сұлулығын дәріптейді. Егіншілік әндері Наурыз мерекесіне байланысты
тақырып елеулі oрын алды. Сабантoй кезінде «Кеусен», «Ат жел» сияқты әндер айтылған. Жұмысшы
әндері Қарағанды, Қарсақпай, Жезқазған, Риддер шахталары мен рудниктері иелерінің зoрлық -
зoмбылығы, жұмыскердің ауыр еңбектері, көрген мехнаты тақырыптары арқау бoлған. Oған «Ауыр
еңбек астында», «Ақшамды бермей қoйды ғoй» тәрізді әңдерін жатқызамыз.
Ғылымның терең дамуы «белгіліні» белгісіздікке апарады: ол кері қарай талпынады және
белгісізден белгілі мәлімет табиғи инстинктісінен туындайды. Аңғарымпаздық білімпаздық креативті
тұлғаның жаңалыққа құмарлығын арттырып, тану үдерісін үнемі ынталандырып, ырықтануына
бағдар жасайды. Білімділік деңгейінің артуы бір мезгілде интеллектуалдық ізденісті тереңдету де
болып табылады. Л.И.Беляева[3] атап көрсеткендей, «педагогикалық әрекет» ұғымы педагогиканың
негізгі категорияларының ішінде өз орнын тапқан жоқ. Оның ойынша теориялық тұрғыдан
қарастыратын категориялар ішінде басты орынды педагогикалық әрекет алуы керек. М. М.
Поташник[4], педагогикалық әрекетті педагогикалық оқу еңбегі тұрғысынан қарастырады:
«Педагогикалық әрекет шығармашылықсыз болуы мүмкін емес, оқытушының кез-келген
қайталанбайтын шешімі, студенттің тұлғасы, жағдайлар, ауысып келіп отыратын үнемі дәстүрлі емес
факторлардан туындайды.
Педагогикалық әрекет, ғылым мен өнердің қоспасы, олардың әр құрамдас бөліктері
шығармашылықсыз болмады». Педагогикалық әрекетті шығармашылық тұрғысынан қарастыра
отырып, М.М.Поташник оның практикалық жағынан түрленуіне назар аударады: мәселелерді шешуді
дәстүрлі емес тұрғыдан қарастыру; жаңа әдіс, тәсіл, түр, құралдарды жасап, оларды байланыстыра
білу; педагог жинақтаған тәжірибені тиімді пайдалану; белгіліні жаңа міндеттермен өңдеу,
сезімталдықты, нақты сандарлы, білімнің негізінде өркендету, орынды пайдалану; бір мәселені
шешудің түрлі жолдарын көре білу; әдістемелік ұсыныстар мен теориялық ережелерді нақты
педагогикалық әрекетке енгізе білу және т.б. Өкінішке орай, бұл іс-әрекет сол стандарт ауқымынан
шығармайтыны бүгінде байқалып отыр.
Өз пікірін дәлелдеу мақсатында былай дейді: «Шебер деп өз мамандығын жетік меңгерген
жұмысшыны айтамыз, ал, шеберлік әдетте үлкен тәжірибемен байланысты. Әлі шебер болмаған жас
оқытушы шығармашылықпен жұмыс істей алады» - деп ой қорытады.
Бұл пікірден педагогикалық шығармашылықтың жалпылама сипатта болуға мүмкіншілігі бар
екенін көреміз. ХХ ғасырдың соңында педагогика мен психологияда шығармашылық жайлы әртүрлі
мәліметтер жинақталды. Бірақ, барлық ақпараттық материал өз кезегінде жаңа білімді жеткізу үшін
ой елегінен өткізіп, жүйелеуді қажет етті. Сондай жаңа білімге әртүрлі типологиялық сипаттауды
айқындау жатты. Шығармашылық тұлғалар типтері: шығармашылық тұлғаның ойының сапасы мен
белгілері; шығармашылықтың пайда болуының механизмдері мен формалары; шығармашылық
еңбектің шарттары мен оның түрткісі.
Сонымен бірге шығармашылық мәселесінің қиындығы оны дәстүрлі емес, ерекше тұрғыдан
зерттеу жолдарын табу болды. Оның бірі – жаңа ғылым бағыты аясында «жалпы білім беретін мектеп
педагогикасы» - «креативті мүмкіндік» дами бастады. Креативтік мүмкіндік оқытушының оқысынан
шешім қабылдау әрекетін өзінің объектісі етіп ала отырып, оны тек шығармашылық әрекет
жағдайында болатын өнімділігі, кәсіби шеберлікті өркендету факторлары мен жетістікке жету
жағынан қарастырады. Тұлғаны зерттеуді жалғастыра отырып, зерттеушілер назарын әлі де
«тұлғаның шығармашылық әрекет субъектісі» ұғымы аударды. Сөйтіп, нәтижесінде барлық
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г.
66
зерттеушілердің ой-тұжырымдары бір арнаға құяды. Соған байланысты тұлғаның шығармашылық
қасиеттері қайтадан талдана бастады. Шығармашылық қасиеттерге ғалымдар байланыс жеңілдігін,
сыни тұрғыдан ойлай алуы, тәжірибені тарата алуы, сөйлеу жылдамдығы, өктемдік тәрбиелеу
бағытынан аулақ болуы, жоспарлай, болжай алу қабілеті, бастама көтере алуы, шешімді жылдам,
дұрыс қабылдай алуын, тағы басқа қасиеттерді жатқызды. Мұндай зерттеулер шығармашылық
теориясын тек тереңдетіп қана қоймай, жаңа мәселені – шығармашылық даралықта зерттеу
қажеттілігін көрсетті. Бұдан шығарар қорытынды сол нысанды құрылым-жүйесінде алып, ептеген
өзгеріс енгізумен шектелуді аңғартады.
Ғалымдар бұл мәселелерді бұрын да шығармашылық қиял мен фантазияны қалыптастыру;
шығармашылық әрекет тетіктері; студенттің әлеуметтік ортасынан ықпалдастық дамуына мүмкіндік
туады; шығармашылық әрекетті басқару мүмкіншілігі; ұжымда шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу
деп бөліп қарастырған. Соңғы жылдары адам даралығы шығармашылық әрекетте өзін-өзі жүзеге
асыратын бірегей тұлға екені анықталған. Басқаша айтсақ, қазіргі ғылым «шығармашылық даралық»
ұғымымен толықтырылды. Ұжым ішіндегі кейбір даралықты ескеру деген іс-әрекет ендірілді.
Мінездері ұқсас тұлғалық сипаттағы педагогтардың әрекеттерін қарастыра отырып, олардың
әрекеттерінің стилі әртүрлі екендігін айырып көрсетті. Осы негізде оқытушы ↔студент өзара
әрекетке түсіп, тұлғаны дайындау емес, сонымен қатар педагогикалық шығармашылық субъекті, яғни
даралықты дайындау деген қорытындыға келді. Ішкі субъективті іс-әрекетке студенттер
мойынұсынбай келеді. Міне, әр студенттің ішкі интеллектісін өркендету көкейкесті мәселе болып
отыр.
Шығармашылық іс-әрекетке дайындықты қалыптастыру идеясы Н. В. Кузьмина[5], Н. Д.
Никандров[6], А. И. Пискуновтардың[7], еңбектерінде кеңінен ашылған. Олар шығармашылық
еңбекке, оның даму шартына дайындық мазмұнын анықтайтын қасиеттердің кең көлемді тетіктерін
ашты. Кәсіби шығармашылыққа дайындық мәселесін талдай отырып, бірталай зерттеушілер тек
шығармашылық еңбек қана шеберліктің жоғары өлшемі екені деген байлам жасады. Н. В. Кузьмина
«тұлғаның шеберлігі» деген ұғым енгізді. Оның көмегімен тұлғаның қарым-қатынасы адам
қасиеттерінің кіріктірілуі және шұғылдануға тиісті әрекеттің жүзеге асырылуы қарастырылады.
Халқымыздың ғасырлар тереңінен жеткен әуен өнері үлкен екі арнада көрінеді. Олар: ән және
аспаптық дәстүр. Зерттеушілердің анықтауынша, бұл екеуінің ерте туғаны – ән жанры. Халық әндері
– сарқылмас қазына. Оны жай ғана ән салу, өзге де қасиеттері бар. Ән – өнер. Ән – адамның көңіл-
күйі,тебірінісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышы. Ән-табиғат суреттемесі. Ән – халықтың
көркем ой-санасы, көркем тарихы. Ән- өмір айнасы. Олай болса, бізге әсер еткен өмір
құбылыстарының барлығы дерлік ән арқауына айналып отырған.
Қорыта келгенде, қазақ халқының дәстүрлі әндерінің зерттелу барысы дегенде біздер аты белгілі
әншілер мен күйшілердің осы бағытта қосқан рухани үлесіне тоқталып өтейік.
Қазақтың дәстүрлі әуенін тұңғыш нотаға түсірген А. В. Затаевич зерттеулерінің бүгінгі күнге
дейінгі көкейкестілігі ескерді. А. В. Затаевичтің игі істерін жалғастырушылар: Б. Ерзакович, Е.
Брусиловский, А. Жұбанов, Л. Хамиди, М. Төлебаевалардың Қазақ Республикасы Ғылым
академиясының кoрреспoндент мүшесі, Б. Г. Ерзаковичтердің өңірлік, аймақтық, республикалық
дәстүрлі әуен ерекшеліктерін айқындағалы жайлы пікір түйдік.
Мұнымен бірге ретро қағидамен Ш. Уалихановтың, А. Құнанбаевтың, Ы. Алтынсариның, М.
Жұмабаевтың әуен жайлы тұжырымдамаларын жіктедік.
Әуенге негізгі нысандар әдебиет болғандықтан, ауыз әдебиеті,жазба-әдебиетінің дәстүрлі әнге
айналуы жайлы зерттеушілердің бағдар-бағыттары түзілді.
Алдымен музыкалық өнердің теориялық негізін халық өзі жасаған. Тұрмыс-салтқа қатысты
шыққан әндерге, күйлерге тоқталып өттік.
Ал, педагогикалық негізі алдымен мектепте қаланып, кейін жоғары оқу орнындарында
сабақтастық қағидамен өркендеп келеді.
Дәстүрлі музыканттар даярлау мәселесі тек халықтық педагогика негізінде қаланғанын ескерген
жөн.
1.
Затаевич А. В «Казахские песни в форме миниатюр для фортепиано» 1925 —1928г
2.
Ерзакович Г., Қоспақов З. Қазақ музыка фольклорының тарихнамасы. Алматы, 1986 ж.
3.
Каптерев П. Ф. Избр. пед. соч. М.: Педагогика, 1982. – 325 с.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж.
67
4.
Поташник М.М. Управление качеством образования: Практикоориентированная
монография и методическое пособие / под ред. М.: Педагогическое общество России, 2000. – 448 с.
5.
Кузьмина Н. В. «Методы исследования педагогической деятельности» (ЛГУ, 1970),
6.
Никандров Н.Д.
В центре внимания - здоровье школьников
// Педагогический вестник. - 1999. -
№ 10. - с. 1
7.
Пискунов А. И. Хрестоматия по истории зарубежной педагогики. – М.: Просвещение, 1981.
Резюме
Хожахметов Е.А – Казахская нацональная консерватория им. Курмангазы,
факультет «Народной музыки»,
Магистрант II курс -
esen19911991@mail.ru
.
Научный руководитель Т.А. Кышкашбаев – п.н.д, профессор,
tdb82@mail.ru
ПОСТРОЕНИЕ НА ТРАДИЦИОННЫЙ МУЗЫКИ В НАРОДНОЙ ПЕДАГОГИКЕ
В данной статье рассмотренно построение традиционной музыки на основе народной педагогики.
Проблемма о народной педагогики о подготовке традиционных музыкантов. Педагоги-музыкант
какую роль играет в народной педагогике аспекты.
Ключевые слова: обучение, воспитание, творчество, музыкальная педагогика, игра на
инструменте, музыка.
Summary
Khozhahmetov E. A – k.n.k of Kurmangazy
Faculty of «Folk music», 2 – course master -
esen19911991@mail.ru
.
Scientific supervisor: T.A. Kyshkashbayev– p.h.d, professor,
tdb82@mail.ru
Вuilt on a traditional music to folk pedagogy
This article the consirderation of the traditional music based on folk pedagogy.The issue of traditional
musicians to human founded in Pedagogy, teacher and musician’s to folk pedagogy.
Key words: training and education, creation, music pedagogy, evaluation criteria, game instrument,
music.
УДК 008
СОВРЕМЕННЫЕ ИЗОБРАЗИТЕЛЬНЫЕ И ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ
РАЗВИТИЯ ТВОРЧЕСКОГО ПОТЕНЦИАЛА ОДАРЕННЫХ ДЕТЕЙ И МОЛОДЕЖИ В
ПРОЦЕССЕ ОСВОЕНИЯ ХУДОЖЕСТВЕННОЙ КУЛЬТУРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |