Резюме
Нарибай Р. Ж. – к. б. н., доцент кафедры теории и методики начальной военной подготовки
КазНПУ им. Абая,
naribaeva.roza@ mail.ru
Резервы деятельности респираторного аппарата у женщин разных возрастов
В данной статье изучены и приведены показатели изменений возрастной динамики,
характеризующие резервные возможности респираторного аппарата у женщин разных возрастов, в
качестве которых служили: жизненная емкость легких, жизненный индекс и максимальная
вентиляция легких. Также приведены итоги данного исследования показывающие значимость того,
что максимальная вентиляция легких, действительно, являеется показателем, который наиболее
полно отражает функциональные способности и механические вентиляционные свойства
дыхательной системы. Оценивая динамику развития функциональных резервов дыхания в
возрастном аспекте можно отметить, что формирование резервных возможностей респираторного
аппарата у женщин происходит в более раннем возрасте. Также дается обоснование необходимости
разработки системы оценки напряженности работы дыхательной мускулатуры при повышенных
функциональных нагрузках на респираторный аппарат у человека.
Ключевые слова: резервные возможности респираторного аппарата, жизненная емкость легких,
жизненный индекс, максимальная вентиляция легких, возрастная динамика функциональной
деятельности дыхания.
Summary
Naribay Roza Jumbaikyzy - c.b.s. assistant professor of theory and methodology of basic military
training, KazNPU named after Abai, naribaeva.roza@ mail.ru
The reserve for activities of the respiratory apparatus in women of different ages
From this article given that indicators of changes in age dynamics, characterizing the reserve capabilities
of the respiratory apparatus in women of different ages , which served as : vital capacity , life index and
maximum ventilation of lungs Also shown the importance of that the maximum ventilation of lungs is
really present oneself that the best indicator and fully reflects the functional capacity and the mechanical
vent properties of the respiratory system. Assessing the dynamics of functional reserves in age-related
aspect it is possible to mark that forming of reserve possibilities of the respiratory apparatus in women
occurs earlier in life.Also given grounds necessity of development of the evaluation system to tension a
work of the respiratory muscles at enhanceable functional loading respiratory for a human .
Keywords - reserve the possibility of respiratory system, lung capacity , vital index , maximum
ventilation, age dynamics of the functional activity of breathing.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж.
91
УДК (ӘОЖ): 658.512.3;744.4
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН БІЛІМ БЕРУДЕ ДИЗАЙНЕРЛІК ІС-ӘРЕКЕТКЕ ОҚЫТУДАҒЫ
ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Шәріп Еркебұлан Жұмаденұлы - 2-курс магистранты, 6М010700-Бейнелеу өнері және сызу,
Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясымен әдістемесі кафедрасы
Өнер, мәдениет және спорт институты,
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
sh_edik_82@mail.ru
Мақалада бейнелеу өнері пәнінен студенттерге білім беруде дизайнерлік іс-әрекетке оқыту, сондай ақ,
заманауи технологияларды оқу үрдісінде пайдалана отырып дизайнерлік іс-әрекетке оқыту мәселелері
қарастырылған. Дизайнерлікіс-әрекетке оқытудағы заманауи технологияларды пайдаланудың маңыздылығы
сөз болады. Заманауи технологияларды пайдалана отырып оқытудыңстуденттердің білімін тереңдетіп,
шығармашылыққабілетін қалыптастырудағы маңызы туралы, сонымен қатар бейнелеу өнері, дизайн
ұғымдарына түсінік берілген. Бұл бағытта зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектеріндегі студенттердің
дизайнерлік іс-әрекетке қызығушылығын туғызудың жолдары және дизайнерлік іс-әрекетке заманауи
технологияларды пайдалану арқылы қызығушылығын арттыру, болашак бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындау
үрдісінде дизайнерлік іс-әрекетке дайындауда заманауи технологияларды қолдану мәселесі мен үйрету
жолдарысынды зерттеулердің теориялық, тұжырымдары талданған.
Түйін сөздер: дизайн, дизайнерлік іс-әрекет, компьютерлік технология, құзыреттілік
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде кәсіби даярлық деңгейінің жоғары болуы болашақ мамандарға
және оны даярлайтын жоғары оқу орындарына қойылатын маңызды талаптардың бірі.Қазіргі үздіксіз
білім беру жағайнда болашақ суретші-педагог маманның қоғам өміріндегі әртүрлі жағдайларға
белсене араласатын, ұлттық мұрат рухы жоғары, білімді де өнерлі, шығармашыл тұлға болуы
міндетті. Жоғары білікті, білімді болашақ суретші-педагог маман дайындау-қоғамның алдағы
кезеңдегі, үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі механизмі және болашақ суретші-педагогтың жан-
жақты қалыптасуының маңызды құралы болып табылады.
Қазірде ЖОО-ның бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білімді де, білікті болашақ
суретші педагог маман дайындаудың мақсаты-олардың бойында білім, дағды, шығармашылық
белсенділік пен еркіндік, құрастыра білу, көркем қабылдай білу қабілеттерін қалыптастыру болса, ал
қазіргі кезде бейнелеу өнерінен білім берудің жаңа жүйесінде: неге оқыту, қалай оқыту, қандай басты
жүйелерде оқыту мәселерін айқындау мәселесі алда тұрады.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында»
ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты екендігі ескертіліп, өзін- өзі дамытуға
және өздігінен жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, шығармашыл тұлғаны баулу міндетін
қояды. Осы себептерге байланысты жалпы мектептегі оқу-тәрбие процесіне жаңаша тұрғыда қарап,
оқушының білім, білік, дағдыны меңгеруі ғана емес, бейнелеу өнері пәні арқылы дизайнерлік іс-
әрекеттерге баулудың қажеттігі туындайды. Осыған байланысты қажеттілігі айқын бір нарсе – ол
болашақ суретші педагогтарды дизайнерлік іс-әрекетке баулу.
Бейнелеу өнері алуан қырлы да алуан түрлі. Онда жұмыс істеудің әдістері мен техникасы туралы
практикалық мағлұматтар берместен бұрын оның түрлері және жанрларымен танысқан жөн.
Дизайн (design) – ағылшын тілінен аударғанда жобалау, сызу, ойлап табу, сондай-ақ жоба, сызба,
сурет деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде бұл термин өндіріс бұйымдарын әрі ыңғайлы, әрі әдемі
көркемдеп жобалау дегенді білдіреді.[1] Қазіргі заманғы білім беру талаптары болашақ педагог
суретшіні оқытуда оның дизайнерлік іс-әрекеттің мәні мен жобалық тапсырмаларды шешудегі кәсіби
құзыреттілігінің қажеттілігін көрсетеді.
Дизайнерлік іс-әрекетке оқытудағы бізге қажеттісі құрастыру процесі емес, конструкторлық түпкі
ойдың дамуына талдау беру, яғни оның жүзеге асырылуы болып саналады. Өйткені түпкі ой
тапсырмаларды жобалау шарттарын меңгеру мен түсіну нәтижесінде туындайды. Ол суретші-
дизайнердің ақыл-ой белсенділігіне байланысты. Алғашкы кезде олар ерікті, яғни сезімдік түрде
байқалады. Келесі сатыда қойылған мәселе мақсатқа бағытталады. Ең соңында үздіксіз ойдын
нәтижесінде "жетекші идеялар", бейнелер таңдалады, олар түпкі ойдың немесе белгілі бір варианттың
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г.
92
негізін құрайды. "Жетекші идеялардың" негізінде суретші-дизайнер өзінің үлкенді-кішілі келесі іс-
әрекетінде алдағы уақытта істелетін ісінің жоспарын болжайды. Нәтижесінде көркемдік-
конструкторлық ұсыныста көрініс тапқан түпкі ойдың іске асуын дизайнердің іс-әрекеті деп атауға
болады. Көркемдік-конструкторлық ұсыныс жобалаушының келесі іс-әрекеттеріне даярлығын
анықтайды.
Қазіргі жағдайда оқу-дизайнерлік әрекеті мотивациясын зерттеу студенттің өзінің шығармашылық
мүмкіндігін неғұрлым жоғары деңгейде көрсете алатындай шарттарын қарастыру қажеттігін
туындатады. Студенттердің дизайнерлік іскерлігін қалыптастырудың дидактикалық мақсаттарын
жүзеге асыруда елеулі нәтижеге практика жүзінде мынадай үш тапсырманың шешімін практикада
тапқанда ғана жетуге болады:
а) сабақта студенттің мұғалімге деген сенімділігін арттыру үшін психологиялық жағдай жасау;
ә)студенттің алдына қойған мақсатына жетуіне танымдық әлеуметін белсендендіру;
б) кәсіби-дизайнерлік іс-әрекетке моделдер арқылы оқыту.
Бүгінгі ақпараттық қоғам заманауи озық технологияларды жетік меңгерген біліктілігі және кәсіби
икемділігі жоғары мамандарға мұқтаж. Заман ағымына тез бейімделе алатын дизайн салаларына
қажетті мамандар даярлау осы мақсаттарға бағытталуда. Компьютерлік технологиялардың дамыған
елдердегі дизайн салаларында кең қолданыста болуы біздің елдегі осы салаға маман даярлау
жұмысында өз деңгейінде болуы шарт. Жаңа технологияларды адам қызметінің барлық салаларына
жаппай енгізілуі білім беру саласын қайта қарастыру және оны дамытудың жаңаша түрлері мен
жолдарын іздеуді міндеттейді.
Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы бейнелеу өнері мұғалімдерін дизайнерлік іс-
әрекетке баулу қажетті деңгейде қарастырылмаған. Бұл ғылыми жұмыста болашақ суретші
педагогтарды дизайнерлік іс-әрекетке даярлау ісіндегі заманауи технологияларды қолдану
мәселелері қарастырылады.
Болашақ суретші педагогтарды дизайнерлік іс-әрекетке оқытуды қалыптастыру мәселелері
көпаспектілі және басты мынадай қайшылықтарды шешумен байланысты:
- білім беру саласын жаппай озық технологиямен (компьютер) жадықтау жағдайында дизайн
саласына маман даярлауды жетілдірумен осы даярлау ісін әдістемелік тұрғыдан қажетті деңгейде
қамтамасыз етілмегендігі арасында;
- жоғары білім беру жүйесінде қалыптасқан болашақ суретші педагогтарды дизайнерлік іс-
әрекетке кәсіби даярлау мен оның дарярлығына қойылатын талаптың өсуі және де осы талаптарды
орындауда компьютерлік технологиялардың мүмкіншіліктерін қолдану жеткілікті деңгейде болмауы;
- болашақ суретші педагогтардың тек қана сурет, кескіндеме саласында емес, сондай ақ дизайн
саласының болашақ мамандарымен қатар бәсекелестікке икемділігін қамтамасыз ету мен олардың
компьютерлік біліктілігінің деңгейінің төмен болуының арасында.
Басты мақсат – бейнелеу өнері мамандығы бойынша студенттердің дизайн саласында
компьютерлік технологияларды қолданып кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттарын айқындау
және жүзеге асыру жолдарын іздестіру.
Болашақ суретші педагогтардың дизайнерлік іс-әрекетке кәсіби даярлығын ойдағыдай
қалыптастыру үшін төмендегі шарттар орындалуы қажет:
- бейнелеу өнері пәні бойынша болашақ суретші педагогтардың дизайнерлік іс-әрекет бойынша
кәсіби даярлығын қалыптастыратын құрал ретінде оқу және арнайы курстардың құрылымы мен
мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету іске асырылса;
- компьютерлік технологиялардың бір бөлігі ретінде кәсіби графикалық бағдарламалар мен
графикалық дизайн саласына қажетті қосалқы компьютерлік құрылғылармен жұмыс істеуді
студенттер толық игергенде;
- болашақ суретші-педагогтардың өзінің кәсіби қызметінде, яғни дизайн жобаларын жасау
барысында компьютерлік технологияларды қолданудың қажеттігін саналы түрде және өз бетінше
қолдануға деген ұмтылыс туындағанда.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж.
93
Студенттерді дизайнерлік іс-әрекетке оқытуда оқу жоспарына компьютерді қолдану арқылы
кәсіби даярлықты шыңдауға байланысты «Компьютерлік графика», сәулет дизайнына бағытталған
«Компьютерлік жобалау» және өнеркәсіптік дизайнға қажетті «Компьютерлік үлгілеу» мен бірге
графикалық дизайнның мақсаттарына бағытталған «Компьютерлік редакторлеу» тақырыптарын
енгізе отырып оқыту қажет. Сондай ақ, компьютерлік графикалық бағдарламалардың түрлерін
қолдану арқылы. Бұндай компьютерлік бағдарламаларды қодану арқылы оқыту бейнелеу өнері
саласында дизайн ісі бойынша өзіндік білімі, дағдысы бар кәсіби құзыретті маман дайындауға зор
мүмкіндік беретіндігі сөзсіз.
Қазіргі технологиялар заманында техникалық прогресс қарқынына ілесе отырып дәстүрлі оқыту
технологияларын заманауи озық компьютерлік технологиялармен ойдағыдай ұштастыра отырып,
бейнелеу өнері мен дизайн салаларына маман даярлау жұмысын күшейту шарт. Бейнелеу өнері
мамандығы бойынша студенттерді дизайнерлік іс-әрекетке оқытуда компьютерлік технологияларды
ұтымды пайдалау арқылы оқуды ұйымдастыру қажет. Ол үшін әр оқытушы өзінің кәсіби
компьютерлік білімін көтеруге және оқытудың жаңа технологияларын меңгеруіне мүмкіншіліктері
бар. Ақпараттық технологияларды оқу үдірісінде кеңінен қолдану осы күннің талабы. Соның бір
бөлігі болып табылатын компьютерлік технологияларға тоқталып өтейік. Бейнелеу өнері
мамандығының студенттерін дизайнерлік іс-әрекетке кәсіби даярлығын арттырудың құралы ретінде
қолданылатын компьютерлік технологияларға интелектуальдық оқыту жүйелерінің компьютерлік-
құрылымдық түрлері, кәсіби компьютерлік графикалық пакеттерді қолдану технологиясы, қосалқы
техникалық құрылымдарды қолдану әдістері және мультимедиа құралдары жатады.
Студенттерді дизайнерлік іс-әрекетке даярлаудың басты мақсаты – күрделі дизайнерлік көркем
шешімдерді қолдануды талап ететін дизайн-жобаларды орындау әдістері мен тәсілдерін кәсіби
деңгейде меңгеру және болашақта дизайнерлермен тең бәсекелестікке түсу болып табылады және
отандық дизайн индустриясын дамытуға өз үлестерін қосуда нарықта сұранысқа ие болу. Бұл тұста
техникалық тұрғыдан меңгеру ғана емес сонымен қатар шығармашылық, эстетикалық тұрғыдан да
қарау ескерілуі керек. Бұл жерде басты назарды қажет ететін мәселе дизайнерлердің кәсіби
қалыптасуына әсер ететін компьютерлік технологияларды қолдану арқылы даярлаудың
педагогикалық шарттары болып табылады. Оқыту барысында озық педагогикалық әдістемелерді
қолданып, заман талабына сай маман даярлауды жүйелі түрде ұйымдастыру керек. Ол үшін оқу
жоспарындағы компьютерлік технологияларды қолданудың үлесі жеткілікті көлемде болуын және
оқу формаларының жаңаша түрлерін үрдіске енгізілуін қамтамасыз ету керек. Болашақ суретші
педагогтардың дизайнерлік кәсіби деңгейінің қалыптасу межесін анықтап, оның заман талабына сай
болуына қол жеткізу керек.[2]
Дизайнерлік іс-әрекетке компьютерлік технологияларды қолдана отырып оқытуда мектеп
қабырғасында және жоғары оқу орынындағы игерген ақпараттық технологиялар туралы білімдері
мен бастапқы дағдыларын білу, компьютерлік бағдарлау тілдерін білумен қатар, кәсіби компьютерлік
графикалық бағдарламаларды меңгеру жатады. Оқыту барысында осы компьютерлік графикалық
редакторларды тереңірек оқып-үйрену, күрделі дизайнерлік шешімді табуды қажет ететін дизайн-
жобаларды кәсіби деңгейде орындай білуді үйренеді. Сонымен қатар қосалқы техникалық
құрылымдармен (принтер, сканер, плоттер, лазерлік басылым қондырғылары, сандық фотоаппарат
және т.б.) жұмыс істеу дағдыларын меңгеру жатады. Дизайнерлік іс-әрекетке компьютерлік
технологияны қолдана отырып оқытуда студент өз жұмысында барлық проектілі құралдарды:
техникалық конструкциялаудан, композиция, компоновка-композициялық форма құру, стилде
образдау; функционалдық талдаудан- ұйымдастырушылықа, концептуалдық заттық ортаны
моделдеуге дейін үйренеді.
Болашақ суретші педагогтерге дизайнерлі іс-әрекетті оқыту үрдісінде графикалық дизайнға да
назар аудару қажет. Яғни, графикалық дизайн студенттерге жарнама және сауда полиграфия,
графика, киім үлгісі, кітап дизайны, графикалық дизайнды компьютерде жасауға, құруға негіз болып
табылады. Студенттерге дизайнерлік іс-әрекетті оқыту ең бастысы біріншіден дизайнерлік шешім
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г.
94
қабылдауды, екіншіден өздерінің киім, сәулет, құрылыс саласында жұмыс жасауы үшін қажетті
дағды мен құжыреттілікті, кәсіби шеберлікті үйренуіне зор мүмкіндік туғызады. Сондай ақ, сабақты
өту барысында студенттер шынайы нарықтағы дизайн салаларының өндіріс құрылымы мен жұмыс
ортасымен танысуға, шамасына қарай тапсырыстар орындап, тұтынушылармен жұмыс істеу
дағдыларын қалыптастырады.
Студенттерді кәсіби даярлау үрдісін үш кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезеңге мектеп қабырғасында және жоғары оқу орынындағы «Информатика» пәнінен
алған ақпараттық технология туралы білімдері мен бастапқы дағдылары жатады. Информатика
ұғымы мен бағдарлау тілдері (HTML және Visual Basic), компьютерлік техниканың құрылымы
(процессор, аналық плата, монитор), қосалқы құрылымдар (манипулятор, клавиатура), операциондық
жүйелер мен орталар (Windows), кеңсе бағдарламалары (Microsoft Word) және т.б.
Екінші кезеңде студенттер кәсіби компьютерлік графикалық бағдарламалармен (CorelDRAW,
Photoshop) алғашқы танысу, олардың түрлері мен графикалық мүмкіншіліктері, графикалық
құралдары мен басты бұйрықтарын қолдану дағдыларын меңгеру жатады.
Үшінші кезеңде осы компьютерлік графикалық редакторларды тереңірек оқып-үйрену, күрделі
дизайнерлік шешімді табуды қажет ететін дизайн- жобаларды кәсіби деңгейде орындай білу жатады.
Сонымен қатар қосалқы техникалық құрылымдармен (принтер, сканер, плоттер, лазерлік басылым
қондарғылары, сандық фотоаппарат және т.б.) жұмыс істеу дағдыларын меңгеру жатады.
Компьютерлік біліктілікке жоғарыда айтылғандардан басқа да компьютерлік бағдарламаларды
операциондық жүйелерге қондырудағдыларын жатқызамыз: компьютерді қолдана білу және қажетті
тексеру мен реттеу
білу,білу, интернет желісімен жұмыс істеу және ақпаратты сақтау мен
тасымалдау құралдарымен жұмыс істей білу. [3]
Болашақ дизайнерлердің кәсіби деңгейлерін қалыптастыруда елеулі орын алатын оқу формасының
бір түрі болып саналатын кәсіби өндірістік практикалардың да маңызы зор. Практиканы өту
барысында студенттер шынайы нарықтағы дизайн салаларының өндіріс құрылымы мен жұмыс
ортасымен танысуға, шамасына қарай тапсырыстар орындап, тұтынушылармен жұмыс істеу
дағдыларын қалыптастырады. Кәсіби өндіріс орнында оқу орнында жоқ компьютерлік
техникалардың түрлерімен, атап айтқанда: озық дизайнерлік компьютерлік бағдарламалармен; кәсіби
принтерлер мен плоттерлермен; кітап және ақпарат баспа құрылымдарымен; жарнаманың арнайы
түрлерінде қолданылатын баспа қондырғыларымен; дизайн саласында қолданылатын жаңа
материалдар мен технолгиялармен танысуға және олармен жұмыс істеу тәжірибесін меңгеруге
мүмкіншілік алады. Дегенмен, студенттердің компьютерлік кәсіби дағдыларды қалыптастыру
үрдісінің қомақты ауқымы білім беру ағымындағы арнайы және кәсіби пәндерді оқыту барысына
тиесілі.
Сондықтан, оқу пәндерін оқыту үрдісінде студенттердің дизайн саласына қатысты теориялық
білімдері мен кәсіби дағдыларын күнделікті дәріс оқу барысында қалыптастыруымыз керек. Ол үшін
дәріс беруші оқытушы осы салада шығармашылық жұмыстар істейтін тәжірибелі маман болғаны
жөн. Ондай маманның студентке тек академиялық тұрғыдан білім беріп қана қоймай, заманауи
дизайн саласындағы өзінің күнделікті тәжірибесімен ұштастыра отырып, кәсіби шығармашылық
шеберлікке үйрететін мүмкіндігі болады. Сонда ғана білім мен тәжірибе ұштасады.
Сондықтан, бейнелеу өнері пәні бойынша болашақ мамандарды дизайнерлік іс-әрекетке оқыту
үрдісінде студенттердің дизайн саласына қатысты теориялық білімдері мен кәсіби дағдыларын дәріс,
тәжірибелік сабақтарды оқу барысында қалыптастыру керек. Ол үшін оқытушыдизайн саласында
шығармашылық жұмыстармен айналысатын тәжірибелі болғаны жөн. Демек, оқытушының студентке
тек академиялық тұрғыдан білім беріп қана қоймай, заманауи дизайн саласындағы өзінің күнделікті
тәжірибесімен ұштастыра отырып, кәсіби шығармашылық шеберлікке үйрететін мүмкіндігі болуы
шарт.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж.
95
1.
Лаврентьев А.Н. История дизайна: учеб. пособие/А.Н. Лаврентьев. -Москва: Гардарики, 2007. -
303 с.
2.
Бегимбай К.М. Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы болашақ дизайнерлердің
кәсіби даярлығын қалыптастыру жолдары. //Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. №3 (76)
2010. б.21-26
3.
Исабек Н.Е. Студенттерді компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекетінде пайдалануға
даярлау. Канд. дисс., -Алматы, 2005.
Резюме
Шәріп Еркебұлан Жұмаденұлы-магистрант 2 курса специальности 6М010700-изобразительное
искусство и черчение,кафедры теории и методики изобразительного и декоративно-прикладного
искусства, Института искусств, культуры и спорта КазНПУ им. Абая,
sh_edik_82@mail.ru
Использование современных технологий для изучении дизайнерской деятельности при
обучении изобразительному искусству
В статье рассматривается обучение студентов дизайнерской деятельности в предмете
изобразительного искусства и подготовка кадров, а также использование современных технологий в
учебном процессе по проектированию учебных мероприятий, предоставляется важность применения
современных технологий в учебном процессе. Было отмечено ценность использования их в
дизайнерской деятельности, раскрыто сущность понятии дизайн, изобразительное искусство,
значимость формировании творческих способностей, углубление знаний студентов при
использовании инновационных технологии в обучении. Проанализированы выводы теоретических
исследований способов обучения, раскрыта проблема использования современных технологий в
процессе подготовки дизайнерской деятельности будущих преподавателей изобразительного
искусства, выявлены пути повышения интереса у студентов к дизайнерской деятельности в трудах
ученых, проводивших исследования в этом направлений.
Достарыңызбен бөлісу: |