Абай атындағы ҚазҰпу-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47)



Pdf көрінісі
бет15/26
Дата03.03.2017
өлшемі3,24 Mb.
#6675
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26

Kakimova Laura Sharipovna – Ph.D., assistant professor   
the departament of Music Education and choreography, 
Deputy Director for Research and Academic Mobility Institute of Arts, Culture and Sports 
of the Kazakh National Pedagogical University named after Abai 
Mұқaman Aigeri- Student 2 (4) th course  the departament "Music education and choreography" of 
the Institute of Art, Culture and Sport 
of the Kazakh National Pedagogical University named after Abai 
In  this  article,  the  authors  discuss  the  educational,  developmental  and  educational  problems  of  one 
particular lesson, "Music", developed by the most student and approved by it in the theoretical and practical 
situation during the competition of scientific works of students at the annual conference. This problem is at 
the forefront in the process of training of future specialists - to teach bachelor of music education and master 
the techniques of modeling music lesson. This will help in the future during the passage of the training and 
teaching practice in a secondary school: to ensure autonomy to make decisions, to find ways to resolve the 
situation,  adjust  the  range  of  the  working  methods  and  activities  of  the  future  teacher  of  music,  learn  to 
choose  and  select  the  musical  material.  The  base  material  is  a  musical-theoretical  knowledge,  performing 
abilities  and  creative  research  in  the  development  of  the  future  of  music  lessons  for  elementary  school 
students.  Theme  music  lesson  was  selected  in  accordance  with  the  common  position  drawn  up  by  the 
program on the "Music".      
Formation of the historical background music features of the Kazakh traditional art through the prism of 
new genres and types of music is the basis upon which the student in the development of this lesson. The role 
of music in close connection with natural phenomena and the way of life of the Kazakh people in the cultural 
and  spiritual  development  of  society  and  national  education  of  the  rising  generation  refers  to  the  key 
concepts in training and educating students. 
 Keywords:  lesson  "Music",  music  program,  musical  training,  music  teaching  methods,  musical 
knowledge, traditional Kazakh musical art. 
 
 
ӘОЖ: 378.016:74-75 
 
СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚСТАН КӘСІБИ СУРЕТШІЛЕРІНІҢ ТУЫНДЫЛАРЫНДАҒЫ 
КӨРКЕМ БЕЙНЕЛЕРДІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫНЫҢ ДАМУ  ЖОЛДАРЫ МЕН  
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ 
 
Түгелбаева А.О. - Абай атындағы ҚазҰПУ-ң  Өнер, мәдениет және спорт институтының  
6М010700 - Бейнелеу өнері және сызу мамандығының  2 курс магистранты
Алматы қ-сы,Қазақстан 
 
Автор мақалада ЖОО-ның көркем білім беру жүйесінде Қазақстан кәсіби суретшілерінің туындыларындағы 
көркем бейнелердің трансформациялық ерекшеліктерін студенттерге оқытудың тиімді жолдарын, әдістері мен 
тәсілдерін  үйретудің  қыр-сырларын  жан  –жақты  қарастырған.  Сонымен  қатар    ЖОО  да      көркем  білім  беру  
жүйесінде  «Қазақстан  бейнелеу  өнері  тарихы  мен  теориясы»    курсында  4  курс  студенттеріне  Қазақстан 
бейнелеу  өнері  суретшілерінің  шығармашылығында  көркем  бейнелердің  трансформациясының  қазақстандық 
тәжірибесін  және  заманауи  бейнелеу  өнерінің  өнерлік,  мәдени  бастауларының  негіздерін  ендіру  мен    ХХ 
ғасырдағы қазақ ұлттық бейнелеу өнері  шығармаларының  оқу, тәрбиелік мән-маңызы арқылы ЖОО да көркем 
теориялық білім беру мәселесінің оңтайлы шешімдерін іздестіру мен қарастыру жөнінде сөз етіледі.  

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г. 
102 
Түйін  сөздер:  трансформация,  көркем,  бейнелер,  заманауи,  әдіс-тәсілдер,  бейнелеу  өнері,  суретшілер, 
ұлттық, эстетика, инновация, образдар, кәсіби, өнер, дәстүр, суретшілер, өнертану, философия, ғылым 
Қазақстан  Республикасының  дербес,  жеке  ел  болуы  оқу-ағарту  ісіне  жаңаша  көзқарас  жасауды 
әкелді.  Яғни  білім  берудің  жүйесін  дамытудың  жаңаша  жолын  іздестіріп,  соған  сәйкес  бағыттарын 
айқындап,  жаңа  тұжырымдамалар  қабылдады.  Ол  тұжырымдамалар  әлемдік  тәжірибеге  сүйену 
негізінде инновациялық білім беруді жөн деген жоба арқылы құрылып, іске асырылу қолға алынған 
еді.  [1]  Бүгінде  сол  жобаның  тәжірибелік  -  эксперименттен  өткізілуі  іске  асырылып,  бүгінде 
қортындысы шығарылуда. 
Жоғары    оқу  орындарының  студенттерінің  Қазақстан  кәсіби  суретшілердің  көркем 
туындыларындағы  көркем бейнелердің трансформациялық жәй күйінің өзгерістерін  ажырата білуге, 
көркем  қабылдауға,  терең  талдауға,  түсінуге  деген  өзіндік  қатынасын  орната  отырып, 
дүниетанымдық көзқарастарын  қалыптастыру көзделеді. Сонымен қатар студенттердің игерген білім 
сапасын    арттыра  отырып,  бүгінгі  күнге    сай  білік  ,  білім,  дағдыларды    игеруге  бағытталған  
оқытудың тиімді формалары мен әдістерді енгізуді көздейді. 
Студенттерге  бейнелеу  өнеріміздегі  көркем  бейнелердің  трансформациясының  заманауи 
қазақстандық  тәжірибесінің    жан  жақты  қырының  мазмұнын  саралап,  әр  –түрлі  әдіс-тәсілдер 
формасы  нақтыланып,    жаңартылып  отырған  жағдайда  ғана  жақсы    нәтижелерге  қол  жеткізуге  
болады.  Осы  мақсат-  міндеттерді  шешу  барысында  студенттердің  рухани  –  эстетиткалық    тұрғыда 
дамуын,    көркемдік  өнер  құралдары  арқылы  студенттердің    санасына  әсер  ете  отырып,  көркем  - 
білімнің    мақсат  міндеттері  мен  мүмкіндіктері  жөніңде    теориялық  мағлұмат  берілуі  тиіс.    Осыған 
орай бүгінде бейнелеу өнерін, оның мүмкіндіктерін, озық тәжірибелерін, өміршең идеяларын  және 
өнегелі дәстүрлерін  жоғары мектептің көркем білім берудің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану арқылы 
студенттердің бойына Қазақстан кәсіби бейнелеу өнерінің бай   тарихи мұрасы мен рухани, мәдени, 
көркемдік  өнер  құндылықтарын    жан  жақты  қалыптастыруды  жүзеге  асыру  бүгінгі  күннің  негізгі 
мақсаты екені баршамызға аян. 
Осы  орайда,  ЖОО  да      көркем  білім  беру    жүйесінде  «Қазақстан  бейнелеу  өнері  тарихы  мен 
теориясы»    курсында  4  курс  студенттеріне  Қазақстан  бейнелеу  өнері  суретшілерінің 
шығармашылығында  көркем  бейнелердің  трансформациясының  қазақстандық  тәжірибесін  және 
заманауи  бейнелеу  өнерінің  өнерлік,  мәдени  бастауларының  негіздерін  ендіру  мен    ХХ  ғасырдағы 
қазақ ұлттық бейнелеу өнері  шығармаларының  оқу, тәрбиелік мән-маңызы арқылы ЖОО да көркем 
теориялық білім беру мәселесінің оңтайлы шешімдерін іздестіру және оның теориялық, практикалық 
тұрғыдан  жеткіліксіз  деңгейде  зерделенгендігі    арасындағы  қарама-қайшылықтың  бар  екендігі 
анықталды, атап айтсақ: 
-  қазақстан  кәсіби бейнелеу өнері шығармаларының образдық тілі, форма мен форма құрастыру 
мәдениеті,  Қазақстан  кәсіби  суретшілерінің  көркем  шығармаларындағы  рәміздік  белгілері  мен  мән 
мағынасы,  көркем  бейнелердің  трансформациялық  заманауи  шешімдерін  зерттеу  мен  зерделеу, 
қазақстандық тәжірибесіне талдау жасауға   байланысты қоғамның әлеуметтік тапсырысы мен оның 
жоғары  мектептің  көркем  білім  беру  жүйесінде    (студенттердің  өз  бетімен  жеке-дара  жұмыс 
түрлерінде, арнайы курстар мен элективті  курстар негізінде қарастыру мәселесі) Қазақстан бейнелеу 
өнері тарихы мен теориясы курсы бағыты бойынша көркем-теориялық білім беру шеңберінде оларды 
жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  педагогикалық  шаттардың  нақтыланбауы  арасында,ы  қарама 
қайшылықтар; 
-    студенттерге  қазақстан  кәсіби  бейнелеу  өнері  тарихы  мен  теориясы  курсы  негізінде    көркем 
білім    беру  барысында  қазақстан  бейнелеу  өнері  шығармаларының  образдық  тілі,  суретшілер 
шығармаларындағы  көркем  бейнелердің  трансформациясының  заманауи  қазақстандық  тәжірибесі 
негізінде  студенттердің  ұлттық  рухани,  адамгершілік  құндылық  мәдениетін  қалыптастыру  
қажеттілігі  мен  заманауи  бейнелеу  өнері,  ұлттық  өнер  мен  рухани  мәдениет  құндылықтарының 
бастауларын  студенттерге  үйретудің  әдітерін  нақтылап,  Қазақстан  бейнелеу  өнері  тарихы  мен 
териясы  курсының мазмұнында жеткілікті деңгейде қамтылу қажеттілігін ескеру деп білеміз. 
Студенттерге қазақстан кәсіби бейнелеу өнері тарихы мен теориясы  курсы негізінде  көркем білім  
беру  сатысында  қазақстан  кәсіби  бейнелеу  өнері  шығармаларының  образдық  тілін,  суретшілер 
шығармаларының  көркем  бейнелік  трансформациялық  өзгерістерін  бүгінгі  күндердегі  орнын,  оның 
заманауи  даму  бағыттарын  зерделеп,  қазақстандық  тәжірибесі  негізінде  қарастыру  деп  білеміз. 
Осыған  орай  бүгінгі  күндері  студенттердің  ұлттық  рухани,  адамгершілік,  құндылық  мәдениетін 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж. 
103 
арттыру  қажеттілігі  мен  заманауи  бейнелеу  өнеріндегі    ұлттық  өнер  нақыштарымен  таныстыру 
маңыздылығының  мәселесі  күн  өте  артуда.  Сондықтан  да  қазақстан  кәсіби  бейнелеу  өнері  тарихы 
мен  теориясы    курсында    суретшілер  шығармаларының  көркем  бейнелік  трансформациялық 
өзгерістеріне  деген  студенттердің  қызығушылығын  арттыра  отырып,  олардың  мәдениет  аумағын 
кеңейтіп,  дүниетанымдық  көзқарастарын  арттырып,  рухани,  өнер  құндылықтарына    деген  өзіндік 
қатынастарын қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Осыған байланысты біздердің 
айтайын  деген  ойымыз  бүгінгі  күндері  ЖОО  да  Қазақстан  бейнелеу  өнері  тарихы  мен  териясы 
курсында Қазақстан кәсіби бейнелеу өнері тарихы мен теориясы  курсы негізінде  көркем білім  беру 
сатысында  Қазақстан  кәсіби  бейнелеу  өнері  шығармаларының  көркем  образдық  тілін,  суретшілер 
шығармаларының  көркемдік,  бейнелік,  трансформациялық  өзгерістерін  жеткілікті  деңгейде  ендіру, 
кіріктіру мен оқу үдерісінде барынша қамту қажеттілігі артуда. 
ЖОО-ң    көркем  білім  беру  жүйесінде  студенттерге  көркем  –  білім  беруде  Қазақстан  кәсіби 
бейнелеу  өнеріндегі  көркем  бейнелердің  трансформациясын  оқытуда  тиімді  әдістерді,  тәсілдерді 
пайдалана  отырып,  студенттердің  білімділік,  іскерлік,  дағдыларын    қалыптастырумен  қатар  
қызығушылығын 
арттыру. 
Сонымен 
қатар 
қазірде  студенттерге 
көркем  бейнелердің 
трансформациясын    таныстыру    барысында  оның  сабақтастығын  сақтап,  айқындаудың  маңызы  зор 
екендігін айрықша атап кетуге болады.  
ЖОО  студенттеріне  «Бейнелеу  өнеріндегі  көркем  бейнелердің  трансформациясы;  Қазақстандық 
тәжірибе  (живопись)»  элективті  курс  бағдарламалары    әзірленіп,  соның  негізінде  дәріс,  семинар-
практикалық жұмыстар,  әнгіме, пікір талас, ойын сабақтарының тиімді әдістерін пайдалана отырып  
өткізіледі .Әрбір сабақ үнемі зерттеу нәтижесі арқылы  тексеріліп, бағаланып отырады. (1 - сурет). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1 – сурет «Бейнелеу өнеріндегі көркем бейнелердің трансформациясы 
материалдарының қолдану бағыттары» 
 
     Ұйымдастыру  тәртібі  зерттеліп  отырған  диссертациялық  жұмыстың  тақырыбына  байланысты   
5В010700-«бейнелеу  өнері  және  сызу»  мамандығының  4  курс  студенттеріне    тәжірибелік 
эксперимент  жұмыстарын  жүргізу  барысында  ең  алдымен  жоспарланған  тақырыпта  теориялық 
материалдар жинақталып   сараланды. Олар мынадай төмендегідей бағыттарға негізделді: 
1.
 
Этнографиялық материалдармен қазақстанның  бейнелеу өнері тарихы  жайлы деректер мен 
материалдар жинақтау;  
2.
 
Қазақ  халқының  ұлы  ойшылдары  мен  ірі  ағартушыларының  ой  пікірлеріне  тұжырымдалған 
талдау жасау;  
3.
 
Қазақстан ұлттық бейнелеу өнерінің тарихи, табиғи дамуы мен қалыптасу тарихына негізделе 
сүйену;  
4.
 
Қазақстан  ұлттық  суретшілерінің  ұлттық  тақырыпта  орындалған    көркем  туындылары  мен  
бейнелеу өнері шығармалары туындыларын талдау, сұрыптау мен жіктеу; 
5.
 
Қазақстан  ұлттық  суретшілерінің  көркем  туындыларындағы  көркем  бейнелердің 
трансформациялық даму жолдарын зерделеу;  
Бейнелеу өнеріндегі көркем бейнелердің трансформациясы 
материалдары екі бағытта қарастырылады. Олар: 
 
Қазақстан  бейнелеу  өнері  тарихы  мен 
теориясы курсында Қазақстан кәсіби бейнелеу 
өнері  суретшілерінің  көркем  туындыларында 
бейнелердің 
трансформациялануының 
түрлерін,  жолдарын,  тарихын,  ерекшеліктерін 
оқыту 
Студенттердің  Қазақстан  бейнелеу  өнері 
тарихы  мен  теориясы  курсында  Қазақстан 
кәсіби  бейнелеу  өнері  суретшілерінің  көркем 
туындыларында 
бейнелердің 
трансформациялануы 
бойынша 
білімін 
деңгейлерін  арттыру  мақсатында  «Қазақстан 
бейнелеу 
өнерінде 
көркем 
бейнелердің 
трансформациясы»  атты  арнайы  курсты  СӨЖ
 
жүргізу   

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г. 
104 
6.
 
Қазақстан кәсіби бейнелеу  өнерінің, халық ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинақтап, көркем 
педагогикалық  және  эстетикалық  тәрбиедегі  үлесін,  орнын  анықтау,  тәжірибеде  кәдеге  асырып, 
пайдалану; 
7.
 
 Қазақстан  кәсіби  бейнелеу    өнері    шығармаларының  көркем  бейнелер  трансформация 
бағытында көркем-эстетикалық тәрбиенің құндылығын арттыру мен оны нәтижелі түрде практикада 
яғни, ЖОО- ның оқу үдерісінде іске асыру; 
Мұндағы  өзекті  мәселенің  бірі-кемшілік  кедергілерді  жою  бейнелеу  өнеріндегі  кәсіби 
суретшілердің 
трансформациялық 
деңгейдегі 
шығармашылық 
көркем 
туындыларының 
ерекшеліктерін  студенттерге  оқыту  мен  талдау,  ғылыми,  шығармашылық  жұмыстарға  баулу  болып 
табылады.  
Қазақстан  кәсіби  бейнелеу  өнері  аумағында  жұмыс  жасаған  ұлттық  суретшілердің  көркем 
туындыларындағы  көркем  бейнелердің  трансформациялану  деңгейлерін  ажырату  мен  талдауда 
студенттерге  көптеген  теориялық  мағлұматтар  беріп,      оқыту  төмендегідей    шарттарды  орындауды 
талап етеді. Олар: 
1)оқыту мазмұнын жүйелі  ұйымдастыру;  
2)оқу процесін  ұйымдастырудың тиімді формалары мен әдістерін қарастыру;  
3) бақылау, бағалау, тексеру  формасын таңдау; 
4) оқыту  әдістемелерін  кіріктіру; 
5) оқытудың мүмкіндіктерін қарастыру; 
Қазақстан  кәсіби  бейнелеу    өнері    аумағында  ұлттық  суретшілер  шығармаларындағы  көркем 
бейнелерінің трансформациялану бойынша студенттерге теориялық және практикалық тұрғыда білім 
беру  мазмұнын  ұйымдастыру формалары мынадай іс әрекеттерді жүзеге асыруды қажет етеді. Олар: 
ең манызды деген теориялық материалдарды таңдап алу; оқу материалын  құрылымдық орналастыру; 
іскерліктер  мен  дағдыларды  қалыптастыруға  бағытталған    тапсырмалар  мен  олардың  міндеттерін 
таңдап алу;  
Қазақстан 
ұлттық 
суретшілерінің 
көркем 
туындыларындағы 
көркем 
бейнелердің 
трансформациялық  жолдары  тақырыбы  аясында  сабақты  тиімді  жүргізу  барысында  оқу  үрдісінде 
берілетін теориялық білімді игеру, тиімді оқыту мен тәрбиелеу  формаларын таңдап алу келесідей іс 
әрекеттерді  өзіне  қамтиды:    лекция,  семинар,  студенттердің  өзіндік  жұмысы  (СӨЖ),  саяхаттар; 
аудиториядан тыс өзіндік жұмыс; практикалық тапсырмалар және т.б. 
Қөркем  білім беру  үрдісінде  көркем  теориялық  білім  беру  аясында  Қазақстан  кәсіби  суретшілер  
туындыларында көркем бейнелердің трансформациялық өзгерістері мен ерекшеліктерін студенттерге  
оқыту үшін  төмендегідей  формалар мен әдістер алынады. Олар бақылау жұмысы, курстық жұмыс, 
сынақ сұрақтары , сауалнама т.б. Оқыту техналогиясын  жасау барысында оқытушы мынандай әдіс-
тәсілдерді пайдаланады. Олар: алғашқы білімді меңгеруге бағытталған оқыту әдістері.  т.б. 
-
 
ЖОО  да    көркем  білім  беру    жүйесінде  суретші  педагог  мамандығы    бойынша  оқу 
бағдарламалары,    оқулықтар  мен    әдістемелік  құралдар  мазмұныңда  «трансформация»,  
«кескіндеме»,  «көркем  образ»,  «бейне»,  «бейнелеу  өнері»,  «көркем»  ұғымдарының  мәнін,    жан 
жақты ерекшеліктерін ашатындай теориялық мәліметтер толық қамтылмаған десек те болады. 
-
 
Көркемдік білім беру ғылыми философиялық танымдық мәні зор педагогика  мен психология, 
философия, өнертанушылық  ғылымдарының әдістемелеріне негіздей алмаушылықтары; 
-
 
Бейнелеу өнердегі көркемдік білім беру үрдісінде бейнелеу өнерінің негізгі салауаттылығын 
құрайтын заңдылықтарды оқыту, танымдық қажеттілік екендігін ескермеуі; 
-
 
Көркемдік  білім  беру  іс  –  әркетіне  студенттердің  «бейнелеу  өнері  тарихы  мен  теориясы» 
курсында  көркемдік  білім  беру  қажеттігін  түсінбеуі    және  ондай  қажеттіліктің    туындамауы 
салдарынан; 
Қазақстан бейнелеу өнері тарихы мен теориясы курсы арқылы студенттерге аталған пән аясында 
көркемдік  білім  беру  мен  пән  мазмұнын  терең  зерттеуде    эксперименталдық  –  тәжірибелік 
жұмыстарды  үш  кезеңге  бөліп  қарастырдық.  Бейнелеу  өнеріндегі  көркем  бейнелердің 
трансформациясы  атты зерттеу жұмысымыздың экспериментік бөлімін жоспарлап,  оның іс жүзінде 
жүзеге  асырудың  әдіс  –  тәсілдерінің  нәтижесін  ұсыну  үшін,  оқу  тәрбие  үрдісінде  қарастырып, 
ұйымдастырудың іс – шаралары мен дәрістік курс тақырыптарын, семинар-практикалық сабақтардың 
тапсырмаларын,  СӨЖ,  СОӨЖ  тапсырмаларын  жаппай  бақылау  мен  тексеру  жұмыстарын 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж. 
105 
жүргіздік.Осы бақылау мен тексеру жұмыстары барысында сұрақ  - жауап,  пікір  - талас, сауалнама 
сұрақтары арқылы тексеру әдістерін пайдалануда, айқындалған қайшылықтарға тап болдық.  
Осыған  орай  біздер  жұмысымызды  қорытындылайтын  болсақ,  келесідей  тұжырымдар  жасауға 
болады: бүгінгі  күндері ЖОО  да  қазіргі  көркем теориялық білім  беру  аясында  Қазақстан бейнелеу 
өнері  тарихы  мен  теориясы  курсында  Қазақстанның  кәсіби  суретшілерінің  көркем  туындыларында 
көркем  бейнелердің  трансформациялық    жолмен  өзгеріске  ұшырауларын,  оның  даму  жолын,  шығу 
тарихын,  өзіндік  ерекшеліктерін  студенттерге  үйретудің  маңызы  зор.  Сондықтан  да  оны  оқытудың 
тиімді  формаларын,  әдістері  мен  тәсілдерін  терең  де,  сауатты  да,  жан  –  жақты  меңгермейінше 
болашақ суретші-педагог маман болу мүмкін емес. 
 
1.
 
«Қазақстан мен Орталық Азияның дәстүрлі және қазіргі өнері». Алматы, 2003, 120-бет 
 
Резюме 
Тугельбаева А.О. – Магистрант 2 курса специальности 6М010700- «Изобразительное искусство 
и черчение» института искусств, культуры и спорта КазНПУ имени Абая. г. Алматы. Казахстан. 
Методика преподавания оособенности и пути развития трансформации художественных 
образов в художественных произведениях Казахстанских профессиональных художников 
студентам 
Автор  разносторонне  и  глубоко  анализирует  и  рассматривает  наиболее  эффективные  пути  и 
решения  трансформационных  особенностей  художественных  образов  в  произведениях 
профессиональных  художников  Казахстана.  А  также  его    методику  преподавания  на  занятиях 
истории  и  теории  изобразительного  искусство  Казахстана  в  системе  высшего  художественного 
образования.  
Ключевые  слова:  трансформация,  художественный,  изображения,  современное,  методы  и 
приемы,  изобразительное  искусство,  художники,  национальное,  эстетика,  инновация,  образы, 
професиональное, искусство, традиция, искусствоведение, философия, наука 
 
Summary 
Tugelbaeva S.А.- 2 Undergraduate degree 6M010700-"fine arts and drawing" Institute of Arts, culture 
and sports Kaznpu by a name of abaja. Almaty. Kazakhstan 
Methods of teaching oosobennosti and ways of development transformation of artistic images in 
artistic works of professional artists of Kazakh students 
  The  author  comprehensively  and  deeply  analyzes  and  examines the  most  effective  ways  and  solutions 
transformational  features  artistic  images  in  the  works  of  professional  artists  of  Kazakhstan.  As  well  as  his 
teaching in lessons of history and theory of fine arts of Kazakhstan in higher arts education. 
Keywords:  transformation,  art,  images,  modern  methods  and  techniques,  Visual  Arts,  artists,  national, 
aesthetics, innovation, professional images, art, tradition, art, philosophy, science 
 
 
 
УДК 745.522.2.021                
ДӘСТҮРЛІ   ӨНЕР 
 
Л.Ж.Аденова –Абай атындағы Қаз ҰПУ « Бейнелеу онері және сәндік қолөнер теориясымен 
әдістемеі» кафедрасының аға оқытушысы, adenova@list.ru. 
 
Бұрын және қазіргі кезде қазақ халқы мен Орта Азия халықтары арасында кеңінен тараған өнер. Күнделікті 
тұрмыс  пен шаруашылық  қажеті үшін тоқылған ши  қәзірге  дейін кеңінен пайдаланып  келеді. Оны  киіз  үйдің 
құрамдас  бөлігі  етінде  кереге  сыртына  тұтуға,  сондай-  ақ  үй  ішіндегі  ыдыс-  аяқ,  ошақ  басын  қоршап  қоюға, 
киізүйдің  есігіне  ұстауға,  әр  түрлі  үй  шаруашылық  мүдесіне  мәселен  киіз  басу  жұмыстарына,  жаюлы  киіз 
сырмақтың асты ылғал тартып, білінбеуі үшін солардың астына төсеуге, сонымен бірге құрт жаю, тары сүзу т.б 
кеңінен  пайдаланылады.  Қазақ  халқының  қолөнері  саласында  ши  тоқу,  оған  боялған  түрлі-  түсті  жүн  орап, 
өрнектеп безендіруісі ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ұлттық өнері болып табылады. 
  Түйін  сөздер:  дәстүрлі  өнер,  түр,  тоқу  әдістері,    шым-ши  технологиясы,  жүннің  түрлері,  жалпы 
пайдаланылуы. 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г. 
106 
Түрлі өрнекте оралған ши тұрмысқа қолдану жағынан әрі сәнді, әрі көпке дейін тозбайтын берік, 
әрі  арзанға  түсетін  тиімді  болады.  Қазір  ораулы  шиді  мал  жйылым  учаскілерінде  шопандардың 
үйлерінен жиі кездестіріп жүрміз. Ши жинауға, жаюға, тоқуға өте ыңғайлы мүлік.Тоқылған ши мал 
аяғы баспаған,соны жерден, ол бойлап өскен кезде, жаздың орта шенінде тартылады. Шиді таңертең, 
кешке  немесе  жаңбырдан  кейінгі  шық  кеппей  тұрып  тарту  керек.  Ол  кездерде  жер  жұмсақ,  ши 
суырылғыш  болады.  Әзірленген  шидің  қабығын  аршып,  көлеңкеге  бумалап  кептіреді  де,  оны 
өрнектеп  орауға  кіріседі.  Қазір  табиғи  бояулардан  гөрі  тұрмыста  жасанды  бояуларды  көбірек 
пайдаланады,  себебі  бұл  бояулар  табиғи  бояуларға  қарағанда  түстерінің  саны  жағынан    көп  және 
қанықтылығы  да  әлде  қайда  жоғары  әрі  сапалы.  Ою-  өрнекте  бояулар  ой  мен  идеяны  бейнелеудің, 
күрделі  сюжеттер  жасаудың  құралы.  Қазақтың  ұлттық  немесе  жаңа  ою-  өрнектерде  қолданылатын 
бояу  түсі  оның  эстетикалық  әсерін,  өмір  танытқыш  күшін,  болмыс  шындығын  бейнелеудегі 
қарқындылығын,  адам  әрекетнің  белсенділігін  танытады.  Жалпы  айтқанда,  бояу  үдестігі,  бояу 
шешімі  ою-  өрнек  өнерінде  идеялық  және  эмоциялық  мәне  бар  негізгі  арқау  болып  саналады., 
сондай-  ақ,  ою-  өрнектегі  әр-  бір  бояудың  өзіндік  тарихы  барын  аңғару  қиын  емес.  Ою-өрнек 
өнерінде  бояулар  күрделі  роль  атқаратынын,  ондағы  ой  мен  идеяны  бейнелеу  сияқты  күрделі 
мақсатты  қолданылғанын  білеміз.  Сондықтан  суретші,  шебер  қиып  алған  оюын,  жүнін  бұйымға 
бейнелеу не тігу үшін оған қосымша қолданатын материалдың түсін таңдай білу керек. Енді жүннің 
түрлерін    айтсақ  ,  ши  тоқу,  киіз  басу,  текемет  ойыстыру  ісі  алдымен  жүн  сұрыптаудан  басталады. 
Негізінен  ши  тоқуға  көбіне  қойдың  күзен  жүні  мен  қозының  жүні  қолданылады.  Осы  орайда  жүн 
түрлеріне қысқаша анықтама бере кеткен жөн секілді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет