Абай атындағы ҚазҰпу-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47)



Pdf көрінісі
бет22/26
Дата03.03.2017
өлшемі3,24 Mb.
#6675
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Keywords:  Kazakh  traditional  folk  art,  the  Kazakh  national  musical  insturmenty,  Kazakh  national 
instrument  orchestra  Kazakh  musical  instruments,  wind  instruments  group,  the  group  Bow-strumnnyh 
instruments,  percussion  group,  a  group  of  strings  insturmentov,  instrumental  performing  arts,  Kazakh 
orchestral music. 
 
 
ӘОЖ: 75.044(574) 
БАТАЛДЫҚ ЖАНР ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ  ТАРИХИ-
ПАТРИОТТЫҚТЫҢ МӘНІ 
 
Иманбакиев Ернат – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 
Өнер,мәдениет және спорт институтының 6М0416600 - «Өнертану» мамандығының 2 курс 
магистранты. Алматы қ. 
 
Автор  мақалада  қазіргі  заманғы    мәдениеттегі  өзінің  жаңашылдығымен  маңызды  рөл  атқарып  жатқан 
кескіндеменің  жаңа  мүмкіндіктерін  талдауға  арналған.  Десе  де,  өнерде  өзінің  ауқымдылығымен  және 
маңыздылығымен  айрықшаланатын  тақырыптық  бағыттар  бар.  Оған  қоғамның  ұлы  рухани  құндылығының 
қуатын,  адамның  Отанына,  туған  халқына  деген  адалдығын,  ел  басына  күн  туғанда  қолына  суық  қару  алып,  
туған  Жерін аянбай қорғауға даяр болып қана қоймай, іс жүзінде осы туған елі, жері үшін жан тәсілім ететін 
ұлы  қасиетін  ашатын  қаһармандық,  ерлік  тақырыбының  орны  бөлек.  Өнердің  бұл  саласы  еліміздің  тарихын 
тереңірек  танып,  ата-баба,  ағаларымыздың  биік  рухын  ұмытпай,  шексіз  тарихи  табиғатынан  ата-
бабаларымыздың  бойына  біткен,  бүгінгі  күнде  ұмыт  болып  бара  жатқан  Отан  сүйгіштік  идеологияның  қайта 
жаңғыруына жол салмақ.  
Кілтті сөздер: қаһармандық, рух, батальдық жанр, тарихи жанр, патриот, образ. 
 
Тарихи    реализм  өнерінің  дамуының  қазіргі  кезінде  ерлік  тақырыптың  әзірленуі  терең,  көп 
қабатты, ешқашан олай болмаған жаңашыл, көп сипатты кескін алуда.  
Адам  батыр  болып  туылмайды,  батырлық  жасалады.  Осы  тұрғыда,    қоғамның  жаппай  ерлігінің 
рухани  көзін  анықтау,  оның  көп  қабаттылығын  анықтау,  идеялық-саяси,  адамгершілік, 
эстетикалықтың ерлікті қалыптастырудағы диалектикалық өзара байланыстарына талдаулар жүргізу  
реализм  өнеріндегі  батырлықтың  көп  сипатты  сомдалуы  соғыс  және  бейбіт  күндегі  ерлік  пішінінің 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж. 
141 
саналуандылығымен ғана емес, өнер беретін көркем-бейнелеу құралдарының байлығымен ғана емес,  
ерліктің қалыптасуының саналуан жолдарымен де, сондай-ақ, оның рухани-адамгершілік көздерінің 
байлығымен де анықталады. Бұл өнерде ерлікті оның шарықтау шегінде де, оның «пісіп-жетіліуінің» 
түрлі  тұстарында  да:  соғыс  алдында,  соғыс  арасында,  онан  кейін,  бейбіт  күнде  сомдалуына  мол 
мүмкіншілік  береді.  Осыдан  сюжеттердің,  бейнелердің,  туындының  негізінде  жатқан  дау-
дамайлардың шексіз түрлерін көреміз.  
Бүгінгі  таңның  айтарлықтай  тағы  бір  ерекшелігі-  қазақ  суретшілерінің  батыл  және  түрлі  ізденіс 
жолдарына  түсуі.  Осыған  дейін  өнердегі  жігерлі  қарқында,  суретшілердің  осындай  кең  аясын 
қамтымаған еді.  Реализм әдісінің эстетикалық мүмкіншіліктерінің аясы үнемі кеңейе түсуде. Ерлік 
тақырыбындағы  өнердің  тағдыры  осылайша  түсіндірілетіндей.  Атақты  ақын  И.Бехер:  «Жаңа  өнер 
ешқашан  жаңа  пішіндерден  басталмайды,  жаңа  өнер  әрқашан  да  жаңа  адаммен  бірге  туады»  деген 
болатын [1]. Осы дана, қырағы, қанатты сөздердің астары бар. Өнердегі жаңа пішін жаңа адамдардың 
рухани  жан-дүниесін  зерттеуден  басталады.  Сонымен  қатар,  жаңа  пішіндер  жаңа  дәуірде  дүниеге 
келген  суретшінің  өзінің  өмірге  жаңаша  қарайтындығымен,  оны  өзінше  жаңаша,  өзгеше  көріп, 
түсетіндігімен,  бағалайтындығымен,  жасайтындығымен  жарыққа  келеді.  Қазақтың  тәуелсіздік 
дәуіріндегі  қаһармандық-рух,  ерлік-патриоттық  және  эстетикалық  санқилылығының  басты 
себептерінің бірі осында.     
Қаһармандық-рух  тақырыптың  бүгінгі  күнгі  дамуында  монументті  өнердің    алатын  орыны  да 
айрықша.  Станокты  өнердің  мәнін  төмендетпей-ақ,  онымен  еш  бәсекелеспестен  бұл  өнердің 
мүмкіншіліктері  мол,  бай  және  әлі  жеткілікі  деңгейде  пайдалана  қоймаған  эстетикалық  қоры  бай, 
қаһармандық-рух тақырыпты бекітіп, кеңейту болашағы зор.  
Сонымен  бірге,  ерлік  тақырыпты  дамыту  сияқты  біздің  жалпы    бейнелеу  өнерімізді  дамытуда 
станокты суреттер әлі күнге дейін жетекші орын алуда. Көрмелерді талдаулар мен өмірдің фактілері 
біздің  өнеріміздің  сюжеттік  жәе  эстетикалық  байлығы  қазақ  адамының  рухани  әлемінің  идеялық-
эстетикалық тұңғиығына бойлайтын тақырыптық өнерсіз еш мүмкін емес.  
Батальдық  жанрдың  дәстүрлік  шектен  асып,  мүлдем  басқаша  тақырыптық  және  эстетикалық 
өлшемдерге жетуінің өзі бүгінгі күннің қызықтығын көрсетеді. Бір жағынан, өздігінен «батальдық» 
сюжеттің  өзі  жоқ.Қазақ  тарихындағы  Ұлы  Отан  қорғау  соғыстарға  арналған  туындылар  көптеп 
жарық  көріп  жатса,  екінші  жағынан,  суретші-баталистердің  шығармашылығында  тұрмыс-тіршілік, 
күнделікті  күйбең  өмір,  қызу  еңбек,  мінез  сұлулығы  мен  тектілігі,  бүгінгі  күнгі  сарбаздың  рухани 
талпыныстары  мен  әрекеттеріне  арналған  шығармалар  жоқтың  қасы.  Өзінің  аясынан  жылдам  және 
жігерлі  күйде  жарып  шыққан  осы  жанр  өзіне    терминологиялық  атау  беруді  әділетті  түрде  талап 
етеді. «Ерлік-патриоттық», «Батырлық-патриоттық» деген атаулар сай келе ме, не одан да жақсырақ 
атау  табылар  ма  екен,  әлде  біздің  зерттеуіміздегі  «Қаһармандық-рух»  тақырыбыма,  мәселе  тек 
уақыттың еншісінде. Тек оны дұрыс көре және орынды қоя білуге тиіспіз.  
Жауынгердің ерлігі. Соғыстың бар  тауқыметін өз иығымен көтеріп, ештеңеге қарамастан жеңіске 
жеткен жан! Мәңгі тақырып. Уақыт бізді өткен күндерден күннен күнге алшақтатып әкетіп барады, 
бірақ,  суретшілер  одан  шығармашылықты  сусындататын  сарқылмас  жаңа  дем  беруші  күш  көзін  
талмай табуда. Бүгінде бір-бірін өзара толықтыра және байыта түсетін тақырыптық бағыттар әскери-
патриоттық  тақырыбының  даму  негізін  құрайды.  Біріншіден,  халықтың  және  оның  әскерінің 
өткендегі  ерлігінің  бейнелі  сомдалуы  бар  қанық  бейнесімен,  қыр-сырымен  паш  етілуде.  Қазақ 
тарихындағы  Ұлы  Отан  қорғау  соғыстарындағы  қаһарман  ерлігінің  алатын  орыны  орасан  зор. 
Екіншіден,  бүгінгі  күннің  көрінісі,  өмірдің  бейнелі-көркем  сомдалуы,  соғыс  сабақтарының,  тер 
төккен  еңбектің,  бүгінгі  күнгі  жауынгердің  рухани  бейнесі.  Әзірше  бұл  бағыттар  өнердің  тірі 
тіршілігіндегі өзінің ара салмағына қарай тең емес. Біріншісі терең дәстүрге бай, екіншісі- қозғалыс 
соқпағымен алға ұмтылуға тырысуда. Алайда, осы ағыстардың  үндес үйлесімдігі ерлік-патриоттық 
өнердің  болашақта  даму  негізін  салуда.  Бұл  тұрғыдағы  эстетикалық  әзірліктер  барған  сайын  жаңа 
келбетке  енуде.  Өткен  шеңбер  кеңейіп,  бұрын  байқалмағанкескіндеугеі,  кестелеудегі,  мүсіндеудегі, 
монументалды пішін өнеріндегі жаңа ашулар орын алуда.  
Тарихи    реализм  өнеріндегі  ерлік-патриоттық,  қаһармандық-рух  тақырып    болашақта  қалай 
дамымақ,қорытындылаудағы  басты  мәселенің  бірі  деп  ойлаймыз.  Жаңа  ұрпақты  жауынгерлік-
патриоттық, қаһармандық -рухқа тәрбиелеудің маңызы да содан, болашақ өнердің ерлік-патриоттық 
тақырыптың орын алуы да сол себепті. Бүгінгі күнгі өнердің жалпы ағысындағы ерлік тақырыбының 
маңызының  жоғарылығы  негізді  және  ешбір  сұрақтарды  тудырмайды.  Десе  де,  мұндай 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г. 
142 
талқылауларда 
ерлік-патриоттық, 
қаһармандық-рух 
тақырыптың 
мүмкіншілігін 
жете 
бағаламаушылығы да жоқ емес.  
Өзгеше  тілмен  айтатын  болсақ,  көркем  әдіс,  суретшінің  нені,  қалай  көріп,  қабылдайтынын, 
көргенін қай тұрғыда іріктеп, бағалап, жалпылайтынын, ең соңында, қанай көркем пішінде осының 
барлығын  бейнелейтінін  анықтайды.  Көркем  әдісөз  уақытының  перзенті.  Ол  қоғамның  түкпірінде 
табиғи,  тарихи  шартты,  не  жалпы,  қоғамның,  егер  осы  қоғам  антагонистік,  белгілі  бір  таптардың 
сипатында    танылатын  болса,    шынайы  өмірді  эстетикалық  игерудің  қажетті  өнімі  ретінде 
қалыптасады.  Дүниетаным  және  оған  негізделген  көркем  әдіс  толығымен  суретшінің  нені 
растайтынын,  нені  сөгетінін,  өткен  мен  бүгінгінің  барлық  саналуан  қоғамдық  құбылыстарының 
ішінен қандай шарттарды  (философиялық, саяси, имандылық, т.б.) көріп, таңдап алып, оларды қалай 
бағалайтынын анықтайды.  
Суретші  үшін  не  маңыздырақ  талант  па,  жоқ,  дүниетаным  ба?-деп  сұрап  жатады.  Мұндай  сұрақ 
негізінен метафизикалық мағынада. Көркем шығармашылықта таланттың немесе кәсіби шеберліктің 
ролін бәсеңдету күлкілі болар еді.  
Көркем  әдіс  пен  оның  аяққа  тұрып,  дамуындағы  дүниетаным  рөлінің  мәселесі  негіз  қалаушы 
мәселе.  Оны  дұрыс  түсіндіретін  болсақ-  социалистік  реализм  өнерінің  көп  қырлылығы  мен 
философиялық талқылану бірлігінің негізгі бағыттары. Дүниетаным жай нақты-тарихи сипатта ғана 
емес,  кезекпелі  көрінетін  әлеуметті  сипатта.  Тарихи    реализм  әдісінің  негізі  болатын  бірегей 
дүниетаным  қандай  түрде,  мәнерде,  стильдік  бағыттарда  байқалмаса  да,  біздің  өнеріміздің  ішкі 
бірлігін белгілейді.  Сонымен бірге, шығармашылық әдістің бірлігі эстетикалық байлықты еш жоққа 
шығармайды,  керісінше,  біздің  өнеріміздің  айшықты  көріністерінің  бірі  шығармашылық  мәнерлер 
мен көркем стильдердің саналуандылығы.  
Осы  тарауда  ерлік  тақырыпты  сомдау  үрдісіндегі  дербес  шығармашылық  мәнерлер  мен  көркем 
стильдердің  саналуандылығы  туралы  мәселе  туралы  болып  отыр.  Алайда,  біздің  өнеріміздің 
эстетикалық  байлығы  іспетті,  осындай  кең  және  ықшам  ұғым  мұнымен  шектеліп  қана  қоймайды. 
Алдыңғы  тарауларда  соңғы  он  жылда  бейнелеу  өнеріндегі  жауынгердің  ерлігі  тақырыбының 
эстетикалық  сантүрлілігінің  түрлі  тұстарын  анықтайтын  қағидалары,  әдіс-тәсілдері  және  көркем-
бейнелеу құралдары жайлы бірнеше рет әңгіме қозғалған болатын.   
Өзге  де  көптеген  туындылармен  қатар,  жоғарыда  аталған  туындылардың  жанрлық 
«канондарының» қаймағы бұзылмаған. Дәл осы сипаты сол туындының иелеріне кеңес сарбазының 
рухани  жан-дүниесінің  байлығы  мен  қайталанбас  тұңғиық  тереңдігін,  батальдық  жанрдың  дәстүрлі 
аясында  суретшінің  ашуы  неғайбыл  қаһармандық  бейнесінің  идеялық-адамгершілікжаңа  қырларын 
ашуға мүмкіндік береді. Бұл, сондай-ақ, қазақ бейнелеу өнерінің эстетикалық байлығының кеңеюіне 
алып келеді.   
Жоғарыда айтылған мән-жайлардың негізінде, «батальдық жанр» ұғымы көнере бастады десек те 
болады.  Бейнелеу  өнерінде  соғыс  тақырыбының,  батырдың  бейбіт  күндегі  маңдай  терін  төге 
еңбектену  сәтінің  заманауи  сомдалуы  эстетикалық  және  өнертанушылық  терминологияға  жаңа 
жанрлық шектер мен атулардың енгізілуіне қолқа сала, талап етеді. Дәстүрлік ұғымдағы батальдық 
жанданып, әскери-патриоттық, не ерлік-патриоттық жанрлар пайда болатын орта, не идеология жоқ.  
Бұл, әзірше, тек пайымдаулар ғана. Бастысы, ерлік тақырыбының жанрлық аясын  кеңейтуге мән 
беруде.  Қазақ  бейнелеу  өнеріндегі  ерлік-патриоттық  тақырыптың  дамуы  қағидалық  мәніне  келсек, 
соңғы  он  жылдағы    өнеріміздегі  ерлік-патриоттық  тақырыптың  дамуы  қағидалық  мәні  бар  кейбір 
мән-жайлар  мен  ағымдармен  сүйемелденеді.    Жауынгердің  ерлігі  қоғамдық  құбылыс  ретінде 
қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  дәйектеулері,  саяси,  философиялық,  адамгершілік-имандылық 
және  эстетикалық  көзқарасы  мен  идеалдарымен,  соғыстың  сипатымен  (егер  әңгіме  соғыс  кезіндегі 
ерлік  жайлы  болатын  болса),  әскер  мен  халықтың  арасындағы  сол  тарихи  жағдайдағы  нақты 
байланыс  деңгейімен  анықталатын,  объективті  және  субъективті  факторлардың  жинағы  ретінде 
қарастырылуы  тиіс.  Мұнсыз  жауынгердің  ерлігі  ғылыми  тұрғыдан  дәмелі  объективті,  жан-жақты 
бағалануы мүмкін емес. 
Өткеннің  тәжірибесін  ескерместен,  жаңа  жас  ұрпақтың  рухани-адамгершілік  ұстанымын 
жетілдірместен, жалпыға ортақ бақытты өз қолымен жеңіп алған нағыз ерлік пен құрбандықтар мен 
дүрбелең, сұрапыл сынақтардың  бағасы мен халықтың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыпын ескерместен 
ел  мәдениетін ілгері жылжыту мүмкін емес.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж. 
143 
Ұлы тарихтағы Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында аянбай күресіп, қыршынынан 
қиылып, 
жан 
тәсілім 
еткен, 
тәуелсіздік 
жолында 
қуғындаулардан 
қасірет 
шеккен 
Отандастарымыздың,  ата-баба,  әкелеріміз  бен  әпкелеріміздің    ерлігі  мәңгі  жадымызда.Алайда,  ол 
ерлік  жадымыздан  шықпас  үшін,  терең  түйсігімізбен  танылуы  үшін,  ол  әрбір  қоғам  азаматының, 
әсіресе, келер ұрпақ жастардың идеялық сенімділігіне айналуы үшін халықты биік рухпен, адал еңбек 
пен  ұлтсүйгіштік  дәстүрде  кемелді  дәрежеде  ойластырылған  тәрбие  беру  жүйесімен  жетелеуге  аса 
зәруміз.Белгілі  әдебиет  сыншысы  М.Қаратаев  айтқандай:  «Халық  характері,  халық  образы,  оның 
сомдығы,  тереңдігі,  айқындығы  герой  санымен  емес(фон,  орта  жасау  үшін  әрқилы  адам  образдары 
алынуы  орынды),  негізінде  халық  өкілдерінің  образы  мен  характерін  типтендіріп,  терең  ашып, 
тұлғалы түрде көрсету арқылы жасалуға тиіс» [2].  
Бүгінгі  қоғам  аса  зәру,  мұқтаж.  Бүгінгі  күннің  идеялық-адамгершілік  имандылық  көзі  мен  оның 
мінезі  мен  ерекшеліктері  қаншалықты  терең  және  жан-жақты,  егжей-тегжейлі  ұғынылатын  болса, 
өмір  мен  өнердегі  жауынгердің  ерлігінің  рухани-адамгершілік  және  эстетикалық  заңдылықтары 
соншалықты пысықталып, Отан үшін жан пида етуге даяр ұлы тәуелсіздік идеалы жолында идеялық 
тұрғыда көзі жеткен, саналы сарбазды қалыптастыру мүмкіншілігі  тек суреткердің қолында. 
 
1.
 
Зальцман Е. Казахстанская правда. «Поэзия графики» 
2.
 
Қаратаев  Мұхамеджан.  Шығармалары  (Сын-зерттеулер).  –Алматы:  «Ана  тілі»  баспасы, 
2010. - 400 бет. 
 
 
Резюме 
 
Историко-патриотическая сущность в  произведениях  батального жанра   
Иманбакиев  Ернат  –    Магистрант  2  курса  специальности  6М0416600  –  Искусствоведение 
Института искусств, культуры и спорта КазНПУ имени Абая. г. Алматы 
В статье рассматриваются батальные и исторические жанры.  Даны исторические художественные 
образы,  в  произведениях  показаны    патриотический  дух  героев  на  основе  которых  воспитывается 
будущее поколение. Включены творческие пройзведения отечественных художников. 
Ключевые слова: героизм, батальный жанр, исторический жанр, патриот, образ 
 
Summary 
Historical-patriotic essence in the works battle genre 
Imanbakiev Ernat-Master 2 degree 6M0416600-Art Institute of Arts, culture and sports Kaznpu by a 
name of Аbaja. Almaty 
In  article  battle  and  historical  genres  are  considered.  Historical  artistic  images  are  given,  in  works  are 
shown  patriotic  spirit  of  heroes  on  the  basis  of  whom  future  generation  is  brought  up.  Creative 
proyzvedeniye of domestic artists are included. 
Keywords: heroism, battle genre, historical genre, patriot, image 
 
  
ӘОЖ: 73/75/(574) 
ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ОБРАЗДЫҢ 
КӨРКЕМДІК СИПАТЫНЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Оханова Ырысгүл – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, 
мәдениет және спорт институтының 6М0416600 - «Өнертану» мамандығының 2 курс 
магистранты. Алматы қ. 
 
Мақалада  бейнелеу  өнерінің  туындылары  шындықты      қайталамайтын,  жансыз    көшірме    емес  екені,  ол  
заманның    рухани    мәнін,  саяси-философиялық,  эстетикалық,  этикалық  идеяларын    мағыналы  мазмұнға 
айналдыратын  үлкен  бір  дүние.  Өнердің  осы  түріне    енетін    шығармаларды    көзбен    көру  арқылы    түсініп,  
бағалап,  кеңістікте қабылдаймыз. 
Қазақстан  бейнелеу  өнерінің  тарихының  көшін  бастаған    суретшілеріміздің  классикалық  көркем 
шығармаларынсыз  елестету  мүмкін  емес.  Әрине  шынайы  көркем  туындылар  ұлттың  жанды  құбылысына 
айналып,  жаңа  ғасырмен    үндесуде.    Қазақстан  бейнелеу  өнерінің  ұлттық  көркемдік  сипат  тақырыбының 
өнердегі  салыну  деңгейін,  қазіргі  заманауи  өнеріндегі  көрінісін,  мазмұн  мен  форманың  бейнелеу  өнері 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г. 
144 
мысалдары  арқылы  талдауға  ұйытқы  болды.  Автор  мақалада  Қазақстанның  танымал  өнертанушы,  философ, 
этнограф ғаламдарын саралап, талдау жасаған. 
Кілтті  сөздер:  ұлттық,  өнер,  бейнелеу  өнері,  образ,  көркем  өнер,  декоративтік  стиль,  дүниетаным, 
концепция. 
 
ХХ  ғасырдың  80-жылдары  бұрынғы  Қаз  КСР  уақыттың  екі  ерекше  оқиғасымен  ерекшеленеді: 
1986 жылы Алматыда болған желтоқсан трагедиясы мен жариялылық. Осы кезеңге арналып салынған 
сыни  суреттер  жеткілікті  болды,  солардың  ішінде  А.Сыдыхановтың  шығармашылығы  біршама 
көрнекі  шыққан.  Шындыққа  толығымен  тереңдеп  ой  жүгірту  бұрын  қол  жетімді  болмаған  (әсіресе 
діни), ақпараттар ағымының аясында өтеді. 
Өте  тез  уақытта,  болмысы  бойынша  дүниеге  сеніммен  қарайтын  А.Сыдыханов  шығыстық 
философиялық  ілімге  жетік,  тыным  түсінігі  болып  жатқан  жағдайлардың  барлығы  мәңгілік  емес, 
уақыт пен айналадағы әлем бет-жүзін өзгертіп отырады дегенге тоқталды. Бұл жерде сондықтан да 
оның  шығармашылығына  тыныш  көңіл  күй,  пайымдаушылық,  сәнділіктің  көптігі  тән  екендігі 
көрінеді. 
Дәл  осы  кезеңмен  қатар  жиырмасыншы  ғасырдың  басындағы  модернизм  ағымдарымен 
шұғылданудың  кезекті  айналымы  байқалады,  ол  көркем  ойды  жеткізу  тәсілінің  тағы  бір  амалы 
ретінде  қабылданады.  В.Стерлиговтың  ізін  қуушылар  өз  ырғақтарына  және  жалпы  құрылысымен 
үйлесетін өздерінің шығармашылық әдістерін шығарып, дерексіз композицияларын салады. 
«Бірақ,  осы  кезеңнің  қазақ  кескіндемешілері  үшін  біршама  маңызды  деп  беруі  тарих  болып 
қалғандықтан,  бұрынғы  алыс  және  жақын  этникалық  өткенін  білуге  деген  ынтызарлықты  да  өткір 
сезіндірді.  Сөйтіп,  суретшілер  археологияның  ортағасырлық  жасанды  этнографиялық  суреттеріне, 
фотосуреттерге  жүгіне  бастады.  Осы  уақыттың  талантты  жастары  қатарында  және  бүгіндері 
шығармашылық  ортада  танымалдыққа  ие  болған:  Б.Бәпішев,  А.Есдәулетов,  Г.Маданов,  М.Бекеев 
және тағы басқалар» [1]. 
Алайда,  дәл  баяғыдай  шығармашылық  іңкәрлік  соншалықты  кең  және  әртүрлі  жоспарлы,  сол 
баяғыдай:  тыныш,  асықпайтын,  бірақ,  ішкі  әлемдеріндегі  ойларын  өз  шығармаларына  Г.Баянов, 
К.Дүйсенбаев  жүктеуді  жалғастырып  келеді.  Е.Төлепбайдың  сюрреалистикалық  кескіндемелерінде, 
кейіннен  К.Мамақовтың  суреттерінде  С.Далидің  айқын  әсер  етумен  қатар  сонау  социалисттік 
реализмде үстірт пайдаланылған аңғырттық өзінің «шарттылығын» әкелуде. Қазақстанның көркемдік 
шығармашылығындағы  өткен  тарихты  қайта  құрылымдау  ХХ  ғасырдың  сексенінші  жылдарының 
соңы мен тоқсаныншы жылдарының еншісіне тиді. 
«Ұлттық  құндылықтарды  жаңаша  пайымдау  Б.Бәпішев,  А.Есдәулетов,  Г.Маданов,  К.Әжібеков, 
К.Хайруллин, орта буынның өкілінен А.Сыдыхановтың шығармашылықтарында көрініс тапты» [1]. 
Суретшілердің  ұлттық  дүниелерге  деген  ынтызарлықтарына  оның  шынайы  да  нақты  бастауларын 
(олардың  жеке  көзқарастары  бойынша)  іздеулеріне  алып  келді.  Сонымен  қатар  тарихи 
этнографиялық  материялдар  негізінде  жас  суретшілер  мен  орта  буынның  суретшілері  өз 
этностарының  мәдениетін  ежелгі  көшпенділердің  мәдениетімен  сәйкестендіре  бастағандарында 
қазіргі  уақыттың  шындығын  бедерлейтін  жаңа  үлгілерді  тапты  (А.Сыдыханов,  Тәуекелов, 
К.Хайруллин және басқа да көптеген суретшілер [1]). 
Кейіннен шеберлердің барлығы дерлік ежелгі жазу таңба өнерінің стилистикалық белгілерін, сақ 
мұраларын белсенді үйренді (К.Хайруллин, А.Ақанаев, А.Қазығұлов, А.Бектасоб және басқалар [1]), 
өзінің тарихы жағынан жазды, рефлекциясы жемісті болып шықты: суретшілер табынатын орындар 
өздеріне  тартқандықтан,  табыну  орындарын  іске  қосып,  балбалдар,  тастар,  ағаш,  киім-кешектерді 
қайтадан тірілтті.  
Ежелгі  әлемнің  бейнелеу  өнерінде  көрсетілген  рухани  мұралар  қазіргі  шындықтың  бірегей 
жағдайы  ретінде  ұсынылады,  жұмыр  жердің  өткен  тарихы  жай  ғана  жоғарыға  бостан  босқа  сағым 
сияқты  «қалқытып»  шығарылмайды,  керісінше  аталған  мекен  мәдениетінің  рухы  сияқты 
қатыстырылады  (А.Қазығұлов,  Б.Бәпішев,  А.Есдәулетов,  Г.Маданов,  А.Меңлібаев,  А.Бектасов  [1]). 
Аталған  буынның  суретшілері  түркі  халықтарының  наным-сенімдеріне  зор  маңыз  берді,  соның 
әсерінен олар арғы ата-бабаларымыздың бейнесін осы шындыққа сәйкес сомдап шығарды. 
     Бағзы  заманғы  ата-бабалардың  ғарышына  саяхатты  аталған  жас  суретшілердің  әрқайсысы  өз 
білгендерінше жасады. Дей тұрғанмен, тек туыскандық дәрежесін айқындау ғана емес, сонымен бірге 
шығармашылықтың  бұрынғы  және  қәзіргі  тәжірибелеріне  сайкес  ұлттың  тектік  арналардың  осы 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж. 
145 
энергетикалық  қуатқа  өмірлік  төзімділігін  де  айқындау  тілегі  пайда  болды.  Бұл  арада  суретші 
Б.Бәпішевтың  шығармашылығындағы  көшпенділердің  ата-баба  рухы  –аруақтарға  деген  түсінігін 
кескіндемелерінде  тірілту  арқылы  ерекше  көрінді.  Кескіндеменің  толықтай  мистикалық  белгілері 
ауаның  өзінің  де  алда  болатын  оқиғаларды  күтумен  шиеленісіп  тұрғандығын  көрсетеді,  бірақ 
түйіндеуге жақын қалады, алайда жанкүйерлерге оның кескіндемелері әлде қәуіптің тұнып тұрғанын 
сездіреді.  Мысалы:  К.Әжібековтың  шығармашылығындағы  өзіндік  фотореализм  басқаша  (өзге  де 
көптеген  кескіндемешілербірнеше  мәрте  қайталайды)  Мәтінде  ескі  суреттер,  өтіп  кеткен  дәуірдің 
айшықты бейнелері сол бір кезеңнің бір сәті болып қатып, камерада сақталып қалған фотоқұжаттары 
бар. А.Есдәулеттовтың шығармашылығында бұрынғы уақыттың өнер белгілері өте нәзік поэтикалық 
реңмен боялады және оның шығармашылығында әлдебір астарлы тәмсіл бар. Астарлы тәмсіл үлгісі 
М.Бекеевтің  кескіндемелерінде  әсіресе,  кейде  оның  өз  балалық  шағының  жарқын  әлеміне  үңілген 
кездерінде  қатысады.  С.Сымағұлов  өзінің  биіктігін  үшінші  мыңжылдықтың  ұшар  басына 
салатындықтан  онда  қазіргі  шиеленіспен  ешқандай  ортақтық  жоқ,  онда  тек  ғарыштық 
тыныштықжәне  тепе-теңдік  қана  бар.  Ал  Б.Тұрғынбаев  өзі  құрып  қалған  әлемнің  үйлесімді 
құрылымының  сиқырына,  дәрексіз-белгілік  кескіндемеге  және  шағын  суреттер  бейнелеу 
ұстанымдарына мүлдем беріліп кетеді. 
Қазақтың  әуендерін  сәндеу  мақсатына  пайдаланатын  суретшілердің  шығармалары  ертегілер 
әлемінен  тұрады,  олардың  кескіндемелері  –  бұлар  бояулы  жақсы  тұрғызылған,  өлі  тіршілік 
болғанмен  шеберлер  техникалық  үлкен  жұмыстармен  әртүрлі  қатпарлы  материалдар  түрі  бойынша 
өз-өзіне  екрекше  фактура  ойындарын  жасап  алады.  Осындай  алғаш  композициялардың  бірін 
А.Сыдыханов жасады, одан кейінгі осы дерексіз өнертақырыбын Ақанаевтардың отбасы өте белсенді 
түрде дамытты және тағы бір жарқын мысалы А.Назарқұловтың  шығармалары. Әлемдік рухты іздеу 
жұмыстары А.Бектасовтан бастау алды. 
Жоғарыда  аталған  шеберлер  кеңестік  білім  алғандар,  бірақ  оладың  шығармаларының  күндей 
көтерілуі сексенінші жылдардың соңына және тәуелсіздік алған жылдарға дәп келеді. 
Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  Қазақстанның  кескіндеме  өнері  тұтас  алып  қарағанда  ой-санадағы 
кезекті күрт өзгерістерді басынан кешірді. Кейбір кескіндемешілердің қай бірі посмодернизмге бола  
дәстүрлі, қыл қаламымен бояуларын лақтырып тастап М.Нарымбетов сияқты өзекті топқа ауысады. 
Керісінше  кейбіреулері  бәрі  өткінші  екенін  түсініп  өз  уақытындағы  К.Әжібеков  сияқты  өткеннің 
келбетіне  қуанышпен  үңіледі.  ХХ  ғасырдың  тоқсаныншы  жылдары  өкінішке  қарай  қазіргі  кезге 
айтарлықтай нұқсан келтірумен ерекшеленеді. Ең үлкен нұқсан білім беру саласына келіп тірелген. 
Өнерде  тарихи  жанр  біршама  қажеттілікке  ие  болды.  Бұл  Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  кейін 
егеменді  мемлекет  ретінде  өткен  өзінің  жасампаз  батырларының  бейнелерін  жаңғыртуға  мұқтаж 
болғандықтан  беріле  бастаған  кезекті  мемлекеттік  тапсырыстар  еді.  Тарихи  сюжеттерді  суретшілер 
тапсырыспен де орындады, өздерінің жан жүректерін еріктерімен де жазды. 
Тарихи  тақырыптарға  жазылған  композицияларда  жалпыға  тән  болған  үрдіс  -  соңғы  онжылда 
қазақтың  тарих  тақырыбында  құрылған  кескіндемелердің  барлығы  да  көлегейленіп  тұрған  пердені 
жарып өтетіндей бейнеленбейді, бірақ оны көрермендері анық байқап, сезіне алады, бұрынғы кеңес 
уақытына  тан  болған  тарихи  құжаттың  нақты  дәлдігі  жоқ,  сөйтсе  дағы  ХХ  ғасырдың  басы  мен 
тоқсаныншы  жылдардың  соңындағы  фотосуреттер  түрінде  берілген  деректерге  сүйенуге  болады. 
Сонымен  қатар  композицияларда  сәндік-безендірудің  асып  түскендігіне  дұрыс  түсінік 
берілмейтіндігі көрінеді. 
Уақыт  шындығына  жылтырақ  ақпараттың  әсері  болды,  мысалы  олар  А.Дүзелхановтың, 
Е.Жұмановтың  кескіндемелерінде  сезіледі.  Суретшілер  бұрынғы  көшпенділер  жұмағының  жаңа 
тыныш  өміріне  немесе  ата-бабалардың  өзіндік  қиялын  көрсетеді,  олардың  жанрына  қарамастан, 
шайқас, тұрмыстық, тарихи образдар (Ж.Қайрамбаев және басқалары). 
Осындай  композицияларда  көшпенділер  ортасының  қияли  оралымы  суреттеледі,  мысалы 
О.Жұбаниязовтың  кескіндемелеріндегі  арғымақтар  жортқан  дала  бейнеленген  композициялар 
сериясы  өте  нәзік  лиризмге  қанық  екендігі  байқалады.  Бұл  өзінің  мәдени  шартты  белгілерін  ойға 
тоқудың басқа бір жүйесі. Егер К.Баймолдиннің Дала арғымақтар суретінде дәлдік болған болса, ол 
оны бүгінде қазақ мәдениетіне деген ұғыммен бөлінбестей байланыстары, бірақ қиялға бөккен үлпек 
қабық басқа болмыста өмір сүретін бейнелерді жасайды. 
Тұтас алып қарағанда тарихи этникалық тақырыптардағы барлық жұмыстарда шапқындау сағым 
сипатында  академиялық  кілті  бейнелей  сезіледі.  Сондықтан  да  бәлки,  барлығы  да  уақыттың 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г. 
146 
қайырылмасқа кеткенін түсінеді, ал бізге осы бұлдыр сағымның тек сүйреткісі ғана қалғанын бәрі де 
түсуі мүмкін. Бірақ дәл бүгінгі кезде ХХ ғасырдың басындағы көшпенділердің мәдени есеңгіреуі өтіп 
барады және қиял кеңістігінде еріп кеткендігі көрінеді. 
Басқа бір үрдістердегі суретшілердің шығармашылығында, яғни өзекті тақырыптарды қаузайтын 
суретшілердің  шығармалары  да  М.Нарымбетов,  К.Базарғалиев  дәл  жоғарыдағы  аталғандай  сынға 
ілінеді  дәл  солай  сыналады.  Шығыс  пен  Батыс  тақырыбында  А.Осипов  ой  кешеді,  ал  өзінің 
этникалық  мәдениет  әлемі  жөнінде  Ш.  Оралов  ,  Х.  Құрбанов  әңгімелейді.  Өзіне  тән  сиқырлы 
жолбарыс іспетті қиялдарын А.Исажасауда, ал өмір өзені туралы афсанасын А.Зульфикаров айтуда. 
В.  Стерлиговтың  ізін  қуушылар  ақырында  кескіндеменнің  өз  ақыл  ойларына  сәйкес  жазу 
З.Түсіпованың шығармашылығында көрсетіледі. 
Осылайша,  қазақ  кескіндемесі    өзі  өмір  сүріп  келе  жатқан  кезеңде  де  дәуірінің  барлық  рәушін 
таңдап алғандықтан оларда суретші ой санасының трансформациялануы мен даму ырғағын біршама 
толықтай  бағамдау  болады.  Кеңес  уақытында  шығармашылықтағы  ұлттық  бояу  мен  рең,  Кеңес 
елдерінің  бірегей  кеңестігіне  қосылған  біртұтас  ұлттың  жетістіктерінің  белгісі  еді.  Енді  барлығын 
ұлттың жаһандық ауқымда орын алуы толғандырады. 
Отырықшылыққа  үйреніп,  ғылыми-техникалық  прогресс  негізінде  пайда  болған  жетістіктер 
күнделікті  үйреншікті  қалыпқа  енген  уақытта  көшпенділер  тудырған  байырғы  халықтық  дәстүрлі 
өнерге, соның ішінде қол өнеріне, сәулет, ою-өрнекке басқаша көзқараспен қараймыз. Ілкі дәстүрлі 
мәдениет  пен  қазіргі  кезең  арасындағы  әжептәуір  уақыт  аралығы,  әлеуметтік  дүниетанымдық 
көзқарастағы  өзгерістер,  әлемдік  ғылыми-мәдени  жетістіктер  жөніндегі  ақпараттық  хабарлар, 
адамдардың арасындағы қатынастың өзгеріп, әлеуметтік, мәдени өмірде жаңа құндылықтардың пайда 
болуы  өнерге  деген,  оның  күнделікті  өмірімізде  алатын  орнына  байланысты  біздің  бұрынғы 
қалыптасқан  ой-пікірімізді,  санамызды,  эмоциямызды,  іс-тәжірибемізді,  оған  деген  рухани-мәдени 
қатынасымызды  қатты  өзгертті.  Дүние  жүзінің  мәдени  әлемі  біздің  дәстүрлі  өнеріміздің  көркемдік 
принцыптік жүйесіне қызығушылық танытып, оны түсінуге, ұғуға және меңгеруге ұмтылған кезде біз 
оған  менсінбеушілік  танытқанымыздың  өзінде  -  бейнелеу  өнері  мен  халықтық  дәстүрлі  өнер  бір-
бірінің  қақтығысы  мен  өзара  ықпал-  әсерінің  негізінде  дамыды  деп  тұжырымдай  аламыз.  Олай 
дейтініміз бейнелеу өнерінде халықтық, ұлттық негіздер тақырып, сюжет, колорит, пластика, кеңістік 
және архитектоникалықшешім көріністерінде байқалып отырды. 
Қазақстан  Республикасы  егемен  ел  болып  әлеуметтік-  экономикалық  саясатын  жаңаша  жүргізіп 
жатқан  уақытта,  жаңаша  құрудың  алғашқы  кезеңдерінен  бастап-ақ  мәдени  салада  үлкен  өзгерістер 
байқалып, жаңа құндылықтар пайда болды. Тіпті бұрынғы мен өнердегі жаңа құбылыстарға өзіндік 
көзқарастар  қалыптаса  бастады.  Бұл  жағдайда  бәрі  біркелкі  болған  жоқ.  Бұрын  шығармашылығын 
реалистік  әдісте  ғана  дамытқан  суретшілер  абстракциялық  бағыттағы  ізденіс-тәжірибелер  жасауға 
мүмкіндік  алды.  Мұнда  соны  көркемдік  композициялар  пайда  болумен  бірге,  декоративті  тиімді 
әдемілікпен.ғана  шектелетін  жұмыстар  пайда  болды.  Әрине,  көптеген  суретшілер  мұндай  ізденіс-
тәжірбиелергедайын  емес  еді.  Дегенмен  социалистік  реализмнің  шырмауынан  шыға  алмай  жүрген 
суретшілер  үшін  бұл  іс-  тәжірибелер  көп  жағдайда  бой  салып,  жаңа  көркем  идеялық  форма 
ізденістеріне  ұмтылдырды.  Қазақстан  суретшілері  үшін  бәріне  ортақ  лабораториялық  ізденіс-
тәжірибелер 2- 3 жылда аяқталғандай болды. Енді адамды есінен тандырып жіберетіндей супер жаңа 
көркем  композициялар  жасау  мүмкін  еместігіне  көзі  жеткен  суретшілер  (себебі  бұл  уақыт  ішінде 
көрермен де көптеген мәдени жаңалықтардың куәсі болған еді) 1990 жылдардың басынан бастап әр 
суретші  өнердегі  өз  бағытын  анықтағандай  болды.  Себебі  суретшілер  өздерінің  көркем  іс-
тәжірибесіне,  машықтылығына,  біліміне,  дарындылығына,  рационалды  не  иррационалды  ойлау 
қабілетіне  орай,  яғни  өздерінің  табиғи  бейімділігіне  байланысты  реалистік  не  авангардистік 
шығармаларын  жаза  бастады.  Қалыптасқан  ой-сана  мықты  болатын.  Дегенмен  уақыт  көп  жағдайда 
бәрін орнына әкелді. 
  Қазақстан  бейнелеу  өнері  -  басқа  елдермен  салыстырғанда  жас  өнер.  Сондықтан  да  оның 
теориялық  және  практикалық  негіздерінде  игерілмеген  көптеген  тың  проблемалар  баршылық.  Осы 
жағдайда  көптеген  суретшілер  өздері  үшін  соны  тақырып,  колорит,  пластика,  қол  таңба  тапқандай 
болды. Көркемөнер мен мифологияға, фольклорға бай халқымыздың мәдени мұрасы, философиялық 
ой түйіндеулері, дүниетанымдық түсініктері суретшілер үшін әрі тың, әрі сарқылмас мол қазына еді.   
Қазақ  халқының  дәстүрлі  өнері  -  ғасырлар  бойы  сұрыпталып,  нақышталып,  тұрақты  белгілері 
қалыптасқан  өнер.  Біз  оның  дәстүрлі  мәдениетін  тұтас  қарастыра  отырып,  геобиологиялық, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж. 
147 
әлеуметтік  жағдайлардың,  діни-  мифологиялық  көзқарастың  оның  тарихи-табиғиқалыптасу-ында 
шешуші  роль  атқарғанын,  сөйтіп  оның  тұрақты  белгілері  осы  жағдайларға  байланысты 
қалыптасқандығын  айтуымыз  керек.  Мұнда  сәулет  және  қол  өнерінің  өзіндік  көркем  пішіні,  ою-
өрнектіңтүзілімі мен пластикасы, бояу түсіне деген қатынасы, ауыз әдебиетінің көркемдік ерекшелігі 
мен  ондағы  кеңістіктің  мифологиялық  тұжырым-дамасы  біртұтас  дүниетанымдық  түсінікке,  салт- 
жораға, философиялық категорияларға, тіршілік болмысына бағынған. Тіпті тұрмыста пайдаланатын 
заттардың көркем образдық шешімдері өзін қоршаған ортамен байланысты болды. Мұндай заттар әрі 
пайдалы, әрі көзге тартымды, әрі айналасындағы заттармен үйлесімді болды. 
Мысалы,  бау-басқұр,  алаша,  текемет  киіз’үйдің  ішінде  ғана  өз  үйлесімін  тауып,  жарасымды 
көрінеді.  Халық  шеберлерінің  қолынан  шыққан  осындай  бұйымдарды  қабырғалары  тегіс,  әктелген 
немесе сырланған төртбұрышты музей ғимараттарына ілген кездежалбырап- салбырап оныңұсқыны 
кетеді. Табиғи ортасынан ажыраған мұндай дүние өзінің алғашқы мағынасынан айрылып, жат ортаны 
өгейсініп,  эмоционалды-мазмұндық  қасиетін  жояды.  Тіпті  оның  қолайлы  көрінуіне  жағдай 
жасағанның  өзінде  де,  ол  төртбұрышты  ғимарат  ішінде  декоративті  сәнді  әшекей  ретінде  ғана 
көрінеді.  Біртұтас  мәдени  кеңістікке  бағынышты  дәстүрлі  өнер  шығармаларының  өзіндік  көркем 
келбеті осы тұтастылықтарға байланысты айқындалады. 
Сол  секілді көшпелі  мәдениет  тудырған  музыканың  киіз    үйдің ішінде  орындалуы  да,  естілуі  де 
ерекше.  “Домбыра  киіз  үй  үшін  жаралған.  Киіз  үйдің  ішінде  домбыра  үні  жақсы  шығады,  ойнап 
отырғаның  да,  ойнамай  отырғаның  да  -  бәрі  естіледі,  саусағыңның  арасындағы  сусылға  дейін 
естіледі” [2].Немесе киіз үй ішін ол құпия сырға толтырады: “Бақсылардың (шамандардың) қобызға 
жармасып  жүргені  тіптен  бекер  емес  -  олар  қобыздың  құпия  сырын  білген.  Қобыздың  ішінде, 
арқалық тұсына, олар айна орнатқан, ал басына бір уыс үкі тағып, әсемдеген. қараңғы киіз үй ішінде 
айна  ошақтағы  отпен  шағылысып,  қызғылт  алау  шашыратады,  қобыз  өзінің  ежелгі  ызылдай 
күңіренген күйінтөгеді, бақсы басын кекжите қақшитып, мойнындағы қызыл жіп іспетті күре тамыры 
білеулене:  “Нақ!  Нақ!”  деп  зікір  сала,  ащы  айқайға  басады,  сонда  әлгі  айқайдан  үкі  қауырсынына 
дейін үлпілдей, дірілдеп, қоса бебеулегендей болады” [2]. 
Осы келтірілген мысалдар мен жасалған тұжырымдардан біртұтас мәдени кеңістікке бағынышты 
дәстүрлі өнер шығармаларының өзіндік көркем келбетін байқаймыз. 
 
Сонымен,  қазақ  көркем  мәдениетіндегі  өнердің  түрлерін  жеке-жеке  қарастырмай,  оған  тигізген 
дүниетанымдық түсініктің бір тұтастылығын құрайтын категориялардың әсерін ескергеніміз жөн. Ал, 
осы категориялардың өзі рухани бастаулардың негізін құрайды. 
Бейнелеу  өнерінің  өзіндік  келбетін  қалыптастыруға  себепші  болған  осы  рухани  бастаулардың 
сипаттық  ерекшеліктерін  анықтайтын  эмоционалды-мазмұндық  мәннің  бейнелеуші  және 
айқындаушы  құрал-тәсілдерін,  оның  әлеуметтік  алғышарттарда  алатын  орнын  да  қарастырғанымыз 
жөн. 
 
1.
 
Қамақ  Ә.,  Қалдыбаева  Г.  Бейнелеу  өнерін  оқыту  әдістемесі  (Дәрістер,  зертханалық 
сабақтар, бақылау материалдары). Оқу құралы. Алматы 2014, «Орхон» Баспа үйі. 24 бет. 
2.
 
Брусиловский Е. Дүйім дүлдүлдер //Жалын.- 1994, №12.-Б.119-189: №3-4 Б.149-223. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет