Абай атындағы ҚазҰпу-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47)


Воспитательные возможности и сущность национального художественного искусство



Pdf көрінісі
бет21/26
Дата03.03.2017
өлшемі3,24 Mb.
#6675
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Воспитательные возможности и сущность национального художественного искусство 
В данной статье авторы  старались глубоко проанализировать и разносторонне раскрыть учебно-
воспитательные возможности национального искусства. Авторы подробно и глубоко рассматривали 
значение  и  важность    национального  художественного  искусство,  определяют  его  место  в 
национальном  воспитании  и  его  духовно-культурную  ценность,  а  также  авторы  проанализировали 
исторического  становление  и  пути  формирование  национального  художественного  искусство,  его 
исторические и природные особенности, его сущности и роли в национальном воспитании будущего 
поколения.        Всем  известно,  что  именно  разносторонний  образцовый,  благовоспитанный, 
образованный, нравственный и впитавший в себе человек может дать в будущем все самое хорошее 
будущему поколению, и  может высоко подняться к самому прекрасному и светлому в мире культуры 
и  искусства.  Само  искусство  творит  чудеса  в  обыденном  мире  во  всех  отношениях,  культура  и 
искусство  формирует  национальное  сознание  и    развивает  мировоззренческие  взгляды,  а  также 
формирует  творческое  мышление,  художественный  вкус,  восприятие  и  взгляд    у  будущего 
поколение.  Поэтому  самое  важном  является  в  этом  направлении  целенаправленно  вырастить  и 
прививать молодёжи все самое прекрасное в мире искусства и культуры.  В этой связи актуальность 
темы, которую мы выбрали, ныне не заставляет прийти ко всем сомнениям. 
Ключевые слова: народное искусство, художественное искусство, воспитание, народ, традиция,  
нация,  культура,  эстетика,  этнопедагогика,  символ,  мировоззрение,  изобразительное  искусство, 
прикладное искусство, философия 
 
Summary 
Bakaiev Renat Nazarbekovna - Senior Lecturer, Department of methodology and theory of fine and 
decorative arts, the Institute of Arts, culture and sports Kaznpu by Abay, Almaty 
 
Dilmahanbetov Ermek Ķyrgizbaevič-senior lecturer, PhD, head of the Department of physical culture 
and sports "Kazakh. Al-Farabi Ave., Almaty 
Educational opportunities and the essence of national art 
In  this  article  the  authors  tried  to  analyze  deeply  and  comprehensively  reveal  the  educational 
opportunities of national art. The authors detail and deeply considered the value and importance of national 
fine arts, define its place in the national education and its spiritual and cultural value, as well as the authors 
analyzed the historical formation and ways of forming national fine arts, its historical and natural features, its 
essence and role in national upbringing of future generations.    Everyone knows that it is a versatile model, a 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г. 
136 
genteel, educated, moral and absorbed a man can give, in future, all the best for the future generation, and 
can climb high to the very beautiful and light in the world of art and culture. Art itself performs miracles in 
our everyday world in all respects, culture and art forms the national consciousness and develop ideological 
views, as well as emerging markets. 
Keywords: folk art, art, education, people, tradition, nation, culture, aesthetics, ethno pedagogy, character, 
Outlook, Visual Arts, applied arts, philosophy 
 
 
ӘОЖ 373.1.02 
 
ҚАЗАҚТЫҢ ОРКЕСТРЛІК ӨНЕРІ 
 
Мәлімбай Самат Түгелбайұлы – Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт 
институтының «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының 
аға оқытушысы 
 
Бұл  мақалада  автор  қазақ  халқының  ұлттық  аспаптар  оркестрінің  орындаушылық  ерекшілектерін,  рухани-
мәдени құндылықтары мен ұлттық тәрбиедегі өзіндік орнын атап көрсетіп, тағылымдық маңызын, мағынасын  
қарастыруда.  Аталған  тақырыптың  өзектілігі  бүгінгі  күнгі    білім  беру  саласындағы  халық  музыкасының, 
оркестрлік  музыка  өнерінің    классикалық  үлгілері  мысалында  өскелең  ұрпақтың  кәсіптік  шеберліктерін, 
рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу жөнінде  маңызды мақсаты деп білеміз. 
Кілт сөздері: қазақ халқының дәстүрлі өнері, қазақ  ұлттық  музыкалық аспаптары, қазақ ұлттық аспаптар 
оркестрі,  қазақтың  саз  аспаптары,  үрлемелі  аспаптар  тобы,  шертпелі-ішекті  аспаптар  тобы,  ұрмалы  аспаптар 
тобы, ыспалы-ішекті аспаптар тобы, аспапта орындаушылық өнері, қазақтың оркестрлік музыкасы.  
 
Қазақ халқы, еуразианың ұлы даласында бірнеше мың жылдар бойы көшпелі өмірді бастан кешіп, 
төлтума мәдениет қалыптастырған және жалпыадамзаттық өркениетте алар өзіндік орны бар халық. 
Халқымыздың  ең алдымен  сөз  өнері,  музыка  өнері және  қол  өнері  мәдени-рухани  құбылыс  ретінде 
назар  аудартады.  Қазақ  даласында  сонау  VIII  ғасырдың  өзінде-ақ  музыкалық  мәдениет  ән  түрінде 
(вокалды музыка) және күй түрінде (аспаптық музыка) көрініс тауып, музыкалық жанрлар сараланып 
үлгерді.  Тал  бесіктен  жер  бесікке  түскенге  дейінгі  дала  жұртшылығының  жан  серігі  болған  ән 
өнерінің  қоғамдық-әлеуметтік  сипаты,  тәрбиелік  мәні  халқымыздың  санасынан  бір  сәт  тысқары 
қалған емес. Өйткені, ән қанатында халық ойының тереңдігі, шексіз қиялы, кестелі, орамды шешен 
тілі берік сақталып, заманның алдын орап, кейінгіге тарап отырды. Ұрпақ тәрбиесіне айырықша мән 
берген  ата-бабамыз  сұлу  ән,  асыл  сөздің  кестесімен  сәби  жүрегін  тербеп,  ой-санасын  игі 
адамгершілікке жетеледі. Қазақ күйлерінің тарихи пайда болу, даму жолдары, күйдің өмір шындығын 
бейнелеудегі  өзіндік  ерекшеліктері,  қазақ  күйлерінің  сөз  өнерімен  шендесіп  жататын  синкретті 
сипаты.  «Музыканың  тілі  ортақ,  музыка  –  интернационалдық өнер, жақсы  музыка  кез-келген  ұлтқа 
түсінікті»  деп  келетін  пікір  ұшқарылау  айтылған.  Нағыз  төлтума  музыканың  тілі  сөйлеу  тіліне 
қарағанда ұлттың болмысына көп жақын. Тарих зобалаңына тап болып, сырт күштің экспансиясына 
ұшыраған  ұлттың  ең  алдымен  өмір  салты  ассимиляцияға  ұшырайды.  Сонан-соң  тұрмыс-тіршілігі, 
киген  киімі,  моральдық-этикалық  нормалары  сырттан  ықпал  еткен  өктем  күшке  мойын  ұсынып 
еліктейді.  Ұлттық  қасиеттен  ең  соңғы  ассимиляцияға  түсетін  –  музыка.  Бұл  –  этностар  тарихында 
мың сан рет дәлелденген ақиқат. Демек, ұлттық қасиет пен ұлттық тілді бойына мол сіңірген рухани 
құбылыс  деп  музыканы  айтуға  негіз  мол.  Егер,  классикалық  ұлттық  музыкамыздың  әлі  күнге  үні 
өшпесе, оның ең басты себебі халықтың алыстан бастау алған рухани екпінінің басылмауынан [1].  
Бұрынғы  өткен  бабаларымыздан  бізге  жеткен  киелі,  асыл  өнерімізді  үкілеп  бояуын  бұзбай 
келешек  ұрпаққа  жеткізіу,  бүгінгі  ұрпақтың  киелі  міндеті.  Өйткені    бізге  дейінгі    аға  ұрпақ  сол 
қасиетті, киелі өнерді болашаққа жеткізуді бізге аманат етіп қалдырған.   
Қазіргі кезде республикамыздың барлық өңірлеріндегі музыка ұжымдарының қолданыста жүрген 
саз аспаптары 1980 жылы ашылған Ықылас Дүкенұлы атындағы саз аспаптары мұражайында тұрған 
аспаптардың  негізінде  жасалған.  Мұражайды  ашуға  қажетті  материалдар  бірнеше  бағытта  жүзеге 
асырылған: 
1
 
Әбу  Насыр  Мұхаммед  Әл-Фарабидің,  Шоқан  Уәлихановтың,  А.Затаевичтің,  этнограф-ғалым 
Тиховтың, Болотовтың және т.б. еңбектері  пайдаланылған; 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж. 
137 
2
 
саз  аспаптарының  көнеден  келе  жатқандығын  айғақтайтын  археологиялық  қазба 
жұмыстарының нәтижелері; 
3
 
республика  бойынша  экспедициялық  іссапарлар  нәтижесінде  жинақталған  материалдар 
негізінде; 
4
 
көнекөздердің әңгімелері, эпостық жырларда кездесетін атаулар  
негізінде [2].  
Өзіндік ерекшеліктеріне байланысты саз аспаптары бірнеше топқа бөлінеді: 
- Қазақтың саз аспаптары: 
1. Сыбызғылар; шыңырау, ысқырық, сыбызғы, қурай. 
2. Уілдектер; үскірік, тастауық, уілдек. 
3. Сарнамалылар; сырнай, ауыз-сырнай, қамыс-сырнай, қауырсын-сырнай,  
керней, бұғышақ, мес-сырнай немесе желбуаз. 
- Шертпелі-ішекті аспаптар тобы: 
1. Домбыра-прима, шіңкілдек 
 
 
 
2. Шертер   
 
 
 
 
 
 
3.  Домбыралар;  қуыс  мойын  домбыра,  тұмар  домбыра,  үш  ішекті  домбыра,  іші  ішекті  домбыра, 
қос саз домбыра, кең шанақты домбыра. 
4. Көп ішектілер; жетіген, адырна 
- Ұрмалы аспаптар тобы: 
1. Дауылпаз, дабыл, даңғыра, кепшік, шыңдауыл, дудыға, дүңкілдек, тоқылдақ, шартылдақ. 
2.  Сылдырмақтылар;  асатаяқ,  салпыншақты,  күлдіреуікті,  шығыршықты,  қоңыраулы  немесе 
жыланбас. 
3. Шыңылды аспаптар; шың, тай-тұяқ, қой-тұяқ, сиыр көз. 
4. Тілшікті – шаң-қауыз. 
- Ыспалы-ішекті аспаптар тобы : 
1. Дара ішекті қобыз 
2. Жез-қобыз 
3. Сым ішекті қобыз 
4. Сазген. 
5. 4-ішекті бозаншы   
6. Еегек   
7. Қыл- қобыз 
8. Нар- қобыз 
Жоғарыда  көрсетілген  мұражайда  тұрған  62  түрлі  аспаптың  республикамыздың  барлық 
оркестрлері  мен  ансамбльдері  жиырма  шақтысын  ғана  қолданады.  Себебі  ол  аспаптардың  басым 
көпшілігі әлі жете зерттелмеген және оркестрлер пайдаланатын қалыпқа келтіріліп, жетілдірілмеген. 
Мысалы,  керней,  бұғышақ,  мес-сырнай  аспаптарын  елімізде  жасайтын  шеберлер  жоқ.  Себебі  ол 
аспаптардың  жасалу  технологиясын  тіпті  дыбысын  шығару  тәсілдерін  білмейді.  Сондықтан  ол 
аспаптарды шет елдерден алдыруға мәжбүрміз. Ал егек, сазген, бозаншы аспаптарын зерттеген адам 
жоқ. Адырна аспабы әлі де шегіне жеткізілмеген. Өйткені аспапты қолдану кезінде кемшін тұстары 
байқалып жатады.  
Қазақ  жерінің  ұланбайтақ  көлеміне  қарай  әрбір  аймақтың  өзіне  тән  табиғи  дүниетанымына 
байланысты күйшілік,  әншілік ерекшеліктері де  бар.  Бұл ерекшеліктерді  біз  күйшілік және әншілік 
мектептер деп атаймыз. Халқымыздың дәстүрлі талғам-танымы бойынша жалпы музыкалық мұрамыз 
төл сипаты бар бес мектепті құрайды. Бірінші, Қазақстанның оңтүстік және Жетісу өңірін қамтитын 
күйшілік және әншілік мектеп. Екінші,  Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән Арқаның 
күйшілік және әншілік мектебі. Үшінші, Қазақстанның батыс өңірін қамтитын күйшілік және әншілік 
мектеп.  Төртінші,    Сыр  бойының  күйшілік  және  әншілік  мектебі.  Бесінші,    Қазақстанның  шығыс 
өңірін, Баян-өлгий мен Шығыс Түркістанды қамтитын күйшілік және әншілік мектеп. 
Бүгінгі  күні  Құдайға  шүкір,  ата-бабаларымыздан  қалған  төл  музыкалық  мұраларымыз  сақталып 
келеді.  Барлық  өңірлерде  музыкалық  білім  беру  ордалары  жеткіншек  ұрпақты  ұлттық  музыкаға 
тәрбиелеп жатыр. Консерватория, музыка және өнер академиялары, басқа да жоғары білім орындары 
жоғары  білім  беріп  жатыр.  Дей  тұрғанымен  осы  аталған  білім  ордаларында  орындаушылыққа 
баулуда дәстүрлі орындаушылықтан гөрі академизм басымырақ деп айтуға толық негіз бар. Өйткені 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г. 
138 
жоғары  білім  алып  шыққан  түлектердің  аспапта  орындаушылығынан  табиғи  орындаушылықты 
байқау  қиын.  Олардың  аспапта  ойнауында  академизм  басымырақ.  Бұл  тұжырымды  көзім  көрген, 
дыбысын тыңдаған аға буын өкілдерінің орындаушылығымен салыстырып айтып отырмын. Мысалға, 
домбырашы-күйшілер  –  Әбікен  Хасенов,  Мағауия  Хамзин,  ұстазым  –  Нұрғиса  Тілендиев. 
Қобызшылар – Дәулет Мықтыбаев, Жапбас Қаламбаев, Сматай Үмбетбаев. Республикамызда барлық 
білім беру ордаларында музыкаға баулу нота жазбасы арқылы жүргізіледі. Күйді нота арқылы үйрену 
музыканттың сезімін тежеп, дыбысқа емес нота жазуына кіріптар етеді, шығармашылық еркіндіктен 
айырады.  Нәтижесінде  күйдің  өзі  дәстүрлі  еркіндігінен  көз  жазып,  қасаң  ырғаққа  бағынып,  тыныс-
демі  тарылғандай  халге  түседі.  Өйткені  қазіргі  кезде  пайдаланып  жүрген  нота  жазбасы  күйлерді 
нотаға  түсіру  барысында,  өзінің  дәрменсіздігін  байқатады.  Күйлерді  нотаға  түсірген  кезде  күйдің 
әдемі  иірімдері,  музыкаға  еуропалық  үлгіде  тәрбиеленген  адамның  құлағына  жағымсыз  (фальш) 
болып естілетін бір перненің ішіндегі бірнеше ширек тонды, адамның алпыс екі тамырын иетін әсем 
дыбыстар, әдемі қағыстар нотаның сыртында қалып қояды. Әрине нота жазуының пайдасын, ноталық 
сауаттың  қажеттілігін  біз  әсте  жоққа  шығара  алмаймыз.  Әсіресе  күйді  оркестрге  түсіріп  тартуда 
нотасыз  шабыт  биігіне  көтерілудің  қиын  екені  рас.  Білім  ошақтары  жеткіншектерді  тәрбиелеуде 
өзінің  негізгі  міндетін  белгілі  бір  бағдарлама  шеңберінде  атқарып  шығатыны  анық.  Жоғары  білім 
алып шыққан жастар бүкіл ғұмырында өзінің кәсіби  шеберлігін сахна төрінде шыңдайды. Ал оқуын 
жаңа  бітірген  жас  түлекті  еш  дайындықсыз  үлкен  сахнаға  шығара  салуға  болмайды.  Бұл  аксиома. 
Жастардың кәсіби шеберлігін жүйелі түрде шыңдауға, дәстүрлі орындаушылыққа бағыт-бағдар беріп 
тәрбиелеп  отыру  –  барлық  оқу  орындарының    міндеті.  Халқымыздың  дәстүрлі  музыкасы  көптеген 
ғасырлар  қойнауынан  дамып,  кемелденіп  бүгінгі  күнге  жеткен.  Біздің  мақсатымыз  халқымыздың 
болмысын, бет-пердесін басқа ұлттар мен ұлыстардан айшықтайтын сол дәстүрлі музыканы, мәйегін 
бұзбастан  бүгінгі  күннің  талап-талғамына  бейімдеп  көрерменнің  назарына  жеткізу.  Ол  қалай  іске 
асырылмақ?  
Қазақ  жеріне оркестр ұғымы 20-шы ғасырдың бас кезінде келген. Мақсат, сол кезгі саяси ұғым  
бойынша,  қазақтың  музыка  мәдениетін  еуропа  мәдениетінің  деңгейіне  жеткізу  болды.  Ең  алғашқы 
оркестрді  1934  жылы  академик  А.Қ.Жұбанов  ұйымдастырды.  Оркестрді  ұйымдастыруда  негізге 
симфониялық  және  орыстың  В.Андреев  атындағы  халық  аспаптар  оркестрінің  үлісі  алынды. 
Нәтижесінде,  домбыра  және  қобыз  аспаптарының  жетілдірілген  топтары  дүниеге  келді,  домбыра 
аспабы  пернелерін  көбейту  арқылы  жетілдірілді.  Ол  аспаптар;  Домбыра-прима,  домбыра-альт, 
домбыра-тенор,  домбыра-бас,  домбыра-контрабас.  Прима-қобыз,  альт-қобыз,  бас-қобыз,  қобыз-
контрабас. (Бас-қобыз бен қобыз-контрабас – виолончель мен контрабас апаптары). Сөйтіп қазақтың 
музыка мәдениетінде жаңа оркестрлік музыка дәуірі басталды. Осы құбылыстан қазақ музыкасының 
ұтқаны  мен  ұтылғаны  қаншалық?  Осы  арада  –  дәстүрлі  музыка  мен  оркестрлік  музыка  турасында 
музыка  мамандарының  арасында  жүрген  қарама-қайшы  пікірлерге  назар  аударсақ.  Ол  пікірлер 
«оркестрлік  музыка  дәстүрлі  музыканы  бұзады,  яғни  дәстүрлік  сипатынан  ажыратады»  –  деген 
көзқарас.  
Бұл  сұраққа  жауапты  еуропа  музыкасы  тарихынан  қарастырайық.  Өйткені  алғашқы  оркестр  сол 
жерде пайда болған. 17 ғасырда немістің ұлы композиторы И.С.Бах сол кездерде қолданыста жүрген 
клавесин,  клавикорд,  вирджинал  аспаптарын  жетілдіріп  аспаптық  музыканың  шегіне  жеткізді.  Ол 
аспаптардың құлақ бұрауын әр дыбысты теңдей жарты тонға бөлу арқылы, шығарма орындаушылық 
мүмкіндігін  арттырды.  Бахтың  заманында  аталған  аспаптардың  құлақ  бұраулары  –  табиғи  минорға 
және  табиғи  мажорға  негізделетін.  Нәтижесінде  ол  аспаптарда  белгілі  бір  дыбыс  биіктігіндегі 
(тональность)  шығармаларды  ғана  орындауға  болатын.  Ал  альтерациялық  белгілері  көбірек 
кездесетін  шығармаларды  ол  аспаптарда  орындау  мүмкін  болмайтын.  Сөйтіп  И.С.Бах  күрделі 
полифониялық музыканы шегіне жеткізіп бүкіл еуропаның музыкалық мәдениетінде үлкен төңкеріс 
жасады. 
А.Қ.Жұбанов қазақ жерінде жаңа музыкалық мәдениет қалыптастырды. Одан қазақ музыкасының 
ұтқаны  ұшан  теңіз.  Оркестрлік  музыка  негізінде  көптеген  қазақ  композиторлары  дүниеге  келді. 
А.Жұбанов,  М.Төлебаев,  Н.Тілендиев,  К.Күмісбеков,  М.Қойшыбаев,  Т.Базарбаев,  Е.Рахмадиев, 
Б.Жұманиязов, М.Маңғытаев т.с.с. Ал домбыраның пернесінің көбейгенінен  аспапқа зиян келді ме? 
Ешқандай  зиян  келген  жоқ.  Көне  домбырада  тоғыз  перне  болған.  Оның  пайдасы  интонациялық 
тұрғыдан  қарағанда,  ширек  тонды  дыбыстарды  шығаруға  ыңғайлы  болатын.  Мысалы,  Н.Тілендиев, 
М.Хамзин  ширек  тонды  дыбыстарды  19  пернелі  домбыраның  пернесінен  ақ  шығаратын.  Құлақ 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж. 
139 
бұрауы  өзгерген  жоқ.  Домбырада  көнеден  келе  жатқан  5  бұрау  белгілі.  Олар  –  тел  бұрау  (прима), 
шалыс  бұрау(секунда),  қалыс  бұрау  (терция),  оң  бұрау  (кварта),  теріс  бұрау  (квинта).  Осы 
бұраулардың оркестрде қолданыстағысы – оң бұрау, теріс бұрау [3]. 
«Оркестрлік  музыка  дәстүрлі  музыканы  бұзады,  яғни  дәстүрлік  сипатынан  ажыратады»  –  деген 
көзқарастағы  азаматтар  өздерінің  шәкірттерін  дәстүрлі  мектептер  аясында  тәрбиелесе,  кім  олардың 
қолдарын  қақты?  Қазақтың  аспаптық  музыкасы  ғасырлар  қойнауынан  жеке  орындаушылыққа 
негізделген.  Дәстүрлі  орындаушылықпен  шұғылданушыларға  ешкім  кедергі  жасаған  емес, 
жасамайды  да.  Ондай  орындаушылар  елімізде  баршылық.    Ал  күйлерді  оркестр  орындағанда 
дәстүрдің  сақталуы  турасында  сөз  етсек,  мәселе  сол  күйлерді  оркестрге  түсіргенде  күйдің  табиғи 
болмысының сақталуында. Ол үшін оркестр дирижерінің, аранжировкалаушының кәсіби біліктілігі, 
ұлттық  музыка  аясында  тәрбиеленгендігі,  ұлттық  болмысы  үлкен  роль  атқарады.  Оның  үстіне 
күйшілік дәстүрді, күй тарту дәстүрін дамытуда халықтың ғасырлар сынынан өткен өнегесі әрқашан 
алға қойылуы керек. Сондықтан оркестрлік музыканың дәстүрлі музыкаға зияны турасында сөз ету 
бекершілік.  Өйткені  ондай  проблема  жоқ.  Есесіне  қазақтың  музыка  мәдениеті  тағы  бір  керемет 
дәстүрмен – оркестрлік музыка дәстүрімен байыды. Қазір қазақ жерінде күйшілік дәстүр (аспаптық 
музыка), әншілік дәстүр (вокалды музыка) және оркестрлік музыка дәстүрі қатар ғұмыр кешіп келеді. 
Бұл дәстүрлер сахна төрінде біртұтас организм ретінде гүл жайнап көрініс табады [4].  
Ал  оркестрлік  музыка  өнерінің  музыка  маманының,  жеке  асапата  орындаушылардың  музыкант 
ретінде қалыптасуына тигізер пайдасы ұшан теңіз. Әлемдегі менмін деген ең мықты музыканттардың 
барлығы дерлік оркестр құрамынан шыққан. Барлық музыка мектептерінің, саз колледждерінің білім 
беру  үрдісінде  шәкірттері  міндетті  түрде  оркестр  қүрамында  тәрбиеленеді.  Оркестр  құрамында 
отырған  шәкірт  ең  алдымен  көптеген  аспаптардың  дауыс  үндестігін,  әр  аспаптың  өзіне  тән 
партияларын,  өзі  ойнап  отырған  аспабының  партиясының  олармен  үндесуін,  көпдыбысты  музыка 
үндестігін естіп үйренеді. Яғни оның музыкалық қабілеті, ырғақтық сезімі қалыптасады. Екіншіден, 
нота жазбасын жүрдек оқуды меңгереді, үшіншіден аспапта орындаушылық шеберлігі шыңдалады.  
Біздің  «музыкалық  білім  және  хореография»  кафедрасындағы  білім  алып  жатқан  шәкірттер  де 
оркестр  құрамында  тәрбиеленеді.  Оларға    қосымша  аспап,  оркестрлік  аспап,  фольклорлық  аспап 
пәндерінде  оркестр  құрамындағы  түрлі  аспаптардан  дәріс  беріледі.  Оларға  жеке  сабақтағы  білімін 
оркестр  құрамында  шыңдау  әлдеқайда  көбірек  жақсы  нәтижеге  жеткізеді.  Өйткені  олар  жеке 
дайындалғаннан  гөрі оркестр құрамында белгілі бір аспапты жақсы меңгеріп кетуге мол мүмкіндік 
алады.  Оның  үстіне  оркестр  репертуары  халық  күйлерінен,  халық  күйшілерінің,  қазақстан 
композиторларының  шығармаларынан,  әншілерді,  жеке  аспапшыларды  оркестрмен  сүйемелдеуден  
түзіледі.  Қажет  жағдайда  бағдарламаға  қазақтың  кәсіби  классикалық  музыкасынан,  шет  ел 
композиторларының,  әлем  халықтарының  және  әлемдік  классика  музыкаларынан  енгізіледі. 
Сондықтан  оркестрлік  музыка  өнері  музыка  маманының  кәсіби  шеберлігін  шыңдауда  өте  маңызды 
роль  атқарады.  Өкінішке,  оркестр  пәніне  кафедра  аптасына  50  минут  қана  бөлінген.  Оның  үстіне 
оркестр  пәні  3-жылдық  курстарға  2-ші  курстан  бастап,  4-жылдық  курстарға  2-ші  кустың  2-ші 
семестрінен бастап қана жүргізіледі. Бұл бөлінген сағаттар өте аз деп есептеймін. Өйткені музыкалық 
дайындықсыз  келген  студенттер  50  минут  ішінде  сабақтың  тақырыбын  да  түсініп  үлгермейді,  ал 
музыкалық колледж бітіріп келген студенттер нотаның мәтінімен танысып үлгермейді. Нетижесінде 
оркестр пәнінен білімдері нашар болады. Ондай нәтиже басқа да пәндерді игеруге өзінің жағымсыз 
әсерін  тигізеді.  Сондықтан  оркестр  пәні  кафедра  студенттеріне  оқу  жылының  яғни,  1-ші  курстың 
алғаш күнінен бастап әр курсқа аптасына 50 минуттен 2 күн және қосымша жалпы оркестр ретінде 
аптасына 2 сағат жүргізілуі қажет. Сонда ғана белгілі бір жақсы нәтижелерге жетуге болады. Оның 
үстіне оркестрдің жетістіктері жалпы университеттің де иммиджіне жақсы әсерін тигізеді. 
 
1.
 
Сейдімбек А. «Күй шежіре» 
2.
 
Сарыбаев Б. «Қазақтың музыкалық аспаптары» - А.,1981. 
3.
 
Ақатаев С.  «Фольклолық аспаптардың жасалуы» - А., 1995. 
4.
 
Қоңыратбай Т.Ә. «Қазақ халқының музыкалық мәдениеті мен фольклоры»-  А., 2004. 
 
 
 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г. 
140 
Резюме 
КАЗАХСКОЕ ОРКЕСТРОВОЕ ИСКУССТВО 
Малимбай Самат Тугелбаевич – старший преподаватель кафедры Музыкального образования и 
хореографии Института искусств, культуры и спорта КазНПУ имени Абая 
В  данной  статье  автор  определяя  роль  духовно-культурных  ценностей  и  национального 
воспитания,  расскрывает исполнительские особенности оркетстра казахских народных инструментов 
и  в  целом  оркестровой  музыки.  Рассматриваемая тема  –  воспитание  духовно-нравственных  качеств 
подрастающего  поколения  на  сегодняшний  день  на  примере    классических  образцов  национальной 
музыки в области образования  считается актуальным. 
Ключевые  слова:  казахское  традиционное  народное  искусство,  казахские  национальные 
музыкальные  инстурменты,  казахский  национальный  инструментальный  оркестр,  казахские 
музыкальные  инструменты,  группа  духовых  инструментов,  группа  смычково-струмнных 
инструментов,  группа  ударных  инструментов,  группа  струнных  инстурментов,  инструментальное 
исполнительское искусство, казахская оркестровая музыка.  
 
Summary 
KAZAKH ORCHESTRAL ART 
Malimbaj Samat Tugelbaevič-senior lecturer, Department of music and Dance Institute of the arts, 
culture and sports Kaznpu by Abay 
In  this  article  the  author  defines  the  role  of  the  spiritual  and  cultural  values  and  national  education, 
discloses performing features of the Kazakh national instrument orchestra. Considered topic  - education of 
the  younger  generation  of spiritual  and  moral  qualities  today  as  an  example  of  classic  samples  of  national 
music education is considered to be relevant. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет