Абай атындағы ҚазҰпу-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж



Pdf көрінісі
бет6/27
Дата03.03.2017
өлшемі4,9 Mb.
#7058
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

 
Түйін 
Педагог-музыканттың шығармашылық дамуын IT-технология құралдары арқылы модельдеу 
Бекмұхамедов Б.М. – педагогика ғылымдарының докторы, ПБХҒА (МАНПО) мүше-корреспонденті, РЖА (РАЕ) 
мүше-корреспонденті, Ғылым мен білім беру салаларына еңбегі сіңген қайраткер, 
Нұрахметов С. – Абай атындағы ҚазҰПУ студенті 
Мақала  болашақ  музыка  оқутышының  шығармашылық  дамуын  инновациялық,  ішінара,  компьютерлік 
технологиялар  арқылы  модельдеу  мүмкіндіктерін  қарастырып  отыр.  Педагогикалық  жоғары  оқу  орындары 
студенттерінің орындаушылық, әдістемелік, теориялық және зерттеу жұмыстарында компьютерлік оқыту әдістерін 
модельдеуге аса мән беріліп отыр.  
Кілт  сөздер:  модельдеу,  шығармашылық  даму,  музыка  оқытушысы,  кәсіби  дайындық,  инновациялар, 
компьютеризация 
 
Summary 
IT modeling of the creative development of the music teacher 
B.Bekmukhamedov – PhD in Pedagogy, Correspondent Member to ITTAS (МАНПО), Correspondent Member to RANH 
(РАЕ), Honored Scientist and Educationalist, 
Nurakhmetov S. – student Kazakh National Pedagogical University named after Abai 
Article reveals prospects of modeling creative evolution of the future music teacher via innovative, particularly, computer-
aided technologies (IT). Computer-aided teaching methods to use in performance, methodic, theoretic and research activities 
of the students of pedagogical institutions are highly important.  
Key words: modeling, creative development, music teacher, professional training, innovations, computerization 
 
ӘОЖ
 
373.1.02  
 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ТАРИХЫН 
ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 
 
Р.С. Бакаиев – Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Өнер, мәдениет және спорт институтының «Бейнелеу өнері 
және сәндік қолөнер әдістемесі мен теориясы» кафедрасының аға оқытушысы, 
Е.Қ. Дилмаханбетов – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының 
меңгерушісі, э.ғ.к., аға оқытушы 
 
Бұл  мақалада  авторлар  қазақ  халқының  дәстүрлі  өнерінің  өзіндік  қалыптасу  жолын,  тарихи  және  табиғи 
ерекшеліктерін, рухани-мәдени  құндылықтары мен ұлттық тәрбиедегі өзіндік орнын анықтап,  халықтық  тағылым-
дық мән-маңызын, болмысы мен мағынасын қарастырады. Жалпы адамды әдеттегi үйреншiктi сана-сезiм шеңберi-
нен  алып  шығып,  мәдениеттiң  биiк  әлемiне  көтеру,  көркемдік  тұрғыда  көзқарасын  жан  жақты  қалыптастыруға 
мүмкiндiк  тудырып,  адамзат  табыстарына  негiзделген  қасиеттерін  бойына  сіңіріп  дарыту  -  бүгінде  бiлiм  берудiң 
маңызды мақсаты деп білеміз. Сондықтан да осы аталған тақырыптың өзектілігі бүгінгі күндері еш күмән туғызбай-
тыны сөзсіз. 
Кілт сөздер: қазақ халқының дәстүрлі өнері, дәстүр, руханилық, пішім, сұлба, мінез-құлық, ой саптау, модерн, 
нысана, фольклор, құндылық, ұлт 
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес жастардың бойында адамгершілік қасиет-
тердің:  ұлттық  мақтаныш,  отансүйгіштік  сезім,  адамдарға  гумандық  қарым-қатынас,  ұлттық  үрдістегі 
өзіндік  мәдениетін  сыйлауды,  адамгершілік  мінез-құлықтың  қалыптасуын  талап  етеді  [1].  Бұл  болашақ 
суретші-педагогтарының  жеке  тұлғасын  тәрбиелеуші  құрал  ретінде  қалыптастырудың  жаңа  тәсілінің 
дәріптелуін, педагогикалық көркем білім берудің заман талабына сай жаңа мақсаттарын жүзеге асыруға 
ерекше көңіл бөлінуін, тұлғаның қоғам дамуының белгілі бір деңгейге жетуін талап етеді. 
Ғылым  мен  техниканың  қарқынды  дамуының  деңгейінде  көркем  сурет  көп  жағдайда  арнайы  және 
әлеуметтік квалификацияда сәйкес келе бермейді. Бұл жағдайдың бір себебі, көркем сурет және суретші- 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж. 
32 
педагог мамандарын кәсіби даярлауда жаңа дидактикалық, концептуалдық негіздерді кең пайдаланудың 
теориялық зерттеулерінің жетіспеушілігінде. 
Көркем  сурет  мамандарын  яғни,  болашақ  суретші-педагогтарды  кәсіби  даярлаудың  педагогикалық 
тұрғыда ұйымдастыруды оңтайлы жетілдірілген негіздердің жоқтығы. 
Қазіргі  кезде  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  «бейнелеу  өнері  және  сызу»  мамандығы 
студенттерінің кәсіби көрмелер шығармашылығын құрылымдау тәсілдері мен жолдарының педагогика-
лық бағытын үйрететін теориялық негізделген тұжырымдардың мазмұндық, ауқымды құрылымның және 
де біркелкі жүйенің жоқтығы болып отыр. 
Болашақ суретші-педагог бейнелеу өнері түрлері ішіндегі кескіндеме, сурет, графика мен композиция-
ны  білумен  қатар,  позитивтік  (оң)  білім  негізінде  (сызу  пәнінде:  машина  құрылымын  сыза  білу,  сызба 
геометриясы,  компютерлік  графика)  білім  негіздерін  үйреніп,  оларды  өз  көркем  шығармашылығында, 
кешенді түрде қолданып, орындаушылық іс-әрекеттер барысында кейбір қарама қайшылықтарға қарамай 
қолдануға болатындығын көрсете отырып, түсіндіруі қажет. 
Көркем  шығармашылық  қызмет  –  ол  тек  студенттердің  көркем  материалдармен  жұмысы  ғана  емес, 
сонымен  қатар  ол  өзінің  авторлық  кешенді  жұмыстарын  атқару  болып  табылады.  Ал,  шығармашылық 
акт,  қашанда  бірегей  құпия  сыр  сияқты,  ол  өзінше  біртума,  ал  көркем  қабылдау  әмбебапты,  жалпыға 
ортақ. Алайда көркем шығарма мен көркемдік қабылдау дағдысы жаратушылармен, семантика тілі бейне-
леу өнерінде мектепте,  не болмаса жоғары арнаулы оқу орындарында қалыптаспайды.  Крийтерилердің 
жетіспеуінен және эстетикалық талғамның төмен болуынан, мұғалім жұмысты бағалап, дарынды, талап-
ты  студентті  танып  біле  алмайды.  Жоғары  деңгейдегі  көркем  шығармашылық  жұмысты  тауып  бере 
алмайды.  Дәл  сол  кездердегі  төмен  көрсеткіштегі  канондар  мен  жасалған  үлгі  шығармашылық  жұмыс 
ретінде беріледі. 
Көркем шығармашылық қабілеттердің даму негізі болып-эстетикалық көркемдік қабылдаулар жатады. 
Ал, бүгінгі күнде студенттердің көркем шығарманы қабылдауы өте нашар. Себебі, жастар көбіне көрме 
залдарында зерігіп жүреді. Олар кей жағадайда бейнелеу өнері шығармаларының мазмұндық, құрылым-
дық сипатына тереңірек үңіліп талдамайды, түсінбейді және сонымен қатар, бір шектеулі қабатынан өте 
алмай  шыр  айналып  жүреді.  Әр  қашанда  ХХ  ғасырдағы  Қазақстан  бейнелеу  өнері  мен  ұлттық  өнері 
бойынша білім мен тәрбие, ол көркем шығарманың өзегінде және қайнар көзінде, сонымен қатар дамыған 
эстетикалық қабылдауда терең ұлттық тәрбие жатады. Тек қана сол себептен студенттерге Қазақстанның 
ХХ ғасырлардағы кәсіби бейнелеу өнері бойынша көркем шығарманы талдауда, оны екі базалық бағытта 
көрсетуге тиіспіз. Олар: 
1.
 
Қазақстан кәсіби дәстүрлі бейнелеу өнері түрлерін жастардың түсінуі үшін, терең көркем ойлау мен 
қабылдау қабілеттерін дамыту және сонымен қатар эстетикалық тәрбие беру қажет; 
2.
 
Қазақстан  ұлттық  дәстүрлі  бейнелеу  өнерінің  шығармашылық  бастауларын  жастардың  бойына 
барынша дамыту қажет; 
Студенттер  Қазақстан  кәсіби  дәстүрлі  бейнелеу  өнерінің  көркем  шығармашылық  сипатын  терең 
түсініп – түйсігіне, қиялына сәйкес оны көркемдеп қабылдау мүмкіндіктеріне ие бола алмаса, олар нағыз 
кәсіби шеберлікке жете алмайды. Көркем өнерді қалай бір мезгілде сабақ үрдісінде үйлестіруге болады?. 
Бұл  сұрақты  әрбір  суретші-педагог  маман  дербес  жағдайға  сәйкес  шешеді,  сонда  да  жалпы  бағытты 
көрсетуге болады. Мысалы: Қазақстан кәсіби дәстүрлі бейнелеу өнеріне байланысты әр түрлі тапсырманы 
студенттерге меңгертуде, ұлттық нақышта сюжеттік сарында көркем образ идеясын, форма мен мазмұн 
тереңдігін сабақ барысында ашық қарастыруға көп көңіл бөлу қажет.  
Жоғары оқу орындарының көркем суреттік білім беретін оқу орындарында «Қазақстан бейнелеу өнері 
тарихы  мен  теориясы»  пәнінде  Қазақстан  ұлттық  дәстүрлі  бейнелеу  өнерін  терең  әдістемелік  тұрғыда, 
студенттерге оқытып үйретуге болатындай, нақты теориялық-ізденушілік, зерттеу жұмыстары мен әдісна-
маларының  жоқтығы  –  біздің  зерттеу  жұмысымыздың  өзектілігі  болып  табылады.  Осы  мәселелердің 
оңтайлы шешілмеуінен, көркем суреттік білім беретін оқу орындарының студенттерін Студенттерге оқу 
үрдісінде Қазақстан  ұлттық дәстүрлі бейнелеу өнеріне, жалпы ұлттық бейнелеу өнеріне баули отырып, 
көркем-эстетикалық  тәрбие  беруде  бүгінде  жалпы  оқытудың  дидактикалық  принциптерінің  жүйелі 
құрылмауы мен осы мәселені шешуге деген талпыныстың аңғарылмауы сияқты қарама-қайшылықтар әлі 
күнге дейін кезедеседі.Осыған орай осы мәселені оңтайлы шешуде терең теориялық, әдістемелік зерттеу-
лер мен жан-жақты шығармашылық ізденушіліктер қажет. Ал, бүгінде болашақ бейнелеу өнері мамандар-
ды  Қазақстанның  ХХ  ғасырларындағы  дәстүрлі  бейнелеу  өнерінің  шығармашылығы  арқылы,  көркем-
теориялық білім беріп, эстетикалық тұрғыда тәрбиелеуде бүгінде көптеген қиындықтар кездесуде. Олар: 
-
 
Студенттер Қазақстанның  ХХ ғасырларындағы дәстүрлі бейнелеу өнерінің рухани  және материал-

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г. 
33 
дық мәдениетінің өзара байланысын аңғармайды;  
-
 
Қазақстанның ХХ ғасырларындағы дәстүрлі бейнелеу өнері туындыларындағы көлем мен форманың 
ара қатынасы, құрылымдағы көркемдік құралдар шешімдерін, кәсіби көркем өнер туындылары арасында-
ғы байланысты аңғармаулары мен ажырата алмауы; 
-
 
Студенттер  өз  шығармашылығында  Қазақстанның  ХХ  ғасырлардағы  дәстүрлі  бейнелеу  өнері 
суретшілерінің шығармашылықтарын, олардың көркем туындыларындағы сюжеттік сарынды, форма мен 
мазмұн құрастыру мәдениеті жөнінде жеткілікті дәрежеде білімдерінің болмауы мен оларды ажыратып 
тани алмауы және де өздерінің тәжірибесінде тиімді пайдаланбаулары; 
Соңғы жылдары көркем білім берудің жаңа тақырыптарына сай, оқу үрдісін ЖОО-ң жаңаша ұйымдас-
тыруға  үлкен  мән  берілуде.  Осы  орайда  оқытудың  жаңа  технологиялары  ұсынылып  студенттердің 
қызығушылықтарын,  белсенділіктерін  арттыруға,  көркем  шығармашылық  ізденімпаздыққа  жан-жақты 
мол мүмкіндік пен жағдай жасалуда. 
Ал  бүгінде  ЖОО-да  студенттердің  өзіндік  жұмыстарына  үлкен  де,  аса  мән  беріліп,  оқытудың  жаңа 
технологияларын  әр  түрлі  деңгейде  оқу-тәрбие  іс-әрекеттеріне  барынша  енгізіп,  жан-жақты  білім 
алуларына  мүмкіндік  беретін  басты  құрал  болып  табылады.  Бұл  мәселеге  байланысты  Ж.А.  Қараев,   
М.М. Жанпейсова сынды өзіміздің отандық ғалымдарымыздың еңбектерінен аңғаруға әбден болады [2]. 
ЖОО-да студенттерді жан-жақты терең оқытып тәрбиелеу процесінде өзіндік жұмыстартар ең маңыз-
ды роль атқарады. Әр студенттің өзіндік қабілетіне, икеміне, талабына, бейіміне қарай өз бетімен жұмыс 
орындау дағдысын қалыптастырудың маңызы мен оқу шығармашылық мәні зор оқытудың бір формасы 
болып табылады.  Студенттерді өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру тек  олардың өздеріне ғана  тән, 
икемділік дағдылары арқылы ғана іске асырылады. Мұндай икемділік дағдыларына әдетте студенттердегі 
тапқырлық,  байқағыштық,  терең  ойлай  білушілік  қабілеттің  болуы,  қарама-қарсы  нәрсені  салыстыра 
алушылық, өзінің ойын жете тани, жеткізе алу қабілетінің болуы мен сол ойды жүйелеп, әдемілеп айта 
білу сияқты т.б. қасиеттерді жатқызамыз. Бұл іс-әрекеттер бүкіл оқу процесі арқылы бірте-бірте меңгері-
ліп,  біртіндеп  іске  асырылады.  Студенттердің  сабақ  үрдісінде  өзіндік  жұмыстарын  ұйымдастыруға 
қойылатын негізгі талаптар мен міндеттер: 

 
Шығармашылық тапсырмалардың көлемін студенттің шамасынан асырмай, керісінше оның сапасын 
арттыруға көңіл бөлу қажет; 

 
Студенттердің өзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен де оңтайлы ұштастыра білу; 

 
Студенттердің танымдық іс-әрекеттерін, дербестігін арттыру мен өзіндік саналы да, сапалы білім алу 
қабілеттерін жүйелі түрде дамыту; 
Студенттердің  өз  бетімен  өзіндік  жұмысты  орындаудағы  басты  ерекшелік  -  олардың  жеке  іскерлік, 
дағдыларында.  Сондықтан  да  берілген  тапсырма  да  жеке  студентке  арналады.  Оларға  өз  беттерінше 
ұлттық  бейнелеу  өнері  бойынша  көркем  терминалогиялық  сөздіктермен  және  де  әртүрлі  әдістемелік 
көрнекі  құралдармен  жұмыс  істеп  үйреткен  жөн.  Ұлттық  көркем  шығармашылық  жұмысты  жасауға 
үйретуде студенттердің ғылымилық мәндегі, мақсаттағы әртүрлі тапсырмалар орындатылады. 
Ұлттық өнер шығармасын дұрыс түсіну – студенттердің өздерін қоршаған орта мен ұлттық деңгейде, 
қоғамда  болып  жатқан  әртүрлі  әлеуметтік,  экономикалық  өзгерістерді  біліп  тануларына,  адамның  ішкі 
рухани, мәдени дүниесін терең түсінуге, өздерінің ұлттық сезімдері мен ақыл-ойларын байытуға, көркем 
шығармашылық құмарлықтарын арттыруға жағдай жасайды. 
Студенттердің  сабақ  барысы  кезінде  алған  білімдерін  әрі  қарай  тереңдетіп  түсіндіру  үшін,  берілген 
тапсырмаларды  теориялық  жағынан  жетілдіре  түсу  мақсатында  жоғары  курс  студенттеріне  (4  курс) 
қазіргі кездегі көркем білім беру жүйесінде және қоғамдағы әртүрлі өзгерістер жағдайында, бүгінгі күннің 
өзекті мәселесі ұлттық тұрғыда оқытып тәрбиелеу  мәселелері қамтылған тақырыптар аясында реферат, 
эсселер,  баяндамалар  т.б.  с.с.  жаздыруға  болады.  Сонымен  қатар  өздерінің  тікелей  мамандықтарына 
қатысты тақырыптарды да ұсынуға болады. Олар:  
1.
 
«Қазақстан бейнелеу өнерінің қоғамда алатын орны мен маңызы» 
2.
 
«ХХ ғасырдағы кәсіби ұлттық бейнелеу өнерінің табиғи, тарихи сипаты» 
3.
 
«Қазақстан кәсіби ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына және қалыптасуына септігін тигізген суретші-
графиктер» 
4.
 
«Қазақстан кәсіби дәстүрлі бейнелеу өнерінің бүгінде алатын орны және бағасы мен бағалылығы» 
5.
 
«ХХ ғасырдағы кәсіби бейнелеу өнерінің ұлттық тарихи, өзіндік сипаттық ерекшеліктері» 
6.
 
«Қазіргі кездегі кәсіби ұлттық дәстүрлі бейнелеу өнерінің көкейкесті келелі мәселелері»  
Осы  көрсетілген  тақырыптарға  реферат,  курстық,  бақылау  жұмыстары  немесе  эссе  жазу  үлгісін 
студенттерге көрсете отырып, ХХ ғасырдағы кәсіби ұлттық бейнелеу өнері майталман суретшілері мен 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж. 
34 
олардың шығармалары жөнінде әртүрлі тақырыпта ғылыми баяндамалар жазуды ұсынуға болады. 
Ендігі кезекте, сабаққа бөлінген аз уақыт ішінде не атқаруға болады? – деген сұрақ туындайды. Әрине 
оқытушы  берілген  уақытты  ұтымды  пайдалану  үшін  өте  шебер,  әрі  білімді  болуы  шарт.  Жаңа  сабақ 
материалын түсіндіруде уақытты үнемдеп, студенттердің үлгерімін есепке ала отырып, жаңа білім беру, 
меңгерту, Қазақстан кәсіби дәстүрлі бейнелеу өнері шығармалары бойынша көркем теориялық тапсырма-
ларды  орындау,  оқулық  пен  көмекші  құралдармен,  әдістемелік  құралдармен  жұмыс  жасау,  өз  бетінше 
жұмыстар  жасауда  студенттердің  қабілеттерін  арттыра  отырып,  жаңа  сабақты  қорытындылау  мен  оған 
оңтайлы баға беру, нәтижесін шығару, осының барлығын қысқа уақытта атқару қажет болады. 
Оқытушы  «оқи  жүріп,  оқытуы  тиіс»  -  деген  қанатты  сөз  бар.  Иә,  оқытушы  жаңа  инновациялық 
әдістерді пайдалана отырып, өзіндік шығармашылық тұрпатта студенттерді оқытып тәрбиелеу  идеясын 
насихаттаушы, өз ісіне берілген жан болуы тиіс, өз қызметіне мығым, бейім, жоғары қабілетті, жастарды 
етене  түсіне  білетін,  орынды  талап  қоя  білетін,  мәдениетті,  ұстамды,  ұйымдастырушы,  әрдайым  іздену 
үстінде жүретін маман болуы тиіс. Ал, ұлттық бейнелеу өнерінің өзіне тән, көркем сипаты бар. Сабақтың 
сәтті  болып  өтілуі,  оқытушы  тұлғасына  байланысты  ғана  емес,  ол  сол  топтағы  студенттердің  біліміне, 
тәрбиесіне,  рухани-эмоционалдық  тұрғыда  дамуына  және  бейнелеу  өнері  тұрғысында  әдістемелік, 
теориялық, кәсіби даярлықтарына да байланысты деп білеміз.  
ХХ ғасырлардағы Қазақстан кәсіби дәстүрлі бейнелеу өнері шығармаларының негізінде студенттерге 
білім мен тәрбие берудің жүйесі мына бес жүйе құраушы элементтерден тұрады. Олар: 
-
 
Қазақстан кәсіби дәстүрлі бейнелеу өнері негізінде оқытудың мақсаты; 
-
 
Қазақстан кәсіби дәстүрлі бейнелеу өнері өнері шығармаларының мәні мен мазмұны; 
-
 
ХХ  ғасырлардағы  Қазақстан  кәсіби  дәстүрлі  бейнелеу  өнері  шығармаларына  тәрбиелеудің  маңызы 
мен мүмкіндіктері; 
-
 
Қазақстан  ХХ  ғасырлардағы  кәсіби  дәстүрлі  бейнелеу  өнері  шығармаларының  практикалық 
әдістемесі; 
-
 
Қазақстан  кәсіби  дәстүрлі  бейнелеу  өнері  шығармаларын  оқытудың  әдіс-тәсілдері  мен  негізгі 
құралдары; 
Міне,  осы  негізде  бүгінде  бес  түрлі  жүйе  құраушы  элементтерді  қайта  құру  қажеттігі  туып  отыр. 
Себебі,  ол  ЖОО  да  көркем  білім  берудің  басты  мақсаты  етіп,  танымдық  қызығушылығы  қалыптасқан, 
өздігінен бағдарлай отырып, көркем шығармашылықпен, өз бетімен жан-жақты, терең білім ала алатын, 
сөйтіп өздігінен даму дәрежесі жоғары қалыптасқан студенттерді тәрбиелеп шығаруды анықтайды. 
Бұл мәселені шешуде жүйелі, бірізді ойлауды яғни, студенттерді көп жақты тығыз байланыстар мен 
қарым-қатынастарда  көре  білу,  біліммен  қаруландыру,  білімдерін  тереңдету,  біліктерін  шыңдау  мен 
іскерліктерін дамытудың бірінші дәрежелі маңызы бар. Бұдан ЖОО да «Қазақстан бейнелеу өнері тарихы 
мен  теориясы»  пәнін  оқыту  үрдісінде  студенттердің  көркем  теориялық  білімін  тексеру  мен  бағалау 
крийтерилерінің  көрсеткіштерін  жасақтау,  яғни  оның  нақты  жүйесін  жетілдіруде,  орасан  зор  ғылыми-
педагогикалық, әдіснамалық және әлеуметтік-экономикалық жағдаяттарды ескеру қажеттілігі туындайды. 
ХХ  ғасыр  Қазақстан  кәсіби  дәстүрлі  бейнелеу  өнері  тарихының  дамуы  мен  ерекшеліктері  бойынша 
көркем-теориялық  білім  берудің  басты  мақсаты  -  студенттердің  көркем  білімдерін  жетілдіру  мен 
қалыптастыру  арқылы,  әртүрлі  қажетті  көркем  шығармашылық  қызметті  атқаруға  дайын  тұру  қажет. 
Студенттердің  бейімділігін,  өзіндік  бейнесін  ашу,  әлеуметтік  байланысы  мен  іс-әрекеттегі  біліктігін 
арттыратын қабілеттерін барынша дамыту болып табылады. 
Қазақстан ХХ ғасырлардағы кәсіби дәстүрлі бейнелеу өнері тарихы аясы бойынша көркем теориялық 
білім беруге қойылатын басты талап – ең алдымен бейнелеу өнері пәнінің негізін, тарихын, құрал-тәсілде-
рін,  өзіндік  әлеуетін  айқындап,  студенттерді  ғылымға  тарту  мен  жетелеу,  көркем  шығармашылыққа, 
іскерлікке  баулу  және  оның  нәтижесінде  игерген  білімдерін  міндетті  түрде  тексеру  мен  бағалау  қажет 
болады. 
Демек, студенттерді Қазақстан кәсіби ұлттық бейнелеу өнері шығармалары негізінде көркем теория-
лық білім беру, тәрбиелеудің маңызы зор, әрі бұл екеуі де өте тығыз бірлікте. Олай дейтін себебіміз, білім 
беру  –  оқытудың  нәтижесі,  оқыту  -  білім  берудің  негізгі  жолы.  Ал,  жалпы  ХХ  ғасыр  Қазақстан  кәсіби 
дәстүрлі бейнелеу өнері шығармалары негізінде студенттерге білімді меңгертудің басты көрсеткіштері - 
ол өздерінің игерген білімдерін жалаң түрде қайтадан қайталап айтып берумен анықталмайды, керісінше 
сол алған білімнің мазмұнына сәйкес өздерінің жеке пікірлерін ортаға салып, ойларын ашық білдірулері, 
яғни  өзінің  көркем  шығармашылық  негіздегі  өзіндік  тапсырмаларын  орындауда  өздерінің  жеке 
көзқарастарын, ішкі ойларын анық, батыл түрде білдіріп, өздерінің бағасын берулері болып табылады. 
Көрнекті  психолог-ғалым  А.Н.  Леонтьев:  “Менің  өмірімде  мен  нені  меңгере  алмадым,  соны  ұғына 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г. 
35 
алдым  ба,  жоқ  па,  егер  ұғынсам,  меңгерсем,  қаншалықты  қандай  дәрежеде  ұғындым,  оның  мен  үшін, 
менің  жеке  тұлға  үшін  маңыздылығым  қандай…”  деп,  психология  ғылымында  “мәні”  мен  “маңызы” 
деген  ұғымдардың  түсініктемелерін  зерттеген  [3].  Олай  болса,  жалпы  білім  мазмұны  бұрынғыдай 
ақпараттың  көзі  болып  қалмай,  студенттердің  субъект  ретінде  жүйелі  мақсатты  дамуына  жағдай 
туғызатын, өздігінен еркін білім алу құралына айналуы қажет.  
Жалпы ЖОО да Қазақстан бейнелеу өнері тарихы мен теориясы пәнінде студенттерге ұлттық бейне-
леу  өнері  бойынша  көркем  білім  мен  тәрбие  беру  аса  маңызды  мәселелердің  бірі-оның  процессуалдық 
жағы  бүгінде  барынша  ескерілуі  тиіс.  Бұл  мәселені  шешуде  студенттердің  Қазақстан  кәсіби  ұлттық 
бейнелеу  өнері  бойынша  өз  бетінше  мазмұнды  жеке  жобалауға  икемді  болуын,  яғни  педагогикалық 
технология  талаптарына  үндес  болуы  қажет  етіледі.  Былайша  айтқанда,  көркемдік  теориялық  тұрғыда 
көркем білім мен тәрбие беруді ізгілендіру, ондағы оқыту әдістерін жетілдіруді, әсіресе, Қазақстан ұлттық 
кәсіби  бейнелеу  өнерінің  негізінде  дамыта  оқыту,  проблемалы  оқыту  әдістері  мен  тәсілдерінің  тиімді, 
жүйелі пайдалануын талап етеді.  
 
1
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы // Ақорда, 2007. – 27 шілде. 
2
 
Қараев Ж.А. Педогогическая технология дифференцированного обучения. - Алматы, 1999, 5-17 бет, 17-21 бет. 
3
 
Леонтьев А.Н. О некоторых психологических вопросах сознательности учения. – М., 1946. - №1. - с. 65-72. 
 
Резюме 
Методика преподавания истории и теории казахского традиционного изобразительного искусство  
Бакаиев Ренат Советханович – старший преподаватель кафедры методики и теории изобразительного и 
декоративно-прикладного искусства, института искусства, культуры и спорта КазНПУ имени Абая, г. Алматы 
Дилмаханбетов Ермек Қыргизбаевич – старший преподаватель, к.э.н., зав.кафедрой «Физической культуры и 
спорта» КазГУ им. Аль-Фараби, г. Алматы 
В этой статье авторы рассматривает вопросы развитие и формирование исторических, природных особенностей 
казахского традиционного искусства, а также определяется его роль в культурно-духовном развитии общества и в 
национальном воспитании.  
Ключевые  слова:  казахское  традиционное  искусство,  традиция,  духовность,  форма,  образ,  менталитет,  идея, 
модерн, объект, фольклор, ценность, этнос 
 
Summary 
Methods of teaching history and theory of fine arts of the Kazakh traditional 
Bakaiev Renat Nazarbekovna. - Senior Lecturer, Department of methodology and theory of fine and decorative arts, 
the Institute of Arts, culture and sports Kaznpu by Abay, Almaty, 
Dilmahanbetov Ermek Ķyrgizbaevič senior lecturer, PhD, head of the Department of physical culture and sports "Kazakh 
Al-Farabi Ave., Almaty 
This  article  examines  the  development  and  formation  of  historical,  natural  features  of  Kazakh  traditional  art  as  well  as 
determined by its role in the cultural and spiritual development of society and national education. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет