Абай атындағы ҚазҰпу-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж



Pdf көрінісі
бет9/27
Дата03.03.2017
өлшемі4,9 Mb.
#7058
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27

  
1
 
Шорохов  Е.В.  Основы  композиции:  Учеб.  пособие  для  студентов  пед.  ин-тов  по  спец.  №2109  «Черчение, 
рисование и труд». - М.: Просвещение, 1979. - 303 с. 
2
 
Выготский Л. Психология искусства. – М.: Педагогика, 1987. - 256 с.  
3
 
Локк Дж. Мысли о воспитании // Соч.: Т. 3 - М.: Мысль, 1988.  
4
 
Проблемы композиции: Сборник научных тр-ов / Под ред. В.В.Ванслова. – М.: Изобраз. искусство, 2000. -292 с. 
Уч. пособие.  
5
 
Бахишева С. 12 жылдық білім беру және білім философиясы // 12 жылдық білім. №2. 2006. 
 
Резюме 
Джанаев Мият Баймекеевич - к.п.н., Член Союза художников РК, ст. преподаватель кафедры творческих 
специальностей Казахского национального педагогического университета им. Абая, г. Алматы 
Композиция – творчество развития личности 
В статье рассмотрены композиционная деятельность и методы обучения композиции как целостный педагогиче-
ский процесс.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж. 
46 
Говорится, что гармоничное сочетание педагогического творчества и творческой композиционной деятельности, 
интегрированное применение соответствия  их методов  и приемов формируя  познавательную  культуру определяет 
основу обучения ориентированного на результаты.  
В  этой  работе  композиция  рассматривается  как  прием  и  творчество  развития  личности.  Проблемы  обучения 
композиции направлены на развитие личности студента и подготовке их к педагогической деятельности.  
Методы обучения композиции анализированы и показаны в форме новой педагогической технологий обучения в 
целях формирования личности.  
Рассматриваются  пути  обучения  студентов  осмысленному  художественному  композиционному  творчеству  на 
основе  применения  новых  инновационных  технологии  (радикальная  инновация,  модификационная  инновация, 
комбинаторная инновация) на занятиях по композиции.  
Показаны,  что  применение  новых  инновационных  технологии  развивают  способности  творческого  мышления 
студентов, и способствуют гармоничной целостности знании и композиционного творчества при освоении учебных 
целей.  
Ключевые слова: композиция, изобразительное искусство, обучение, творчество, личность 
  
Summary 
Dzhanayev Miyat Baimekeevich - Candidate of pedagogical science, Member of the Artists Union Republic of Kazakhstan. 
Lecturer of the department of creative specialties of the Kazakh National Pedagogical University named after Abai, Almaty  
Composition-creativity of personality development 
The  article  describes  the  compositional  activities  and  teaching  methods  of  the  composition  as  a  holistic  pedagogical 
process. It says that the harmonious combination of pedagogical creativity and creative compositional activity, integrated use 
of conformity of their methods and techniques form the basis of cognitive culture defines training for results. In this paper, the 
composition is considered as a reception and creative development of the person. The compositions of training problems are 
aimed at developing the student’s personality and prepare them for teaching. Teaching methods and analyzed the composition 
shown in the form of new pedagogical training technologies for identity formation. The ways of teaching students meaningful 
composite artistic creativity according to the use of new innovative technologies (radical innovation, modification innovation, 
combinatorial innovation) in the composition classes. 
Showing  that  the  applications  of  new  innovative  technologies  develop  the  ability  of  creative  thinking  of  students,  and 
promotes a harmonious integrity of knowledge and compositional creativity when developing training purposes.  
Key words: composition, fine arts, education, creativity, personality 
 
УДК 372.8:741 
 
КЕСКІНДЕМЕ САБАҒЫНДА СӘНДІК ҚАБЫЛДАУДЫ ДАМЫТУДЫҢ  
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 
 
А.Б. Еркебаева – Абай атындағы ҚазҰПУ, 6М010700 - «бейнелеу өнері және сызу» 
мамандығының 2 курс магистранты 
Ғылыми жетекші: Ибрагимов А.І. – п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ, 
Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы 
 
Мақалада балалар көркемөнер мектебінде кескіндеме сабағында сәндік қабылдауын дамытудың психологиялық-
педагогикалық аспектілері қарастырылды. Сәндік қабылдауы оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшелікте-
рі анықталды. 
Түйін сөздер: Көркемдік білім беру, көркемдік дамыту, көркемдік қабылдау, көркемдік-шығармашылық қызмет, 
сәндік қабылдау 
 
Қазіргі  уақытта  еліміздің  тәуелсіздігін  нығайтудың  басты  бір  шарты  –  мәдени  рухани  саламыздың 
өркендеуі мен дамуы болып табылады. Сондықтан, бүгінгі кезеңдегі ғылыми ізденістер «Мәдени мұра» 
мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүргізілген мемлекеттің рухани саласының жалғасы болып отыр [1]. 
Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан - 2030» стратегиясы мен алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдің 
қатарына  ену  бағдарламасын  іске  асыру  әлемдік  бәсекелестіктің  талаптарына  сай  қоғамымыздың  жан-
жақты жетілуін көздейді. Осыған сәйкес қазіргі рухани-мәдени саланың бірі болып табылатын бейнелеу 
өнеріміздің  көркем  құрылымы  мен  тарихын  және  болашағын  бағдарлау  ұлттық  өнерімізге  қайтадан 
үңіліп, оның қазіргі таңдағы маңызы айқындалып жатқаны мәлім [2]. 
Бүгінгі күнде өркениетті елімізде балалар көркемөнер мектептерінде мәдениет пен өнерге тартуға зор 
мән беріліп отыр. Балалар көркемөнер мектебіндегі «Бейнелеу өнері» пәнінің кескіндеме сабақтарының 
негізгі мақсаты: 
• оқушылардың көру, сезу, қоршаған ортаның әсемдігін қабылдау қабілеттерін дамыту;  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г. 
47 
• эстетикалық талғамын қалыптастырып, шығармашылық бейімділіктерін дамыту;  
• көркемдік  іс-әрекеттерді  орындауда  өз  бетінше  жұмыс  істеу  қабілетін  қалыптастару  болып 
табылады. 
Жалпы балалар көркемөнер мектебі оқушысының тұлғасы мен санасының дамуы қарқынды жүретін, 
ерекше құнды да қайталанбас кезең. Сондықтан бала бойындағы сәндік қабылдауын дамыту оны бастап-
қы кезеңде ашу – оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады. Мысалы, 
Новосібір  қаласының  №1  балалар  көркемөнер  мектебінде  өткізілген  тәжірибеге  қарасақ,  балалармен 
кескіндеме сабағында пастельмен жұмыс жасау барысында өзін қоршаған ортадағы заттардың, табиғат-
тың  әсемдігін  және  осы  әдемілікті  көріп,  сезіну  арқылы  өздерінің  сәндік  қабылдауын  дамытты.  Атап 
айтқанда, Крутько Анна, Иванова Екатерина, Анферова Наталья және т.б. 
Балалар  көркемөнер  мектебі  оқушыларының  кескіндеме  сабақтарында  сәндік  қабылдауын  дамыту 
мәселесін қарастырғанда, кескіндемені оқытуда теориясы мен практикасының өзара байланысын анықтау 
және олардың психологиялық заңдылықтарын түсіну қажет. 
Психология саласында қабылдау ұғымы есте сақтау және ойлау опрерацияларын қоса отырып, түрлі 
талдағыштардың  өзара  әрекеттесуі  нәтижесінде  пайда  болатын  заттардың  біртұтас  көрінісі  ретінде 
сипатталады, яғни оларды меңгеру үшін арнайы білім мен тәжірибені қажет ететін перцептивті әрекеттер 
жүйесін құрайды.  
Бейне  категориясы  психологияның  танымдық  үдерістерінің  орталық  категориясы  болып  табылады, 
оның ішіне қабылдау да кіреді. Бейне бір уақытта бастапқы нүкте және кез келген танымдық әрекеттің 
нәтижесі  бола  алады.  Кең  мағынада  қарастыратын  болсақ,  бейне  деп  шындық  көріністің  кез  келген 
субъектілік  формаларын  түсінуге  болады.  Тар  мағынада  қарастыратын  болсақ,  «бейне»  көріністің 
сезімдік формаларын белгілеуде қолданылады, яғни олардың сенсорлық (сезу, қабылдау бейнелері және 
т.б.) немесе квазисенсорлық (жады, қиял, түс көру бейнелері және т.б.) табиғаты бар. 
Психологтар көркемөнер қызметінде қабылдау үдерісінің жалпы заңдылықтары мен оның маңызды-
лығын қарастыра отырып, суретші үшін маңызы зор деп бейненің негізгі қасиеттерін бөліп көрсетеді:  
- заттық (бір-бірінен бөлек заттарды қабылдау); біртұтастылық (бейне біршама біртұтас формаға дейін 
құралады);  
- мәнділік (адамның ойлау қызметі арқылы жүзеге асырылатын қабылдаудың сезімтал бейнені жасау 
қасиеті);  
-  апперцепция  (жеке  тұлғаның  түрлі  жағдайларымен  ғана  байланысты  емес  және  сол  сәттегі  көру 
сезіміне ғана негізделіп қана қоймай, сонымен қатар алдыңғы өмір тәжірибесіне де негізделетін қабылдау 
қасиеті);  
-  талғампаздық  (қабылдаудың  шығармашылық  деңгейін  талап  ететін  бейнеленіп  тұрған  заттың 
көптеген сапалары ішінен оның тек қана өзекті, нақты қасиеттерін бөліп көрсету міндеті);  
-тұрақтылық  (қабылдаудың  ауыспалы  физикалық  жағдайларына  тәуелсіз  тұрақты  көлемі,  түсі  мен 
формасына және т.б. параметрлеріне қатысты заттарды қабылдау);  
- санаттылық (қабылдау жалпылама сипаттағы белгілерге тән). 
Сонымен  қатар,  олар  суретшінің  қабылдауымен  қатар  өткір  қырағылық,  зейіннің  бағыттылығы, 
қызығушылық,  заттардың  ерекше  белгілерін,  олардың  формаларын,  орналасу  жағдайын,  құрамын 
айқындап  көрсетуге  ұмтылу  сияқты  қасиеттер  байланысты,  суретшінің  көру  арқылы  қабылдауы 
шығармашылық сипатқа ие екендігін дәлелдейді, бұл жалпы алғанда шығармашылық қиял мен ойлану-
толғануды, суретшілік тәжірибені талап ететінін де атап өтеді [3]. 
Қабылдау  механизмі  нақты  мақсат  пен  міндет  болған  жағдайда  оны  шешуге  мүмкіндік  беретін 
материалды  іздеуге  бағытталған  іс-әрекеттер  санада  тұрақты  түрде  жүргізілуімен  түсіндіріледі.  Сәндік 
кескіндемені оқыту үдерісінде қабылдауды дамыту үдерісінің педагогикалық заңдылықтары осы психо-
логиялық ерекшеліктен бастау алады [2]. 
Сәндік  кескіндеме  сабақтарында  қабылдаудың  белсенді  субъективтік  факторы  алдыңғы  суретшілік 
пен кескіндемелік өнер тәжірибесінің бар болуы болып табылады, ол кескіндеме суреті үшін қабылдау 
заты туралы маңызды ақпараттық мәліметтерді мақсатты түрде анықтауға жол ашады. 
Суретшінің  кәсіби  әрекеттерінің  ерекшеліктері  кескіндеме  қызметі  барысында  заттың  көптеген 
баламалы қасиеттерінен ең маңыздысын, ерекшесін саналы түрде таңдауды және оларды көркем-сәндік 
мәнмен толықтыруды талап етеді. Яғни кескіндеме өнерінде сәндік кескіндемелік бейнені жасау суреттегі 
негізгі міндетті,  туындының сәндік бастамаларын дұрыс қабылдауға қабілетті ерекше сәндік қабылдау-
дың қалыптылығын талап етеді. Сәндік кескіндемеге көшу сәндік кескіндеме «тілімен» «сөйлеуге» үйре-
ну қажеттілігінен бастау алған, алайда бұл суретшілер суреттегі жасырын пластикалық мүмкіндіктерден 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж. 
48 
бас тартуы керек дегенді  білдірмейді. Алайда, осы  жағдайда кеңістік пен көлемдік форма мәселесі бұл 
жағдайда екінші орынға ауысады, яғни аса маңызды назар адам сұлбасына, тонды дақтарға, түсті реңдік 
дақтарға  және  т.б.  аударылуы  тиіс.  Бір  жағынан  мәселелер  қысқарады,  ал  басқа  жағынан  аса  маңызды 
белгілерге ие болды. Бастысы шешімнің қатысты тегістігі танылады, алайда сонымен қатар, қызығушы-
лық стильге және басқа сәндік өнермен жоғары деп саналатын кескіндемелерге танытылды [4, с. 144]. 
Болашақ суретшінің табиғаттағы орналасулар мен оны көркем-табиғатта жиынтық етіп көрсетуі үшін 
сәндік өнердегі жоғарғы талғамын қалыптастыру, осы сәнділікті көру мүмкіндігі (ритмдік және сұлбалық 
мәнерлілік, шешімді әр түрлі шешу кезіндегі жоғарғы дәрежелілік) – міне, сәндік қабылдау негізі болып 
саналады. 
Көркем  өнер  қызметінде  сәндік  қабылдаушылықты  дамыту  процесі  өзара  бір-бірімен  байланысты 
кезеңнен тұрады:  
- табиғатты мақсатты қабылдау;  
- қабылданған табиғат туралы толық түсініктерді қалыптастыру;  
- сәндік-кескіндемелік материалында қалыптасқан түсініктерді жүзеге асыру.  
Бірінші, дайындық кезеңі табиғаттағы жаңа және қарапайым емес табиғатты сезінуден бастау алатын, 
табиғаттағы  орналасқан  өзгерулер  мен  қайта  өзгерулерге  қатысты  табиғатты  бар  сезіммен  қабылдау 
дамуына бағытталған. Сәндік қабылдаулар оқушыларда тек қана заттың жалпы сызбасын тануына ғана 
емес, сонымен қатар оның жеке қасиеттерін, ерекше белгілерін көруге мүмкіндік беретін қабылдаулары-
нан көрініс табады.  
Сәндік-кескіндемелік туындыларды жасау кезінде, мәселелерді шешуге қажетті кешендік нұсқаулары 
қарастырылатын және табиғатпен байланыстың негізінде жататын көркемөнер операцияларының ойлау 
негізінде  ашылатын,  заттың  мағыналық  талдауы  мен  салыстырмалы  қабылдауларының  мақсатты 
бағытталуы болып танылады. Осылайша, сәндік өнерді дамыту процесі әр түрлі танудың барлық түрінің 
құралы болып табылатын, ойлау операцияларынан (талдау, синтез, абстракция, қорытындылау) тұратын 
деңгейі жүріп отырады. 
Оқушыларға ұсынылып отырылған табиғатты сәндік-кескіндемелік тіл призмасы арқылы, оны ерекше 
сәндік-көркем форма  ретінде көруіне  үйрету қажет. Заттың сәндік  мәнін  түсіну дегеніміз – осы заттың 
көркем дизайн тұрғысынан  «идеясын» түсіну дегенді білдіреді. Оны қабылдау мен онда бар заттардың 
заңдылықтарын тану арқылы нақты шындықпен байланысқанда ғана, суретшінің жекешелігі мен әлемді 
тануы, дайындық деңгейінің «өнімі» болып табылатын ойлардың туындауы қалыптасады.  
Екінші іздеу бөлімінде, шығармашылық ойлау негізінде жатқан мидың ішкі құрылымында біліммен 
ауыстырылатын байланыс пен анықтау орын алады. Шындық астарындағы тануға бағытталған логикалық 
ойлаудан  айырмашылығы,  өнер  өзгерулерге,  қайта  өзгерулер  мен  нақты  анықталған  шындықтың 
құрылуына бағытталған. 
Қайта пайымдау мағынасының мәні, суретшінің болашақ туындысы формасын қабылдау процесінің 
өзінде  қайта  жасай  бастайды.  Мұндай  қабылдау  кезінде  суреттің  жиынтық  нұсқамаларын,  елеулі,  әрі 
маңызды  белгілерін  өз  қалауынша  қабылдау  жүріп  жатады.  Пайымдау  көзқарасы  суретшінің  табиғатта 
көркемөнер  сәндік  жасау  кезіндегі  болашақ  «көру»  образынан  көрініс  табады.  Нақты  осындай  қайта 
жасалатын көріністер оқушылардың сәндік қабылдаулары үшін маңызды.  
Көркемөнер сабақтарында тапсырмаларға қатысты және нақты орналасулардың әсер етулеріне байла-
нысты  табиғат  белгілері  сыныптық  (сәндік)  суреттер,  сонымен  қатар  көркем  өнер  материалдары  үшін 
нақты  құрылғылар  белсендіріледі.  Сонымен  қатар,  ерекше  рөлді  ақпараттарды  жүйелеу  операциялары, 
ерекше білім алу мен сурет және абстракция, стильдің көмегімен жасалатын және «сәндік» көркемөнер 
геометриясы  арқылы  түсіндіру  құралдарын  қолдануды  түсіне  білу.  Осылайша,  іздеу  бөлімінің  өнімі 
болып  табиғатпен  байланысты  анықталатын  көркемөнер  байланысымен  анықталатын  процестердің 
дамуы мен дайындалуы, ойдың туындауы мен нақты мақсат қою танылады.  
Үшінші, атқарушылық кезең. Табиғат орналасулары туралы қабылдау кезінде алынған ойлаулар нақты 
көркемөнер материалында өнер туындысының тұрақты бейнесін толық тіркемей алынған деп есептеледі. 
Бұған  көптеген  оқушының  жұмыстарында  «көрудің»  жоқтығын  және  өзінің  ойлауын  ұйымдастыра 
алмайтындығы сияқты жетіспеушіліктер бар екендігін атап көрсететін педагог-суретшілер көңіл бөледі. 
Сондықтан,  атқарушылық  кезеңде  ерекше  орынды  дамудың  басты  объектісі  болып  өзара  қатынасты 
реттейтін,  сонымен  қатар,  өнердің  принциптері  мен  заңдылық  қызметтерін  ұйымдастыратын  реттеу 
процесі танылады [5]. 
Шығармашылық қызметінің барлық мақсаттары, оларға жетудің әдістері мен деңгейлері субъектімен 
қойылатын  алдын  ала  белгілі  оқу  қызметінен  айырмашылығы,  яғни  формасы  және  даму  динамикасы 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г. 
49 
бойынша  жеке.  Алайда,  қызметінің  құрамы  бойынша  бірдей  –  қуатты  және  атқарушылық  кезеңінің 
барлық  деңгейінде  «мақсатты  бейне»  белсенді  іздеулерді  қажет  етеді.  Суретші  табиғат  орналасуында 
әдеттегі сызбаны емес, құрылғылардың көмегімен бейненің жеке ашылу мүмкіндіктерін анықтайды. 
1
 
Назарбаев  Н.Ә.  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге  асыру  жөніндегі  қоғамдық  кеңестің 
кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі // Қазақстан музейлері. – 2007.- №2. – Б. 2. 
2
 
Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстан-2030»  іс-қимылда:  табысқа  он  жыл.//  «Қазақстан-2030»  Стратегиясының  10 
жылдығына арналған конференцияда сөйлеген сөзі. 2007 жыл. http://e-history.kz/kz/contents/view/2030 
3
 
Кулак, И.А. Психологические принципы обучения / И.А. Кулак. – М.: Изд-во БГУ, 1981. – 280 с. 
4
 
Кравченко  К.А.  Формирование  декоративного  восприятия  на  занятиях  по  рисунку  у  студентов 
художественного колледжа: дисс. канд. педагогических наук. – Омск, 2009. 
5
 
Шаляпин О.В. Педагогика портретного искусства (педагогические принципы портретного образа в системе 
подготовки художника – педагога): дисс. ... д-ра пед. наук. – М., 2011. – 370 с. 
 
Резюме  
Еркебаева А.Б. - магистрантка 2 курса по специальности 6М010700 – «Изобразительное искусство и черчение», 
aminka_h007cem@mail.ru 
Научный руководитель: Ибрагимов А.И. – к.п.н., старший преподаватель кафедры «Теории и методики 
изобразительного и декоративно-прикладного искусства» КазНПУ им. Абая, aman.07@inbox.ru  
Психолого-педагогические аспекты развития декоративного восприятия на занятиях по живописи 
В  данной  статье  рассмотрены  психолого-педагогические  аспекты  развития  декоративного  восприятия  у 
учащихся  художественной  школы  на  занятиях  по  живописи.  Выявлены  психолого-педагогические  особенности 
обучения декоративного восприятия.  
Ключевые  слова:  художественное  образование,  художественное  развитие,  художественное  восприятие, 
художественно-творческая деятельность, декоративное восприятие 
 
Summary 
Amina Yerkebayeva - 2
th
 course master specialty 6М010700 – " Fine art and design", aminka_h007cem@mail.ru;  
Scientific supervisor: Ibragimov A. I. – c.p.s., senior lecturer in "Theory and methods of fine and decorative arts", KazNPU 
named after Abai, aman.07@inbox.ru 
Psychological and pedagogical aspects of the decorative perception of the classroom for painting 
In this article, psychological and pedagogical aspects of development of decorative perception of the art school’s pupils in 
the classroom for painting. Identified psychological and pedagogic features of the learning decorative perception. 
Keywords:  artistic  education,  artistic  development,  artistic  perception,  artistic  and  creative  activities,  decorative 
perception 
 
УДК 37.091.212.3:78 
 
ДАУЫСТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫ 
БАРЫСЫНДАҒЫ МЕТОДИКА НЕГІЗДЕРІ 
  
У.Ж. Досанова – Абай атындағы ҚазҰПУ музыкалық білім кафедрасының доценті 
  
Сізге  ұсынылып  отырған  мақалада  вокал  өнері  туралы  жалпы  мәліметтер  беріліп,  дауыс  қою  жұмысының 
негіздері  туралы  жазылған  сонымен  қатар,  болашақ  музыка  мұғалімінің  вокалдық  қабілеттерінің  ерекшеліктері 
көрсетіліп, оларды қалыптастыру және дамыту методикасы ұсынылған. Мектеп қабырғасында оқитын балалардың 
жандүниесін, жеке басының оқу тәрбиесінде олардың танымдық (зейіні, ойлауы, қабылдауын, қиялын) қалыптасуы-
на эстетикалық тәрбиенің оның ішінде музыканың жетекші ролі толық дәлелденеді. 13-14 жаста дауыстын өзгеруі 
(мутация) өтпел кезеңінде қандай, қалай өзін ұстау, тазалық, гигиена, режим, дауысты сақтау тәртіптері сөз етіледі. 
Ән  айту  физиологиялық  құбылыс  болғандақтан  ағза  қызметі  ән  айтуда  ми,  жүйке  жүйелері,  дыбыс  аппараттары, 
көмей, ауыз қуысы, таңдай, кеңірдек, кеуде, өкпе сияқты ағзалар бір-бірімен өз ара тығыз байланыста қызмет атқара-
ды. Дұрыс тыныс алу, көмейдін жұмысы, резонатор түрлері, тілді жаттықтыру әдістерін қолдану арқылы нәтижеге 
жету. Дауыстың жағымды, жағымсыз естілеуі, оның реңі, бояуы, әуезділігі дауыс тембрі деп атайды. Шығармаларды 
орындау  деңгейі  оның  ішінде  қазақ  халық  әндерімен  халық  композитор  әндерінің  лирикалық  сымбаты,  кеңдігі 
жағынан әр  түрлі болып  келетіні  айқындалған. Әншілік  өнердің  кәсіби теориялық  негізін меңгерген,  қазіргі опера 
өнерін өз елімізде шет елдерде танытып келген әншілерді ерекше атап, олардың сахналық орындаушылық шеберлігі 
творчестволық қауымға ерекше өріс өнегесі болып танылады. Осы арада қазақ халық артісі, ардагер ұстаз қазақтын 
вокалдық  өнеріне  айрықша  еңбегі  сіңген  талай  майталман  әншілерді  тәрбиелеген  профессор  ұстаздардың  еңбегін 
мақтанышпен айтылады.  
Түйін сөздер: әншілік көзі, педагогика, дарындылық пен қабілеттілік, эстетикалық тәрбиелеу, дыбыс аппаратта-
ры, фонетика, резонатор түрлері, тыныс түрлері 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж. 
50 
Музыка мұғалімінің творчестволық қызметінде ән салу өнерінің алатын орны ерекше. 
Ән – адамның ғұмырлық серігі, оның ұзак тарихи тірлігінің рухани даму құбылысы. Ол адамның жан 
дүниесін нұрландырып, әдемілікке, адамгершілікке тәрбиелейді, сәулелі өмірге баулиды, зор эстетикалық 
қуанышқа бөлеп, рухты көтереді. Ән, күй - қазақтың халык творчествосының шыңы деуге болады. Оның 
тамаша үлгілері, көрнекті халык композиторларының асқақ туындылары ұлттық классикалық музыканың 
негізін қалады. Ал халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан фольклорлық мұрасы қазіргі профессионал-
дық музыка салаларының дамуына тікелей зор ықпалын тигізіп отыр. 
Музыкалық  педагогика  саласындағы  көркемдік-творчестволық  қызметінің  бір  түрі,  ән  өнерінің 
атқаратын рөлі үлкен және маңызды. Себебі ол оқушыға өмір құбылыстарын терең қабылдауға, білімге 
құштарлығын  арттыруға  ықпал  етеді,  байқағыштығы  мен  әсерленгіштігін  жетілдіріп,  олардың  әсемдік 
жөніндегі түсінігін кеңейтеді, эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. 
Музыка сабақтар процесінде оқушылардың бойында музыкалық талғам дамытылады, музыкаға деген 
сүйіспеншілік нығаяды, музыка, ән тыңдауға деген құмарлык тәрбиеленеді. Музыка мен ән сабақтарының 
табысты болуы көбіне-көп ән оқытушыларының шеберлігі мен даярлығына, сондай-ақ музыка шығарма-
ларының  қажетті  жазбаларымен  және  оларды  тыңдау  құралдарымен  мектептің  қамтамасыз  етілуіне 
байланысты болмақ. 
Мектептегі  эстетикалық  тәрбиенің  негізгі  мақсаты  мен  міндеттерін  іске  асыруда  орасап  зор  роль 
атқаратын - мұғалім. Жас ұрпаққа тәрбие берудің бүкіл ісінің табысты болуы едәуір дәрежеде мұғалімнің 
іскерлігіне, шеберлігіне, сенімділігіне байланысты. Мұғалімнің еңбегі өте жауапты әрі күрделі. Шешелер, 
әкелер мен аналар педагогқа, мұғалімге өздерінің ең кымбаттысын - өз балаларын, яғни өзінің үміті мен 
болашағын сеніп тапсырады. Әнші болу үшін, ең алдымен дауыс болу керек. Екінші тыңдау (есту) қабіле-
ті ерекше жетілген болуы керек.  
Ән туралы сөз қозғағанда дауыс адамға табиғаттың берген үлкен сыйы, ол өте қажетті және күрделі 
орган. Басынан аялап күтуді қажет ететін нәзік құрылым екенін естен шығармау керек. Мен шығарманы 
осы  дауыс  тәрбиесінен  бастағым  келеді.  Мектеп  қабырғасында  жас  өспірім  балалар  дауысына  ерекше 
көңіл  бөлу,  олардың  дауысын  басынан  бастап  бірінші  дәріс  алған  кезден  дұрыс  қалыптастыру.  Дауыс 
гигиенасына көңіл бөлу, ол баланы үлкен тәртіпке және тазалыққа жетелейді. Демек, әнші әртіс өзінде 
бар күш-қуат, энергиясын дұрыс пайдаланып дене шынықтыру, оқуға, жаттығуға уақытында дайын болу 
деген  сияқты  режимге  үйреніп  қалыптасуы  қажет.  Әншілік  маман  сергектікті,  жинақы,  ұстамдылықты 
талап ететін  өнер-әлсіздік, солғындық, селқостану, темекі тарту, арақ ішу денсаулыққа  әсіресе дауысқа 
кері әсерін тигізері естен шығармау қажет. «Дені сау азамат қоғам болашағы», «Дені саудың жаны сау - 
жаны саудың тәні сау» деп тегін айтпаған. Сондай ақ оқушы дауысының сұлулығы, күші, диапазоны, бір 
қалыптылығы, әуездігі және музыкалық дайындық деңгейі, эмоциалылығы, орындау мадениеті, стильді 
сезіну, сырт пішін, әртістілігі сияқты вокалдық қабілеті, ең алдымен, бағалану керек. Өнерде жетістікке 
жету үшін өзіне қажетті ақпараттар кешеніне ие болмағы ләзім [1, 2]. 
Дегенмен, балғын өтпелі 13-14 жастағы оқушылардың дауыс сапасының жетіспеуі байқалады. Егер, 
бүкіл  вокалдық  қабілеттің  кешені  жақсы  болып,  бірақ  даусында  кемшілік  болса  сабақ  барысында  ол 
кемшіліктерді жоюға ұмтылған жөн. Іс жүзінде көп деген оқушылар дауысын және әуездік, әртістік қабі-
леттерін жиылған халықтың немесе комиссия алдында толқып орындаушылық қабілетін көрсете алмай-
ды. Сыныпта эмоциялы, өткір еті тірі оқушылар эстрадада тартынып қалады. Ал кейбір әншілер кейбір 
кемшілігі бола тұрсада, жақсы пікір туғызады. Сондықтан емтихан немесе байқаулар бір неше кезеңмен 
өткізіледі,  оның  өзі  шынайы  жағдайды  көрсете  бермейді.  Демек,  оқушылармен  шыдамды  ұзақ  уақыт 
жұмыс істеу арқылы ғана олардың табиғи дарындылығына көз жеткізуге болады. Оқушы немесе студент-
пен алғаш танысуда бірден дауысты тексеруден емес, еркін түрде қарапайым әңгімелесуден бастаған жөн. 
Бұл жағдайда оқушы ұстаздың қайрымдылық көз қарасын сезініп, бар мүмкіншілігін көрсетуге талпына-
ды. Оқушымен әңгіме құра отырып, оның музыкалық қабілетінің, жалпы мәдени денгейін, мінезін біліп 
алудың  маңызы  зор.  Алғашқы  қадамнан  бастап  дауыс  қалыптастыру  техникасына  ескертулер  жасауға 
болмайды,  әйтпесе  оқушы  үйренген  сезімдерінен  айрылып  өнерін  жақсы  денгейде  көрсете  алмайды. 
Оқушымен ұстаз арасында жақсы қарым қатынас болған кезде ғана сабақтың тиімділігі артады. Сабақты 
неден бастау керек? Тыныс алудан, көмейдің жұмысынан немесе тілді жаттықтыруданба? Бұл кезде ең 
дұрысы - дауыстың қалыптасуына көбірек кедергі жасайтын кемшілікті түзеуден бастау. Егер оқушының 
көңілін дұрыс тыныс алмауына, ашық ән салу, көмейдің қысылуы сияқты бір неше ескертулерге аудара 
берсе, ол бірде-бір кемшілігін жөндей алмайды. Сабақ жаттығулар арасында үзіліс жасай отырып 30-40 
минутқа  созылуы  тиіс.  Себебі  дауыс  аппараты  тез  шаршап  жүйке-жүйесін  шалдықтырады.  Дауысты 
жақсы  шығару  үшін  күнделікті  жарты  сағат  жаттығу  қажет.  Оқушының  өз  бетінше  дайында-луына 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г. 
51 
тыйым салу керек, ол әнді дұрыс айтпай үйренуге, ұзақ уақыт кейде өмір бойы дауысты жоғалтуға әкеліп 
соғуы мүмкін. Әннің басқа аспабты музыкадан ерекшелігі дыбыспен сөз қатар жүретінінде. Ән айтылып 
жатқанда әннің-сөздерін анық нақты, таза дұрыс айтылуы «дикция» деп атайды. Сөз қалыптастыру, дауыс 
қоюдан кем емес уақыт, еңбек, шыдамдылықты қажет етеді. Дауыс өсу үшін ашық дауысты дыбыстармен 
көп жұмыс жасау керек, сөзсіз айтылатын вокализдерді дауысына ылайықты қазақ әндерін, шетел шығар-
маларын орындаумен жаттығулар арқылы техникалық, динамикалық қозғалыстар жасауға үйретіп әдет-
тендіреді. Музыкалық материалды дұрыс таңдаудың өзі дауыс тәрбиелеу болып саналады. Ән айтуда ми, 
жүйке, жүйелері, дыбыс аппараттары, көмей, ауыз қуысы,тіл, жұмсақ және қатты таңдай, кеңірдек, кеуде 
өкпе  сияқты  ағзалар  бір-бірімен  өзара  тығыз  байланыста  қызмет  атқарады.  Адамның  физиологиялық 
ерекшелігі, дыбыс аппараттарының орналасу жағдайына байланысты дауыс құбылысы әр түрлі. 
Дауыстың құлаққа жағымдылығы оның тембріне байланысты. Дауыс тембрі дегеніміз бір биіктіктегі 
естілетін әр бір дыбыстың өзіндік үні, өңі мен реңк өзгешелігін білдіреді. Дауыстың әдемі әуезді шығуы 
тыңдаушыға жағымды естілуі әрине көмейге байланысты. Көмейдің дұрыс қозғалмауы әуендік дыбыстың 
тембрінің өзгеруіне әкеліп соғады, демек өлең айту кезінде көмейдің дұрыс орналасуы вокалды педагоги-
ка  үшін  аса  маңызды  болып  келеді.  Негізі  ән  айтуда  көмей,  тыныс  және  резонатор  осы  үш  элементтің 
маңызы  бірдей.  Үшеуі  сайма-сай  үйлескен  жағдайда  бізге  қажетті  дауысты  қалыптастыруға  мүмкіндік 
туады. 
Көмейдің жоғарғы бөлігі тілдің астыңғы бұлшық еттерімен тілдің түбіне жалғасады. Көмейдің төменгі 
бөлігі кеңірдек, одан ары өкпеге ұласады. Негізі өзіміз өкпеге кең тыныс алсақ одан ақырын жұтқыншақ-
қа, одан ары ауыз қуыстарына, таңдай кеңсірікке дейін тұтас түтікше екені сезіледі. 
Ән айтудағы ең дұрыс бағыт көмейді дұрыс орналастырып,өкпеден шыққан демді ән арқылы үнемдеп 
шығарып, дауыс тірегін дұрыс ұстап, дауысты резанаторға бағыттаса әдемі дауыс, жағымды үн шығады. 
Ән  айтқанда  резонатордың  маңызы  өте  зор.  Резонатор  үстіңгі  және  астыңғы  болып  екіге  бөлінеді. 
Бірінші  үстіңгі  резонаторға  жұтқыншақ,  маңдай  қойнауы,  мұрын  қуысы  қосылған  жер,  кеңсірік  қатты 
таңдай  маңайын  айтады.  Екіншісіне  адамның  көкірек  төс  қуысын  көмейдің  төменгі  бөлігін  кеңірдек  - 
трахея, бронхаға жалғасып өкпеге ұласады, міне осы ағзаларды астыңғы резонатор немесе кеуде резона-
торы  деп  атаймыз.  Үстіңгі  резонатор  дауысты  әдемілеп,  өндеп  ұзаққа  ұшырып  сайраттса,  ал  астыңғы 
резонатор төменгі дыбыстарды құлаққа жағымды обертондармен байытып, жұмсартып естіртеді. Демек 
үстіңгі астыңғы резонаторды, бірдей қолданған жағдайда бірін-бірі толықтырып дауыс соңында ойдағы-
дай шығады. 
Тыныс алу процесі, тынысты сақтау және ән айтылып жатқан кезде үнемдеп шығару процестерінен 
құралады.  Тыныс  түрлерін  айтып  өтсек,  көкіректен  дем  алу,  қабырғаның  астынан  және  іштен  немесе 
кіндік құрсағынан дем алу болып бөлінеді. 
Тәжірибелі әнші тынысын аз жұмсай отырып, тынысты бұлшық еттерінің қайсысымен болсада жеткізе 
алады.  Мысалы:  лирикалық  стильде  орындау,  әдетте  жоғарғы  тыныс  алу  түріне  жатады,  драмалық 
шығармаларда тыныс төмендей түседі. Ән салу кезінде барлық әншілер аралас тыныс түрін қолданады. 
Көптеген  мұғалімдердің  айтуынша,  тыныс  алу  түрі  емес,  тыныстың  шығуының  ұйымдасқаны 
маңыздырақ дейді. 
Әншіден  жақсы  вокалдық  үн  мен  әдемі  сөз  бірдей  талап  етіледі.  Сөз  анық  болуы  үшін  дауыссыз 
дыбыстарды  дәл  және  тез  айтқан  жөн.  Дауысты  дыбыстар  ән  айтқанда  бірдей  деңгейде  вокалды  түрде 
естілуі қажет. Дауыс тәрбиелеудің фонетикалық әдісі – ең кең тараған әдістердің бірі. Дауыстың қажетті 
қасиеттерін  келтіруде  дыбыстарды  саналы  түрде  қолдану  үшін  педагогке  дыбыс  тілінің  өзгешеліктерін 
білу қажет. Ән айтудағы жұмсақ таңдай барлық жағдайда көтеріңкі болуы тиіс, бірақ оны көтеру шамалы 
оқушының  өзіндік  қасиетімен  айқындалуы  керек.  Жұтқыншақ  сезіну  жағынан  үнемі  еркін  болуы  тиіс. 
Ауыз бен ерін дауыссыз дыбыстарды анық айтуда еркін және белсенді болуы қажет. 
Көркем шығармаларды айтуға көшу кезінде қазақ халық әндері халық композиторларының өте қажет 
материал болып табылады. Мәселен, «Алқоңыр», «Ақдариға», «Көгөкөк», «Ләйлім шырақ» халық әндері, 
Абайдың «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» әндері.  
«Алқоңыр»,  «Ақбақай»,  «Гауһартас»  қазақтың  інжу  –  маржан  әндерінің  бірегейі  болып  саналатын, 
сұлулықты  суреттейтін  нәзік  әуенді  лирикалық  ән.  Орташа  екпінде  толқыта,  сабырлы  орындалады. 
Орындау барысында жоғарғы дыбыстарына тыныс еркін сезініп, таза әндетілуі тиіс. 
Халық әні – бұл ұлт психологиясын түсіну материалы. Етене жақын да түсінікті халық әндері студент-
тер мен оқушылардың музыкалық қабілетін дамытатын маңызды материал екендігін баса айту керек.  
Сол ретте халқымыздың дәстүрлі ән жанрында европалық романстардан кем түспейтін ән нұсқалары 
біршама.  Мысалы,  «Ардақ»,  «Хорлан»,  «Айнамкөз»,  «Гауһартас»,  «Айттым  сәлем  қаламқас», 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж. 
52 
«Қаракесек», «Зәуреш», сияқты халық композиторларының әндерін романс жанрына жатқызуға болады.  
Біздің  қазақ  халық  ән-күй  өнерінің  дамуында  орындаушылықтың  ғажайып  шыңына  жеткен  нағыз 
майталман өнер шеберлерінің ролі ерекше. Керемет дарын иелері Құрманғазы, Даулеткерей, Тәттімбет, 
Біржансал, Сегізсері, Жаяу Мұса, Ақан серілерден бастау алған ән-күй өнерін Иса, Әмірелер жалғасты-
рып қазақ деген әнші халықтың бар екенін дүниеге танытқан.  
Әншілік өнердің теориялық негізін меңгерген, нағыз кәсіби әншілердің алғашқы легі қазақ вокалдық 
өнерін дүниеге танытты. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» - деп халық текке айтпаса керек.  
Бұл арада халық артісі, ардагер ұстаз, қазақтың вокалдық өнеріне айрықша еңбегі сіңген, талай-талай 
майталман әншілерді тірбиелеген, жарты ғасырдан астам қажымай шәкірт тәрбиелеп келген менің ұстаз-
ым  Құрманғазы  атындағы  Ұлттық  консерваторияның  профессоры  Бекен  Жылысбаевтың,  Е.Серкебаев, 
Р.Жаманова,  Б.Төлегенова,  С.Құрманғалиеваның  еңбегі  зор  екенін  ерекше  атап  өтуіміз  керек.  Осы 
профессионал  ұстаздардың  тәрбиесімен  ілімінен  өткен,  бүкіл  одақ  вокалистер  конкурсының  лауреаты 
Әлібек  Дінішев,  бүкілодақтық  вокалистер  және  Цвикау  мен  Рио-Де  Жанейрода  өткен  халқаралық 
конкурстарының лауреаты Ғ.Есимов, алғаш рет Италияда болып мамандығын шандаған ҚР еңбек сіңір-
ген  әртісі  Майра  Мұхамедқызы  қазақ  өнерін  дүние  жүзіне  танытса,  КР  халық  артісі  Н.Үсенбаева, 
С.Байсултанов, Ж.Баспақова, Б.Қожабаев, Б.Ысқақов, М.Шалабаев, Ұ.Кенжебеков тағы басқалар қазіргі 
опера  өнерін  өз  елімізде,  шет  елдерде  танытып  келген  біздің  өнер  саңлақтарымызды  тәрбиелеп  қазақ 
вокал өнерінің жетістікке жетуіне осы профессионал ұстаздардың үлесі зор дегенді айткым келеді. [2, 40] 
Баланы оқытып үйрету, жетістікті болуы үшін, ұстаз өз бойында бар білімін аянбай жұмсап түсіндіріп 
көрсетуі тиіс, ал оқушы оны дұрыс қабылдап орындауға міндетті. 
 
1
 
Досанова У.Ж. Вокалды оқыту әдістемесі. – А.: ТОО «Копир&Ка», 2011. – 74 б. 
2
 
Әбікейұлы Қ. Кәсіби әншілік өнері. – А.: 2004. – 43 б. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет