Абай атындағы ҚазҰпу-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж



Pdf көрінісі
бет8/27
Дата03.03.2017
өлшемі4,9 Mb.
#7058
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27

Түйіндеме 
Бекова Г.А. - Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының бейнелеу және сәндік-қолданбалы 
өнер теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, ҚРСО мүшесі 
Балалар кітабы мәдени феномен ретінде  
Бұл мақалада балалар кітапбының мәселері қаралады. Бүкіл кітаптардың арасында, балалар кітабы атам заманғы 
дәстүрлерімен  ерекшеленіп,  ең  құрметті  мәдени  феномен  болып  табылады.  Мәселе,  балалар  кітабы  бізге  өңірдегі 
бейбітшілік пен өз өзің тануға көмектеседі. Бұл аспектіде балалар кітабының рөлі мен орнын бағалау қиынға соғады. 
Бұл ретте, оның мазмұнына ғана қатысты мәселелер емес. Бұл жерде аса маңызды болып табылатын көрнекі матери-
алды беру ғана емес жәнеде оның көркемдік безендіруі. Өкінішке қарай, қазақстандық әкиекте осы мәселеге өте аз 
назар аударылады. Автордың пікірінше, балалар кітабы - бірыңғай ансамблі, оның бүкіл элементтері бір тұтас болуы 
керек.  
Түйін сөздер: балалар кітабы, иллюстрация, мәдени феномен, ансамбль 
 
Summary  
Bekova G.A. - the senior teacher of chair of the theory and technique graphic and arts and crafts of Institute of arts, 
culture and sport Abay KAZNPU, the member of SHRK  
Children’s book as cultural phenomenon 
In article is considered the perspective of the children's book. Among all books, children's book consecrated with century 
traditions represents a special cultural phenomenon. So, the book since children's years helps us to learn the world surrounding 
us and itself. In this aspect it is difficult to overestimate a role and a place of the children's book. And, not only the questions 
concerning  its  contents.  Also  its  decorating,  visual  supply  of  material  has  important  value.  Unfortunately,  to  which  in  the 
Kazakhstan aura is not paid enough attention. The author considers that the children's book is a uniform ensemble in which its 
elements have to be combined all. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г. 
41 
Keywords: children's book, cultural phenomenon, illustration, ensemble 
 
УДК: 3708:75(574) Д40 
  
КОМПОЗИЦИЯ – ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 
 
М.Джанаев – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Шығармашылық мамандықтар» 
кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. 
 
Мақалада  композициялық  қызмет  және  композицияны  оқыту  әдістемесі  бір  тұтас  педагогикалық  процесс 
тұрғысында қарастырылады.  
Педагогикалық шығармашылық пен композициялық шығармашылық іс-әрекеттерінің үйлесімділігі, ондағы әдіс-
тәсілдердің  бір-біріне  сәйкес  интеграциялы  қолданылуы  таным  мәдениетін  қалыптастырып  нәтижеге  бағытталған 
оқыту негізін қалайтындығы айтылады. 
Бұл жұмыста композиция тұлғаны дамыту тәсілі және шығармашылығы ретінде қарастырылады. Композицияны 
оқыту  мәселелері  білімгер  тұлғасын  дамытуға  және  оларды  педагогикалық  қызметке  даярлауға  бағытталған. 
Композицияны  оқыту  әдістемесі  оқытудың  жаңа  технологиясы  тұрғысында  тұлғаны  қалыптастыру  мақсатында 
талданып  көрсетіледі.  Композиция  сабағында  жаңа  инновациялық  технологияларды  (радикалдық  инновация, 
модификациялық  инновация,  комбинаторлық  инновация)  қолдану  арқылы  білімгерлерді  саналы  композициялық 
көркем  шығармашылыққа  оқыту  жолдары  қарастырылады.  Жаңа  инновациялық  технологияларды  қолдану 
білімгерлердің  шығармашылық  ойлау  қабілеттерін  дамытып  оқу  мақсаттарын  игерудегі  білім  мен  композициялық 
шығармашылықтың үйлесімді тұтастығын қамтамасыз ететіндігі көрсетіледі.  
Кілтті сөздер: композиция, бейнелеу өнері, оқыту, шығармашылық, тұлға 
 
Педагогикалық мамандықтар бойынша композиция курсы білімгерлердің бейнелеу өнері саласындағы 
шығармашылық қабілеттерін, болашақ педагог мамандардың көркемдік мәдениеті мен танымын қалып-
тастыруға  бағытталған.  Композиция  пәнінің  суретші-педагог  даярлаудағы  маңызы  ерекше.  Мұнда  біз 
композиция пәні арқылы болашақ суретші-педагог даярлау тәсілдері мен әдістерін сараптап талдаймыз. 
Бейнелеу  өнері  арқылы  оқыту  мен  тәрбиелеуде  композиция  сабағындағы  шығармашылық  процесспен 
оның нәтижесін, оқыту әдіс-тәсілдерін өзара тұтас байланыста қарастыру оқушы тұлғасын қалыптастыру-
да  аса  маңызды.  Композиция  пәні  -  композиция  теориясын,  тәжірибесін,  композиция  әдіс-тәсілдерін, 
концептуалдық-перцептивтік  элементтерін,  композиция  құрылымын,  конструкциясын,  категорияларын, 
заңдылықтары мен ережелерін, түрлерін, олардың орындалу техникасы мен технологияларын, т.б. құрал-
дарын  біртұтас  жүйелі  байланыста  қарастыруы  тиіс.  Сонымен  қатар  композиция-  өнер  түрлері  арқылы 
білімгердің меңгерген білімі мен ойын жүзеге асыру және шығармашылық танымы мен қиялын дамыту 
негіздерін  қамтиды.  Бейнелеу  өнері  пәнінің  басты  міндеттері  оқушылардың  бейнелеу  өнеріне  деген 
қызығушылығын  оятып  көркем  танымын,  өз  қабілетіне  сенімділікке,  өз  бетінше  шешім  табуға,  өмірге 
бейімділікке,  көркем  шығармашылық  жұмыс  мәдениетіне  тәрбиелеу.  Сондықтан  оқушылардың  жұмыс 
құралдырын игеру, орындау әдіс-тәсілдерін, әдет-дағдыларын, машықтарын меңгертіп өз мүмкіндіктерін-
ше көркем образды сомдау қабілеттерін қалыптастыру негізінен композициялық қызмет арқылы жүзеге 
асады.  Оқушыларды  өз  сезім-түсініктерін,  ой-пайымдарын  жүйелі  түрде  нақты  жеткізе  білуге  баулу 
композициялық  ізденіс  пен  шешім  табуда  тәрбиеленеді.  Сондықтан  практикалық  жұмыс  барысында 
композициялық бейнелеудің техникалық әдістері мен көркем тәсілдерін саналы-сезімдік тұрғыда игеруге 
ерекше көңіл бөлінеді. Мұнда мұғалімнің бейнелеу құрал-тәсілдерін сабақ мазмұны мен құрылымына сай 
реттілікпен  көрсетіп  үйретуінің  мәні  зор.  Практикалық  жұмыс  түрлері  нысанды  бейнелік  қабылдау, 
талдау,  композициялық  құрылым  тұрғызу,  салу,  конструкциялық  ізденіс,  пластикалық  сезіну,  тондық, 
түстік, образдық модельдеу сияқты барлық композициялық шығармашылық іс-әрекетті, әдет-дағдыларды 
қамтиды. Сондықтан мақалада суретші-педагог даярлау жолдарын композиция пәні арқылы жүзеге асыру 
мүмкіндіктері өз алдына мақсатты түрде талданады. Зерттеу мақсаты, осы мәселелер негізінде компози-
ция пәнін жүргізу тәсілдері арқылы болашақ педагог мамандар даярлау әдістемелерін талдау, компози-
циялық шығармашылық қызметте тұлғаны дамыту болып табылады. 
Білімгер  мен  оқытушыға  ортақ  композициялық  және  педагогикалық  қызметтегі  шығармашылық 
процесс тұтастығы композиция орындаудың көркем-пластикалық жолдарын меңгеруге, көркем образдық 
шығармашылыққа бейімдеп, практикалық жұмыс мәдениетін қалыптастыра отырып тұлға дамуына мол 
мүмкіндіктер  береді.  Осы  мәселелер  композиция  пәнінің  мазмұны  мен  мақсаттарын,  композиция 
сабағындағы практикалық жұмыс түрлерін, мектептегі және ЖОО-дағы композицияны оқыту әдістемеле-

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж. 
42 
рін,  мамандық  бойынша  болашақ  суретші-педагог  даярлаудағы  композиция  пәнінің  ерекшеліктері  мен 
өзіндік қасиеттерін жан-жақты талдап саралауды талап етеді. 
Себебі композиция білім алушының эмоционалдық-рухани танымын қуаттандыратын ерекше көркем 
қызмет саласы болғандықтан, ол оның қоршаған ортамен байланыста болуына, өмірдегі өз орнын сезінуі-
не ықпал етіп тұлға дамуына мол мүмкіндіктер туғызады. «Курс композиции имеет большое значение для 
развития образного мышления студентов, подготовки их к самостоятельной творческой и педагогической 
работе. Не менее важен этот курс для воспитания личности художника, формирования его мировоззрения 
и общественнных, идейных устремлений» [1, с.9 ]. Бұл мәселелердің шешімі композиция пәнінің суретші-
педагог даярлаудағы маңызын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Көркем тәрбиелеу мен оқытудың жаңа 
бағыт-бағдары оқушыларға бейнелеу өнері пәнін оқытуда композиция сабақтарының мәні мен мазмұнын 
нақты деректермен көрсетеді. ЖОО-да композицияны оқыту типтік оқу бағдарламасы 5В010700-«Бейне-
леу  өнері  және  сызу»  мамандығы  бойынша  ҚР  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартына 
сәйкес  төмендегідей  мақсат-міндеттер  қояды:  -  композиция  негіздерін  меңгерту;  -  композицияның 
практикалық  орындалу  тәсілдерін,  техникасы  мен  технологияларын  игерту;  -  өнер  шығармаларына 
талдау  жасау,  көркем  қабылдау  қабілеттерін  арттыру,  практикалық  композициялық  әдет-дағдыларын 
шыңдау;  -  болашақ  мамандардың  пластикалық,  көркем  образдық,  бейнелі  ойлау  мен  шығармашылық 
қабілеттерін дамыту; - өнер шығармаларындағы композициялық құрылым мен орындау тәсілдері ерекше-
ліктерін игерту т.б. 
Қазіргі уақытта көркем білім беруде түрлі мақсаттарды шығармашылықпен өз бетінше шешуге бейім 
белсенді,  құзіретті,  конкуренттілікке  бейім  адамды  тәрбиелеу  мақсаты  тұр.  Суретші-педагогтарды 
даярлаудағы  жеке  тұлғаның  осындай  қасиеттерін  қалыптастыру  құралдарының  бірі  және  принципті 
түрдегі ең маңызды оқу пәндерінің бірі композиция болып табылады. Композициялық шығармашылықты 
терең  меңгеру  болашақ  педагог  мамандардың  көркем  бейнелеу  және  педагогикалық  шеберлігін,  кәсіби 
компетенттігін қалыптастырады. Композиция пәнінің басқа пәндерден арнайы мамандықтық ерекшелігі 
оның көркем шығармашылық танымдық және дүниеге көркем сезімдік ақиқат көзқарас жүйесін қалып-
тастыру мақсатының болуы. Оқыту технологиясын дұрыс қолдану жағдайында осы мақсаттарына байла-
нысты композиция - оқушының, білімгердің жалпы білім алушының білім-тәрбие алуға деген мотивация-
сын белсендіреді. Білімгер практикалық жұмыс барысында бейнеленетін нысанның, құбылыстың сырын 
ұғынып  оның  көркем  нақыштық  мәнін  көрсетуге  тырысады.  Дүние  құбылыстарының  мәнін  бейнелік 
композициялық шешім арқылы табуға үйренеді. Бұл білім алушы субьектінің дүниені табиғаттәнді және 
бейнелі  образдық  тұрғыда  танып  меңгеруге  құштарлығын  арттырып  білім  алуға  деген  мотивациясын 
туындатады. Мұндай құлшыныс шығармашылық мотивция туғызып, табиғат пен қоғамда болып жатқан 
өзгерістер  мен  құбылыстардың  сырын  ұғынуға  ынталандырып  тұлға  дамуына  мүмкіндіктер  береді.  Ал 
композиция  сабақтарында  тұлғаны  қалыптастыру  парадигмасы  бойынша  білім  мазмұнында  рухани 
таным, тәрбие мен мәдениет компоненттеріне басымдық берілуі тиіс екендігі аян. Сөйтіп композицияны 
меңгеру  оқу-шығармашылық  қызметті  табысты  атқарудағы  бейнелеу  өнерінің  ең  маңызды  нақышты-
бейнелік құралы болып табылады. 
Композиция курсы студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытумен қатар шындықты көркем-
образдық  тұрғыда  шынайы  бейнелеудегі  композицияның  обьективті  заңдылықтарын,  құралдарын, 
тәсілдері мен ережелерін оқытуды өзінің мақсаты етіп қояды. Композиция курсы студенттердің образдық 
ойлауын  дамытуда,  оларды  өзіндік  шығармашылық  және  педагогикалық  қызметке  даярлауда  үлкен 
маңызға ие. Оқыту барысында студент көркем бейнелеу тілінің негізгі, неғұрлым маңызды компонентте-
рімен  танысады,  практикалық  білім  мен  живописьтік  бейнелеу  заңдылықтары  және  композицияның 
нақышты құралдарының эмоционалды-мазмұндық аспектілері туралы мәлімет алады.  
Композиция  пәнінің  мақсаты  студенттің  композиция  негіздерін  меңгеруі,  көркем  ойды  дамытуы, 
композицияның түпкі ойын өзіндік көркем орындау мәнерін қалыптастыруы,  суретші-педагог ретіндегі 
кәсіби  қызметіне  қажетті  білім,  іскерлік  және  дағдыны  жеткілікті  дәрежеде  алуы  болып  табылады. 
Сонымен қатар композиция пәнінің негізгі міндеттері студенттің шығармашылық жеке даралық қасиетте-
рін қалыптастыру, оны тарихи көркем тәжірибені меңгеруге ғана жетелеп қоймай, сонымен қатар өзіндік 
жеке дара живописьтік мәнерін қалыптастыруға ынталандыру болып табылады.  
Композиция пәнін оқу кезінде студенттер бейнелеу шығармашылығының живописьтік техникаларын, 
реалистік тұғырлық живописьтің композициялық шешімін табу дағдыларын дамытып бекітеді.  
Композицияның типтік бағдарламасында теориялық, практикалық сабақтар мазмұны, живопись тілін 
үйрену  жолдары,  картинаның  құрылу  заңдылықтары  қамтылған.  Бағдарламада  түрлі  материалдармен 
жұмыс жасау, тұтас көру, қабылдау және тұтас жазу дағдыларын қалыптастыру мен қатар білімгерлерді 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г. 
43 
образдық  ойлау  дәстүріне  үйрету  міндеттері  көрсетілген.  Бағдарлама  бойынша  натюрморт,  пейзаж, 
интерьер,  портрет,  көп  тұлғалы  және  сюжеттік  композициялар  орындауға  үйрету  мақсаты  көзделген. 
Композиция пәні мен бағдарлама мазмұны негізінде композицияны оқыту әдіс-тәсілдері арқылы болашақ 
педагог  маманды  кәсіптік  қызметке  даярлау  техникалары  мен  технологияларын  анықтау  мүмкіндігі 
туындайды.  Болашақ  суретші-педагог  мамандарды  кәсіптік  қызметке  даярлауда  жоғарғы  оқу  орнының 
оқу үрдісінің басты мақсатын анықтауға композицияның теориялық, практикалық, көркем пластикалық 
шығармашылық мүмкіндіктері толық интеграциялы жағдайлар туғызады.  
Өркениет дамуы адамзат шығармашылығымен келетіні анық. Көркемдік таным мен көркем шығарма-
шылық визуальды-перцептивті негізде адамзат дамуының бастау көзі, дүниеге көзқарас жүйесі екендігін 
көптеген  дәлелдерден  білеміз.  Джон  Дьюи  тілімен  айтқанда  –  «адамның  ақиқатқа  деген  танымдық 
қатынасы оның дүниеге көзқарас жүйесінің қажетті жағын көрсетеді». 
Сондықтан композицияны оқыту - өнер, мәдениет және білім берудің эмоционалды-шығармашылық 
парадигмасынан  бастау  алуы  әбден  маңызды.  Бүгінгі  таңдағы  адами  капитал  деңгейі  тек  білім-таным, 
тәрбие негізі, ой-өріс, ақылға ғана емес, эмоционалды сана-сезімдік шығармашылық танымға негізделген 
эмоционалды интеллектке де тәуелді. Адамның мәдени-танымдық, әлеуметтік ресурстары мен білімін өз 
өмірі мен қызметінде қолдану қабілеті де осы рухани даму заңдылықтарымен байланысты. Осы тұрғыдан 
композиция  пәні  өнер-білімдік  кеңістік  аймағында  шығармашылық  мазмұндық  бір  тұтастықта  жүйелі 
қарастырылуы  тиіс.  Композициялық  қызмет  өзінің  эмоционалдық-сезімдік,  көркем  танымдық,  рухани 
құндылықтық мазмұнымен, әдіс-тәсілдерінің әсер ету мүмкіндіктерінің молдығымен және қуаттылығы-
мен  тұлға  ой-өрісінің  дамуына  әсер  етеді.  Сөйтіп  композициялық  қызмет  қоғамдық  санада  көркем 
тәрбиелік мазмұнға ие болады. Л.С. Выготский сөзімен, «все прикладное значение искусства, в конечном 
счете,  и  сводится  к  его  воспитывающему  действию»  [2,  с.243].  Бұл  тұтас  мәдени-білімдік  мақсаттар 
тұлғаны қалыптастыру парадигмасына негізделеді.  
Батыс  және  т.б  шетелдерде  гуманитарлық  ізгілік  және  мәдени  танымдық  пәндерге  жеке  тұлғаны 
дамыту мақсатында дамытушы негізгі пәндер ретінде басымдық беріледі. Білім беруде тұлғаны қалыптас-
тыру  стратегиясының  басты  критериі  болашақ  өмірде  игерген  білімі  мен  танымын  шығармашылықпен 
қолдану компетенттігі. Білім беруде тұлғаның қалыптасуына көркем шығармашылық пәндер эмоционал-
ды интеллект тұрғысында әсер етеді. Тұлғаны қалыптастыруда өмірлік тәжірибеде қолданылатын компе-
тенттілік-«рухани  азықты  құрайтын  үш  компоненттің  –  тәрбиеліліктің,  мәдениеттіліктің,  білімділіктің 
тиімді  симбиозымен  түзіледі»  (Қ.Жүкешев  «Тіл  философиясы»).  Сондықтан,  болашақ  кәсіби  суретші-
педагог мамандар өмірлік тәжірибеде қолдануға қажетті компетенциларды меңгеруі қажет. Өмірдегі мәні 
және қызметтегі функциялық мазмұны мен анықталатын компетентттілік көркем өнердегі композиция-
лық шығармашылық пен педагогикалық қызмет саласында студенттердің қолдануына қажетті қалыптаса-
тын  ұстанымдар  жиынтығы  мен  тұтастығы  тұлғаны  қалыптастыру  бағыты  парадигмасына  негізделген. 
Тұлғаны  қалыптастыру  бағыты  білім  стратегиясы  бойынша  білімгер  өмір  сүруге  бейімдік  компетентті 
және қоғадық, әлеуметтік, мәдени функцияларды атқаруға қабілетті болуы тиіс. Тұлғаны қалыптастыру 
бағыты  парадигмасы  бойынша  білім  мазмұнында  тәрбие  мен  мәдениет  компетенттеріне  басымдық 
беріліп отырады. Осыған байланысты Джон Локк былай дейді: « Баланы оқытқан жөн, бірақ ол одан да 
маңызды сапалықтарды дамытуға қосымша құрал ретінде екінші қатарда тұруы керек» [3, 546-547 бб.]. 
Осы  бағытта  тұлғаны  тәрбиелеу  мен  адам  жан  әлемін,  мәдениетін,  өмірге  бейімдігін  дамытуды  мақсат 
еткен парадигма білімгерлерді болашақ кәсіби қызметке даярлауда негізгі мақсат болып қалады. Тұлғаны 
дамытуға  бағытталған  білім  парадигмасына  сай  өмір  сүруге  компетентті  және  қоғамдық  функцияны 
атқаруға бейім суретші-педагог маман даярлаудағы білім беру мазмұнында көркем тәрбие мен мәдениет, 
руханилық,  эмоционалды  сезімдік  компоненттерге  композиция  пәнінде  басымдық  беріледі.  Мысалы, 
композиция құруда бейнелі ойлау тәсілін игеру, пластикалы елестету, әсерлі қабылдау, форма мен мазмұн 
тұтастығы  барлығы  маңызды  композициялық  білім  компоненттері.  Осы  композициялық  мақсаттарды 
толық  мәнде  игеру  үшін-  зат  пішінін,  түсін,  кеңістікті,  композицияны  жазықтықта  анықтау;  белгілі  бір 
нақты  образды  көрсету;  элементтер,  заттар,  түстер,  пішін  мен  түс,  түс  пен  кеңістік,  түс  пен  қатынас, 
контраст пен нюанс, көлем, кеңістік, уақыт т.б. тәсілдеріне тәжірибелік жаттығулар орындалады. Сондай-
ақ  келесі  кезекте  образдық-нақыштық  қасиеттердің  өзіндік  ерекшеліктері;  семантика,  символика  және 
пішін  мәні;  жарық-түстік  композициялық  шешім  табу;  кеңістік  түсі  мен  пішінін  табу  шешімі;  олардың 
өзара байланысы мен мінездемесі, эстетикалық, функциялық мәнділігі; әлемді бейнелі-пластикалық тану 
және  бейнелеу;  бейнелеудегі  логикалық  және  эмоционалдық  шешім  бірлігі  сияқты  тапсырмаларды, 
этюдтерді, эскиздерді, проектілерді графикалық сызықтық, тондық қатынастарда және түстік статикалық, 
динамикалық түрде орындау жаттығулары беріледі. Композициялық жұмыстарда мән-мазмұндық өзара 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж. 
44 
байланыстарды  саналы  түрде  қолдану  тәсілдері  (формальдық,  түстік,  пішіндік,  кеңістіктік,  уақыттық), 
орындау  мүмкіндіктері  мен  шешімдері  анықталады.  Терең-кеңістіктік  композицияда,  белгілі  бір  нақты 
образды  сомдауда  түс,  пішін,  кеңістік  мақсаттарын  өз  бетінше  шешу  тапсырмалары  да  қолданылады. 
Кеңістікте, жазықтықта, бітеу, тұтас жабық кеңістікте сызық, түс, пішін, кеңістік мәнділіктерін мазмұнды 
және  максимальды  кең  түрде  көрсете  отырып  ерекше  түптамырлы  бейнелі  ойлау,  стандартты  емес 
шешімде  анықтап  орындау  мақсаттары  жүктеледі.  Белгілі  бір  мазмұндық  мәндегі  әртүрлі  формаларды 
орындауда  контраст  пен  нюанстарды  пайдалану  тәсілдері,  көлемді-кеңістіктік  бейнелеуде  көңіл-күйді 
көрсету, әлемдік құрылым мәселелеріне көңіл бөлу, өмірді түстік пайымдау, бейнелі зерделеу міндеттерін 
көздейтін тапсырмалар орындау да композициялық шеберлікті шыңдауға мүмкіндік туғызады.  
Осы білім негіздерін меңгеруде композицияны оқыту мәселесінен туындайтын мұғалімнің педагогика-
лық шығармашылығы нәтижесінде жаңа инновациялық технологияларды қолдану, дәстүрлі сабақтардағы 
статикалық күйді өзгертіп сабақты жаңаша біліми компетенттік арнаға бұрады.  
Композиция пәнінде жаңа инновациялық технологияларды (радикалдық инновация, модификациялық 
инновация,  комбинаторлық  инновация)  қолдану  білімгердің  оқу  қызметінде  көркем-танымдық  ой 
туғызып, осы пәннің түпкі мақсатына сай шығармашылық ізденіс тәсілдері арқылы бейнелі ойды талап 
етіп,  оларды  саналы  композициялық  көркем  шығармашылыққа  бейімдейді.  Яғни,  жаңа  инновациялық 
технология  білімгердің  оқу-білім  қызметінде  өзіндік  танымдық  ой  тудырып  көркем  шығармашылық 
сананы  ынталандырады.  Құндылықтық  бағдарлау  негізінде  композициялық  білімнің  ең  өзекті  және 
имманентті мәселесі бейнелі-пластикалық, көркем образдық ой-қиял ауқымдылығына, білім алу сапасына 
көңіл бөлінеді. Осының нәтижесінде композициялық ой-қиял ауқымдылығы мен тереңдігі, эмоционалды 
әсерлігі жаңа көркем бейнелік образдарды жеңіл ойлап табуға ықпал етеді. Демек, жаңа инновациялық 
технологияларды  қолдану  білімгердің  шығармашылық  ойлау  қабілеттерін  дамытып  оқу  мақсаттарын 
игерудегі білім мен композициялық шығармашылықтың үйлесімді тұтастығын қамтамасыз етеді. Мұндай 
технологиялар  білімгердің  шығармашылық  белсенділігін  талап  етіп  жаңа  ізденістерге  бастау  болады. 
Сондай-ақ, бұл технологиялар білім алушының даралық қасиетін дамытуға, түрлі мазмұндағы шығарма-
шылық  қызметінде  дұрыс  шешім  табуға  бейімдейді.  Жалпы  жаңа  инновациялық  технологиялар  мен 
композициялық  шығармашылық  үйлесімді  байланысы,  шығармашылық  ой  қозғауға  ықпал  етіп  негізгі 
мақсатты  саналы  түйіндеуге  әкеліп  білімгер  дүниетанымы,  композициялық  шығармашылық  қабілеті 
артады. Тұлғаны дамытуға бағытталған білім парадигмасы бойынша көркем рухани тәрбие мен мәдениет 
таным мен білім негіздерін зерделеуге мүмкіндік береді. Композициялық шығармашылық пен педагоги-
калық  іс-әрекет,  қызмет  оқу-тәрбие  процесі  мен  композициялық  қызмет  процесінің  үйлесімі,  білім 
алушының  танымдық  және  рухани  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  мүмкіндік  береді.  Білім  алушы 
субьектінің  білімге,  композициялық  шығармашылыққа  құштарлық  қатынасын  арттырып,  білім  алуға 
деген мотивациясын тудырып композициялық, көркем танымдық қызмет үрдісіне енуін қамтамасыз етеді. 
Композициялық шығармашылық пен педагогикалық іс-әрекет, қызмет үйлесімін басшылыққа алу білім-
герлердің кәсіби педагогикалық даярлығының негізі. Бұл салалық (пәндік) және локальдық (модульдік) 
педагогикалық  технология  үрдісінде  жүзеге  асады.  Осы  бағытта  оқыту  технологисын  қолдану  арқылы 
композициялық білім беруде есте сақтауға негізделген білім алудан, бұрынғы меңгерген танымды қолда-
нып,  шығармашылық  ой-қиялды,  танымдық  ақыл-ойды  дамытуға  бағытталған  оқытуға  басымдық  беру 
қажет. Композицияны оқыту үрдісі мен оның өзіндік шығармашылық мәні педагогикалық технологияда-
ғы  білімнің  статистикалық,  знаниецентристік  үлгісінен  сезімдік-эмоционалдық  ақыл-ой  әрекетінің 
динамикалық-құрылымдық жүйесіне бағдарлауды бүгінгі күн талабы деп қараған жөн. Мұндай техноло-
гияларды  қолдануда  композиция  пәнін  оқыту  мақсатына  сай  білімгерлер  оқу  қызметінің  әдістері  мен 
формалары  оқытушы  педагогикалық  іс-әрекетінің,  жұмысының  әдістері  мен  формаларының  сәйкестігі 
мен  бір  тұтастығы  ескерілуі  маңызды.  Бұл  педагогикалық  және  көркем  шығармашылық  табиғаттәнді 
қызмет жүйесінде білімгер мен оқытушыға ортақ  тәжірибеде іске асырылатын мақсат  - сананы құнды-
лықтық бағдарлау мен шығармашылық потенциалды белсендіру арқылы мәдени әлеуметті тұлға қалыпта-
суына жол ашу.  
Философиялық тұрғыдағы табиғаттәнділік – адамның табиғи мүмкіндіктерін ескеру, адам мен табиғат-
тың үйлестігін басшылыққа алу негізінде тұлғаны жан-жақты дамытуға бағдарланады. Осы табиғаттәнді-
лік  мәнділікке  сай  композициялық  оқыту  өзінің  идеялық,  ойтүрткілік,  эмоционалды-шығармашылық 
танымдық тереңдігімен антропософияға (адамның рухани құндылығын зерттеуші бағыт) негізделуі тиіс 
дап есептейміз.  Композициядағы идеялылық, бейнелік ой-түрткілік алғышарттар суретші дүниетанымы 
арқылы  рухани  мәнділікке  негізделеді.  Осы  мәселе  төңірегінде  Е.А.  Кибрик  өз  ойын  былай  білдіреді: 
«Область композиции является средоточием идейно-творческого начала в изобразительном искусстве. ... 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г. 
45 
Попросту говоря, через композицию художник выражает то, что заинтересовало, увлекло его в модели, 
то,  из-за  чего  он  стал  ее  изображать.  Эти  же  обстоятельства  можно  считать  руководящей  идеей  его 
творческого процесса. 
Стало быть, даже простое изображение  модели становится художественным  явлением только тогда, 
когда  одухотворено  идейным  замыслом,  реализованным  через  композицию.  ...  Поэтому  огромное 
значение для художника имеет мировоззрение. Под мировоззрением художника часто понимают сумму 
его общественных взглядов и знаний. В художественном творчестве эти взгляды и знания только тогда 
имеют значение, когда они не просто усвоены, но стали определять и его мысли и его чувства – стали его 
мироощущением.  Именно  мироощущение  формирует  подлинное  содержание  художественного 
творчества»  [4,  с.  33-34].  Композициямен  айналысу  білімгердің  қоршаған  орта  ақиқатын  тануға,  оны 
бейнелік  шығармашылық  деңгейде  шеберлікпен  меңгеруге  құштарлығын  арттырып  өзін-өзі  жасаушы 
экзистенциалистік деңгейдегі мотивацияны туындатады.  
Ал  мұндай  мотивация  білімгер  субьектінің  композициялық  шығармашылықты  меңгеруге  деген 
қатынасынан, ынта-жігерінен туындайды. Сөйтіп білім сапасы білімгер мотвациясынан, шығармашылық 
танымдық  қажеттілігінен  бастау  алады.  Бұл  тұлға  қалыптасуының  басты  көзі.  Сонымен  қатар  ақыл-ой 
әрекетін сатылап дамыту теориясын жүзеге асыру технологиясы (М.Б. Волович) және білім философия-
сынан  белгілі  бір  мәдени  ортада  адамның  ақыл-ой  және  адамгерщілік  дамуы  қалай  жүретінін,  бұл 
үрдістегі білім беру жүйесінің алатын орнын бағалайтын және бағыттайтын пән деп қарастырады. Мұнда 
философиялық  ой-пікірлер  бойынша  таным  мен  білім  негіздерін  үнемі  зерделеп  отыру  маңызды.  Білім 
философиясы  негізіндегі  философиялық ой-пікірлер жүйесі композициялық  шығармашылық ойлау  мен 
педагогикалық  антропософиялық-рухани  құндылықтық  тұтастық  жүйесін  құрады.  Ал  «Интерактивтік, 
диалогтік, рефлексиялық тәсілдердің қолданылуы сабақ үрдісіне қатысушылардың белсенділігін, әдісте-
мелік танымын арттырады және оның дәстүрлі оқытудан тиімділігі жоғары болып келеді» [5, 27-28 бб.]. 
Сондықтан  композицияны  жаңа  технологиялар  қолданып  оқыту  білімгерлерді  кәсіби  бағдарлы  білімге 
баулу  жүйесінде  өте  маңызды.  Себебі  оқытуда  жеке  тұлғалық  қасиеттерді  тәрбиелеу  мен  қатар  кәсіби 
даярлықта  мектеп  пен  ЖОО  байланысы  артады.  Бұл  сабақтарда  білімгер  көркем-ақпараттық  білім, 
идеялық,  эмоционалдық  қуат  алады.  Ол  оның  сезімдері  мен  ой-түйсігін  ынталандырып  тиісінше  оның 
өмірге  деген  көзқарасын,  өзіндік  жеке  дара  рухани  құндылықтар  жүйесін  қалыптастырады.  Осының 
негізінде,  ол  білімгер  тұлғасының  өмірге  беймділігін,  көркем  мәдениетті  түсіне  қабылдау  қажеттілігін 
арттырады, жалпы адамзатқа тән және универсальді шығармашылық қабілетті дамытады.  
Ал педагогикалық шеберлік пен композициялық шығармашылықтағы ортақ мәселе көркем-шығарма-
шылық қызмет байланысында дүниені практикалық-рухани меңгеру. Шығармашылық қиял арқылы ғана 
адамзат  осы  шығармашылықты  қоршаған  ортаны  тану  мен  оны  өзгертудегі  тәсіл  әмбебаптық  (универ-
сальды)  болып  табылады.  Мұнда  негізгі  және  маңызды  мәселе  -  білімгердің  позитивті  қуатын  ояту, 
шығармашылық  еркін  шыңдау,  дағдысын  дамыту,  өзіндік  шығармашылық  түпкі  ойын  жүзеге  асыруға 
тәрбиелеу. Нәтижесінде білімгер тұлғасы кез келген қызметте жаңалық элементтерін енгізуге, оригинал-
дылыққа және уникалдылыққа, қоғамдық прогреске, жетістіктерге бейім болады. Қорытындылай келген-
де  мұндай  оқыту  технологиялары  кәсіби  бағдарлы  даярлауда  білімгердің  өзін-  өзі  анықтауға,  кәсіби 
педагогикалық-психологиялық,  көркем  шығармашылық,  әлуметтік-экономикалық  білімін  дамытуға, 
өмірге бейімдігін қалыптастыруға жол ашады. Жалпы композициялық шығармашылық қызмет адамның 
ақиқатқа  деген  танымдық  қатынасында  дүниеге  көзқарас  жүйесінің  өзіндік  кәсіби  формасы  болып, 
адамның бейнелеу өнеріндегі жалпы көркем таным-білімдік бастауы болып қалады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет