Зерттеу мақсаты. Қазақ әдебиетіндегі сыншыл реализмнің өкілі Абай Құнанбаев шығармаларын зерттеу.
Зерттеу пәні. Абай Құнанбаевтың реалистік шығармалары
Зерттеу нысаны. Абай Құнанбаевты сыншыл реализм өкілі ретінде зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
Қазақ әдебиетінде сыншыл реализм әдісінің қалыптасуына сипаттама беру;
Сыншыл реализм түсінігіне анықтама беру.
Сыншыл реализмнің атақты өкілдерін сипаттау;
Абайдың реалистік шығармаларының үндестігін зерттеу.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: зерттеуде ғылыми-әдістемелік, философиялық, педагогикалық, психологиялық еңбектер, оқулықтар, оқу құралдары, бағалау технологиясы туралы еңбектер негізге алынды.
Зерттеу әдістері: зерттеу алдына қойған мәселелерді шешу және ғылыми болжамды тексеру - теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау мен жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу әдістері қолданылады.
Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық еңбектер, алдыңғы қатарлыпедагогтардың іс-тәжірибесі, педагог ғалымдардың ғылыми еңбектері.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қазақ әдебиетінде сыншыл реализм әдісінің қалыптасуы
1.1 Сыншыл реализм түсінігі
Əдебиет тарихын ғылыми негізде дəуірлеу — оның белгілі бір ғасырларының тұтас көркемдік бағыт-бағдарын зерттеу мəселесімен сабақтас. Бұл орайда ХХ ғасырдың 40-жылдары жарық көрген оқулықтардың ғылыми сипатын еселеген өзекті мəселелер ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті тарихының нақты зерттеу нысанына алынуы. Осы жағынан келгенде Е.Ысмайыловтың 1941 жылы жарық көрген «XX ғасырдағы қазақ əдебиеті» оқулығы үлкен мəнге ие. Ғалым еңбегі қазақ əдебиетінің даму жолын көркемдік əдіс, əдеби бағыт бойынша қарастыруда тың қадам жасады. Əсіресе арнайы зерттеуге алынбай келген XX ғасыр басындағы əдебиеттің көрнекті өкілдерін талдауы олардың шығармашылығын көркемдік ерекшелігіне сай «сыншыл реализм əдебиеті» жəне «демократияшыл əдебиет» деп екіге жіктеуі назар аудартады. Атап айтқанда, көркемдік əдіс пен əдеби бағыт тұрғысынан ақын-жазушылардың шығармаларын жүйелеп, жіктеп талдауы əдебиет тарихын дəуірлеудегі озық əдіснамалық тəжірибелердің қазақ əдебиеттануындағы ұштастыра қолдану талабындағы ғылыми принциптердің өз табиғатынан таза ажырап кетпегендігін дəлелдей түседі. Е.Ысмайыловтың: «Қазақ əдебиетінде сыншыл реализм Асанқайғы, Бұқар жыраудан басталып, Шортанбайдың заманында толық қалыптасты», — деген көзқарасынан, біріншіден, жазба əдебиеттегі сыншыл реализм көрінісінің табиғатын көрсетуді діттеуін, екіншіден, қазақ əдебиеті тарихының бастауы Асанқайғыдан, яғни, XV ғасырда жатыр деген ойдың ұшқынын аңғарамыз. Ал «Қазақтың демократияшыл əдебиетінің негізі — фольклорда» дегенінен көркемдік дамудағы тарихи сабақтастықты байыптаған зерттеушілік танымы танылады [1].
Еңбектің «Сыншыл реализм əдебиеті» жəне «Демократияшыл əдебиет» атты екі бөлімі ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің даму үрдісін тануға мүмкіндік береді. «Сыншыл реализм əдебиеті» жігінде Н.Орманбетұлы, О.Қарашев, Н.Наушабаев, «Демократияшыл əдебиет» жігінде М.Ж.Көпеев, С.Көбеев, С.Торайғыров, С.Дөнентаев шығармашылығы талданған.
Сыншыл реализм. Реализм( лат realis-заттылық, шындық) –әдебиет пен өнерде кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында нақтылық сипат белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс [2]. Реализм әдісі суреткерден өмір құб-н, маңызды қоғамдық мәселелерді,күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайларды мейілінше кең қамтып, әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын терең ашып көрсетуді қарапайым адамдардың бейнесін сипаттауға жете назар аударуды талап етеді. Егер романтизм әдісі көбінесе сирек кездесетін ерекше жағдайларда көңіл аудара, реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсету қасиеттерін мойындайды. Реалистік әдіс орыс әдістемесінде де Пушкин творчествосы арқылы биік дәрежеге көтерілді. Пушкиннің Евгений Онегин Капитан қызы романдары бар. Қазақ әд-де реализм әдісі Абай поэзиясында жоғарға сатыға көтерілді. Абайға жалғас шыққан қазақ әд-ң ірі өкілдері Ш.Құдайбердиев,М.Дулатов т.б. реализм әдісін өркендетіп,дамыта түсті.Реализм өмірде болатын, үнемі кездесетін нақтылы жай-жағдайларды,адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет санайды дегенде әрине, мұны оған алға ұмтылудың, алыс арнаға, асқақ қиялға бой ұрушылық жай деп түсіну дұрыс болмайды.
«Сыншыл реализм» терминін зерттеуші көркемдік əдіс жəне де шығарма тақырыбының идеялық түп қазығы тұрғысынан қарастырады [3]. Мысалы, «Сыншыл реализм əдебиеті өкілдері кең қонысты, тыныштық дүниені іздегенде, арман қылғанда, кейде əсіресе бастапқы кезде жазған шығармаларында көшпелі мешеу заманды да аңсап кетеді. Жақсылықты, кеңшілік дүние — өткен заманда, артта қалды-ау дегендей кейін қарап бір күңірінеді, сонау өрісі кең байқау жайлауға көз жіберіп, мұңаяды. Бірақ Омар, Нарманбет жəне Мəшһүр Жүсіп ескі көшпелі, мешеу ауылдың бейнелерін кейде аңсай жырлағанмен оны нысана етіп, тұрақтап қалмайды», - деп заманға сай ілгерлеу жолын нұсқағандарын айтады. Бұл жерде ғалым аталған ақындар шығармашылығында ұлттық дүниетанымнан жəне дəуір тынысынан туындаған қайшылықты байыптаса керек. Ал демократияшыл əдебиеттің негізгі сарыны «əлеуметтік ұран, халықты ояту мотивтері, бірақ бұдан жалаң үгіт түрінде деген қорытынды тумайды, өрістеген жаңа əдебиет, оның ішінде əсіресе поэзияда Абай бастап биік шыңға көтерген үлкен мəдениетті меңгеру жəне орыс əдебиетіне бұрынғыдан да жақын біте қайнаса араласу бет алысы үлкен орын алады. Шығармалардың сюжеті байып, əлеумет өмірін жырлаудағы мотивтер бүкіл халықтың аузындағы ұранға айналды, ұлт-азаттық қозғалысының ұраны жырланатын болды», - деп осы бағыттағы шығармалардың тақырыптық-идеялық арнасын көрсетеді.
Е.Ысмайылов еңбегін қарастырған зерттеушілер «сыншыл реализм əдебиеті» мен «демократияшыл əдебиет» деп жіктеулерінде айқындық жетіспейтінін, «сыншыл реализм» терминін көркемдік əдіс тұрғысынан емес, идеялық нысана тұрғысынан түсініп ғылыми қателікке ұрынған деп қарастырады.
1.2 Сыншыл реализмнің атақты өкілдері
Реалистік әдістің негізгі өзгешелігі өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейне-тұлғалар жасау дейміз.
Реалистік әдіс орыс әдебиетінде Пушкин творчествосы арқылы биік дәрежеге көтерілді. Пушкиннің «Евгений Онегин», «Капитан қызы» романдары, көптеген лирикалық өлеңдері осы әдістің орыс әдебиетінде берік орын алуына мүмкіндік туғызды. Реализм әдісі одан әрі М.А.Гончаров, И.С.Тургенев, Л.Толстой, А.П.Чехов шығармаларында кеңінен өріс алды. Қазақ әдебиетінде реализм әдісі Абай поэзиясында жоғары сатыға көтерілді. Абайға жалғас шыққан қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов т.б. реализм әдісін өркендетіп, дамыта түсті [4].
Реализмнің тууы, қалыптасуы және дамуы туралы пікірлер де әр алуан: біреулер бағыт ретінде ХVІІІ ғасырда туды десе, біреулер ағым ретінде ХІХ ғасырда қалыптасты деседі. Ал әдіс ретінде дамуын қадағалаушылар оны ғасырлар тереңіне әкетіп, бір-біріне тұтасқан түр-түрге бөледі. Көне дүние (антика) реализмі, ояну дәуірінің реализмі, Ағарту кезінің реализмі, Қайта өрлеу кезеңінің реализмі, Сыншыл реализм, Социалистік реализм [5].
Сыншыл реализм- әдебиеттегі көркем әдіс, оның басты ерекшелігі - өмірді шыншылдықпен бейнелеп, адамдардың тағдырын, олардың типтік мінез- бітімін, характерін типтік жағдайда көрсете отырып, қоғамдық өмірдегі қайшылықтарды, кемшіліктерді қатты сынға алу. ХХ ғасыр басындағы әлекметтік өзгерістерге байланысты жаңа сатыға көтерілген қазақ жазба әдебиеті өмірдің қат-қабатына терең бойлап, қоғамдық әлеуметтік қайшылықтарды ашуға ұмтылды. Россиядағы саяси хал-ахуал, қазақ зиялыларының саяси көзқарастарының қалыптасуы сыншыл реалистік әдістің әдебиетте жетекші әдіске айналуына әсер етіп қана қоймай, осы саладағы әдеби дамуға негіз қалады.
Сыншыл реализм ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиеттің көрнекті өкілдері Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мұхамеджан, Сұлтанмахмұт, Мағжан және т.б. дарынды өкілдерінің өнерпаздық-шығарашылық қызметіндегі басты көркемдік әдіс болды. Олардың барлығы да қазақ елінің дертті мәселелерін тілге тиек етіп, қоғамдық өмірдің көлеңкелі тұстарын ашып көрсетті.
Сыншыл реализм әдісінде «Гүлкәшима», «Қалың мал», «Кім жазықты?» сынды шығармалар жазылды [6].
Өмірдің көркем шындығы реализм әдебиетінен жан-жақтан көрініс табатындығы мәлім. Реалистік әдебиет Абай тұсында көрініс беріп, әсіресе, сыншылдық сапада байқалған болатын. Міне осы бағыт, осы бет XX ғасыр басында жалғасын тауып жатты. Қоғамның сын айнасына түскен суреттері А.Байтұрсынұлының, М.Дулатұлының 1902-1909 жылдары жазылған өлеңдерінен көрінеді. Сыншылдық, ағартушылық реализм ауқымында дүниеге келген бұл туындыларды оқшау атап отырғанымыз – олардың бойында ұлт-азаттық идеялар жатқан еді. Әйтпесе, ағартушылық, сыншылдық бағыттағы туындыларды Мәшһүр-Жүсіп, Шәкәрім, Спандияр Көбеев, Сәбит Дөнентаев, Нарманбет Орманбетұлы тағы да басқалардың поэзиясынан көруге болар еді. Ахметтің «Қырық мысал», «Маса», Міржақыптың «Оян, қазақ!», «Азамат» жинақтарына енген өлеңдері жоғарыда аталған кезеңде жазылып, ендігі жерде қазақ әдебиеті ұлт-азаттық сарындарға баратындығын байқатты. Әдебиетіміздегі ұлт-азаттық сарындары жырауларда да одан берідегі Махамбет, Дулат, Мұрат өлең-толғауларында бар еді. Бірақ, бұлардағы осы сарынның үш айырмасы бар. Біріншіден, олар белгілі бір тарихи оқиғаға арналған жырлар; екіншіден, ондай поэзиялық шығармаларда торығу басым; үшіншіден, олардың ешқайсысы ағартушылықпен байланыстырылған емес. Осы үш ерекшелік халықты ояту, ұлтты ұйыстыру, еркіндікке үндеу сияқты іргелі мәселеге алып келді.
Айталық, Ахаңның:
Достарыңызбен бөлісу: |