Цитоплазма. Цитоплазма (грек. kýtos сыйымды ыдыс, жасуша және plásma қалыптасқан) қоршаған ортадан плазмолеммамен шектелген. Ол негізгі жасушалық компоненттер - органеллалар мен қосындылары бар гиалоплазмадан тұрады. Гиалоплазмаға байланысты цитоплазманың коллоидты қасиеті мен оның тұтқырлығы, серпімділігі мен жиырылғыштығы және қозғалысы жүзеге асырылады. Гиалоплазма жасушаның ішкі ортасын құрайтындықтан мұнда үнемі күрделі зат алмасу процестері жүреді, олар ядро мен оргоноидтарды өзара байланыстырып, олардың қызмет атқаруына жағдай жасайды.
Гиалоплазма Гиалоплазма (грек. hyalinos – мөлдір) – негізгі плазма немесе цитоплазманың матриксы. Ол жасушаның негізгі бөлігін құрайды.
Электрондық микроскопиялауда цитоплазма матриксы гомогенді немесе жіңішке түйіршікті зат түрінде көрінеді. Гиалоплазма күрделі коллоидты жүйеге жатады. Оның құрамында әр түрлі биополимерлер: белоктар, нуклеин қышқылдары, полисахаридтер т.б. бар. Бұл жүйе сұйық күйінен қоймалжың түріне және керісінше ауысуы мүмкін. Гиалоплазма құрамына глобулярлы белоктар кіреді. Олар эукориоттық жасушаларда жалпы белоктардың 20-25 % құрайды. Гиалоплазманың маңызды ферменттеріне қанттың, амин қышқылдарының, майлар мен т.б маңызды қосындыларының ферменттері жатады. Онда РНҚ мен белоктың синтезделуі кезінде аминқышқылдарының белсенділігін арттыратын ферменттер орналасқан. Жасушаның осмостық және буфферлік қасиеттері де гиалоплазманың құрамы мен құрылысына байланысты. Гиалоплазмада рибосома мен полирибосоманың қатысуымен белок синтезі жүреді, ол жасушалардың тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажет.
Плазмолемма. Жасушаның барьерлі-рецепторлы және транспорттық жүйесі
Плазмолемма (plasmalemma) немесе ішкі жасушалық мембрана, әр түрлі жасушалық мембрананың ішінде негізгі орын алады. Ол жасушаны сыртқы ортадан тек шектеп қана қоймай, сонымен бірге оның жасушасыз ортамен байланысуын қамтамасыз етеді.
Плазмолемманың құрылысы. Плазмолемманың негізін липопротеиндер кешені - биологиялық мембрана құрайды. Оның қалыңдығы шамамен 7,5-10 нм және ең жуан жасушалық мембрана болып саналады. Электрондық микроскоп арқылы плазмолемма екі электронды-тығыз және арасындағы ашық үш қабатты құрылымнан тұратынын көруге болады.
Плазмолемманың сыртында мембрананың үстіңгі қабаты – гликокаликс орналасқан. Бұл қабаттың қалыңдығы шамамен 3-40 нм. Гликокаликстың негізін полисахаридтер мен белоктардың және липидтердің қосылыстары (гликопротеинді кешен) құрайды. Липид молекулалары екі қатар түзіп, гидрофобты учаскілерге қарай бағытталады, ал гидрофильді ұштарымен сыртқы белок молекулаларына қарай орналасақан. Гликокаликс құрамына тіндер үйлесімділігін қамтамасыз ететін, гормондар және нейромедиаторларды қабылдайтын рецеепторлар, жасуша ішінде түзіледі.
Плазмолемма қызметтері. Бұл мембрана әр түрлі негізгі қызметер атқарады: барьерлік (тосқауыл), транспорттық, рецепторлық, адгезиялық (жабысу).