Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет104/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   118
Байланысты:
Әділова. Көркем мәтін. Цитация

« «Жетім қозы тас бауыр...» 
Егіздің сыңары есіне әлі түспепті. Жалғыз жолдың өзі де және бұл 
келісінде, өзінен өзі сауал тудырып қадалып келді. Тас бауыр қайсың
жетімдікке алдымен көнетін қайсың деп шүйліккендей. Бірақ, қабақ 
шытып қиналатын сауал емес екен. 
Бесіккертпе құрдасы жазатайым оқ қапса френч киген ақ төренің 
жетім қалмасын біліп те отыр. Ақ төре, көп болса, жалқы қалар, жетім 
қалмайды ғой. Достың жөні бір бөлек, әкенің жөні бір бөлек – ақ төре 
досынан айрылғанда, әрине, жетім қалмайды. Сәруар, бірақ, Крейгель 
жалқы қалса, өзінің жетім қаларын ескермепті. Иноземцев оққа ұшса
атылар кезек әкесіне келмек екен» (270-б.). Көлемі әр түрлі үш абзацтан 
тұратын күрделі синтаксистік тұтастықта 6 рет қайталанған жетім сөзі 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


155 
Сәруардың ішкі жан дүниесіндегі арпалысты көрсетедіде, мәтінде әрі 
когезиялық, әрі актуалдау қызметін атқарады.
Қазақ тілін еркін білетін, қазақ мінезі мен өмірін жасынан таныған патша 
офицерінің екіжүзділігі, ұлыорыстық шовинизмі, жергілікті халыққа 
қатыгездігі мен астамшыл пиғылы оның іс-әрекетімен қатар, сөзінен де көрініп 
отырады. Крейгельдің ойында Сәруар – «елпілдек баранчук, бұратана 
баранчук, әліппені жөндеп танымай жатып осқырынып отырған баранчук, 
бала, казачонок, жаман бала», яғни оны өзімен тең санауға тұрмайды, ол тек 
Иноземцевті құтқару үшін ғана керек. Сәруар ол үшін өзі жек көретін тұтас бір 
халықтың шынайы өкілі Төреханға әсер ету тетігі ғана. Алайда дәл осының өзі 
Сәруардың өзгеруіне, моральдық тұрғыда өсуіне түрткі болғанын қаламгер 
нанымды вербалдайды. 
Прецедентті айтылымның келесі өзектенуі Крейгельдің сөзінде: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет