Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет116/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118
Байланысты:
Әділова. Көркем мәтін. Цитация

Сарыарқадан Зейпін келе жатқандай. 
*** *** *** 
Естілмей үнің, көрінбей түрің де көптен,
Ақсиып тұрар адал қыз еппен.
Сары Арқа жақтың самалына ауызша айттым: 
«Зейпінді сүйіп, әлпештей жүріңдер!» - деп мен. 
Бұл өлеңдерде екі ақын контексін жақындастыратын прецедентті есімнен 
басқа да лексикалық цитация – Сарыарқа топонимі мен самал лексемасы - 
байқалады. 
Интертекстердің парольдік қызметі оқырмандардың белгілі бір тобына 
ғана түсінікті болғандықтан, қалың көпшілікке оқу барысында кедергі 
келтіреді. Оқырман интертекстің претексін білмегендіктен, түрлі болжам 
негізінде бұрыс интерпретация жасауы мүмкін. Ал бұл өз кезегінде 
оқырмандардың белгілі бір тобында жаңсақ ақпар қалыптастыруы да ықтимал. 
Мәселен, Г.Салықбайдың төмендегі өлеңінде графикалық түрде ресімделген 
цитата оның өзімен пікірлес, шығармашылығы, рухани әлемі үндес адамдарға 
белгілі болуы мүмкін. Ал біз оның жалпы интертекст екеніне және оның цитата 
болғанда да, еркін аударма екеніне жорамал жасай аламыз: 
Көзімнен тұман сейілді басқа, 
Айырып соқыр ағыстан. 
Жан қысылғанға дейінгі Досқа: 
«Аман бол...», - дедім алыстан. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


167 
Соғуы қалды жартасына тек, 
Дауасыз дауыл – перінің. 
Теңіздің тура ортасына әкеп
Адастырдың-ау серігім... 
Байлыққа теңеп 
бағасыз өңшең, 
қоя алмаушы едім нүктемді. 
Жапырақтардың ағасы деуші ем, 
жапалақ болып шықты енді. 
... «Кешірсең кешір кеш кеткенімді, 
Һәм сенгенімді кеше гөр! 
Айырылып қалған ескектерімді 
тауып ап, талмай есе бер...» 
Ақынның лингвоментальді танымында теңіз концептісінен гөрі аспан
дала, қала, күн, өсімдік парадигмасына кіретін лексемалар басым кездесетінін 
ескерсек, интертекст М. Цветаеваның өлеңдер циклын аудару барысында сол 
контексті жалпылап, еркін игеріп, аудару нәтижесінде туындаған деген 
ойдамыз. 
Интертекстуалды элементтердің парольдік қызметі, байқалып отырғандай, 
шығармашылық контексі мүлде ұқсамаса да, өмірлік ұстанымдары, адами 
қасиеттері ұқсас, жеке өзіндік аялары өзара тығыз байланысты қаламгерлер 
текстерінде көптеп кездеседі.
Ғ. Жайлыбайдың төменгі жолдарын да парольдік қызмет атқарады деуге 
болады, себебі ақын өзінің жеке аясына қатысты аллюзия арқылы М. 
Мақатаев шығармашылығына да сілтеме жасайды. Текстаралық байланыс 
ақындардың туған айын атау арқылы орнатылады: 
Көк аспан жерге жақындар
Ақ боран – ардың өлеңі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет