жынысы ер, орта мектепті биыл бітірген. Интеллигент семьясынан шыққан. Бірінші разрядты боксер... Июль айының отыз бірі күні кешкі сағат онда айыпкер Нұрбаев азамат Сапар Сержановты қараңғы жерде тонамақшы болады... Сержанов оңайлықпен жан беріспей, қарсылық көрсеткен соң, оң қолын бұрап буынын тайдырған. Басынан қатты соққы тиіп тасқа жығылғанда Сержановтың жақ сүйегі сынып кеткен. Бірақ айыпкер арам ойын орындай алмай, қылмыс үстінде қолға түсті. Жәбірленушіні соққыға жыққанын Нұрбаевтың өзі мойындады. Алайда айыпкер басқа қылмыстарын, өзі қатысқан шайканың мүшелерін қасарысып ашпай отыр... Азаматтардың өміріне қауіп төндірген бұзақыға қатаң жаза берілуі керек» (Қ. Жұмаділов).Мемлекет атынан сөйлейтін
айыптаушының сөзі стандартты құрылыммен, клишелермен реалды
болмыстағы прецедентті мәтінге барынша жақындатылып, ұқсатылған. Бұл
арқылы автор оқырманға өзі суреттеп отырған жағдайды реалды елестетуге
мүмкіндік береді. Ал повестің мазмұндық-нақты ақпарымен танысып отырған
оқырман мазмұндық-концептуалды, мазмұндық-астарлы ақпарды түсініп, яғни
Жәнібектің адами бейнесі мен аярлықты қарама-қарсы қояды.
Ал поэзиялық шығармаларда іс қағаздарының бұлайша нақты формаларын
сақтап қолданылуы өте сирек ұшырасады. Бұл, әрине, поэзияның дистинктивті
белгілеріне байланысты. Дегенмен ақын таланты мен шеберлігі ресми іс
қағаздарын да эстетикалық әсер-қуаты мол туындыға айналдыра алатыны
байқалады. Мәселен, ресми іс қағаздарының претекст ретінде поэзияда
қолданылуының ерекше бір үлгісі – М. Мақатаевтың «Менің анкетам» өлеңі.
Бұл өлең ақынның өмірі, ой-өрісі, ұстанған адами қағидалары, мақсаты
туралы хабар береді. Трафареттік ресми құжаттың сұрақтарына жауап беру
арқылы ол формасы мүлде соны, семантикасы айрықша әсерлі мәтін тудырған:
Туған жерің? Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ