15
Кең
мағынасындағы
интертекстуалдылық
әдетте
әдебиеттану
ғылымының, ал тар мағынасындағы интертекстуалдылық лингвистиканың
нысаны
деп
ұғынылады.
Бұл
орайда
орыс
филологиясында
интертекстуалдылық қай ғылым саласының нысаны екендігі жөнінде оқтын-
оқтын түрлі пікірлер жарияланып тұрады. Мысалы, белгілі әдебиеттанушы
М.Л. Гаспаров интертекстуалдылықты негізінен
әдебиеттану нысаны деп
түсініп, тілдік интертекстер көбінесе кездейсоқтық нәтижесі деген пікір
ұсынады [28]. Ал А.Е. Супрун [29], Ю.П. Солодуб [30] сияқты көрнекті
лингвистер интертекстуалдылықтың ғылыми, тұрмыстық,
ресми және көркем
коммуникацияның барлық қабаттарында кездесетінін, олардың бәрі де тіл
жүйесінің қандай да бір бірлігі арқылы танылатынын, яғни бірде еш өзгеріссіз,
ал бірде әр қилы трансформацияға түсетінін, қаламгер оларды кейде саналы,
кейде өз ықтиярынан тыс қолданатынын, олардың мәтінде түрлі
қызмет
атқаратынын дәлелдеген мақалалар жариялады. Интертекстуалдылықтың
лирикалық топтамадағы мәтін түзушілік қызметін қарастырған Н.В.
Пигинаның куәлігінше, келесі бір зерттеуші Л.П. Ржанская көркем
шығарманың
лексика-фразеологиялық
қабатында
кездесетін
мұндай
элементтерді дәстүрлі стилистика тұрғысынан қарастырып,
олардың мәтін
түзуге, мәтін семантикасына әсер-ықпалын тек айшықтаумен ғана шектейді.
Сондықтан ол жоғарыдағыларға мүлде қарама-қарсы ойда: «бұл көзқарастарда
әдебиеттің өзі сияқты ежелден белгілі әдеби құбылыстарды атау үшін
қолданылып отырған терминнен басқа еш жаңалық жоқ» [31]. Бұл пікірді де
қолдаушылар жоқ емес, мәселен, лингвист-ғалым В.П. Москвин жалпы
цитация терминіне байланысты өз тұжырымдарын баяндай келіп, цитацияны
интертекстуалдылық
тұрғысынан аморфты, демек, зерттеу нысаны белгісіз
және шексіз деп есептейді [32]. Бірақ, біздің пайымдауымызша, бұған жауапты
М.Б. Ямпольскийдің еңбегінен табуға болады: «Длительное время
проблематика «история культуры в тексте» в основном сводилась к вопросу о
влиянии предшественника на преемника. Влияние считалось главным следом
присутствия традиции в тексте. Но само понятие «влияние» оказалось
чрезвычайно неопределенным и ставило перед
исследователями мучительные
неразрешимые проблемы» дейді де, ол В.М. Жирмунскийдің жазбаларына
сүйене отырып, таза филологиялық категориялар арқылы шығармашылық
тұлғалардың бір-біріне әсерін толық көрсету көп қиындық келтіретінін айтады.
Шынында да, кез келген ұлттық әдебиет өкілдерінің бір-біріне өзара
ықпалы мен ұлт қаламгерлеріне әлемде классик
деп мойындалған ақын-
жазушылардың әсерін танытуда олардың шығармаларындағы сюжет, образ,
тақырып, мотив ұқсастықтарын, айырмашылықтарын метасипаттау басым
болып, олардың вербалды құрылымындағы цитация, аллюзия, реминисценция
құбылыстарының мәтін түзушілік қызметі назардан тыс қалып жатты. І.
Жансүгіровтің қазақ мектебінде оқыған кез келген
адамға жақсы таныс мына
жолдары Ақан образын ашу үшін ғана мысалға келтіріліп, оның астарындағы өз
кейіпкері өмір сүрген заман туралы, серіні сергелдең күйге салып, оған қиянат
жасағандарға ақын бағалауын, қарсылығын білдіретіні ескерілмеді де:
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ