212
Пaйдаланылған әдeбиeттep тізімі:
1. Ұ. Еркiнбaeв. A.Бaйтұрcынұлының «Әдебиет тaнытқышы» ХХ ғacыр бacындaғы
әдебиеттану контексінде. Автореферат. – Алматы, 2007. - 26 б.;
2.«Әдeбиет тaнытқыштың» тeopиялық негiзi. Мoнoгpaфия.–Aлматы, 2008 ж. - 136 бет.
3. А. Ойсылбай. А. Байтұрсынұлының «Әдeбиет танытқышындағы»
сөз өнері мен поэтика
мәселелері. Aвтореферат. – Aлматы, 2010. - 26 б.
4. Жанпейісов Е. Байтұрсынұлы бастаулары // Тілтаным №2, 2001., 3-13 б.
5. Ісімақова А. Әдебиеттегі Бахтин мен Байтұрсынұлының үндестігі // Заман Қазақстан,
7 ақпан 1997.
6. Қабдолов З. Ахаң ана тілін түрлеуші // Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы. – Астана:
1998-256 б., 38-41 б.
ҰЛТ ҰСТАЗЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
Шукeeв Aзaт Сакенович,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Науырзым ауданы білім бөлімінің
Раздольный жалпы білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Не жазып ем,
Құдай-ау, мен қазаққа,
Мүбтала ғып салғандай бұл азапқа?!
Адамшылық
есебіне кірісіп,
Қолы жетсін дегендік пе азатқа?
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жол сілтедім жақын емес, алысқа.
«Өзге жұрттар өрге қадам басқанда, -
Дедім, - сен де қатарыңнан қалыспа!»
Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным?
Неңді шаштым, неңді бұздым, былғадым?
Аштан өлген аталарың бар ма еді,
Тамақ үшін сатқан иттер иманын.
«.. Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес, дарға асқаны, атқаны,
Маған
қиын осылардың бәрінен,
Өз ауылыңның иттері үріп-қапқаны...»
А. Байтұрсынұлы «Көк есектерге»
Жалған өмір-ай, 1937 жылы өзіміздің қандас, жерлес, қарагөз бауырларымыз Ахаңа
«халық жауы» деген жала жауып, ұстап берген болатын... Обалы кімге? Бұл – Абай айтқандай
надандық емей, немене...?! 1937 жылы «халық жауы» деп ұсталғандардың барлығы кейін
ақталды, бірақ жазықсыз жапа шеккендер қайта оралған жоқ. «Бір кем дүние ме екен?» Жоқ,
орны толмас орасан обал дүние.
Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Ақкөл
жағасындағы Сарытүбек деген жерде басталды. Ахмет Байтұрсыновтың туған жылы бір
деректерде 1870 жылы, кей деректерде 1872 жылы туған деп көрсетіледі. Өзінің көзі тірісінде
жарияланған өмірбаяндық очеркте 1873 жыл деп көрсетілген. Бұл кісінің 150 жылдық
мерейтойы биыл тойлануына қарағанда 1872 жыл деген дұрыс болар!
213
Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық
мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап - деп Ахмет Байтұрсынов Ыбырай атамыз секілді
қазақ балаларын білімге, ғылымға шақырған болатын. Байтұрсынұлы алғаш Қарқаралы уездік
мектебінде еңбек өтілін бастап, аз уақыт ішінде өзінің еңбекқорлығының арқасында қаланың
жетекші ұстазына айналған. Қазақ десе, жанын беруге дайын болған, ел, ұлт патриоты Ахмет
1920 жылы қазақ жеріне мектептер ашып, білімге және халыққа көңіл бөледі.
Қазақ балаларының сауатын ашатын «Оқу құралы» деп атаған әліппе кітабының
эпиграфы етіп, мына сөздерін ұсынады:
Балалар, бұ жол басы даналыққа,
Келіңдер түсіп байқап қаралық та!
Бұ жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер іздеп тауып алалық та! Бұл жерде автордың «даналық» деп отырғаны –
сауаттылық, білім-ғылымды игеру, ал «бұ жол» деп отырғаны – оқу.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақтар үшін өз әліпбиін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп,
оқулықтар жасауына да, тер төгіп, бай терминология жасауына да, тіпті қоғамдық-әкімшілік
істеріне араласуына да алып келген – негізінен өзі діттеген ағартушылық идеясы. Ол -
алғашқы қазақ тілінің авторы (1912). Сол кездің өзінде ол жүзеге
асырған қазақ жазуы
(«Жаңа емле») ортадан тиісті бағасын алды. Оған прогрессивтік зиялы қауым ерекше назар
аударады. Ал 1924 жылы, ол жаңа қазақ алфавиті ретінде қабылданып, оған ғалымның
құрметіне – «Байтұрсынов» аты берілді. Ол өз заманында барлық түркі тілдес халықтардың ең
жақсы үлгісі ретінде қабылданды. Сондай-ақ, біздің шетелдік отандастар күні бүгінге дейін
Байтұрсынов графикасын пайдаланады. Байтұрсыновтың әдістемелік еңбектері қазіргі кездің
өзінде үлкен беделмен қолданылады. Оның қазақтың тіл білімі және қазақ тілін оқыту
методикасы өзінің сапалылығымен және ана тіліміздің ерекшелігін жинақтайтын оқулық
негізі ретінде үлкен табыспен мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытылып,
қолданылмалы қазақ тілінің қолтума оқулығына айналып отыр.
Қазақ тiлiнiң дыбыс жүйесi мен оны таңбалайтын әрiптер
туралы пiкiрлерiн ол
1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетiнiң беттерiнде бiлдiре бастайды.
«Айқаптың» 1912 жылғы 9-10 нөмiрлерiнде «Шаћзаман мырзаға» атты көлемдi мақала жазып,
онда қазақ дыбыстарын бiлдiрмейтiн, араб тiлiне ғана тән таңбаларын қазақ алфавитiне еңгiзу
керектiгiн, сөздiң тұтас жiңiшкелiгiн бiлдiру үшiн оның алдына дәйекше дейтiн таңба
қажеттiгiн дәлелдейдi. Әрi қарайғы iзденiстерiнде араб графикасын қазақ жазуы үшiн
былайша лайықтап алуды ұсынады: 1) араб алфавитiндегi жуан дыбыстарының таңбаларын
алмау, 2) қазақ тiлiндегi
ы, е, и, о, ұ, у, дыбыстарының әрқайсысына таңба белгiлеу, 3)
к, г,
дыбыстарынан басқа дауыссыз дауыссыз дыбыстармен келген сөздердiң жiңiшкелiгiн (яғни
қазiргi
ә, е, i, ү, дыбыстармен айтылатындығын) бiлдiру үшiн сөздiң алдынан дәйекше таңба
қою. Бұлайша тiзiлген алфавиттiң сауат ашудың дыбыс жүйелi әдiсiне сай келетiндiгi
байқалады.
Ахмет Байтұрсынұлының менің педагогикалық еңбек өтілімде де орны ерекше. Көбіне
мен сабақтарымда бұл кісінің мысалдарын оқушылармен талдап, өмірмен байланыстырамын.
Рөлдік ойындар, «Зуылдақ» әдісі, «Ойды аяқта» атты әдіс-тәсілдерді қолданып,
шығармашылығымен танысамыз. Менде өзге ұлт балалары болғандықтан, түсіндіруде сәл
қиындықтар
туындайды, сол себепті осындай әдістерге жүгінемін. Ұлы бабамыздың өмірін
ғана емес, соған қоса еңбектерін, жалпы ақынның позициясын түсіндіру мен үшін міндет.
Ақынның шығармашылығы арқылы оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін оятамын.
Өзге ұлт оқушылары болғандықтан басқа бағытта түсіндіріп, Байтұрсынұлының негізгі ойын
жеткізу барысында қазақтың ұлттық құндылығын, жалпы елге, жерге деген сүйіспеншілік
214
сезімдерін ояту үшін жұмыс атқарамын. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына
орай оқушым Нұрғалиева Назым өлең арнады:
Ұлт ұстазысың, Ахмет бабам!
Жыр арнайын, қолда қалам,
Мың алғыстың өзі де аз,
Қанша жырлап, арнасам да саған!
Із қалдырдың
жойылмас ешқашанда,
Есесіне қорлық көрдің, босқа шында.
Өз бауырың тістелеп, алды қауып,
Мына өмір жалған, әлде шын ба?!
Масадай ызыңдап, қаныңды сорды,
Өз халқың оқымаған, надан болды.
Әліппе мен қолға қалам ұстатқан,
Жанашырына қазды ғой өзі орды!
Қорытындылай келе, Ахмет Байтұрсынұлы, біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі
мен оқулықтарының авторы, содан із салған жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп
оқулықтары 1914-1915 жылдардан 1927-1928 жылдарға дейін пайдаланылып келді.
Қазақ
оқушыларының бірнеше буыны сауатын А. Байтұрсыновтың «Әліпбиімен» ашып, ана тілін
оның «Тіл - құралы» арқылы оқып үйренді. Екіншіден, А.Байтұрсынов - араб графикасына
негізделген қазақ жазуының реформаторы. Байтұрсынов жасаған жаңа жазу күні бүгінге дейін
қолданыс тауып келеді: Қытай халық республикасы, Ауғанстан, Иран сияқты елдердегі қазақ
қандастарымыз сауаттарын осы жазумен ашып, баспа дүниелерін осы графикамен шығарады.
Үшіншіден, А. Байтұрсынов – қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші тұңғыш филолог-
ғалым және Қазақстан ғылымын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі. Төртіншіден, Ахмет
Байтұрсынов – қазақ халқына адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері.
Міне, қазақ халқының абзал ұлдарының бірі, ХХ ғасырдың бас кезіндегі үркердей
шағын топ – демократтық бағыттағы қазақ интеллигенциясының ең ірі, ең беделді өкілі, бір
емес, екі рет заңсыз жазғырылып, сталиндік режимнің құрбаны болған Ахмет Байтұрсынұлын
осылай танимыз.
Достарыңызбен бөлісу: