163
Мысалы, Корнель трагедиялары, әсiресе, оның “Гораций” трагедиясы
француз классицистiк драматургиясының жарқын үлгiсi болып саналады.
Корнель мен Расин шығармашылығында көркемдiк-идеялық шыңына
көтерiлген француз классицистiк трагедияларының негiзiне жеке адам
мүддесi мен азаматтық парыз арасындағы қақтығыстар алынды. Өз
кейiпкерлерiнiң жан дүниесiндегi қарама-қайшылықтарды көрсете отырып,
Корнель мен Расин адамның iшкi әлемiн бейнелеу тұрғысынан соны
жаңалықтар жасады. Мәселен, Сид, Гораций, Цинна сияқты Корнель
кейiпкерлерi – ержүрек, қатал, өзiн мемлекет мүддесiне арнаған жандар.
Классицистер
адамның
жан-дүниесiне
тереңдей
үңiлген
трагедияларында сыртқы әрекетке мейлiнше аз орын берiп, классицизм
драматургиясында кеңiнен таралған әйгiлi
“үш бiрлiк” ұстанымын, яғни
уақыт, орын, әрекет бiрлiгiн алға шығарды. Шын мәнiнде әрекет бiрлiгiнен
басқа бiрлiктердiң шартты талаптар екенi түсiнiктi болса керек. Классицизм
әдебиетiнде үстемдiк еткен “үш бiрлiк” ұстанымы өмiрдi көркем бейнелеу
мүмкiндiктерiнiң
аясын
тарылтты.
Бұл
классицизм
өкiлдерiнiң
шығармаларында қаһармандар таңдау, оқиға iрiктеу мәселелерiне, тiлiне керi
әсер еткенi де мәлiм.
Н.Буало 1674 жылы жарық көрген “Поэтикалық өнер” аталатын
еңбегiнде классицизмнiң эстетикалық теориясын жасап, басқа елдерде
классицизмнiң қалыптасуына зор ықпал еттi. Н.Буало бұл кiтабында
классицистердiң iзденiстерi мен көркемдiк тәжiрибелерiн жинақтай келе,
бейнелеу өзегiне сарай маңындағылар мен “қадiрмендi қалалықтардың”
қалауына сай оқиғалар алынып, көркемдiк ұстанымдардың да осы
“таңдаулылардың” талғамына сәйкес келуi қажеттiгiн көрсеттi. Соған орай,
бейнеленген құбылыстардың дұрыс-бұрыстығына баға беру де сарай
маңындағылардың позициясынан өрбуi қажет деп түсiндiрiлдi. Алайда,
мәселенiң мәнi бұл қағидадан алшақтау жатқан тұстары да болды.
Достарыңызбен бөлісу: