Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ.  Классицизмнiң  Италияда  көрiне  бастап,  Францияда  қалыптасуының сыры неде?  Жауап



Pdf көрінісі
бет129/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   152
Сұрақ. 
Классицизмнiң 
Италияда 
көрiне 
бастап, 
Францияда 
қалыптасуының сыры неде? 
Жауап. Қандай да бiр жаңа құбылыстың пайда болып, қалыптасуы үшiн 
қоғамдық-әлеуметтiк алғышарттар қажет. Ал классицизм бағытының XVII 
ғасырда Францияда кеңiнен қанат жая көрiнуiнiң себебi – бұл кезеңде 


162 
Францияда абсолютизм нығайып, мемлекеттiк билiк бiр қолға шоғырланып, 
ұлттық тұтастық идеясы нығая бастаған болатын. Елдiң қоғамдық өмiрiнде 
жаңа әлеуметтiк топ – буржуазияның ықпалы арта түстi де, аталмыш 
әлеуметтiк топқа абсолюттiк монархия да, дворян қауымы да бiрдей қатысты 
болды. 
Қоғамдық өмiрде пайда болған жаңа талап-тiлектер өнерге де жаңа 
талаптар қоя бастады. Нәтижесiнде осыған дейiн өнер әлемiнде үстемдiк 
еткен барокко стилiмен күрес үстiнде жаңа бағыт дүниеге келдi. Бағыт 
өкiлдерiнiң өз шығармаларында антикалық әдебиеттiң озық үлгiлерiн өнеге 
етуiне байланысты кейiннен классицизм аталды.
Классицизм поэзиясы мен поэтикасының бастаушысы Ф.Малерб болды. 
Оның тiл мен өлең сөз жүйесiне жасаған реформасын Француз академиясы 
бекiтiп, реформаға жалпыға ортақ тiлдiк және әдеби қағидаларды жасау 
мiндетi жүктелдi. 
Алайда күрес үстiнде қалыптасып, таныла бастаған француз 
классизмiнiң поэтикасы Н.Буалоның “Поэтикалық өнер” аталатын 
еңбегiнде ғана жан-жақты жүйеленген сипатқа ие болды. Еңбекте XVII 
ғасырдағы француз әдебиетiнiң тәжiрибелерi жинақталып, қорытындыланды.
Сонымен, классицизмге тән сипатасқақ азаматтық тематика, 
шығармашылық нақты қағидалар мен ережелердi қатаң сақтау болып 
табылады. Көркемдiк бағыт ретiндегi классицизмге өмiрдi идеал бейнелер 
арқылы, “өнегелi қалыпта” суреттеу сипаты тән. Классицизмнiң антикалық 
дәуiрге табынуы да осыдан келiп шығады, яғни классикалық үлгiдегi ежелгi 
өмiр классицизм дәстүрiндегi туындыларда кемел де жарасымды өнер үлгiсi 
ретiнде көрiнедi. Сол себептi классицистер антикалық миф бейнелерiне жиi 
оралады. 
Жоғарыда айтқанымыздай, классицистердiң көркемдiк бейнелеуiндегi 
шешушi ұстанымы антикалық үлгiлерге елiктеу болды да, оған табиғатқа 
елiктеу және ақыл-ой дауысына бағыну ұстанымдары қосылды. Бұл жерде 
классицизм өкiлдерiнiң табиғат дегенде барлық ақиқат құбылыстарды 
түсiнетiнiн ескеру керек. 
Бұл ұстанымдар Қайта өрлеу дәуiрiнде қалыптасқан жақсы дәстүрлердi 
белгiлi бiр дәрежеде дамытқанымен, кемшiлiктерi де болмай қалған жоқ. 
Дәлел ретiнде классицистер туындыларында кейiпкер мiнездерiн жан-жақты 
жанды сипатта көрсетуден гөрi, бiржақтылық, схематизм орын алғанын 
айтуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет