Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет132/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

жанрлар” болып саналды да, олардың үлесiне мемлекет өмiрiн, тарихи 
оқиғаларды, мифологияны өзек ете отырып, билеушi монархтар, қолбасылар, 
дiндарлар, мифология қаһармандарын басты кейiпкерлер етiп алуға 
мүмкiндiк берiлдi. Ал қатарына комедия, сатира, мысал енетiн “төменгi 
жанрлар” еншiсiне қарапайым жандардың күнделiктi тiрлiгiн суреттеу тидi. 
Әр жанр өзiнiң қатаң шекарасын және нақты пiшiндiк белгiлерiн сақтауға 
тиiстi болды, яғни асқақтық пен қарапайымның, қайғылы мен күлкiлiнiң, 
қаһармандық пен әдеттегiнiнiң араласып кетуiне ешқандай жол берiлмейдi.
Классицизмнiң жетекшi жанры дәуiрдiң ең маңызды адами және 
қоғамдық проблемаларына бағытталған трагедия болды. Қоғамдық 
конфликтiлер өз басының жеке құштарлығы мен азаматтық парыз арасынан 
таңдау жасауды қажетсiнетiн сын сәтiнде тұрған қаһармандардың жан-
дүниесiндегi арпалыстар арқылы көрiндi. Осы коллизиядан адамның жеке 
тiрлiгi мен қоғамдық өмiрiнiң ара-жiгiн екiге бөлiп қарау тенденциясы анық 
танылады, соған орай қаһармандардың құрылымы да айқындалады.
Сұрақ. Классицизм әдебиетiндегi қаһармандар құрылымына тән 
ерекшелiктердiң басты белгiлерi қандай? 
Жауап. Тартыс азаматтық парыз бен жеке құштарлық арасындағы 
қайшылыққа негiзделедi дедiк қой. Яғни сын сағаты туған қаһарманның 
бойында екi “мен” пайда болады.
Қоғамдық парызын жоғары санаған, ойлы да саналы “мен” кейiпкердiң 
жеке мүддесiне қарсы тұрады. Ақыл-ойға бағынған “мен” өзiнiң iшкi 
дүниесiндегi қайшылықтарды жеңуге ұмтылады, өз iшiндегi екi ұдайлықтан 


166 
қажиды, өзiнiң идеалдық “менiне” сай болуға құштарланады. Классицизмнiң 
алғашқы кезеңiнде қаһарманның жан-дүниесiндегi тартыс өзегiне адамның 
жеке мүддесi мен мемлекет алдындағы парызы арасындағы қайшылық 
алынып, әдетте, қаһарманның саналы жiгерi жеңiске жетуiмен аяқталып 
отырды. Дәлел ретiнде П.Корнель трагедияларындағы қаһармандар 
қайшылығын алуға болады. 
Кейiнiрек мемлекет пен классизм өнерпаздарының арасы алыстай түскен 
сайын, шығармалардағы тартыстар да саяси мәнiн әлсiретiп, этикалық сипат 
ала бастады. Бұл ерекшелiк Ж.Расин шығармашылығынан айқын байқалады. 
Француз классицизмiндегi “төменгi жанрлар” саналатын мысалдың 
дамуында Ж.Лафонтен, сатирада Н.Буало, комедияда Мольер айрықша роль 
атқарды. Кейiнгi дәуiрлерде кеңiнен өркендеген реалистiк бейнелеу 
тәсiлдерiнiң алғашқы бастауы өз дәуiрiнiң шындығын бейнелеуге бағыт 
ұстанған нақ осы “төменгi жанрларда” жатыр. Бұл, әсiресе, өз бойына әртүрлi 
идеялық-көркемдiк ағымдар сипатын тоғыстырып, көп жағдайда әдебиеттiң 
кейiнгi дамуын да айқындаған Мольер шығармашылығына тән. Дәл осы 
Мольер шығармашылығы арқылы комедия “төменгi жанр” қыспағынан 
шығып, дәуiрдiң қоғамдық, адами және философиялық ең маңызды 
проблемаларын трагедиямен тең дәрежеде шешкен оның үздiк пьесалары 
“жоғарғы комедия” атауын иелендi. 
Классицизм 
прозасына 
құштарлықтардың 
типтендiрiлуi, 
талдаушылық сипат, сөз қолданудағы дәлдiк пен айқындық тән. Бұған 
Ф.Ларошфуко, Б.Паскаль, Ж.Лабрюйер сияқты моралистердiң прозасы, Мари 
Мадлен Лафайеттiң психологиялық романдары дәлел болады. 
Осы тұста айта кету керек, классицизм дамуының өзiн екi кезеңге бөлiп 
қарауға болады. Өйткенi, классицизм бағыты XVII ғасырдың соңында 
құлдырай бастады да, Ағартушылық дәуiрiнде қайта өркендедi. 
Ағартушылық классицизм XVIII ғасыр бойына ағартушы реализммен қатар 
өмiр сүрiп, ғасыр соңына қарай тағы да салтанат құрған көркемдiк бағытқа 
айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет