Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Анықтаманы тарата түсiндiргенде қалай болар едi?  Жауап



Pdf көрінісі
бет44/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Анықтаманы тарата түсiндiргенде қалай болар едi? 
Жауап. Қандай да бiр өнер туындысы адамдар арасындағы рухани-
эмоционалды қарым-қатынастың нәтижесi, сонымен бiрге адам еңбегi 
арқылы жасалып, өзiне ғана тән, тың көркемдiк жаңалық ұсынатын 
құбылыс болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, өнердiң қай түрiне де қарым-қатынастық 
(общения), жаңадан жасаушылық (созидания) және танымдық қызметтер 
тән, дегенмен де өнер түрлерiнiң өзiндiк ерекшелiктерiне орай бұл сипаттар 
олардың әрқайсында әртүрлi дәрежеде көрiнедi. Сөздiң өзi – ойлаудың 
көрiнiсi. Ойлау – ұдайы өзгеру үстiнде болатын үрдiс. Осыған байланысты 
сөз өнерiнiң қалыптасып, дамуы барысында әдебиет те өзге өнер түрлерiнен 
даралана бастады. Әдебиетке тән даралық сипат әсiресе ХlХ – ХХ 
ғасырларда ерекше байқалды. Адамзат баласының сыншыл көзқарасы мен 
танымының жетiлуi әдебиеттi де кемелдендiре түстi. Бұл кезеңдегi iзденiстер 
көркемдiк танымды өмiрлiк тәжiрибе немесе сезiм арқылы қабылдаудан 
ақыл-парасат арқылы танып-бiлуге алып келдi. Қазiргi таңдағы әдебиет 
адамның рухани жан-дүниесi мен ақыл-ой әлемiне дендей енуi жағынан 
философия, психология, тарих, әлеуметтану, т.с.с. ғылым түрлерiмен де етене 
жақындасып, өнер мен ғылымның аралығында тұрғандай әсер қалдырады. 
Әдебиеттi “өмiртану құралы”, “адам жанының айнасы” деп жиi айтамыз. 
Әдебиеттiң мұндай сипаттамаларды иеленуiнiң бiр сыры оның өмiрдегi 
көкейкестi мәселелердi көтерiп, адам жанының құпия қойнауларына 
тереңдей үңiлiп, талдап тануға бейiмдiлiгiнде жатыр. Көркем өнердiң өзге 
түрлерiне қарағанда, әдебиеттегi көркемдiк әлемi жан-жақты ойластырылып, 
жинақтаудың ең жоғарғы дәрежесiне жеткен дүние болып дараланады. 
Әдебиеттiң бойында ой айту, идея ұсыну сияқты сипаттардың басқа өнердiң 
барлығынан басым болуының сыры да осында. Әдебиеттегi көркем 
бейнелердi көзбен көрiп, қолмен ұстау мүмкiн емес. Бұл тұрғыда, яғни сезiм 


45 
мүшелерi арқылы жақыннан әсер ету жағынан, ол өзге өнер түрлерiне 
қарағанда “осалдық танытса” да, адам қиялында пайда болған образдар 
болмысын кең ауқымда қамтуы жағынан оқ бойы озық тұрғаны ақиқат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет