43
Сұрақ. Қарапайым сөзбен айтар болсақ, ғылым адам баласына қоршаған
дүниенi танып-бiлу үшiн және сол арқылы өзiнiң еңбегiн жеңiлдету үшiн
қажет екен. Сонда өнердiң қажеттiгi неде?
Жауап. Өнердiң нысаны мен ақиқат өмiрдi суреттеу түрлерi оның өзiне
ғана тән мiндетiн де белгiлейдi.
Ғылым сияқты, өнердiң мақсаты да адам
игiлiгiне қызмет ету. Бұл тұрғыда өнер адамға қуаныш, ләззат сыйлай
алатын, рухани байытатын шынайы көпкем туындылар жасау арқылы оның
эстетикалық сұранысын
қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен бiрге
нақты бiр сәттерде көркемдiк заңдары бойынша әрекет ете бiлу қабiлетiн де
жетiлдiредi. Яғни өнер адамға өзiнiң көркемдiк жемiсiн ұсынумен қатар, әр
адамның бойындағы көркемдiк танымның жетiлуiне де, сондай-ақ белгiлi бiр
дәрежеде суреткерлiк қабiлетiнiң ұшталуына да ықпал етедi. Өнерге тән
осынау эстетикалық мiндет арқылы оның танымдық маңызы да,
тәрбиелеушiлiк әсерi де жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: