Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет46/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

шығармашылығына қатысты. Мәселен, философ яки журналист өмiр 
жайында ой толғауы немесе баяндауы мүмкiн. Ал қаламгер өзге де өнер 
иелерi сияқты өзiне ғана тән көркемдiк әлемiн жасайды. Көңiлдегi әдеби 
шығарманы жарыққа әкелу барысындағы қаламгер еңбегiн кез-келген 
суреткер еңбегiмен салыстыруға болады. Тастан адам бейнесiн жасаған 
мүсiншi қандай тер төксе, қаламгер де соншалықты мехнат сәттердi бастан 
өткередi. Жұмыс барысында жан мен тәндi бiрдей қамтыған еңбектiң 
қаншалықты өтелгенi оқырман арқылы танылады. Оқырман қаламгер 
ұсынған көркемдiк әлемiн жатсынбай қабылдап, өзiнiң ой-қиялы арқылы 
әдеби шығармадағы көркем бейнелермен бiте қайнасып, бiрге туысып кетсе, 
онда әдеби шығарманың өз мақсатына жеткендiгi. Демек, қаламгер 
өмiрдегiнi қабылдап, көшiрiп берушi емес, жаңа дүние жасаушы болуға 
тиiс. Сонымен қатар қаламгердiң жасаған көркем әлемi оқырманды 
иландырып, ырқына баурап әкетуi қажет. Қаламгер ойынан оқырман озып 
кетiп, шығармаға арқау болған жағдайларды алдын-ала болжап, өзiнше 
өрбiтiп отырса, онда ол туындының шынайы әдебиет дәрежесiне жетпегенi. 
Бұл тұста әдебиеттiң жаңа дүние жасаушылық сипатына қатысты тағы бiр 
қыры, яғни қаламгердi тәрбиелеп, қалыптастыратын жағдайлардың бiрi 
оқырманның өзi екендiгi айқындалады.
Әдебиеттiң ерекшелiгi сөздiң ерекшелiгiмен байланысты және бұл 
ерекшелiк әдеби туындыларды сурет және мүсiн туындыларымен салыстыра 
қарастырғанда анық танылады. Әрине, ән-әуез өнерi сияқты уақыттық 
өнерге (временные искусства) жататын сөз өнерi көрнекiлiк пен анықтық 
жағынан кеңiстiктiк өнер образдарымен бәсекелесе алмайды. Алайда оның 
басым жақтары да бар. Суретшi мен мүсiншi өзiнiң құралдары арқылы көзге 
көрiнетiн нәрсенi ғана бейнелей алады. Адамдардың iшкi күйi, мiнезi, 
олардың қарым-қатынасы және оларға суреткердiң қарым-қатынасы белгiлi 


47 
бiр сәттi ғана қамтып қалған түрлi кейiптер арқылы ғана ашылады. Қаламгер 
сөз көмегiмен оқырманның немесе тыңдарманның қиялында адамдарды 
қоршаған сыртқы дүние туралы да, сонымен бiрге олардың iшкi әлемi (ойы, 
сезiмi, толғаныстары, құштарлықтары) туралы да жанды бейнелер туғыза 
алады. Бұл тұста суретшi немесе мүсiншiден гөрi, ол өзi бейнелеген 
құбылысты құрайтын жағдайларды бiрiнен бiрiн өрбiте отырып, тұтастай 
суреттей алады. 
lлкi дәуiрлерден қазiргi кезеңге дейiнгi әдебиеттiң тарихи дамуы оның 
қоғамдық өмiрдiң күрделi процестерiне, адамдар санасына, олардың қарым-
қатынастарына тереңдей бойлай алатындығын айқын дәлелдейдi. Әуелде 
ертедегi эпикалық туындыларда негiзiнен қаһарманның әрекеттерi мен 
қайрат-жiгерi (мысалы, Геркулес жайындағы әңгiмелер, түрлi халықтардың 
ежелгi қаһармандық эпостары) суреттеледi. Одан кейiнгi классик 
қаламгерлер туындыларында адамдардың мiнездерi, олардың түрлi iс-
әрекеттерiнiң мән-жайы, адамдардың сан алуан және түрлi кейiптегi 
көрiнiстерiмен барынша жан-жақты суреттеледi. XIX ғасырда көптеген 
көрнектi қаламгерлер туындылары арқылы түрлi мiнездер мен түрлi 
жағдайлар арасындағы, адам мен оны қоршаған дүние арасындағы қарым-
қатынастар мен байланыстар саласында ұлы жетiстiктерге қол жеттi. Өз 
дәуiрiмiзге үңiлер болсақ, өмiрдiң толымды бейнесiн жасау барысында 
аталған екi жақтың (iшкi және сыртқы) қаншалықты дәрежеде бiр-бiрiмен 
ұштасып бара жатқанын байқаймыз. 
Сұрақ. Өнер жайын әңгiмелеген тұста “Болмысты бейнелеу түрi болып 
табылатын өнер қоғамдық сананың өзге түрлерiнен өзiндiк ерекшелiктерiмен 
дараланады. Яғни өнердiң өзiндiк нысаны адамның ақиқат өмiрге 
эстетикалық қарым-қатынасы да, мақсаты – дүниенi көркемдiк тұрғыдан 
игеру болып табылады. Өнер туындыларының өзегiне адам, адамдардың 
қоғамдық байланысы мен өзара қарым-қатынасы, олардың белгiлi бiр нақты 
тарихи жағдайлардағы өмiрi мен iс-әрекеттерi алынады” дедiк. Бiрақ көркем 
шығармаларда адамнан басқа нәрселер де кездеседi ғой. Тiптi кей 
шығармаларда ешқандай адамның болмайтыны да бар. Бұл “әдебиет – өнер 
түрi; өнер нысаны – адам” деген пiкiрге қайшы келмей ме? 
Жауап. 
Адамдардың 
iшкi 
жан-дүниесiне, 
қоршаған 
ортамен 
байланысына, өзара қарым-қатынастарына дендей енетiн көркем әдебиеттiң 
сан ғасырлық даму жолы әдебиеттiң бейнелеу нысаны әрқашанда адам болып 
табылатынын аңғартады. Көркем туындыдағы маңызды орынды адамның 
иеленуi – адамзатқа тән көркемдiк таным мен шығармашылықтың 
ғасырлардан ғасырларға ұласқан ұзақ сапарының жемiсi.
Ежелгi үндi өнерi мен әдебиетiнде өсiмдiктер мен хайуанаттар жетекшi 
орынға шығып, адам табиғатқа тәуелдi кейiпте ғана көрiнсе, образды 
ойлаудың одан кейiнгi кезеңi болып табылатын ежелгi египет 
мифологиясында құдай тектес құбыжық-хайуанаттар арасында адамдар 
бейнесi ара-кiдiк болса да кездесiп қалады. Ежелгi грек өнерiнде ғана адам 
бiршама толыққанды болмысымен көрiнедi, бұл тұста ежелгi грек өнерiндегi 


48 
құдайларды – идеал адам бейнесi немесе құдай бейнесiндегi адам деуге 
болады. Адамның өнерде басты қаһарманға айналуы көркем шығармашылық 
саласында ұлы жеңiстерге қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi. Мысалы, Гомердiң 
“Илиадасы” мен “Одиссеясы”, Эсхил, Софокл, Еврипид трагедиялары, 
Аристофан комедияларының адамзаттың ортақ игiлiгiне айналуының бiр 
сырын осы тұстан iздеген жөн. Әдеби шығармалардың басым бөлiгiнде 
адамның өзi, өмiрi, мақсат-мұраты, ой-сезiмi, күрес-тартысы негiзгi орын 
алады. Қандай да бiр жазушы жайында сөз болғанда, ең алдымен оның 
сомдаған қаһармандарының ойға оралуының сыры да осында. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет