44
ауызша айтылып, есту арқылы қабылдаудан
оқу арқылы қабылдауға бет
түзедi. Осымен орайласа, әдеби өмiрде дәстүрлi маңыз иеленген “поэтикалық
тiл” нормалары да күйреп, әдебиетте жалпыхалықтық тiл кеңiнен қолданыла
бастады. Әдебиеттiң тiлдiк “материалы” әмбебаптық сипатқа бейiмделдi.
Эстетикада бiртiндеп (XIX ғасырда Гегельден бастап) алдыңғы планға
әдебиеттiң
мазмұндық және руханилық қасиеттерi шығып,
өзге де
философиялық, ғылыми, публицистикалық, т.с.с.
жазбаша ой түрлерi
қатарына (өнердiң өзге түрлерi қатарында емес!) қабылданып үлгердi.
Алайда ХХ ғасырдың ортасына қарай
әдебиеттi дүниенi шығармашылықпен
игеру түрi, өнерге тән шығармашылық iс ретiнде түсiнушiлiк орнықты;
сонымен бiрге
әдебиет өнер жүйесiнде
ерекше орын иеленетiн көркем
шығармашылықтың өзгешелеу түрi болып есептелдi. Әдебиеттiң осынау
даралық сипаты нәтижесiнде “әдебиет және өнер” деген тiркес қалыптасты.
Қазiргi түсiнiк бойынша,
әдебиет, өзге де өнер түрлерi сияқты,
обьективтi
өмiр шындығын қабылдау мен бейнелеудiң көркем де бейнелi
(образды) түрi, болмысты рухани-тәжiрибелiк игеру тегi.
Достарыңызбен бөлісу: