49
Әдеби шығармаларда адам тiршiлiгiнде түрлi мән иеленетiн
заттар да
көрiнiс табады. Қаламгерлер тұрмыстық заттарды адам мiнезiн немесе
мiнездiң жекелеген қырларын ашуға қажеттi кiлт ретiнде жиi қолданады.
Кейде туындыдағы заттар өзiн жасаған өнерпаздың күш-қуаты мен
шығармашылық мүмкiндiгiн де (мысалы, Ахиллестiң қалқаны) танытады.
Тарихи көркем туындыларда
тұрмыстық бұйымдарды, үй-жайды, т.с.с.
суреттеу шығарма кейiпкерлерiн дұрыс танып-түсiну үшiн қажеттi ұлттық
әлеуметтiк-тарихи колориттi құрайды. Шығармашылықпен қолданылған
қандай да бiр зат бейнесi, кейде тiптi сол затты еске салып өтудiң өзi, оны
пайдаланушы адамның қоғамдағы орнын, өзгелермен қарым-қатынасын, ой-
сезiмдерiн танытуға ықпал ете алады.
Сұрақ. Сонымен, әдебиеттiң бейнелеу нысаны – адам, мақсаты – адам
болмысын танып-бiлу. Алайда, адам болмысын танып-бiлумен физиология,
тарих, антропология,
этнография, психология, т.с.с. ғылымдар да
айналысатыны мәлiм. Бұл жағдай бiзге көркем әдебиеттiң өзiндiк
ерекшелiктерiн неғұрлым терең де жiтi танып бiлу қажеттiгiн байқатады.
Ендеше, әдебиет нысаны жайында тағы да қандай мәселелерге назар
аударған жөн?
Жауап. Бұл орайда
әдебиет нысанының тұтастығы мен жалпылық
мәнi жайында бiрер сөз айта кеткен орынды.
Ғылымда табиғаттағы нақты құбылыстардан оларға ортақ дерексiз
ұғымдар анықталады. Бұл дерексiздiк ол
құбылыстардың негiзгi, мәндi
қасиеттерiн қамтығанымен, олардың жанды тұтастығын сақтамайды. Өнер
мен әдебиетте бұлай емес, керiсiнше. Өнер мен әдебиетке тән бұл ерекшелiк
көркемдiк таным үрдiсiн ғылыми таныммен салыстыра қарағанда көзге анық
байқалады. Мысалы, өнерде – образ, ғылымда – дерек.
Өнер мен әдебиеттiң тағы бiр маңызды
ерекшелiгi оның
жалпылық мәнi
(общезначимость) болып табылады. Бейнеленген нәрсенiң оқырманға әсерi
қаншалықты керемет болса да, егер ол
көпшiлiк үшiн аса маңызды
мәселелердi қозғамаса, өз мақсатына жете алмасы анық.
Олай болса, өнер
мен әдебиетке тән жалпылық мән дегенiмiз не? Оның фактiлерге негiзделген
ғылыми шындықтың жалпылық мәнiнен айырмасы қандай?
Ең әуелi ескеретiн мәселелердiң бiрi мынадай – әдебиет пен өнер өзегiне
тек әсем нәрселер ғана емес, ұнамсыз жәйттер де алына бередi. Себебi өнер
аясы әсем дүниемен ғана шектелмей, өмiрдегiнiң бәрiн де қамтиды. Ол
өмiрлiк ақиқатқа зерттеушi ретiнде емес, кәдiмгi
адами көзбен үңiледi. Барша
адамды қызықтырған нәрсе өнердi де қызықтырады. Оның дәлелiн әдеби
туындыларға назар аударсақ, байқай аламыз. Кез келген шығармада ұнамды-
ұнамсыз кейiпкерлер аралас кездеседi. Тiптi кейбiр шығармалардың кiлең
ұнамсыз типтерден тұратыны да бар. Мысалы, Н.В.Гогольдiң “Ревизоры”.
Бұл – заңды құбылыс. Себебi – өмiрдi түсiнiп, өзiнiң өмiрден алар орнын
анықтау үшiн адамдар ғажайып пен сыйықсызды, асқақтық пен мiскiндiктi,
қасiрет пен қуанышты, қайғылы мен күлкiлiнi тани бiлуi қажет. Идеялылық,
адамгершiлiк, эстетикалық жағынан адам баласы үшiн аса мәндi де, баршаға
50
ортақ болып табылатын құндылықтарды танып-бiлу арқылы адам баласы
өзiнiң
тiршiлiк сипатын нақтылауға, не үшiн өмiр сүрiп жүргенiн түсiнуге
мүмкiндiк алады. Өнер мен әдебиеттiң мiндетi де осы мәселелерден өрбидi.
Өнер мен әдебиет адамға өмiрдi танып-бiлуге жәрдемдеседi. Әдебиетте
қамтылған құбылыстар адамды “зерттеушi ретiнде емес, адам ретiнде”
қызықтырады. Олар қаншалықты ауқымды болғанымен, идеялық,
адамгершiлiк, эстетикалық тұрғыдан көркем шығармада қамтылған шектеулi
көлемдi ғана қамти алады. Әрине, жоғарыда айтылған пiкiрлерден
қаламгерлер ғылымға қатысты құбылыстарды, ғылыми iстердi немесе
ғылыми жаңалықтарды бейнелемейдi деген ой тумаса керек.
Достарыңызбен бөлісу: