Айдын байыс қҰланиек сәт сапар



бет10/23
Дата29.08.2022
өлшемі106,89 Kb.
#38301
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
ЖОЛ ҮСТІНДЕ

Вокзал.
Вагон.


Тоғыз жолдың торабы.
Былай қалып «жеткізбейтін» жол әрі,
Қарсы отырды кенет бір жан,
О, тоба!
Ондай ару кездестіргем жоқ әлі!

Сұлулықтың сыр-түбіне жеткен кім?


Өзектегі өлеңіме от бердің!
Бадана көз қиығымен байқаттың,
Мөлдіреген мейірімін көктемнің!

Терезеден шағылады жайсаң күн.


Байыпты үнмен таныстың да, байсалдым,
Жолайырық бекетіңнен сен түстің.
Тосылғаннан:
-Байқап жүрші!.. – дей салдым.

Бір ауыз сөз айта алмадым маңызды...


Бекетіңнен түстің солай, жан – ізгі.
Айналайын, сен түскен соң,
Бар вагон
Бос тербеліп бара жатқан тәрізді!..


***

Ағам бүгін тым ерекше жайдары,


Өзгергендей бақыт жайлы байламы.
Себеп сұрап барсам – қолын сілтейді:
- Айтсам-дағы сенбейсің ғой, қайдағы!..

Не болады қатар қойсаң мұз-отты?!


Бет моншағы үзілердей ізетті,
Нәзік басып, бұлт үстімен жүргендей,
Күлімсіреп қарсы алдымнан қыз өтті!

Аймаңдайым, басылды оттай ол көзге!


Бұл кездесу басқалардан болды өзге!
Сұңқар соққан сарыала қаз сияқты,
Жапырақ та сұлай берді сол кезде.

Құлыны жоқ қысыр сөзге сенбейтін,


Жанарынан нұр шашырап сөнбейтін,
Тек қиялда қыдыратын жан ғой! – деп,
Көсілгені-ай мың құбылтып ол кейпін.

Дауысында қуанышты сайрап үн,


Бәлкім ағам қиялдады той қамын.
Жымидым да: «Әлемде жоқ ол ару,
Бұл ауылда неғып жүр?» деп ойнадым.

Мән бермеді, кім мұндайда ойнап ед?


Гитарасын құшақтатып бойдағы от.
Дәл осылай күй кешкенде мен де шын,
Бір сөзіме сенбегені ойда жоқ.

***

Бір күнімді бір күніме жалғадым,


Сені көріп, сағым болды жан-жағым.
Жүрегімнің жиілейді екпіні,
Білегіңнің сезіне алмай салмағын.

Көмейіме кептеледі бөлек үн,


Дерегіңе зәру болып келемін.
Көзіңдегі Көк теңізге көп түсіп,
Тереңіне тұншықсам ба деп едім.

Көңіліме көшіп алдың тез бекіп,


Жалқы сәтте не боларын сезбедік.
Бір амалын тауып саған жетер ем -
Сұрамадым есіміңнен өзге түк.

Төңкеріске ұшыраған тірлігі,


Бір ақын жүр өзіңді іздеп, біл мұны.
Қапияда келе жатып, шіркін-ай,
Қарсы алдымнан шыға келсең бір күні.

Қарашықта дірілдейді көл-үміт,


Ерініңнен сүйсем-ау деп емініп.
Ерке самал елжіретіп ескенде,
Елік қырға әтір сепкен еңілік.

Аман-есен жүрші әйтеуір арманым,


Көтерем ғой, көтеремін қалғанын.
...Жүрегімнің жиілеген екпіні-ай,
Білегіңнің сезіне алмай салмағын.

***

Көңіліме көктемнің күйі сіңген,


Есіміңді қайталап жиі ішімнен.
Иран-бақтың ішінде жүргендеймін,
Жұтсам егер жұпарлы иісіңнен.

Талықсыған тәттім-ау, талдырмашым,


Талайларды арманда қалдырғансың.
Дәл өзіңдей өрікке жолықтырған
Айта аламын қалайша тағдырға сын?!

Тағдырдың да ұмытып келтелігін,


Жүргендеймін ішінде ертегінің.
Менің ең бір әлсіздеу жерім еді,
Ешкімге де ұқсамас еркелігің.

Үлбіреген үлдеге орап өтем,


Өзің барда өкініш, ода бөтен.
Гүл сыйлар ем мен саған ең әдемі,
Гүлге гүлдің қажеті бола ма екен!

Сарсаңға да салынсын жаным қанша,


Айнадағы жаннан да жаңылғанша!
Құстар айта жүретін көктем сайын,
Шіркін, менің сен жайлы әнім қалса...


***

Сен мені іздерсің әлемнен,


Шағыңда елегзіп сағынған.
Әлемге сыймайтын жан ем мен,
Өлшеулі ұғымға бағынбан.

Бағынбай еш қалқам, көлемге,


Тартылыс заңына, қысымға.
Жауабы бар мұның өреңде,
Кеудеңде, жүректің тұсында.

Елеме заңдылық үкімін,


Құрсаулы қалыпқа сиям ба?!
Тыңдашы жүректің лүпүлін,
Ерік бер сезімге, қиялға!

Шөліркей дір етіп ерінің,


Ақ торғын тамағың, білегің...
Бір сәтке көз жұмып, елігім,
Сезінші махаббат лебін.

Тек сонда сен мені табарсың,


Жырымнан!
(Басқаға көнем бе?!)
Жанымда мәңгіге қаларсың,
Өзің де айналып өлеңге!

***

Әлқисса, шын куәгер – көмескі күн.


Ғашықтар хикаясы – ол ескі ұғым...
Жаным-ау, саған барып сумақай жел,
Мен жайлы көп айтады деп естідім.

Ол дағы жеке-жалғыз мендей ғаріп,


Еседі, талай мәрте өлмей барып.
Айтқандарын елей сал,
Бәлкім жаның,
Хат-хабарға мен жайлы шөлдейді анық.

Іші өртеніп жүр дей ме, дауа қалмай?


Сенделіп жүрсем-дағы сау адамдай.
Жек көреді дей ме екен,өкпеледі,
Қаңғыған бұлт сияқты жауа да алмай?

Үкісі үлбіреген нар қамысым...


Жұтады жел толқынның жан дауысын.
Сағынбайды десе егер, ол – өтірік!
Сол сөзіне сенбегін!
Қалғаны – шын.

P.S. Жабырқаған жанымның күзгі әлегі,


Өлең болып қашалған қыз бәдені.
...Тірісінде қосылған екеу жайлы,
Ертегі айтып берейін сізге әдемі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет