Айдын байыс қҰланиек сәт сапар



бет12/23
Дата29.08.2022
өлшемі106,89 Kb.
#38301
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
Айдын БАЙЫС. Құланиек

СҰЛУ МЕН СУРЕТШІ
(Баллада)

Күбі-күбі қиял ойын сапыртып,


Аспандаған атағынан ат үркіп,
Мен суретші болам деді ең ұлы,
Ақтоғайлық Аманқұлдың шәкірті.

Қарай гөрші, көңілінің ояуын,


Көреді екен гүлдің қырық бояуын.
Маңайына маңдай көзбен қараса,
Сүрінеді өзі басып аяғын.

Шабыт іздеп жағалауға жүз барды,


Ұнатады су бетіне сызғанды.
Он үшінде жүрек көзі ашылып,
Салам деді өңкей сұлу қыздарды.

Көкірегін керіп сонда жаңа леп,


Жаңа леппен желпінетін бар әдет.
Қайран ұстаз, бұған бірақ, қарай ма,
Белі шықпай бесіктегі бала деп?

Сал деп берді құмыра мен алманы,


Кейін дейді, қыздың жайы, қалғаны.
Сөйткен шалың, өзі келіп өрімдей,
«Су ұсынған сұлу қызды» салғаны!

Ақылына құлақ салсын деді ме?


Жұмбақ қылып, жырақ барсын деді ме?
Сұлулықтың азабы мен ғажабын,
Көріп барып, бірақ салсын деді ме?

Құдай өзі дарын беріп елесе,


Құдай өзі жалын беріп елесе.
Сұлулықты сомдай білу үшін сол,
Аманқұл боп туу керек немесе.

Сол баладан түк суретші шықпады,


Ұлы өнерден аз екен ғой ұққаны.
Сұлулыққа ғашық еді бірақ ол,
Таңдайынан кетпей таңғы шық дәмі.

Кірлетпеді жан-жүрегін ғажап ақ,


Жаздың жылы жаңбырымен тазалап.
Өлең жазып жүр дейді енді, түсінде,
Су ұсынған сұлу қыздар мазалап.

ЕШКІМГЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ БІР ӨЛЕҢ

Қарлығашты көрдің бе, анау ұшқан?


Жақын тартып тұрады жан алыстан.
Ең алғашқы досым – сол, ерке құсым,
Мақпал қара қанаты дала құшқан.

Мейірімі мамырлап ізгі күйдің,


Бұрышына ұя сап біздің үйдің,
Тату-тәтті тұрғанбыз, айырғанша
Жылан қабық мұз қатқан күз, қыли күн.

(Осы сөзге, білмеймін, сенесің бе?)


Құсым қайтып келмеді Дересінге.
Қармақтың қалтқысындай көлге салған,
Дір-дір еткен дем кетті-ау денесінде.

Бәлкім, еске салатын болар кей үн?


Санамда сағынышқа көп ән бейім.
Оған дейін бір досым болмап еді,
Болмайтын да шығар-ау одан кейін.

ЕСКІ ЖҰРТТА

Асау сезім, қуаныш, асау қайғы,


Тасқа еңбегін уақыт қашауда әйгі.
Өкінуді білмеймін, бірақ кейде,
Өксік қысып жанарым жасаурайды.

Бар ма, жоқ па ескі жұрт ел есінде?


Құт қонысы атамның Дересінде.
Еміс-еміс ерте шақ, естелік боп,
Балалығым бұлдырар белесінде.

Көмескі ойдан ендігі кем естелік,


(Естелікке тым шебер емес пе едік?!)
Бұл-бұл ұшып ескі жұрт, көз ұшында,
Өліарада тұрады елес беріп.

Құлағымда жүр әлі күңгір үн бір,


Түбі келіп түре ме түндігіңді ұл?!
...Қоңыр кештің көгінде құс қиқулар,
Күй құлазып кеудемде...
Кіндігім – жыр!

Қайран атам, пейілі кең сом кісі,


Көшпенді көк түріктің ең соңғысы!
Құбылаға күні де паң бататын,
Ескі жұртқа келмейді ел қонғысы.

Жел желпіген жусанның тамырында әр,


Әрбір тарғыл тасында тағылым бар!
Рас, рас, тағылық тегіңде еді,
Текті өлкеге тән емес жабы-ұғымдар!

Сақталушы ед көненің салты өңірде,


Бір Құдірет көнеден қамқорым де.
Ұлығаннан сақтайтын!
Бөрі ұлуын,
Еститінмін жатып ап там төрінде.

Сол бір үрей санамда салыпты ойран,


Өткен жайлы көңілім қамықты ойдан.
...Ескі жұрттың бөрі үні киесі ме ед,
Құлағымның түбінде қалып қойған!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет