Айдын байыс қҰланиек сәт сапар


АТАМНЫҢ ТҮЙЕ АРБАСЫ МУЗЕЙГЕ ӨТКЕН КҮН



бет13/23
Дата29.08.2022
өлшемі106,89 Kb.
#38301
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
Айдын БАЙЫС. Құланиек

АТАМНЫҢ ТҮЙЕ АРБАСЫ МУЗЕЙГЕ ӨТКЕН КҮН

Шуда жүні желкілдеп,


Азу тісі сақылдап,
Қара Бура күркірейді шатырлап.
Үй жығардай екпінімен, жануар
Қозғайды екен қара арбаны сәл ырғап.

Қайран арба, жетім қалған жәдігер,


Көрген адам керуеннің сәні дер.
Көне бұйым, көзіндей боп бабамның,
Бала күннен ыстық еді жаныма ол.

Қай жері кем, хан отырар күймеден?


Омыраулап ойсылқара сүйреген.
Бура мінез бабалардың алдында,
Қайратымды көрсете алмай именем.

Тарихымды көтеріп ап батпандай,


Экспонат болды бүгін, сәт қандай!
Қабір жақтан бабаларым қайтып кеп,
Музей жаққа бірге бара жатқандай.

Арасына сіңіп кетпей мұнардың,


Құбылған күн қайта туса құп алдым.
Қара Бура түске кіріп, жарықтық,
Бүгін түнде жақсы ұйықтайтын шығармын.

ЖЫЛАН ЖЫЛЫ ТУҒАН ЖЫР

Төбесінен дұшпаны қарғымаған,


Қожа-молла атанған арғы бабам.
Одан бері қанша көл құмға сіңіп,
Неше тауда жарылып жар құлаған.

Ұстатпай қашқан заман құнан-дөнен,


Бабамнан қалды талай мұра өлмеген.
Әлдекімді ызамен әлгі бабам,
Жерде жатқан сабапты жыланменен!

Жыланменен сабапты жан шыдатпай.


Қарашықтан талай жас тамшылатты-ай!
Бір астары бар шығар біз ұқпаған,
Қалған жоқ қой әйтпесе қамшы таппай.

Көп кезіп кеттің деме қиял, бала,


Бабам шерткен тоғыстым күй-арнаға.
Жарығынан жалғанның ол да көшті,
Қазынасын тиеп ап түйе арбаға.

Қайран бабам, жөңкіліп өтті бәрі...


Кейде өзіңдей, ойымның жоқ күмәні,
Әлдекімді қолыма жылан алып,
Тәубасына түсіргім кеп тұрады!


БӘЙГЕТӨБЕ

Төргі үйде, икемдеп кешкі шайын,


Есті әңгіме бастады ескі шайыр:
«Жолбарыстың жататын жонындай боп,
Бәйгетөбе... көзімнен көшті, сайын!

Алағайлап сал-дәурен, бұлағайлап,


Сағым ұшқан сары бел, ұлан аймақ.
Тақымымда тепеңкөк тыпыршымай,
Қай-қайдағым еріксіз шығады ойнап.»

Қозғады ма қария жай, көнені?


Бәйгетөбе, жарықтық, қай төбе еді?!
Аламаны өткен жер дейді Алаштың,
Көкжұлыны кісінеп, Айтөбелі!

Көне жұрттан кеткен соң көп ел тарап,


Шөге берген екен ғой көлемді алап...
Шымқай аппақ сырмақтан көзімді алмай,
Бабалардан ұялдым төмен қарап!

Өзек тіліп шыныдай өткір сынық,


Қалың ойға қараорман кеттім сіңіп.
Хикаятын шайыр да тәмам қылды,
«Ол да бір заман екен...» деп күрсініп.

P.S. «Еске салса көңілің қайта мұздар,


Қайта барсаң құм басқан қайқаң із бар.»
...Бәйгетөбе, жарықтық, дүбір аңсап,
Дүр сілкініп кетпесін, байқаңыздар!

ЭЛЕГИЯ

Жаным Балқаш, жағаңа жетсем қазір,


(Жаман ұлың жатырқап кетсең де әзір)
Ертегіде айтылған алтын балық,
Ол да сенің суыңда - тек сонда жүр.

Естіледі ескі әуен кешке мұңлы,


Толқын жұтқан қайықпын ескегімді.
Жағаңа жетсем болды бар арманым,
Жетіп алып білмеймін не істерімді.

Сағынышты шертем бе сол баяғы,


Сағыныштан келемін оңбай әлі.
Толқындарым түнімен тебіреніп,
Қамыс біткен күбірлеп қол жаяды.

Қар жаумай, қазан ұрмай, күз мұңлы өңі,


Күнтізбеде қайық-күн жүзді ілгері.
...Қойыныңда, Көкше көл, тұрсам шіркін,
Мойынымды қытықтап қыздың демі.

БАЛҚАШ

Әлдиіне ұйытып ғарыштағы үн,


Жыр тербейді Көкше көл қамыстарын.
Уысымнан сусылдап уақыт-құм,
Ақ желкендей жағаңнан алыстадым.

Қала қалды, қолында жеті мүштік,
Жетеуінсіз дей алман жетілістік.
Ару қалды, көз жасын үзіп үнсіз,
Қоштасарда айдынның шетіне ыстық.

Әуелетіп наркескен, нәзік әнді,


Айна көлде аққулар назы қалды.
Түсінбейді-ау, өзіңде тумақ түгіл,
Бәденіңді көрмеген, базынамды.

Сағыныштың сазымен жылы естілген,


Өндіргендей өлеңнен мұң естім мен.
...Іздеймісің ұлыңды, ұлы көшке
Жазмышының жазуы ілестірген?!

Киелі өлке, қайтейін, гүл шаһарым,


Сарқылар деп ойлап па ем мұнша халім?!
Сәуле болып санама сен түсесің,
Түкпірінде жүрсем де тұл жаһанның.

Сүйрік толқын тереңнен сыр ұқтырған,


Сырыңды ұғып, шерімді құмықтырғам.
Түсінгенге Көкше көл – қасиет қой,
Қалыбында Тәңірдің тұнып тұрған.

Байыз таппас жүрегім бүгін, білем,


Жанарымды жұбатпай күлімді рең.
Аңсар құшып тек енді тыңдап тұрам,
Көкше көлден қурайдың үнін күрең.


2012 ж.
АҢЫЗ
Әнші Ә.Садықованың рухына

Тырналардың тыраулап тізбе легі,


Көк теңізге керуен күз келеді.
Қарашада жазғаным – құстар жайлы,
Жеткізеді желтоқсан бізге нені...

Тұнық айдын тербеген нала-дастан,


Қия-тасқа кертеді алап, аспан.
Көк теңіздің ән-ғұмыр аңызы бар,
Үзіле ме аяулы ән Алаштан!?

Алаулаған ақ таңы атпай әлі,


Бұлбұлымның басынан бақ таяды.
Толқиды бір «Балқия қашқан теңіз»,
Әселім-ай...
Балқаштың Ақбаяны!..

Мына батпан сезімді-ай жер-көктегі,


Тұңғиыққа тартады шер кеп мені.
Биыл көктем келгенде ән салмадың,
Биылғы күз елді үнің тербетпеді.

Көкжиектей көңілім сенбей ме бір,


Алағай күн ақшамда көлбейді өмір.
Осалдығым емес ол, өзіңді ойлап,
Жас құласа көзімнен көлдей мөлдір.

Сағыныш-мұң еседі күз демінен,


Қара өлеңнен қарағым, іздегін ем.
...Желтоқсанға жеткіз деп,
Жырымды бұл
Тырналардың ұшырдым тізбегімен!..


ШАШУБАЙ

Бектауата, жарықтық батыр мүсін,


Бейне бір, жылы ұшырар жақын кісің.
Жеті ел кеп, жеті ел кеткен жерде осынау,
Тақиядай белгі боп жатырмысың...

Шашекем-ай, қай заман қалғығалы,


Көмейі Көк теңіздің қарлығады.
Көріп едім дегендей өз көзіммен,
Қасқайған қара жартас жаңғырады.

Толқыны күй боп тулап, ән тасыған,


Көкке қарап көл жатыр шалқасынан.
Кеудеңе қондырғаның ол қандай құс,
Екі ішек, қу тақтайдың қаңқасынан?

Өрен деп көтереді ел өз баласын.


Орақ тілге обал жоқ озбағасын!
Бүтін шапан бүркеген заманым-ай,
Айта жаздап айтпаған сөз моласын.

Өнерің (елге сенсек) таң-шырағдан,


Қан шықпайтын жерден де қан шығарған.
«Қияға ұя басқан қыран едің,
Аққудың төсіне ұйықтап, талшық алған.»

Ақ қайың шырқай салған ұлы дәуір!


Қара өлеңге қаталап, құнығады ұл.
...Ірілікті іздеген ізгі шақта,
Сырласу деп ұққайсың мұны да бір.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет