Айдын байыс қҰланиек сәт сапар



бет23/23
Дата29.08.2022
өлшемі106,89 Kb.
#38301
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Айдын БАЙЫС. Құланиек

ҚАЙДАСЫҢ?
(Нөфел Үміттен)

Есіміңді күбірлеймін ән сынды,


Қайран жүрек, ауырмашы көп енді.
Аузымды ашсам, жел ап қашып даусымды,
Қыр соңыңнан құстай ұша жөнелді.
Қайдасың?..

Жаңбыр шайып кететіндей мұңымды,


Алақаным мұздай болып, тоңамын.
Арманым да саған қарай жүгірді,
Алқынғандай, аптыққандай боламын.
Қайдасың?..

Жан-тәнімді табаныңа төседім,


Ғұмырымды қидым сенің жолыңа.
Тыныштықта, естімей ел өсегін,
Қыдырайық, қолым тиіп қолыңа.
Қайдасың?..

Пешенеңде бармын ба өзі, не дейін...


Болар едім қапастағы шырағың.
Қайда жүрсің, айтшы, жетіп келейін,
Көресіні көріп әбден, шыдадым.
Қайдасың?..

Шалық тиген бала құсап ойым да,


Көзім алды көкшіл мұнар көлбейді.
Сен келер деп, күре жолдың бойында,
Бір жас ақын баяу әнін тербейді:
Қайдасың?..


КЕШКЕНМІН
(Нөфел Үміттен)

Мақпал жүзің мұңаяды, түсім бе?


Ерініңе жұпар болып көшкенмін.
Жапырақтай жұқа қағаз ішінде,
Түлкі бұлғаң талай сөзді кешкенмін.

Мынау өмір менен теріс айналды,


Бақытым мен бағым тайса, не істермін?
Сезім суып, салмай сауық-сайранды,
Қайғы менен қаяуды да кешкенмін.

Бүкір құсап байғұс белді бүгеді,


Жүрегіме жаутаңдаған мұң қалың.
Қалғып кетіп жүре ме деп, үнемі,
Бітеу, ескі жара бетін тырнадым.

Тарыдай-ақ махаббатың жетер ме?


Арпалысып іште мұң мен қилы үміт.
Ойып жазған сезім оңай кетер ме?
Жан-жарама киіз бастым күйдіріп.

Сәтті күнім жымиғандай түбі кеп,


Картада ұттым, қуанбады ой-сүлде.
Махаббаттан айырылсам мың рет,
Сол баяғы бір мұң үшін дейсің бе?

ТАҢ АТСА ЕКЕН
(Нөфел Үміттен)

Қоштасудан өр сезімім өлмейді,


Қайран жүрек, қай азаптан тоқтапты?
Еш пендеге көрсетпеймін, көрмейді ,
Жалғыз өзің көз алмайтын соқпақты.

Адам қолы жазған қатал заңдарға,


Бағынбайды Құдай жазған тағдырым.
Сайтан еккен гүл көктемес жалғанда,
Тек махаббат шалқытады жан нұрын.

Созсам қолым жетпей саған, мезі боп,


Өткел бермес өзендерге жұтылғам.
Таң атса екен, күн шықса екен, тезірек,
Сәуле құйса, соқпағыма тұтылған.

Мен жұмақты құшағыңнан іздегем,


Құдай маған бұйырмады хабар-үн.
Мұңға толы, сарсаң соқпақ-ізбенен,
Түбі мені тауып алшы, қарағым.


ӨМІРБАЯН


Айдын БАЙЫС – 1994 жылы Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Көлік-Энергетика факультетін тәмамдаған. Облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының лауреаты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет