Айдын байыс қҰланиек сәт сапар



бет7/23
Дата29.08.2022
өлшемі106,89 Kb.
#38301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
Айдын БАЙЫС. Құланиек

БЕЙІТ БАСЫНДА

Қалың қорым ішінде,


(Кім жатқанын кім білсін?)
Пәк періште пішінде,
Ойнап жүрді бүлдіршін.

Көк жусанның түбіне,


Көздің жасы тамады, ә...
Ағайынның бірі де,
Ұрыспады балаға.

Шошытпады жуық көр,


Былдырлайды тәтті тіл.
«Ажал деген суық қол»
Құлыншаққа жат пікір.

Қуыршағын жұптап ап,


Елемейді ол өзгені.
Қасіретке тік қарап,
Күлімдейді көздері.

ҚАЙТҚАН ҚҰСҚА НАЗ

Қай жаққа ұшып барасың, ерке құсым?


Далада қалды ақының өртеп ішін.
Кімге оқимын су жаңа өлеңімді?
Кімге айтамын әжемнің ертегісін?

Күз-арудың айналса жасы мұзға,


Мұңнан мүйіз шықпай ма басымызға?!
Жұмақты іздеп кеттің бе мәңгі жасыл?
Қала берсең жақсы еді-ау қасымызда!

Құлазып, қол бұлғатқан кеш құрысын!


Шақырмай-ақ шалғайдан еш туысың,
Кемпірдей кеттің бе әлде төркіндетіп,
«Қыз-ау» деген жылы сөз есту үшін?

Тынық ауа, ымырт, күз тербейді еппен.


Көз алдымда көп дүние көлбейді өткен.
Жай, әншейін, біреуді еске салдың,
Келемін деп кезінде келмей кеткен.

ТАМШЫ-ТАҒДЫР

Болжамаймын тағдырды, бал ашып та,


Ондай қылық біздерге жарасып па?
Мендік тағдыр – мөлт еткен тамшы-тағдыр,
Мендік мекен айналған қарашыққа.

Мойыл жанар ғайыптан қиылады,


Тентек сезім қайтсе бір тыйылады?
Жерге түсем дегенше жақұт тамшы,
Лирика боп жүрекке құйылады.

Бір нәзіктік бар мұнда дара дер шын,


Тағдырласым, мұны мұң, нала дерсің.
Тағдырласқа тарқатқан сырларым көп,
...Ол жағы құпия боп қала берсін.

Жырларымда болмысын танытты ішкім,


Әмірімен, әрине, алып Күштің.
Мөлт-мөлт еткен мәңгілік сағыныш боп,
Кірпігінен қалқаның тамып түстім.

ЖАЛҒЫЗ

Арай жүзген аспандағы Күн жалғыз!


Жалғыз тамшы арыла алмай мұңнан біз,
Өмір жалғыз сәт екенін сезеді-ау,
Күлімсірей көкке қарап тұрған қыз.

Ақ айдында шалқалаған Ай жалғыз,


Жалғыздыққа жаны құштар қайран күз.
Ғұмыр жалғыз сәт екенін ұғады-ау,
Күнге еркелеп кең құшағын жайған қыз.

Себезгі нұр... көрінеді көзге ыстық,


Көкіректе көзі соқыр сезбес түк.
Жалғыздыққа бағына ма жүрегің,
Жалғызыңнан жаным деген сөзді естіп!?

Сол бір сәуле алып шығар түнектен,


Сол бір үміт көңіліңе гүл еккен.
Тәтті мұңды, шаттығымды көтердім,
Кеудемдегі қайран жалғыз жүрекпен.

А-ға

Кешір мені, ренжітсем, өкпелесең,


Қайтейін, махаббатта кеткен есем.
Жан біткеннің жұмсағы, жаны сұлу,
Жанымда жүр екен ғой, көкте десем!

Қанша жерден десем де сұңғыламын,


Қалқа қызға осылай шын құладым.
Құлпырып шыға келді, өзім таң боп,
Көмейімде құмыққан бұлбұл әнім!

Қыдырасың қиялда бір ғана сен,


Бақыт болып қонсаң ғой, бұлдамас ем!
Сарайыма сән беріп салтанатың,
Жанарыма жан беріп тұлғаң әсем!

Суырып ап ішінен мола-мұңның,


Ойнап-күлсек барында оралымның!
Аппақ гүлдер аспаннан жауып тұрса,
Ақ тілегі секілді сол арудың.

ЖАҒАДА

«Мен сені сағынамын…» дейтін, өбіп,


Жұптастырып жанымды гөзәл мұңға.
Дәл осылай Күн-ару кейпіне еніп,
Көкжиекке сүңгиді ол көз алдымда.

Екі ортада көл сұлап,


(емес пе – айна?)
Қайырылмай ұзайды шет мүлде енді.
- Жібермеймін,- деп сол сәт - сені ешқайда!
Су бетімен жүгіріп кеткім келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет