Айдын байыс қҰланиек сәт сапар


*** Өмірімді өлеңмен өргенімде, Шынымен, өлгенім бе? Аманхан Әлімұлы



бет15/23
Дата29.08.2022
өлшемі106,89 Kb.
#38301
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
***


Өмірімді өлеңмен өргенімде,
Шынымен, өлгенім бе?
Аманхан Әлімұлы

Ақпан демей, Алматы таңы арайлы,


Қорым жаққа келемін қарағайлы.
Қылқандардың ақ көбік қарын сілкіп,
Қарағайды сұр тиін аралайды.

Ақ көбік қар қонады тас қабірге,


Қорым жаққа қорықсаң, баспа, кірме.
Мен келдім ғой, ағатай, сырласуға,
Айтам оны өзіңнен басқа кімге?

Елегзиді көңілім құс келердей,


Сағынышқа саз қосып, үстегендей.
Көшіре алмай өлеңге жүрмін соны,
Көбелекке тас байлап, ұш дегендей.

Ырғағындай ырғалам «Қосбасардың»,


Өлеңге адал өзіңдей досқа зармын.
Мағынасыз әңгіме елдің іші,
Маңайынан аспайды пеш-қазанның.

«Өмірден өткеннен соң елес пенде»


Қара таппай қиналам кеңескенге.
Айға қарап қоямын анда-санда,
Тұра қалып тыңдаймын жел ескенде.

Өттің, аға, өлеңді Ар деп сүрген!


...Боялады биязы таң көкшілмен.
Өзің сүйген табиғат, сол баяғы,
Қабіріңе қылаулап қар боп сіңген.
ОҢТҮСТІК САПАРЫНАН

Аулақ тұрып, күй кешсең әрі-сәрі,


Ол әуелі өзі кеп танысады.
Мәйін мінез, меймандос, кісі көрсе,
Қауынқақтың сөліндей жабысады.

Оңтүстікке барсаңыз тұңғыш рет,


Қалбалақтап қарсы алар жыл құсы деп.
Қала жақтан қар күреп шықтым десең,
Шашалады көк шайға күлкісі кеп.

Таба нанды түсіріп оттан ыстық,


Әңгіменің бастауы мақта, егістік.
Құмырсқамен достығы бар екенін,
Сырдария өзенін мақтаныш қып.

Бақшасында құс сайрап күні, таңы,


Жеміс қойып, жаныңды жылытады.
Көңіл өрін көк бояп, жыр оқыса,
Төңірегін түгелдей ұмытады.

Таңдайға езіп тамсайды кішіміш ап,


Жаймашуақ жайнайды түсі бұ сәт.
Сүйген қыздың есімін айтып қалып,
Өзі де байқамаған кісі құсап.

Радионың дауысын тыныш бұрап,


Көлеңкеге төсейді пүліш құрақ.
Қалаға шақырсаңыз естімейді,
Ауылдан кетпегені дұрыс бірақ.

***

Көсегеміз көгеріп бір, көктер ме ем,


Жұпар аңқып самал жетсе көктемнен!
Неге менің жүрегіме жетпейді ол,
Өкпе менен өңешімнен өткенмен?

Безген дұрыс, қоңыр салқын төске алып,


Кезген дұрыс боз даланы, бесті арып.
Терезеге телміргенше, Құдай-ай,
Қайдағыны еске алып.

Айдыныма күн еңкейіп, ай құлап,


Мен мұндалап тау шақырса, сай, қырат,
Бошалаған бұлтпен маңып кетер ем,
...Ертең жұмыс, әй, бірақ.


***

Ақтоғайдың арғы жағында,


Қызыларайдың бергі жағында.

Қара жусан жұпарымен жетіліп,


Қара өлең деп қақсап, көзде от-үміт.
Қазақстанға алаңдайды жас ақын,
Қойшылардың қыстағында отырып.

Қыр соңынан қалмаса да небір ой,


Еті үйреніп кетпесе екен, тегі бой.
Отаным деп опынады біртүрлі,
Кеше ғана бәрі жақсы еді ғой.

Қорасында қой-қошқары тойып тұр.


Неге мұңлы, қайда әкетті ой ұтқыр?
Бабаларын есіне алып найқалды,
Жер үстелді жұдырықпен қойып бір.

Тобылғының бұтағындай бекініп,


Осыған да шүкір десе, шетін ұқ.
Күллі әлемге алаңдайды ол енді,
Қойшылардың қыстағында отырып.

***

Шегірткелер шертіп ұзақ бір күйді,


Қалың ішін қиял кезіп жүр қилы.
Шайнап суық сылдыр-сылдыр сулығын,
Шыбындаған құнан басын шұлғиды.

Қора жақта қызады өмір көрік боп,


Су ішеді төл енеге еріп кеп.
Бипыл жүріс балапандар ойнайды,
Алшаң басқан ата қазға еліктеп.

Алшақ мүйіз шекіседі текелер,


Саққұлақ ит, салпаң басып жетеді ол.
Балық ауыз күбірлейді малшы ағай:
- Е-е, Құдайым, берекелі ете гөр!

Қажырлы адам, бейнет кешкен талайғы,


Көкжиекке күн салып бір қарайды.
...Көкесінің уайымынан қамсыз ұл,
Сойған малдың сирақтарын санайды.

Мамыражай сәт тұнғандай ылайым,


Қарашыққа сыйғызып ап шырайын,
Қора жаққа аяңдадым мен де енді:
- Берекелі ете гөр, - деп - Құдайым!..


МАЙСА
Айбекке

«Шөңге де өлең, шөп те өлең»,


Құдай ақы, өзім соны жек көрем!
Бүгін бірақ, сөкпе мені, шырағым,
Шалғайдағы шабындыққа беттеп ем:

Көлеңкеге қуып тығар күн ыстық,


Болмаса да жас балада жұмыс түк,
Сүйреп әкеп Айдарлыға вагонды,
Ағалармен шөп шабуға кірістік.

Біздің әуре жайын бағу шөпшінің,


Қара тер боп, шегеді олар көп шылым.
Айтылады пәлен шошақ үйгені,
Айтылады аулақ қыл деп өрт-шығын.

«Бұған ертең сендер ие, қарағым,


Өткір болсын көз бен сөзің, орағың!»
Дастарқанды жайнатамыз, ортаға,
Тікірейтіп ағалардың арағын.

Арқамыздан қаққан сайын, бар шыным,


Дәмін таттым тер боп тамған тамшының.
Азық үшін, жазығы жоқ қой сойып,
Қос басында ішек-қарын аршыдым.

Мектебіме қайттым солай күзде әрең,


Содан бері мың құбылды ізгі әлем.
Ішек-қарын аршыған сол қолменен,
Талай-талай өлең жаздым қызға мен!

Қойшы, кімге қызық дәурен-дүрмегім,


Орақ емес, пышақ қайрап жүргенім.
Көздің майын кітап ішіп тауысты,
Сөзім өткір сияқты ма, білмедім.

Иінімді езіп бүгін нөпір-мұң,


Сәуле іздеген күйін кештім соқырдың.
Көк майсалы сол шақты ойлап, қалада,
«Горшоктағы» гүлге қарап отырмын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет