ИМАНЖАН МЕН БИБІҒАЛИ ҚЫЗ
Иманжан:
Күн ыстық, июль айы, жаз күн шілде,
Жайлаған Есіл өтіп, салқын көлде.
«Дәуімбай қыз ұзатып, той қылад», – деп,
Құлаққа хабар тиді пәлен жерде.
161
Айтыс II том
Шақырды сәрсембі күн тойын сәтке,
Той десе, бозбаладан кебеді өкпе.
Жиылып, шақырған соң тойға бардық,
Той екен сауын айтқан жалпы көпке.
Ат ұстай дәйекшілер түсірді үйге,
Шалқытып, қарттар кіріп, шықты төрге.
Иіндеп, қара саба ортада тұр,
Құй, – деді дияғашы жігіттерге.
Той десе, ел жабыла қалмай гулер,
Кеп жатыр сәлем бере пәленшелер.
Шөлдеген аңызаққа ат үстінде,
Шақырды қымыз іш деп дәйекшілер.
Үйге еніп, қол алысып, сәлемдесіп,
– Төрге шық, қымыз іш, – деп, шауқылдасып.
– Қайырлы жиын болсын, мереке, – деп,
Күлісіп, қарт пен қарттар қауқылдасып.
Сөйледі сонда біреу тұрып шеттен,
Гулеген басылды жұрт төңіректен.
Болмайды тойдан тойым тапсын деген
Жайлаулас қатар елміз, қалар өкпең.
Көкпары, палуаны бар, құнан, аты,
Бай еді құдасы да мол қуаты.
Дәкеңнің бұл ұзатар кенже қызы,
Қартайды қызығының ақырғы арты.
Және де осы тойға палуан келген,
Адақтап жыққан екен талай елден.
Пілтабан Ералының інісі екен,
Адамның зор, жуаны өзім көрген.
– Сіздерге түсіндіріп айтамын сөз,
Жайлаулас, дәмдес қатар болдыңыз кез.
Тойымды тамашалап тарқатам, – деп,
Дәукең бай алдырыпты бір жыршы қыз.
162
Қазақ өнерінің антологиясы
Нәзік бел, қасы қара, қызыл жүзді,
Балдызы Дәуренбайдың нағыз өзі.
Әрі әнші, домбырашы, суырма ақын,
Ақжарқын көңіл ашар қыздың өзі.
Айтысқан талай жігіт іздеп келіп,
Қайтарған айтысқанның бәрін жеңіп.
Артылған жиырмадан жас шамасы,
Бармай тұр қайнысына, күйеуі өліп.
Ел шықты, мерекеге атқа мініп,
Қарақшы тіккен жерге тұрдық келіп.
– Күреске палуан шықсын, – деді жаршы,
Болған соң жарысуға ат жіберіп.
Дәйекші бұл хабарды айтқан заман,
Халық көп, шыға ала ма жаман-жұман?!
Ұзыны, көлденеңі бірдей болып,
Майданға келді жүріп бір пілтабан.
Қарады тамашаға халық дулап,
Майданда қара үлектей жатқан аунап.
Балтыры нар бураның санындай боп,
Жалаң бас, жалаң аяқ жатты сұлап.
Көрінед түсі суық, түрі мықты,
Дембелше, орта бойлы, кең иықты.
Кезі еді жиырмадан жаңа артылған,
Дәукеңнің қарсысына Нияз шықты.
Осы той күрестірді қарт пен жасты,
Екеуі бара сала, жағаласты.
Үсті еді бір төбенің айдай тақыр,
Ұшырды топырақ борап, майда тасты.
Көтерді Ниязды әуел ол да бастап,
Белбеуден, сүбеліктен алған ұстап.
Діңк ете қалды, Нияз жығылмады,
Үйіріп, жанбасқа алып, кетті тастап.
163
Айтыс II том
Екеуі түсті алысып қара терге,
Тең келген күштері сай бірме-бірге.
Сүбелік қабырғасын бірге ұстап,
Бұл дәуді Нияз келіп ұрды жерге.
Әкеліп атан түйе бәйгі малды,
Бәйгіні көк ат келіп, тағы да алды.
Ал енді шабыс тарап, бозбалалар,
Отауға аужар айта ел жиналды.
Аужарға төңіректен келді халық,
Ақ киіз, масатыдан ою салып,
Орнатқан дөдегеге алтын оқа,
Жарқырап, ақ отау тұр ажарланып.
Үзігін ақ отаудың кейін түріп,
Қақ жарып, қалың топты ішке кіріп.
Қолға алып, домбыраның шегін бұрап,
Ақын қыз отыр екен әзірленіп.
Іркусіз ойдан шығар сөз дегенің,
Ісім жоқ тойдан бөлек өзге менің.
«Баста», – деп, осы тойды халық ұнатып,
Япырм-ай, болды қалай өз дегенім?!
Барады керуен мысал сапарға ауып,
Ойласаң, аз күн мейман қыз дегенің.
Тойыңыз құтты болсын, ел жинаған,
Сәт-сапар тойыңызға кез келгенім.
Тойыңыз құтты болсын, жұртты жиған,
Тамаша, бозбалаға бұл бір думан.
Жүздеспей, аужарды айтып тұрмын шырқап,
Көрісерміз түнгі ойында неке қиған.
Достарыңызбен бөлісу: |