ЖАЛПЫ РОССИЯ КЕҢЕСТЕРІНІҢ 10-СЪЕЗІ
1922 жылдың аяғында 21-22 декабрьде жалпы Россия кеңестерінің 10-съезі болды.
Кеңестер мемлекетінде жүргізілетін саясаттың беті, істің жөні, жалпы Россия кеңесінің
съезінде ашылады. Жалпы Россия кеңестерінің съезінде шығарылатын қаулылар, қайсы
автономия республикада болса да қолданылады. Сондықтан, жалпы Россия кеңестерінің
10-съезінде қандай істердің қарқынды танылып, қандай қаулылар қабыл алынғанын,
съездің ұраны не болғанын білу өте керек.
138
Өткен жылдан бері қарай, жалпы Россияда алдыңғы қатарға салынып келе жатқан ісі жаңа
шаруа сақтығы, жаңа шаруа саулығы хақында жалпы Россия кеңесінің 10-съезінде сөз көп
сөйленді. Съезде қаралған мәселелердің бітігі жаңа шаруа саясаты болды. Алдағы
істелетін істің бәрі осы жағына қарай сыналатын көрінеді.
Съезде істелген баяндамаларға қарағанда, жаңа шаруа саясатының өнімді молайтуы, һәм
жалпы Россияда барлық халық шаруасын көтерудегі қолданған тәртіптерінен көзге
көрінерлік пайдалы нәтижелер шыға бастағандығы байқалды. Жаңа шаруа саясаты
жүргізілгеннен бері Кеңестер хүкіметінің назарында болып, қолға алынған істердің зоры,
жалпы Россияда шаруаның ең зоры болған диқаншылық, ауыл шаруасы еді. Сондықтан,
10-съездің де ұраны диқаншылықты тиісті жолға салу болды. Диқаншылықты аяққа
бастыру туралы зор істердің жарыққа шыққаны ашылды. Өйткені, Октябрь
революциясынан кейін дихандар помещик – байлардың құмдылығынан құтылып, жаңадан
олардың қолына қырық миллион десятинадан артық жер берілген. Ілгері жерді қарызға
сатып алған дихандар бір жарым миллиард (алтын ақша) сом қарыздарын төлемейтін
болған. Бұрын, жалпы Россияда кедей - диқандар жер иелеріне жерлердің майын
еккендері үшін бір жылдың ішінде екі жүз миллион (алтын ақша) сом төлейді екен. Қазір
сол салықтарды, қарыздарды төлемейтін болған.
Диқаншылықты жүргізу үшін жарлы диқандарға бұдан басқа да хүкімет түрлі жәрдем етіп
келген, дихандарға жәрдем үшін диқаншылыққа керекті аспап құралдар, көліктер
берілген. Бір жылдың ішінде тұқымға берілген астықтың өзі 116 пұттан асқан.
Сондықтан, диқаншылықты, ауыл шаруасын көтеру мәселесі туралы істелген істердің
бетін съезд түзу танып, өткен жылғы негізгі жер заңын тіршілік жүзінде жүргізуді тиіс
тапқан.
Съезде қаралған мәселелердің бәрі өнімді молайту мәселесі еді. Өткен жылға қарағанда
өнімді молайту жұмысы ілгері басқандай көрінеді. Өйткені, өнімдердің ішінде жер майы
мен орман өнімдері өте молайып, солардан шет мемлекеттерге де сатқаннан мемлекеттің
көрген пайдасы өте көп болған. Өнімді молайту үшін шет мемлекеттермен сауда-саттық
етіп, әсіресе, жер майы, астық һәм әртүрлі шикізаттардың сатылуына зор назар салуды
съезд керек таныған.
Ақша мәселесі хақында бірте-бірте мемлекеттің шығындары азайып, ең керекті
шығындарды ғана мемлекет мойнында қалдырып, қалғандарын жер-жерлердегі хүкімет
бөлімдеріне һәм халықтың өз мойнына салуды съезд қуаттаған.
Бұдан былай салықтар көбейетін болса, тура салықтар артылмай жасырын салық мүлікке
һәм істелген пайдаға салатын салықтарды ғана көбейтуді съезд мүмкін тапқан.
Съезде қаралған үлкен мәселелердің ең зоры, бүкіл съездің құлағын түре тыңдаған
мәселесі – халық - ағарту ісі болды. Өйткені, Октябрь революциясынан бері қарай ішісі
және сыртқы соғыстың кесірінен халық - ағарту ісіне Кеңес хүкіметі тиісті назарын сала
алмағандықтан ағарту ісінің аты бар болса да, заты жоққа айналған.
Сондықтан, 10-съезде қаралған мәселелердің ішінен бірінші орын алған һәм шиеленген
жерлері шешілген халық ағарту ісі болды.
Халық - ағарту ісінің ақсаған себептері - дүниенің кемдігінен, оқу құралдары -
аспаптарының жоқтығынан, мұғалімдердің аздығынан болғандықтан съезд осы жағына
зор назар салған. Бұдан былай мемлекет қолына кіретін һәм шығатын ақшалардың 20%
139
һәм жер-жерлердегі кірістің 30% ағарту ісіне жұмсалуын мектептердің жабылуы
тоқталуын съезд керек деп білген. Жер-жерлердегі хүкімет бөлімдері халық ағарту ісіне
жөндеп қарап, керекті қаражаттың барлығын түгендеуін, әсіресе, мұғалімдердің тіршілік,
тұрмыстарын түзетуін қатты тапсырған.
Соңғы кезде жалпы Россияда сөйленіп келе жатқан мәселе - ілгері ерікті болған,
социализм негізіне құрылған республикаларды біріктіріп, бір хүкіметке қарату мәселесі
еді.
Осы тақырыпты съезде әңгіме қозғалып, Украина, Беларусия, Әзірбайжан, Грузия
республикалары бірлесіп, бір хүкімет құруын съезд керек таныған. Сондықтан, жалпы
Россия Кеңестері X съезінің ұйғаруы бойынша, жоғарыда айтылған республикалардың
бірінші құрама съезі болды. Сол съезде бұл мәселе талқыға түсіп, бірлесулердің өз қалауы
бойынша бірлесетін болған. Қазіргі өз алдына мемлекет болып тұрған ерікті
республикалардың бір хүкімет құрып бірігудегі пайдасы ашық көрсетілген. Бірігудің
керектігі һәм себебі өз алдына хүкімет құрып келген жұрттардың шаруа жөнінен бір-
біріне мұқтаждығынан туып отыр. Бір жұрттың, я болмаса мемлекеттің тіршілігіне керек
болған бұйымдар, заттардың бірінде бары, бірінде жоқтықтан айырбас ретіменен алып
тұрады. Сол ретімен солтүстік аудандары оңтүстікпен, күнбатыстағы аудандарға
кездемелер беріп, орнына астық, отын, мақта сияқты шикі бұйымдар алып тұратын.
Қатынасу жолдары, ақша істері бір қолда болуы, бір ауызға қарауы, барлық мемлекет
назарынан тіршілік ретімен қарағанда бірігуді тағы керек қылады.
Саяси жағынан шет мемлекеттерменен сауда-саттық ашуы жөнінен қарағанда, жоғарыда
айтылған республикалардың бірлесуі өте керек. Өйткені, әр республика өз бетінше шет
мемлекеттерменен сауда-саттық жүргізсе яки, болмаса саяси қатынасы болса қарсы
тұрып, шет мемлекеттерді өз айтқанына көндіре алмайды. Сөйтіп, бұл жағынан қарағанда
да бұрынғы дара-дара болғандарынан гөрі күшті болатынына, шет мемлекеттердің күнде
толық мемлекет саналатынына, саясатына тіпті талас жоқ. Сондықтан, Украина, Грузия,
Азербайжан, Беларусия республикалары бірлесіп, бір хүкімет өз алдына Кіндік комитет,
Халық комиссарлар кеңесін құратын болған. Сөйтіп, бұлар арқылы барлық Россия Кіндік
комитеті Халық комиссарлар кеңесімен қатынасатын болған. Бірақ, жоғарыда айтылған
республикалардағы ақша комиссариаты әскер істерін, қатынасу жолдарын басқаратын
комиссариаттар барлық Россия Халық Комиссарлар қарамағына өтіп, қалған
комиссариаттары ілгергі бойынша қалатын болған. Өз алдына республика болып, өз
істерін өз бетінше басқарып келген. һәм шет мемлекеттерменен саяси жөнінен өз еркінше
тілдесіп келген, өз алдына сауда-саттық жүргізген республикаларды неғұрлым бір қолға
жинаған сайын сол барлық Россия құрама республикасы күшейе бермек.
Сөйтіп, қай жағынан қарағанда да, социализм негізіне құралған республикаларының
бірігудегі пайдасы өте зор. Бірақ, жергілікті жұрттардың майда мұң-мұқтажы, өз алдына
тіршілігін басқарып келген елдердің, отбасының жоғы қарастырылмай, ұлт мәселесі
ескерілмей қалады деген қауіп бар. Тіршіліктің күші - бірлікте екені шын. Бірақ, бірлікті
түпкілікті етіп істеу үшін соңғы мәселенің түйілмей қалуы тиіс.
Сыршыл
ОТАР МӘСЕЛЕСІ ҺӘМ ТӨРТІНШІ КОНГРЕСС
Коминтерннің 17-конгресінде сөйленген сөзінде Радек жолдас: «көп азап шеккен
күншығыс халықтарына, күншығыс елдерінің еңбекшілеріне» деген сөздер: конгрестің
ұраны бұларға тиіс» дейді.
140
Күншығыста әр өзгеріс болмай қалмайды. Ол анық. Күншығыс өзгерісі өте мағыналы, өте
әсерлі болуы керек. Осы кезде күншығыста Европа отаршылдарының қарсы тұрып, күрес
ашуды ниет ететін халық жоқ. Ортақшылдар партиясының бұл күреске сырттан қарамай,
белсеніп кірісіп, пайда шығара алуы тиіс. Оның үшін ортақшылдар партиясының күні
бұрын ескеріп тексеретін мәселелері бар. Олар мыналар: Күншығыста өзгеріс иесі кім,
өзгерістің түрі, жолы қандай боларға тиіс? Осы сұрауларға дұрыс жауап бере алу керек.
Әрине, күншығыс елдері ойына алған мақсатына, бостандыққа оңай жетпейді. Олардың
жолында толып жатқан бөгеттер бар. Осы бөгеттер тақырыпты һәм күншығыс
халықтарының еңбекшілерінің хал-жайы тақырыпты 17-конгресте Радек, Сафаров
жолдастар һәм сол күншығыс елдерінің ортақшылдары партияларының уәкілдері көп
мағлұмат берді. Бірақ, менің ойымша, отар мәселесін тексерген уақытта конгрестен бір
қателік өткен. Ол мынау: Кеңес Россиясы бұрынғы патша хүкіметінің заманында Россияға
отар болып кемдікте, қорлықта келген ұлттарға автономия беріп, теңдікке жеткізіп,
көңілін көтеріп көп жұмыс істеп отыр. Осы жұмыстардың қорытындысымен конгресті
таныстыру керек еді. Ол істелмеді. Кеңес Россиясының тәжірибесімен танысып, одан үлгі
алу Конгресс үшін артық болмас еді. Өйткені, отарға айналған жерлердің (елдердің) ортақ
мұңы, ортақ зары көп. Отарлы жерлердің ортақ мұңын іске алып, іске кірісу адасбастық
амалы. Сафаров жолдастың отар өзгерісі деп аталған заты біздің Түркістанда һәм басқа
автономиялы республикаларда болып өтті. Енді екінші дәуірге аяқ басып барады.
Жалпы, отар мәселесін ескерген уақытта өткен күннің тәжірибесін ескерусіз қалдыру қате.
Қазіргі кезде мәселенің маңызы мынау: Күншығыста өзгеріс жасаушылар кім боларға
тиіс, олардың күші - қуаты қандай? Бұл сұрауға дұрыс жауап бере білсек, біздің
күншығыста қолданатын әдісіміздің қандай болуы керек екендігі, Күншығыс
еңбекшілерінің арасында жүргізілетін істеріміздің қандай болуы керек екендігі анық
ашылады. Күншығыс елдері Европада капитал дәуірінен бұрын келген, ескі тұрмысты әлі
басынан атқарып жеткен жоқ. Күншығыста ру-руға, ата - баласына бөлініп, әр елдің
ақсақалы билейтін әдет қалған жоқ. Күншығыс елдерінің шаруашылығы да ескі түрде.
Енді осы кезде Күншығысқа капитал келіп орнай бастады. Мұнан былай Күншығыс
елдерінің шаруашылығы қай жолмен жүріп, қандай бағыт алар осыны бір ашып алу керек.
Отар болған жерлерде еңбек бір беткей сыңар езу болады. Сондықтан, отарларда бір ғана
түрлі тауар әсіресе, көп болады.
Маркс жолдас отарлы жерлердің жайын жақсы білген. Маркстың айтуынша,
«шаруашылығы бір беткей жерлерге түрлі керек заттар сауда-саттық арқылы сырттан
келіп тұрады. Олай болмаса, әркім керегін өзі істер еді, өзі табар еді». Олай болған
уақытта, Европа капиталына отар тауар өткізетін базар есебінде және шикізат шығаратын
қор есебінде керек. Отар болған жерлерді мекен ететін халықтардың жайы, мәдени
тұрмысы, шаруашылық тіршілігі түрлі-түрлі болғандықтан, отар мен отаршылдардың
арасында түрлі-түрлі негізге құрылды. Отар мәселесін ақтара қарап, аудара тексеру үшін
мұны білу өте қажет.
Европа мемлекеттерінің отар мәселесі тақырыпты қолданатын екі түрлі саясат жолдары
бар. Рой жолдастың сөзімен айтқанда, «тіпті кейін қалған жерлерді» Европаның отаршыл
мемлекеттері шын - таза отар қылуға тырысады. Оның үшін ондай жерлерге Европаның
жер жетпеген жерге сыймаған артық халқы көшіріліп тұрады. Осы ауып көшіп келген
келімсектер арқылы отаршыл мемлекеттер жергілікті жұрттарды түрткілеп, шеттетіп,
берекесін кетіріп, жоюдың жолына түседі. Мәселен, осы ретпен Американың қызыл
шырайлы халықтары, Сібірдің ұсақ бұратаналары құрып бітіп кетті. Патша үкіметінің
қазақ - қалмақ, башқұрт сияқты ұсақ ұлттар туралы да ниеті оларды құртып жойып жіберу
еді.
141
Ұсақ ұлттардың мекен еткен жерлерін, отарға айналдырудың қайда да болса амал-тәсілі
бір - жергілікті жұрттардан жақсы жерлер алынып, келімсектерге беріліп тұрады. Оның
үстіне, келімсектерге үкімет тарабынан, түрлі жеңілдіктер де беріліп тұрады. Жергілікті
жұрттар тақырға, төбеге, шөлге, құмға қуылады. Сондықтан, олардың шаруашылығы
күйзелді. Сонымен жергілікті халықтар кедей болып, малынан айрылып, жүдеп-жадап
ақырында быж-тыж болып, бытырап, құрып кетеді. Әрине, отаршылдардың зорлығына,
зомбылығына шыдай алмай, отаршылдарға қарсы тұрып, қол көтеріп, қайрат көрсететін
ұлттар болса, оларды үкімет пен отаршылар бірігіп, қанын төгіп, жанын шығарып, қатты
жаза беріп, қорқытып басады. Өйткені, үкімет ондай қой секілді жуас болып, бағына
білмегендерді «тентек» деп санайды.
Капитал дәуірі жаңа өршіп, өсіп келе жатқан уақытта һәм онан соңғы кездерде де надан,
анайы халықтар арзан ақылы жұмыскерлер, жалшылар есебінде жүріп, отаршыл
байлардың дәулетін арттыруға себеп болып келді. Негрлер, қытайлар, малайттар және
солар секілді қара шырайлы я басқа түсті халықтар қасықтай қанын, шыбындай жанын
аямай адал қызмет етіп, табан ақы маңдай терін жегізіп, отаршылдарды әлі күнге байытып
келеді. Солардың арқасында дүниеге Американың Құрама Штаттары, Англияның
Австралиялық отарлары сияқты ірі мемлекеттер туып отыр. Бұл — заманы өтіп бара
жатқан, бірақ әлі аяқталып жетпеген дәуір.
Шаруашылығы, мәдениеті биттей ғана жоғары жұрттарға Европа отаршылдары мұны
істеген жоқ. Олар туралы екінші жол қолданды: аз да болса мәдениеті бар жұрттарды
жойып жіберу оңай болмайды. Ондай жұрттардың шаруашылығын өзгертіп, өзінше
жүргізіп жіберу, отаршылдарға жеңіл түспейді. Кәсіби саудасы мол, бай мемлекеттерге
елі-жұрты мәдениетті жерлер айтылғандай тауар өткізетін базар ретінде һәм шикізат
өндіретін қор есебінде керек. Осылайша уставта Европа мемлекеттері Күншығыс
халықтарын жем қылып келеді.
Қонысы, мекені отарға айналған халықтардың тұрмысына капитализм қандай жаңалық
кіргізді? Капиталды отаршыл байлар үшін жергілікті жұрттардың шаруашылығын өзгерту
қолайсыз. Сондықтан отаршыл мемлекеттер отардың шаруашылығын өзгертуге тырысқан
жоқ. Қайта, ескі күйінде сақтауға тырысты. Бірақ оған қарамай капитал отарлы жерлерге
бірте-бірте келіп орныға бастады.
Жергілікті халықтардың шаруашылығы (ол шаруашылығы һәм ұсақ қол кәсібі)
сақталумен қатар, жергілікті жұрттардың ішінен отарлы жерлерге тауар жеткізіп беріп,
шикізатын сыртқа шығарып беріп тұру үшін бірте-бірте «үлкен ауыл» мен отардың
арасында жүретін саудагер байлар пайда болды. Сонымен, жергілікті жұрттардың ішінен
шыққан саудагер, байлар Европа капиталының ұшқыны болып табылады. Күншығыс
байларының тіршілігі өзгеріп, күші молайып, Күншығысқа көсемдік айтуға жарап
еңбекшіл халықтың таз күйінде қала беруінің себебі осы. Әрине, Күншығыс елдерінің бәрі
бір қалыпты емес, бір жерлердің байлары ертерек ер жетіп, (мысалы Түркия, Мысыр,
Үндістан, Солтүстік Африка), екінші жерлердің байлары жаңа есейіп аяқтанып келеді.
Яғни, Күншығыс елдері үздік-создық келеді. (Ауған). Бұл бір, екінші жағынан байлары
ертерек ержеткен елдердің кәсіп ісі реттеліп келеді. Әсіресе, осы кезде себеп - өткен
жиһангерлер соғысынан кейін Европа шаруашылығы күйзеліп бөлінген соң, Европа
байларының Күншығыстың кәсіпке айналуына қарсылық айтуға амалы болмай қалды.
Кәсіп болған жерде, жұмыскерлер болмақшы, сонымен, жергілікті жұрттардың арасынан
қара табан жұмыскерлер шығып келеді. Бір Үндістанның өзінде осы кезде екі миллионға
жақын жұмыскерлер бар. Байдың тілегі мен жалшының тілегі бір болмайды. Жаңа өмір
142
сүріп тіршілік етіп келе жатқан жергілікті байлар әуелі кезде Европа байларымен мұң-
мұқтажы бір болғандықтан, бірге жүріп, бірге жасамақшы. Олармен тілектес болмақшы.
Европа мемлекеттері отарға айналдырған жерлеріне күшті, айбынды үкімет жасап беріп
жүрді. Отаршылдар келуден бұрын жергілікті жұрттардың ішінде үкімет иесі болып
үстемдігін жүргізіп келе жатқан таптарға халықтың наразылығы бар еді. Отаршылдар
келіп су сепкендей қылып бәрін басты. Бұған дәлел көп орыстар келгенше, Бұхардың
өмірі жұртымен алысып - алпарысып жүріп еді. Орыстар келген соң әлі күшейіп алды.
Патша үкіметі әскері Күншығыс Бұхараны Әмірге қаратып берді. Хиуаның ханы
орыстардың жәрдемімен момындарды өзіне алаңсыз қаратып алды. (Генерал Галиктің
1916 жылғы Хиуаға аттанысы). Үндістан жерлерінің сүйеніші Англия әскері болып отыр.
Бірақ, жергілікті саудагер байлардың келе-келе саудасы өсіп зорайған уақытта бұрынғы
ескі әдеттің, ескі тұрмыстың, ескі тонның тарлығы сезіле бастайды. Ескі заң алға басуға
бөгет бола бастайды: сондықтан, жергілікті жұрттардың ішінен ұлтшыл либералдар
шығады. Аты шулы «жәдиттер» сол байлардың жемісі. Олардың бағыты, пікірі -
байлардың бағыты, байлардың пікірі. Жәдиттер ескі заңға, ескішіл молдаларға және
Европа жиһангерлеріне қарсы ұран шақырып, ту көтерген. Күш ұлтшыл - либералдық
өзінен төмен көрші елдерге көз алартатын мінезі жоқ емес еді. Олардың да өзіне лайық
озбырлығы бар еді. (мысалы, жас түріктердің арабтарға, күрдтерге қарсы қолданған
саясаты). Отарлы жерлердің өзгерісшіл күштерін салмақтап екшеген уақытта осы
айтылғандарды ескермесе болмайды. Халқы, жұрты ру-руға бөлініп тұратын әдетін
тастамаған, шаруашылығын белгілі бір жөнге салынып бекіте алмаған отарлы жерлердің
елі капиталшылдармен қатар тұрып күн көре алмайды. Ондай жерлерді отарға
айналдырудың мәнісі зор. Өйткені, ондай отарлардың жұрты аз уақыттың ішінде малдан
тазарып, кедей болып шыға келеді. Мысалы (Африка негрлері, Азияда және Америкада
қызмет етуші негрлер, патша заманында келімсектер үшін жері алынған қазақтар).
Билігі берік, мәдениеті жоқ және тап-тапқа бөлінбей тұтас тұрған елдер әр уақытта
өзгеріске осқырынып қарамайды. Қайта олар жаңа затқа құмар әдіс келеді. Олардың
жұмыскерлер жолына, пікіріне жаттығы болмайды. Біз бұны Россия тәжірибесінен көріп
отырмыз. Жер мәселесін жарыққа шығарып, отаршылдарға қарсы күрес ашқандықтан, біз,
қазақ батырақтарын (кедейлерін) ә дегенше өзгешіл қылып алып отырмыз. Мұны біз оңай
істедік. Түркістанда жүргізілген жер реформасының осыдан басқа мағынасы жоқ. Мұны
жақсы білу керек. Осыны осы кезге дейін дұрыс түсініп жетпеген жолдастар жауапты
қызметкерлердің ішінде де бар. Жер реформасының мағынасын жете түсінбеген
жолдастар жер реформасын негізінде дұрыс емес еді демейді. Бірақ, онсыз да шыны аз
уақытта терезе сындырудың керегі жоқ еді. Сындырған уақытта да, шамалап сындыру
керек еді дейді. Бұл жаңылыс пікір кедейлерге жер беріп, жер өзгерісін жасап, онымен
қатар байлардың малын сақтап аман алып қалу мүмкін емес қой. Бұл тақырыпты сынық
шыныны сөз қылуды ешкім лайық көрмейді. Сондай-ақ, отаршылдардың жергілікті
жұртқа дерт болып тиіп, шаруашылығын бүлдіріп, өздері бай, патша болып еркінсіп,
басқаларды басынып тұтанып көре тұрып өзгеріс оларға қалайша тимей тұрсын.
Келімсектердің шаруасы болғандықтан өзгеріске келетін тинақтай зиян жоқ. Қайта пайда
бар, өйткені, момындардың аяғынан тұсау алынады: һәм менің ойымша Түркістан секілді
отарлы жерлерде өзгеріс бола қалса, ондай жерлердің халқы алдымен француздардың,
ағылшындардың және басқа отаршылдардың жерін тартып алып, өздерін қуып жіберуді
талап етсе керек. Мұндай жерлерде біздің жүргізетін ісіміз анық айқын. Еңбекшілерін
ұйымдастырып, жер мәселесін күмілжітпей, қабырғасынан қойып, отаршылдармен
күресу, міне, ондағы жерлерде біздің бітіретін істеріміз. Осы істерді жарыққа шығарсақ,
біз жергілікті жұрттардың ескі тұрмысын қиратып, ұсатып, оларды жұмыскерлермен
жақын қылып, езілген ауылдарды езілген таппен тілектес, мұңдас қылып шығара аламыз.
Байлары ертерек ержеткен жерлерде мәселе тым оңай шешілмейді.
143
Ондағы жерлердің өзгерісшіл табы байлар. Қазіргі уақытта өзгерісшіл байларға да көмек
беруге болады. Өйткені, олар күшін Европа отаршылдарына қарсы жұмсамақшы. Бірақ,
бұл байқап істейтін іс. Себеп - байлардың түпкі ниеті біздің ниетімізге қарсы. Түбінде
олардың жолы айырылып кетеді. Бағзы бір жерлердің байлары әуелгі уақыттан бастап-ақ
бізден шалғай келсе ықтимал. Ондағы жерлердің байлары бір азырақ күшейіп алса,
Европа капиталшылдарымен қосылып өзімізге дүрсе қоя берсе де мүмкін.
Сонымен, Күншығыстың мәдениетті жерлерінде қолданатын саясатымыз һәм әдісіміз жас
шыбық тәрізді июге, бұзуға көнетін болсын. Бұл туралы Кеңес Россияның да тәжірибесі
мол емес. Алдымен, әрине, ортақшылдар партиясы қайда да болса еңбекшілерді
ұйымдастырып қолға алуға тырысуға міндетті. Ұлтшыл либералдарға біздің қарасымыз
өзгеше болу керек. Мен жаңа жоғарыда айтып өттім. Олар да өзгерісшіл, оларға да көмек
беру керек болады деп. Бірақ, әр жерде ұлтшыл либералдардың әсері һәм түрлі болса
керек, оны ескермей болмайды. Ескі салты әбден тозып, мәдениеті артып, байлары өсіп,
саудасы есейіп келген жерлерде ұлтшыл либералдар әсері бір түрлі болса керек. Ондай
жерлердің байлары төмендеу көршісіне әсерін жүргізіп, оларды пайдалануды ниет етеді.
Олардың өзіне лайық отаршылдары бар, панисламизм, пантүркизм (ислам бірлігі, түріктер
бірлігі) осындай отаршылдықтан шыққан пікір. Мұндай елдердің оқығандары болса да
байлары арасынан шығады. Біз кейде байқамай осындай «есі кірген» байлардың әуенімен
жүріп кетіп отырамыз.
Мәдениеті биттей ғана төменірек тұрған елдерді алсақ, олардың белгілі бетін түзеген
шаруасы болмайды. Сондықтан ондай елдердің оқығандары көбіне Европаға жақын,
еңбекшілерге пікірлестеу келеді. Мәдениетті елдердің қаладағы және даладағы
еңбекшілерін ұйымдастыру аса қиын болмаса керек. Ұйымдасқан еңбекшілерді басқа
өзгерісшіл ұйымдармен жалғастырып, байларға қарсы қою да қиын болмаса керек. Отар
мәселесі тақырыпты біздің қабыл алатын пікірлеріміз осы 6 - конгресс жоғарыда айтылған
шарттарды есіне алып, тексеріп өтті. Негізгі ұран Күншығыс халықтарына Европа
жиһангерлігіне қарсы жәрдем беру, жиһангерлерге қарсы күштерді біріктіру.
Күншығыстың күші көп емес, оны асырып айтудың қажеті жоқ. Ол өзі бытыранды күш,
күш иелері де түрлі-түрлі. Сондықтан күшті Күншығысқа төгу керек. Радек жолдастың
сөзін осылай ұғу тиіс. Менің мақсатым - Күншығыс өзгерісінің төрт болжауы еді. Сафаров
жолдас айтады: «ортақшылдар орта - ұлт мәселесіне» әлі күнге дейін көңіл қоймай келеді,
жете түсінбей келеді. Бұл құнтсызды қою керек, «өзгерісшіл байлардың отаршылдарға
қарсылығынан пайда шығаруды қамдау һәм шын өзгерісшіл еңбекшілерді ұйымдастыру
біздің мақсатымыз болу тиіс. Күншығыс өзгерісшілдерін Европа байлары бізге қарсы
жұмсайтын болмасын. Күншығыста тіпті Кеңес республикаларында отаршылдардың
қолға алатын жұмысы осы. Жаңа шаруашылық саясаты туралы бұл жұмыстардың
мағынасы ауысып келеді. Сондықтан іс жүзінде әдісімізді анықтап алу өте керек.
Достарыңызбен бөлісу: |