Алаш көсемсөзі 1 том "Шолпан" журналы



Pdf көрінісі
бет19/20
Дата27.01.2017
өлшемі1,7 Mb.
#2803
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Мағжан 
 
 
 
 
 

175 
 
ОҚЫҒАН АЗАМАТ 
 
Әңгіме 
 
(басы 2-3 санда) 
 
III 
 
Майдың күні көк жетіліп, гүл жапырақ молайған. Жаңа шыққан ал күрең жасыл шөппен, 
дала  жасарған.  Былтырдан  қалған  қу  шөп  азайғандай:  анда-санда,  болмаса  көзге  көп 
ілінбейді.  Оның  орнын  қазіргі күнде  аласа  бетеге,  жасыл  тарлау,  шашыраған  жас  сасыр, 
шашақталған жас көде басқан жасыл кілемнің түріндей көрікті далада әр жерге шашырап 
шыққан қызғалдақтың сары гүлдері көз қуантып жайнап тұр. 
 
Үлкен таудың қолтығындағы жіңішке өзекпен ұзын сайларда жылдағы сұлу көркіне келіп 
жаңарған.  Жапырағы  жетілген  жас  қайың  өзекті  қуалап  өскен  ұзын  тоғай,  тасқыны 
басылмай  сарқырап  аққан  ойнамалы,  жүйрік  өзен,  бойы  өсіп  бұраңдап,  толқындаған 
жасыл  шалғын,  өзектің  екі  жағындағы  қатарланған  биік  жартас.  Өзек  бойында  ойнап 
ұшқан  жыршыл  құстар  бәрі  жиылғанда,  сайды  жаңа  түскен  жас  келіншектің  отауындай 
жайнатып жасартып тұрғандай. 
 
Далада  су  молайған.  Айналада  көз  ұшында  жарқыраған  айнадай  шарасынан  суы  асып, 
мөлдіреп  жатқан  көлдер  көрінеді.  Жағалай  жүрген  мал,  шашырап  жайылып,  көл 
айналасында шұбыртып жүр. Жарық күнге шағылысып, шаңқиып көрінген ақ ауылдарды 
сағым  көтеріп,  елестетіп  үйлер  жұмыртқадай  болып  жұмырлап  тұр.  Жайлауға  қарай 
жаңада  бейіттеп  көшкен  ел  Шыңғыс  тауынан  асып  келіп  күнгейде  отыр.  Ауыл-ауылдың 
бәрі де үлкен той күніндей көңілді. 
 
Қыр  тұрмысындағы  қызықты  жардың  желегіне  ел  жаңа  кірісе  бастағандай.  Қыстан  мал 
күйлі шыққандықтан, жұрттың бәрінің мінгені жазғы тұрымғы көкке семірген ат айғыр, ту 
биелер.  Екі,  үш  кісінің  басы  қосылса  жарыс,  аударыс,  ат  сынасу,  күш  сынасуды  ермек 
қылған.  Күнгейге  келгеннен  бері  қарай,  ауыл-ауылдың  үлкендері:  «Құлындар  жетіліп 
қалды, жайлауға қымызсыз барғанның орны жоқ, енді байлауға керек, - деп сөз байласқан. 
Сондықтан,  биесі  бар  ауылдар  ноқта-жіп  есіп,  саба  тігуге  қатын-қалашты  жиып  науқан 
қылып жатыр. Өзге елмен бірге сол сияқты қамға Жұмағұлдың аулы да екі-үш күннен бері 
қарай  кіріскен.  Бірақ,  Жұмағұлдың  шешесі  Қамария  жас  күннен  шаруақорлықты 
сараңдыққа  жеткізген.  Күтімділікті  пайдакүнемдікке  жеткізген,  мінезі  қатты,  дүниеге 
пысық  бәйбіше  болғандықтан  бұл  жолғы  науқанда  дақыл  қыбырын  көп  шығармай, 
шығындамай  керек  нәрселерін  қамдап  алған.  Сондықтан,  Әміре  ақсақал  бүгін  ауылдың 
жанындағы  көгалға  жылқысынан  еріп  бие  байлатып  жатыр.  Жылы  басына  ауыл  үйдегі 
көрші-қолаңды, кедей-кепшік болмаса, басқа ауылдардан келген бөтен қормашылар жоқ. 
Әміре  ақсақал  сиқып  шығаратын  қошеметшіні  жек  көретіндіктен,  маңайдағы  мінезін 
білетін ағайын, бұның істеген науқандардың көбіне келгіш болмайтын. 
 
Қыс бойы құрық көрмей асаусып қалған ірі жылқыларда, араларындағы асау құлындар да 
жыл  басына  тұрмай  шұбырып  жүре  бергендіктен,  ақсақал  әуелі  қашаған  биелердің 
құлынын ұста деп бұйрық берді. 
 
Ыңғайлы,  жіңішке  құрыққа  мықты  бауды  тағып  алған  жылпос  жылқышы  топтанып, 
ағысып келе жатқан көп жылқының ішінде қақтығып жүрген құлындарға нұсқаған сайын 
құрығын дәл түсіріп, жас құлындарды бірінің арасынан бірін шыңғыртып, тулатып ұстап 
байлап жатыр. 

176 
 
 
Құрық көрмеген асау құлындардың кейбіреу, құрық тартқанда аспанға шапшып шыңғырса 
да,  жылқышының  мықты  қолдарының  қайта  серпіген  екпінімен  шалқасынан  түсіп, 
тыпырлап  қалады.  Әміре  құлын  жығылған  сайын  «бісмілла»  деп  орнынан  ата  жүгіріп, 
жылқышыға «мертіктіріп алма» деп құлақтандырып жүр. 
 
Бие тегіс байланып болған кезде ауылдағы қатын-қалаш бұл елдің бұрыннан келе жатқан 
ырымын істеп, үйден табаққа салып құрт-май алып келді. 
 
Әміре үйірі мол айғырларды ұстатып алып, сауырсындарына айран жақтырып қоя  беріп, 
жылы  басына  топталып  жиылып  қалған  жұрттың  ортасына  келді.  Жас,  кәрінің  бәрі  де 
қатындар әкелген құрт-майды жабырласып жеп жатыр. 
 
Аздан  соң  жылы  басында  отырып,  жұрт  бір,  екі  күннен  бері  қарай  есітіп  жүрген 
әңгімелеріне  көшті.  Бұл  әңгіме  Жұмағұлдың  қалада  қатын  алғандығы  жайынан  еді. 
Қаладан бұл ауылдың өзіне келген әлі анық хабар жоқ. Бірақ, басқа бір ауылдарға келген 
қалашылар:  «Жұмағұл  қаладағы  Қондыбай  қызын  алды.  Жасау,  жабдығы  барынша  мол 
көрінеді. Бұрынғы күйеуі өлген екен, содан қалған кішкене қызын Жұмағұл қоса алыпты. 
Өлген жігіттің бір кемпір шешесінен басқа жақыны жоқ, бір басына бай жігіт екен. Қалада 
көк шатырлы үйі бар екен. Енді мына кішкене қызды алған соң, сол өлген жігіттен қалған 
мүлікке  де  Жұмағұл  ие  болама  деген  сөз  бар.  Қыздың  әкесі  Қондыбай  қалған  мүлікке 
менің  қызым  ие  болады  деп  осындай  сөздің  шет  жағасын  шығарып  та  отырса  керек. 
Сонымен, Жұмағұл бір-ақ күнде дүркіреген бай-бай болып шыға келейін деп отыр деген 
қуанышты хабар дүңкілдеп Әміре ақсақал мен Қамарияға естіле бастаған. Бұлар қуанып, 
үрікпеген кісінің мінезін көрсетпейміз деп, ішінен «шүкір ана» қылып сырт кісінің бәріне: 
- Е, алса алсын, байдың қызын, ол немені біз оқытқанда ылғи бізден шығын шығара бер, 
кемпір  шалдың  қолындағы  азын  аулағын  тауыса  бер  деп  оқытып  пе  едік.  Мал  тап,  бізді 
асыра  деп  оқытқамыз.  Осы  күнге  шейін  қарайтып  табыс  тапқан  жоқ.  Енді  қашан  бізге 
көмегі тиеді? Бұдан былай мал таппаса, үйге де жолатпайық деп жүр едік. Соны есіткен 
ғой, - десіп іштегі жұбаныштарын сыртына күйініштің сөзімен шығаратын. 
 
Кәзір де жылы басында отырған жұрт Жұмағұл келіншегімен бір, екі күнде келеді. Олар 
келгенше  қымызды  ашытып  қою  керек.  Бұлар  бұл  жолы  сый  болып  келеді,  күту  керек 
десіп, кейбіреулер:  анау  өлген жігіттің дүниесіне ие болып отырған жалғыз ғана кемпір, 
оны  да  ала  келсейші,  кемпірге  басын  күтетін  кісі  болса  болмай  ма,  оған  енді  дүние  не 
керек деген сөздерді де айтыса бастады. Қамария ешкімге айтпаса да бұрын ішінен ойлап 
жүрген  есебінің  бірі  осы  болғандықтан:  кемпірге  менің  баламнан  артық  бала  бар  ма? 
Жұмағұл оны асырап сақтауға жарамай ма, тіпті қолымда тұрсын десе қолына-ақ берейік 
Жұмағұлды.  Ол  кемпір  ақыл  білсе,  енді  Жұмағұлды  бауырына  тартуға  керек  емес  пе?  - 
дейді. 
 
Әміре бұл сөздің жарыққа шығып, көп жұрттың талқысына түскенін жаратпайтындықтан, 
әншейінде көп қарсы келмесе де Қамарияны тоқтатып: «Қойшы қатын, күн бұрын жоқтан 
өзгені  сөйлей бермей. Құдайдың бір  жазғаны болар»,  - деді. Қырдың  әдеттегі  салтынша, 
қиын  сөздің  бәрін  жарыққа  салып  оңай  сөз  қылып  сөйлеп  отыратын  дағдымен  қазіргі 
жиылып отырған еркек, ұрғашының бәрі де Әміре мен Қамарияның ішінен біріне-бірі де 
айтпай  ақырын,  құпия  қылып  ойлап  жүрген  сөздерінің  бәрін  қоңыраулатып  шығарып 
отырды. Бұлардың көз алдына үлкен байлықтың, сән-салтанаттың да қызықты суреттерін 
елестетті.  Бірақ,  ішінен  арам  ойы  арылмайтын  Әміре  кедей-кепшіктің  бір  жағы 
тілеулестік, бір жағы қошеметтікпен айтып отырған сөздеріне көп желікпеді. Ол сыртына 
сөз шығармай, жұрттың барлық сөзін үндемей тыңдап отырды. 
 

177 
 
Осы  ретте  жылы  басында  бірталай  уақыт  өткізген  соң,  жұрт  біртіндеп  тарай  бастап, 
аяғында бәрі де үйлеріне қайтысты. 
 
Арада  бірер  күн  өтті.  Күн  кешкіріп  батуға  тақалған  уақыт  еді.  Әміре  құдық  басында 
тұрып, кешкі суға келген жылқыны суғарып, алдын солтүстік жақтағы ашылы ойға қарай 
шығарып  тұр.  Ауыл  жақта  жаға  жамыратқан  қозылар  у-шуымен  дүниені  азан-қазан 
қылып,  жаңа  ғана  қорадан  озып  барады.  Қамария  қой  сауып  келген  қатындарға  әмір 
қылып  есік  алдында  тұр  еді.  Қасына  қозышы  бала  шауып  келіп:  сүйінші-сүйінші,  апа! 
Жұмағұл ағам келіп қалды, - деді. Бұл сөздер естілген жерде ауылдағы барлық жан ұйқы-
тұйқы  болып  әбігерленіп  қалды.  Жұмағұлдың  келуін  асығып  күткендері  барлық 
қарбаласынан білініп тұрды. 
 
Ары-бері  сенделіп  жүгірген  қатындар,  шулап  секіріп,  күліп  ойнаған  балалар,  құдық 
басынан бұл хабарды есітіп, ауылға қарай жылдамдатып келе жатқан. Үлкендер барлығы 
да  Жұмағұлдың  келуін  үлкен  қуаныш  қылған  сияқты.  Жолшыларды  күткен  ауылдағы 
барлық  еркек,  барлық  қатын-қалаш  Әміренің  үйінің  сыртына  шығып,  екі  топ  болып 
жіктеліп тұрғанда ауылға жарты шақырымдай жерде қатты жүріп келе жатқан қоңыраулы 
тройка көрінді. Ат басын ұстаған жігіт жолаушыларды қарсы алуға шыққан топты көріп, 
бұрынғысынан  да  екіленіп  тер  басқан  үш  қоңыр  атты  бишігімен  атыстырып  шаптыртып 
келеді.  Аяғында  бірін-бірі  көрісуге  асыққан  жақындардың  шыдамсыздығы  ұзаққа 
созылған  жоқ.  Аттардың  тұмсығы  Әміренің  үлкен  ақ  үйінің  сыртына  келіп  тірелді. 
Жолаушылар  арбадан  түсіп  болғанша  сағынған  жақындары  Жұмағұлдың  бетінен  сүйіп 
алды.  Аздан  соң  әйелдердің  бәріде  Қадишаны  жағалап,  Қамария  сияқты  үлкендері  оның 
да бетінен сүйді. Біраз сөзбен амандық  айтысып, хал-жай білген соң, жұрттың бәрі  үйге 
кірді.  Сөйлесіп,  хал  білісіп,  арасына  қалжың  да  араласып  күлкі-күбір  басталған  соң, 
жұрттың қуанған, сағынған, лүпілдеген жүректерінің бәрі де орныға бастады. Жұрт біріне-
бірін  көзі  қанып,  үйрене  бастаған  сайын  жаңа  келген  жастар  мен  ауылдағы  барлық 
жандардың арасындығы аз үйлеспегендік сезіле басталғандай болды. 
 
Ауылға  келерде  жазға  лайықты  барлық  таза,  жақсы  киімдерін  киіп  алып  шытырайған 
жастар  қаланың  халқына  ұқсап,  қырта  бөтен  кісі  сияқтанды.  Керек  десе,  Жұмағұлдың 
сөйлеген  сөзінде  де  «сіз-біз»  көбейіп  қалған  жат  адамның  қалпы  байқалғандай.  Бұл 
үйлеспегендік,  әсіресе,  келін  жайына  келгенде  айқынырақ  сезіліп  тұр.  Келіннің  келген 
жердегі  ата-енесіне  «саламатсыз  ба?»  деп  амандасуынан  бастап,  үйге  кірген  соң  төр 
алдына  күйеуінің  қасына  келіп  отырып,  минут  сайын  онымен  сырласқаны  да  қыр 
тұрмысында еш уақытта болмаған бір өрескелдікті еске түсіргендей болды. Келіні затында 
оқып үлгі  алып, оқымыстылардың қатарына  кірген кісі болмаса да, қаладағы мұғалімнің 
қатыны болып ашылып қалғандықтан, сол оқымысты жұрттың үлгісін көрсетіп отыратын. 
 
Қазіргі  сағаттағы  үйлеспегендік  жаңа  келген  жастарға  соншалық  көп  байқалмаса  да, 
ауылдағы үлкен-кішінің бәріне де тез сезілді. 
 
Мұндай  күйге  сезімдірек  болып  тұратын  әйелдер  әуелгі  жерден-ақ  күңкіл  сөз  шығарып, 
тысқа  шыққанда  біріне-бірі  сыбырлап  күлісе  бастады.  Үйдегі  еркектің  бірталайы 
байқамаған  кісі  болып,  сыр  білдірген  жоқ.  Кейбіреулерге  не  күліп  жүрген  қатындары 
қағытқан  болып,  қалжыңменен  өздерінің  ішіндегі  сөздерін  де  сыртқа  шығарыңқырап 
қойысты. Бұл күйдің бәрін түгел болмаса да, шет жағалап сезіп отырған Әміре қазақи қара 
көңіліне үйлеспегендіктен көп сөйлемей үндемей отырып қалды. Бірақ, Қамария екеуінің 
де  түпкі  көңіліндегі  күдіксіз  бір  жұбаныш,  бүгінгінің  болымсыз  кем  кетігін 
ұмыттыратындай  еді.  Сондықтан,  анау-мынауға  қарамай-ақ,  Жұмағұлды  сүюден, 
сыйлаудан ешбір қайтқан жоқ. 
 

178 
 
Осымен алғашқы келген жердегі азғана үйлеспегендік көп уақытқа созылған жоқ. 5-6 күн 
өтіп хал жайды білген соң баламенен әке, келінменен ене бірін-бірі әбден таныды. Шаруа 
жағындағы  кейбір  жұмыстарға  келгенде  бірін-бірі  жалғыз  ғана  емеурінмен  де 
ұғысатындай  болды.  Бұларды  бір-біріне  осыншалықты  тез  жақындастырып  жіберген 
себеп не еді? Ол, себеп: Қазіргі бұлардың алдында тұрған үлкен мәселе: мал мүлік дүние 
мәселесі болса, соған келгенде, бәрінің де мінезі, ісі түгелімен бір жерден шыққандығында 
болды.  Малды  сүйген  қомағайлыққа,  сараңдыққа,  қанағатсыздыққа  келгенде  жас  келін 
кәрі  енесінен  асып  түсті,  жас  жігіт  оқыған  десең  де,  кәрі  әкесінен  асып  түсті.  Заты,  бір 
мінез,  жасы  кәрі,  оқыған,  оқымаған  деген  терім  шыдарға  қарамай-ақ,  бұл  адамдардың 
басын  қосып,  бірін-біріне  үйлестірді.  Аралары  бұндай  күйге  жеткен  соң  әрқайсысының 
ойында жасырын күйде жүрген сөздер ашып айтылатын болып жарыққа түсе бастады. 
 
Қамария  екі  күннің  бірінде:  шығынымыз  көп,  кемпір-шалдың  қолындағы  мал  таусылып 
барады, көздеріңнің қырын  салатын  уақыттарың жетті.  Қайдан болса да мал табыңдар,  - 
деген сөздерді баласы мен келіннің құлағына сіңіре бастады. 
 
Келіні әкелген жасау жабдық басында үлкен олжа көрінсе де, аздан соң ұмытыла бастады. 
 
Енді  бұлардың  бәрінің  көңіліндегі  бір-ақ  арман  -  қаладағы  кемпір  қолындағы  мүліктің 
басын  ашу  болды.  Жұмағұл  мен  Қадиша  бұрын  бұл  жайдан  көп  сөйлеспейтін  болса  да, 
қырға келген соң үлкендерден ашық сөзді үйреніп алып, оңаша жерлерде ақылдасып айла 
іздейтін  болған.  Қамария  балалары  ешкімге  ақысын  сіңірмейтінін  білген  соң,  бұларға 
пәленді - түгенді істе деп ақыл айтуды қойды. 
 
Бірақ,  ұмытпасын  дегендей,  кемпір  қолындағы  мүлікті  әр  күні  бір  сөз  қылып  қоятын 
болды.  Бұны  ашық  сөз  қылуға  сылтау  табылмаған  күнде  Масғұттың  кішкене  қызы 
Жәмиланы алдына алып, соған сөйлеген болып: 
 

 
Дүниеге қашан ие боласың, біздей кәрі әке-шешеңе қашан көмегің тиеді, кемпірдің 
қолындағы  мал-мүлкіңді  жиып  ал,  -  деп  Жұмағұл  мен  Қадишаның  құлақтарын 
бұрап қоятын. 
 
Әміре бұл жақтағы әңгіменің көп теріске кетпейтін түрін аңғарған соң, соңғы күнде мал 
құраудың  екінші  бір  ебін  ойлай  бастаған.  Ел  ішінде  Әміренің  өзімен  жасты  тұрғылас 
Жанғазы деген ірі бас-аяғы ұнап кетіп, далада бірге келе жатқанда Әміреге сөз салыпты: 
мына баласын менің былтырғы туған кенже балама атастырып қояйық, соған ризалығын 
айтсын, - деп. Әміре бұл сөзді өз басы құп көріп, Жұмағұлға келген соң, Жұмағұл: 
 

 
Әзірше  мұндай  сөздің  шығаруың  орны  жоқ,  мен  біржолата  жаман  атты  боламын 
және  ертең  кемпірмен  сөйлескенде  де  осы  жетім  баланы  жылатпаймын.  Берсең, 
осының есесін бересің деп сөйлескелі отырмын. Бір жағынан соны айтып отырып, 
бір жағынан өзіміз сатып отырсақ, ел-жұрттан ұят қой, - деді. Әміре Жұмағұлдың 
әзірше көнбейтін түрін байқаған соң, тоқталды. Бірақ баласына: 

 
Жұрты құрғыр кісіге жақсылық ойлаушы ма еді, сен мал тауып байып бара жатсаң 
көре  алмайды.  Өне  бойы  жұрттан  қорқамыз  деп  сыбағаңнан  құр  қалып  жүрме, 
"Арсыз  болмай  әбүйірлі  болмайсың"  деген,  -  деп  өмір  бойы  айтып  көрмеген 
өсиетін  баласына  жаңа  айта  бастады.  Бірақ  ақсақалдың  әуелгі  қозғаған  әңгімесі 
көңілдегідей  шешілмеді.  Ең  жақын  болғанда  бір  жылға  шейін  тоқтай  тұру  керек 
болды. 
 
 
 

179 
 
IV 
 
Жастар  қырға  келгеннен  бері  екі-үш  ай  өтті.  Жаз  ортасы  ауып,  жұрт  егін-пішенге  қам 
қыла бастаған. Дала сарғайып жүдеу тартқан. 
 
Жазғытұрымға жас иісті жасыл шөптердің орнын ұзын сары сілеу мен қатаң тарта қураған 
ақ  күде  басқан.  Жайлаудағы  жақсы  қоныс,  мол  құдықтардың  айналасын  тоздырған  ел 
бауырдағы  күзекке  қарай  қайта  көше  бастаған.  Әміре  ақсақалдың  ауылы  да  көп  елмен 
бірге бауырға қарай көшіп келеді. 
 
Жұмағұл  мен  Қадиша  жаздайғы  тұрған  тұрмыстарына  әбден  риза  болды.  Жазғытұрым 
қаладан азын-аулақ жүдеу тартып келсе, осы күнде екеуі де оңалып семірген. Оның үстіне 
ауылда  да,  жалпақ  ел  ішінде  де  жұрттың  бәріне  қадірлі  болып,  қайта-қайта  қонақтан, 
ойын-жиыннан  босамай,  уақытты  көңілді  өткізген.  Енді  бұлар  қырдың  қызықты  уақыты 
өтіп барады, қалаға қайту керек деп сөз байласып, аз күндерде жүрмекші болған. Бір күні 
кешке  жастар  жүрердің  алдында  сөзді  бір  жерге  байламақ  үшін  үй  ішінің  аз  ғана  кеңесі 
болды. 
 
Бауырға  қарай  үрдіс  көшіп  келе  жатқан  ел  жапалап  қонған  еді.  Ай  жарық.  Түн  желсіз, 
тынық,  әр  жерге  шашырап  үйме-жүйме  болып  қонған  жаппалардың  даладағы  оттары 
жарқылдап көрініп тұр. 
 
Жерошақта  кейде  жалпылдап,  кейде  лаулап  жанған  оттар  түтінінің  қалың  ұйқысыменен 
қалтаң қағып алысып тұрғандай. 
 
Жұмағұл мен Қадиша өздерінің оңаша күркелерінің ішінде жатуға ыңғайланып салған құс 
төсектің аяқ жағында біріне-бірі сүйеніп, қатар отырып, шаруа жайын сөз қылысты. Аздан 
соң әңгіменің аяғына Қамария да қосылды. Өзге әңгімелердің ішінде ең күдікті киын сөз - 
Масғұттан  қалған  үй  мен  мүліктің  сөзі  болғандықтан,  Жұмағұл  бұл  турасынан  қазір  де 
ашып ешнәрсе айтпай, көп үндемей отырып қалды. 
 
Бұл  уақытта  Жұмағұлды  не  болымсыз  тазалықтың  жүректегі  жанары  биледі, не  болмаса 
жаратылысындағы  арамдық  -  қулығына  салып  бойын  бағып  отырды.  Бірақ,  өзгелердің 
сөзін тоқтатқан жоқ. Қадиша мен Қамария бірін-бірі қостап, мүлік турасынан айтылатын 
сөздің  байлағаны:  Масғұттан  жақын  туысқан  жоқ.  Қалып  отырған  кемпірдің  төрінен  де 
көрі  жуық.  Оған өзін өле-өлгенше  сыйлап, күтіп отыратын кісі болса болғаны. Мүліктің 
ендігі иесі - кішкене Жәмила. Сондықтан, үй мен мүлікті Жәмиланың атына аудартып алу 
керек деп сөз байласты. 
 
Осымен үй ішінің кеңесі бітті. 
 
Елде қалған Әміре, Қамария осы сөзді байлау қылып ұстап қалды. Қадиша мен Жұмағұл 
қалаға  барған  соң  ізденбекші  болып  жүріп  кетті.  Аз  күндер  өтті.  Қырдағы  сейілден 
қайтқан екі жас қаладағы құрбы-құрдас, ағайын – туысқан ортасына қайта келді. Сағынған 
жақындар жолаушыларды қуанышпен қарсы алды. Бұлар Қадишаның төркіні. 
 
Қондыбайдың  үйіне  түсті.  Қадиша,  Жұмағұл  қаладағы  таныстарының  хал-жағдайларын 
сұрасып білді. 
 
Тағдырдың  тұтқынына  түскен  қаралы  кемпір  де  Масғұттың  үйінің  алдында  әлі  күнге 
қалқиып отыр екен. Жай-жапсарына әбден танысты. Кемпірді Қадиша тастап кеткен соң, 
жар  дегенде  жалғыз  жақыны  -  бір  ақсақ  бауыры  бар  екен.  Соны  қасына  алып,  қолқанат 

180 
 
қылып  қайғылы  өмірінің  ақырғы  күндерін  жылауменен  өткізіп  отыр  екен.  Жұмағұлдар 
келді дегенді естіген күні түні бойы үйінде шамын өшірмей, зорлап отырып, көрер таңды 
көзбен  атқызыпты.  Қадиша  келгеннен  кейін  Жәмиланы  көтеріп  барып,  кемпірдің  үйіне 
кіріп  шықты.  Барған  жерде  кемпірдің  зар  қағып  жылағаны,  Жәмиланы  бауырына  тығып 
құшақтап  қысып,  Масғұтты  жоқтағаны  Қадишаның  қатып  қалған  көңілін  жібіте  алған 
жоқ. 
 
Оның  бұл  үйде  көп  отыруға  іші  пысып,  кемпірден  тез  жалығып  үйіне  қайтқысы  келді. 
Сондықтан,  аз  отырып,  баласын  көтеріп  қайтып  келді.  Қондыбай  Жұмағұл  келген  соң, 
енді  уақытты  босқа  өткізбей,  таныс  жолдастарыңа  сөйлесіп,  ана  дүниелеріңді  жинап 
алыңдар деп ақыл берді. 
 
Сонымен,  Жұмағұл  мен  Қадиша  іске  кірісті.  Бұлар  әр  жерге  барып  сұрастырып,  ізденіп 
жүріп,  аяғында  оқу  бөлімінің  жанында  жас  баланың  қамын  жейтін  кеңсені  тауып  алып, 
соған  арыз  кіргізді.  Бұл  кеңсе  бір-екі  күн  Қадишаның  арызын  қарастырып,  аяғында 
Масғұттан қалған дүние мүліктің бәрі де жас баласы Жәмилаға ауысады. Содан басқа ие 
жоқ, ол ержеткенде "опекун" Жұмағұл болады деп бұйрық берді. Қадиша мен Жұмағұлға 
бұл  жұмыстың  тұсында  өзге  жолдастарымен  бірге  көмекші  болған  -  Ақтай.  Ол 
Жұмағұлмен бар сыры, барлық ісі аралас болғандықтан, енді бұлардың бай болып қатарға 
кіруіне де тілеулестігін көрсете бастады. 
 
Ақтай  бір  уақытта  Қадишаны  Жұмағұл  алуға  өзі  тілеулес  болса  да,  жаздыгүні  қырдан 
келген ағасы  "Қондыбайдың қызынан артық кімді  алушы едің? Соны алып, мал-мүлкіне 
ие болмай, бос сандалып жүрсің. Есеп білмейсің, сенен Жұмағұл озып кетті..." деген. 
 
Сөгісін  есіткен  уақытта  шынымен  де  өкінгендей  болып  еді.  Бірақ  уақыт  өтіп,  іс  орайлы 
кезінен кетіп қалғандықтан, енді  өзіне Жұмағұлдарға тілеулестікті  лайық  көрген. Қазіргі 
уақытта аналарға көмекші болуының себебі сол еді. 
 
Қадиша оқу бөлімінен жоғарыда айтылған бұйрықты алып келген соң, кемпірге Қондыбай 
кісі салып: 
 

 
Құдағидің уақыты осы. Жалғыз өзі бір үйде құлазып отырғаны лайық емес. Ана үй-
мүлкін Жәмила мен Жұмағұлдың атына жазғызып, өзі осылардың қолына кірсін, - 
деді. 
 
Кемпір бұл сөздерді естігенде басына Масғұттың өліміне тең үлкен қайғы тағы киілгендей 
болып, шыдай алмай жылап жіберді. Баласы өлгеннен бері қарай бір күн болмаса, бір күн 
көрермін-ау деген зорлық, жетімдік жаңа ғана көз алдына бетпе-бет келгендей болды. 
 
Бірақ Қондыбайдың сөзін әкеліп отырған Дүйсен бұның қайғысын ұқпайтынын байқаған 
соң кемпір бар қуатын жиып: 
 

 
Мен  баламнан,  кешегі  байымнан,  арғы  ата-бабамнан  қалған  мүлікті  туған  емес, 
туысқан  емес,  дұшпан  болып  отырған  Жұмағұлға  неге  берем?  Менің  балам  жоқ 
болса  да,  ағайыным  бар.  Жұмағұл  сияқты  жатқа  кеткенше,  соларға  кетсін, 
ризалығыммен  бір  сабақ  жіп  бермеймін.  Қурап  қалған  сорлы  кемпірге  зорлық 
қылмақ  болыпсыңдар  ғой,  көттіктеріңді  істей  беріңдер,  -  деп  Дүйсенді  үйіне 
қайырды.  Бірақ,  Қадишаның  ұлықтан  әкеп  отырған  бұйрығын  ескерген  соң  және 
өзінің  көмексіз  жалғыздығын  ойлаған  сайын  кемпір  есінен  адаса  бастады.  Көзіне 
зорлық қиянатты сезіп тұрса да, айла-қырларын біле алмады. 
 

181 
 
Аяғында  Құдайға  жылап-жалбарынып  аһ  ұрып  отырғанда  есіне  баласының  бұрынғы 
жолдасы Мейірхан түсті. Сол күні қасына ақсақ бауырын ертіп алып, кемпір Мейірханға 
келді,  жылады,  бәрін  айтты.  Қадишаның  қалған  есесі  жоқ.  Жұмағұлға  тиерде  төркінінен 
әкелген  барлық  мүлкін  алып  кеткенін  де  түгел  айтты.  Баласының  достығы  үшін 
жалбарынып  Мейірханнан  ақ  ісіне  көмек  сұрады.  Зорлықтан  қорға  деп  тілек  қылды. 
Мейірхан  дағдылы  көңілшектігі  ұстап,  кемпірдің  сөзіне  ерігендей  болды.  Зорлыққа  ара 
түсуге  уәде  қылып,  ертең  Жұмағұлмен  де,  басқалармен  де  сөйлеспекші  болды.  Кемпір 
жетімсіреген көңіліне болымсыз сүйеу алғандай болып үйіне қайтты. 
 
Ертеңіне Мейірхан Жұмағұлға кездесіп: 
 

 
Шіркін, адамшылық қарызы деген бар емес пе? Оқыған деген атың қайда? Пысық 
жігіт  болдың,  тегін  қатын  алдың,  үйінен  әкелген  мүлкін  алдың.  Өзің  де  кедей 
емессің,  қатыныңның  төркіні  қаланың  үлкен  байы,  кішкентай  қыздың  шығынын 
көтере алмаймын дейсің бе? Неменесіне өлгелі отырған кемпірді жылатып, кешегі 
жолдасың  Масғұттың  аруағын  күңіренттің?  -  деді.  Жұмағұл  бұл  сөздің  бәрін 
Мейірханның іштарлықпен, қызғаншақтықпен айтып тұрған сөзі деп санап: 

 
Бұл  жұмысты  істеп  жүрген  мен  емес,  Қадиша.  Оны  мен  тоқтата  алмаймын. 
Жанымыз  мұндай  болымсыз  жұмыс  үшін  арам  дейтін  болсаң  айтып  қой,  сені  біз 
сынайтын  да  кезек  келер,  -  деп  қыр  көрсетті.  Мейірханның  ұғады  деп  айтқан 
сөзінің  бәрі  де  Жұмағұлға  әсер  берген  жоқ,  ол  заң  бойынша  іс  қылатын  болды. 
Мейірхан  сүлдері  құрып,  жолдасына  шамасы  келмей  қала  берді.  Бұл  әңгіменің 
артынан  Жұмағұл,  Ақтайлар  сол  күні-ақ  Мейірхан қызғаншақтық  қылып  жүр  деп 
сөзге  таңа  бастады.  Кемпір  Жұмағұлдың  ниеттерін  естіген  соң,  бір-екі  күннің 
ішінде-ақ  ауыр  қайғы,  күйікті  ойдың  салмағынан  езіліп  бөлекше  ауруға  ұрынды. 
Есі ауып қалып шатасып, сандырақтайтын әдет пайда болды. Әншейіндегі момын 
жүзіне бұл  күнге шейін көрінбеген ашу шыққандай болып, көзі  алға бір-ақ жерге 
қадалып, жүзінің ажары сұйықтанып, қайта-қайта орнынан ата жүгіріп үй ішіндегі 
әр нәрсені ұстап: 

 
Бермеймін, бауыздап кет мені, ертең... кетемін... Масғұтыма... апарып... беремін, - 
деп жұлқынып, әр нәрсені бауырына тығып, арпалысып, есінен шатаса бастады. 
 
Сол түні кешке кемпірдің дүниені бермеймін деген сөздерін естіген Жұмағұл қолындағы 
бұйрық  қағазды  милицияға  алып  барып,  содан  үш  солдат  алып,  Масғұттың  үйіндегі 
нәрселерді  алуға кемпірдікіне келеді. Кемпірдің жадынан бұзылып отырған көзі мылтық 
ұстап  келіп  тұрған  солдаттарға  түскенде  орнынан  жылдам  тұрып,  ақырын  тәлтіректеп 
барып, әлі кеткен қолдарымен төсектің басынан ұстап: - бермеймін... өлтір... өлтіріп кет... 
өлдім...  Масғұт...  құтқар!  деп  шалқасынан  сылық  етіп  жығылып  қалды.  Жұмағұл  төрге 
шығып, бұрылып қасына келгенде кемпір бойы сіресіп, көзі жұмылып, екі жағы тістесіп, 
үзіліп барады екен. 
 
Тағы бірер секунд өткенде кемпірдің демі бітіп, үзілді. Жұмағұл, Қадишаның мұраты қара 
күшті жұмсамай-ақ орнына келді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет