Алаш көсемсөзі 1 том "Шолпан" журналы


Қ.И.          ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТҮЗІЛІСІ



Pdf көрінісі
бет17/20
Дата27.01.2017
өлшемі1,7 Mb.
#2803
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Қ.И. 
 
 
 
 
ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТҮЗІЛІСІ 
 
Табиғат нәрселерінің бәрі де 75 шамалы жай бұйымдардан түзелген. Осы заманда ғылым 
адамдары  өнер-білімінің  арқасында  жер  жүзіндегі  түрліше  өсімдіктердің  не  заттардан 
түзілгенін ұғып болды. Күнбе-күн ішіп жүрген су, сүт, жеп жүрген нан, ет және басқалары 
бәрі  де  сол  75-шамалы  жай  бұйымдардан  түзілген.  Табиғат  нәрселерінен  түзілген 
заттарын  көзбен  көріп  болмайды.  Оны  тек  қана  микроскоппен  көруге  болады. 
Микроскоппен  де  көре  алмайтын  заттарды  түрліше  қасиеттеріне  қарай  біледі.  Көзге 
көрінбейтін  өте  уақ  заттарды  микроскоп  үлкен  қылып  өсіріп  көрсетеді.  Енді  әртүрлі 
нәрселерді  алып,  солардың  не  заттардан  түзілгеніне  қарап  өтелік.  Әркімге  белгілі 
қамырдың ішінде салатын ашытқышты алып, микроскоппен қаралық. Бір тамшы су алып, 
оны  әйнектің  үстіне  салып,  соған  азырақ  ашытқыш  қосып,  екеуін  араластырып,  үстін 
екінші  әйнекпен  жауып,  микроскоппен  қарасақ,  бөлек-бөлек  сопақтау  келген  суреттерді 
көреміз.  Булардың  арасы  толған  кілең,  уақ  бүртік  болып  көрінеді.  Осы  кішкентай 
бүртіктер  ашытқыштың  шілтері  (клетка)  болады.  Шілтердің  қалыбы  (форма)  домалақ 
сияқты  болады.  Сыртында  қабығы  бар,  оның  іші  толған  «протоплазма»  (протоплазма), 
шілтердің ішінде бір, яки мөлдір жері көрінеді. Бұл шырын (сок). Әуелде сопақтау болып 
көрінген затты крахмал (крахмал) деп атайды. Крахмалды шілтерден айыру үшін азырақ 
йод (йод) деген дәрінің ерітпесін қоссақ, әуелде мөлдір болып тұрған заттар бірі көк түсті 
болып боялады. Крахмалдың қасиеті  - йод дәрінің ерітпесінен көк түсті  болып боялады. 
Крахмалдың  негізгі  түзелген  заттары:  қышқылтым  (кислород),  сутум  (водород)  һәм 
көміртум  (углерод).  Екінші,  сары  түсті  болып  шыққан  затты  алсақ,  ол  ашытқыштың 
шілтері.  Шілтердің  түзелген  заттары,  құрамы  болады.  Оның  ішінде  крахмалға  кіретін 
жоғарыдағы  айтылған  заттардан  басқа  (азот)  болуға  тиісті.  Мұнан  басқа  азырақ  күкірт, 
фосфор (фосфор) һәм басқа заттар болады. Міне, осындай йод дәрісінің ерітпесінен сары 
түске  боялатын  заттарды  ақшыл  (белковые  вещества)  заттар  дейді.  Шілтердің  ішіндегі 
«протоплазма»  осындай  ақшыл  заттардан  түзілген.  Ғылымда  осы  протоплазманы 
шілтердің  жаны  деп  айтады.  Өйткені,  сол  протоплазма  болмаса,  шілтер  өсіп,  өніп,  өмір 
шегіп күнелтіп тұра алмайды. 
 
Шілтердің  ішіндегі  көрінген  бір-екі  мөлдір  зат  вакул  (вакуоль)  деп  аталады.  Ескі 
шілтердің  вакуольдері  үлкен,  жастарында  кішкентай  болады.  Егер  де  шілтерді  байқап 
қарасақ,  онда  олардың  бірте-бірте  өсетіні,  әбден  өсіп  жеткен  соң  әр  қайсысынан  жаңа 
шілтер бөлініп шығатыны көрінеді. Әуелгі бір шілтерден адамның қолына шыққан сүйел 
сияқты  болып  бөртпе  шығады.  Ол  бірден-бірге  ауысып,  біраздан  соң,  әуелгі  шілтерден 
айырылып шығып, өз алдына басқа шілтер болып өмір шегеді. Әуелгі шілтерді анасы деп 
білсек,  онан  шыққан  екінші  шілтерді  оның  баласы  деуге  болады.  Егер  де  сол  шілтердің 
өсуіне,  күн  өтуіне  белгілі  шарттар  болса,  онда  аз  уақытта  көп  болып  өсер  еді. 
Ашытқыштың  шілтері  тым  өскіш  болады.  Бір  шілтерден  жарты  сағатта  біреу  туса,  бұл 
екеуінен жарты сағатта және екі шілтер туып, 12 сағаттың ішінде, бір анадан 16.777 216 
шілтер  пайда  болар  еді.  Қамырға  ашытқыш  салғанда  оның  көтеріліп  өсетіні,  сол 
ашытқыштың  шілтерлері  көбейгенде,  көп  газ  бөлініп  шығады.  Ол  қышқыл  көмір  деген 
газ. 
 
II 
 

151 
 
Көктемде,  я  күзде  дымқыл  жерде,  ағаштың  қабығында  бөртіп  шыққан  жасыл  заттарды 
көреміз.  Ағаштың  қабығына  жабысып  тұрған  жасыл  заттарды  алып  микроскоппен 
қарасақ, бірнеше жасыл доп сияқты заттар көрінеді. Бұлар - шілтерлер. Алған затымызды 
ғылымда өлен деген өсімдіктің бір түрі деп санайды. Латынша оны хлорокок (хлорококь) 
дейді. 
 
Бұл хлорококтің қасиеті - ауадағы қышқыл-көмір деген газдан және судан крахмал жасап, 
соны  ауқат  қылып,  күн  көреді.  Шілтердің  ішіндегі  заттарды  жасыл  қылып  көрсететін 
бояуды  хлорофил  (хлорофил)  дейді.  Егер  де  хлорококті  спиртпен  араластырсақ,  онда 
жасыл  түсті  қылып  көрсетіп  тұрған  бояу  (хлорофил)  еріп  кетеді.  Шілтердің  түсі 
бұрынғыдан өзгеріп, түссіз, мөлдір болады. Хлорокок шілтерде микроскоппен қарағанда, 
екеу,  я  төртеу  болып  топтанып  тұрады.  Бұлардың  топтанып  көрінетін  себебі  -  бір 
шілтерден  туған  ағайындар  бір-бірінен  айырылып,  енші  алып  кетуге  мезгілдің 
жетпегендігі,  мезгіл  жеткенде,  бұлар  бір-бірінен  айырылып,  әрқайсысы  өз  алдына  өмір 
шегеді. 
 
Жасыл  өлендер  әсіресе  арықтағы,  көлдегі  суларда  көп  болады.  Бұлар  қалыбына, 
тұрмысына, өсіп-өнуіне қарай бірнеше тапқа бөлінеді. Суда өсетін  өлендер «шылау» деп 
аталады.  Енді  жаз  уақыт  арықтағы  көп  тұрған  сулардан  шылауды  жинап  алып, 
микроскоппен қарасақ, бұлардың түзілісі хлорококтікінен басқарақ, шілтерлерінің қалыбы 
сопақтау болып келеді  және бір басында екі, я төрт кірпік тәрізді қылтанақтары болады. 
Әбден  байқап  қарағанда,  олардың  қозғалып,  қимылдап  жүргені  білінеді.  Лай  суларда 
шылаудан  басқа  уақ,  көзге  көрінбейтін,  тек  қана  микроскоппен  көруге  болатын  түрліше 
құрттар  болады.  Ондай  құртты  бактери  (бактерия)  дейді.  Бактерияларда  тек  қана  бір 
шілтерден  түзілген  мақлұқтар  болады.  Шілтерлерінің  қалыбы  нүкте,  таяқ,  үтір  сияқты 
болып  келеді.  Осы  бактерияға  ұқсас  өлендер  бар  (булар  да  лай  суларда  өсіп  өнеді). 
Мұндай өлендерді түсіне қарай көкшіл өлен деп атайды. (Кок Циан) бактерия мен көкшіл 
өлендердің қалыбына, өсуіне қарағанда, айырмашылығы аз, көкшіл өлендерді бактериядан 
тек  қана  түсінен  айыруға  болады.  Көкшіл  өлендер  мен  бактериялар  өскенде  шілтерлері 
ортасынан екі бөлініп, бірден екеу пайда болып, олар тағы екіге бөлініп, осы жолмен өсіп 
көбейеді. 
 
III 
 
Нанды  дымқыл  жерге  қойсақ,  екі-үш  күн  өткен  соң  көгеріп  кетеді.  Көгерген  затты 
микроскоппен  қарасақ,  кішкентай  бөлек-бөлек  жіп  тәрізді  қылтанақ  болып  көрінеді. 
Қылтанақтың  бастары,  түйреуіштің  басы  сияқты  домалақ  болады.  Бұл  қылтанақтың 
әрқайсысы  жалғыз  ғана  шілтерден  түзілген. Осы  нанды  көгертетін зат  -  атқұлақтың  (бір 
қатар жерде атқұлақты саңырауқұлақ деп атайды) бір түрі. Әркімге белгілі, дымқыл жерде 
ағашта  жаңбырдың  артынан  атқұлақ  шығатыны.  Сол  атқұлақты  алып,  микроскоппен 
қарағанда көгеріс құлақпен екеуінің шілтерлерінің түзілісі, өсіп-өнуі бір түрде болатыны 
білінеді. Екеуінің де шілтерлері жіңішке қылтанақ сияқты болады. Бірінікі қамыс сияқты 
буын-буын  болады,  бір  түрлерінікі  тұтас,  қылтанақтың  домалақ  бастарын  дорба  деп 
қарауға болады. Оның іші толған «аспура» болады (уақ тозаң секілді тұқымдары), дорба 
жарылып,  аспуралар  жерге  түскенде,  жас  атқұлақтар  шығады.  Атқұлақтар  өте  өскіш 
болады.  Екі-үш  күннің  ішінде  аспурадан  үлкен  өсімдік  болып  шыға  келеді.  Аспуралары 
тым уақ, жеңіл болғандықтан жел ұшырып алып кетіп, жер-жерлерге аспураларды жаяды. 
Лайықты орын болса, ауқаттық зат болса, аспур аз мезгілде өсіп, тағы да аспур шығарып, 
сүйтіп жалғасып өмір шеге береді. 
 
 
 

152 
 
IV 
 
Осы  қарап  өткен  өсімдіктердің  түзілісі  бәрінікі  де  бір  болып  шықты.  Шілтердің  ішінде 
протоплазма, шырын, сонан соң бір қатарында хлорофил деген жасыл түсті зат көрінеді. 
Өсімдіктердің  шілтерінде  бұлардан  басқа  түйнек  (ядро)  және  түйнекшік  (ядрешко) 
болады. Түйнек пен түйнекшікті көру үшін пияздың, болмаса қызғалдақтың жапырағының 
қабығын  сыдырып  алып  микроскоппен  қарасақ,  төрт  бұрышты  суретті  шілтер  көреміз. 
Шілтердің ішінде домалақ зат болады. Оның ішінде онан да гөрі кішірек бір я екі түйіртек 
көрінеді.  Міне,  осылар  түйнек  пен  түйнекшік  деп  аталынады.  Түйнектің  айналасында 
қимылдап  тұрған  уақ  заттар  көрінеді,  бұларды  «ликопласты»  деп  айтады.  Ликопласты 
крахмал  және  басқа  шілтерге  керекті  заттарды  жасаушы  түйнек  доп  сияқты  домалақ 
қалыпты  болып  келеді.  Шілтер  бөлінген  мезгілде  түйнек  те  екіге  бөлінеді.  Түйнек 
болмаған  жерде  протоплазма  тіршілік  етіп  тұра  алмайды.  Біраз  уақыттан  соң  өледі. 
Сондықтан  ғалымдар  түйнекті  протоплазманың  ең  керекті  заты  деп  санайды.  Кішкентай 
түйнекшік  түйнектің  жинағы  болса  керек,  түйнек  бөлінгенде,  түйнекшік  көрінбей  жоқ 
болып,  түйнектің  заттарымен  араласып  кетеді.  Жанды  шілтер  болған  жерде,  түйнек  пен 
түйнекшік  болуы  керек.  Бірақ,  бірқатар  өсімдіктерде  микроскоппен  қарағанда  түйнек 
көрінбейді.  Түйнекті  проплазмадан  айыру  үшін  микроскоппен  қарағанда  оған  азырақ 
спирт  қосып,  оны  көк  нілмен  араластырып,  сонан  соң,  қайтадан  әйнекке  су  жіберіп 
қарағанда, түйнек проплазмадан гөрі анық болып көрінеді. Оның себебі түйнектің ішінде 
хроматин  (хромотин)  (хромос-бояу)  деген  зат  болады.  Ол  өте  бояу  сіңіргіш  болады, 
түйнекшік  түйнектен  анығырақ  болып  боялады.  Міне,  осындай  қасиеттеріне  қарай 
протоплазма, түйнек және түйнекшікті бірінен бірін айыру оңай болады. Жанды шілтердің 
қасиеті  -  адам  жануарлар  сияқты  ауқат  болмаса,  күнелте  алмайды.  Ауқат  табу  жолында 
жан-жануарлар  еңбек  ететін  болса,  шілтер  де  еңбексіз  тұрмайды.  Шілтердің  жаны  - 
протоплазма дедік. Сондықтан еңбек етіп, ауқат іздеуші, тапқан ауқатты бойына сіңіруші 
осы  протоплазма  болады.  Және  бір  қасиеті  -  протоплазма  тыныш  күйде  тұрмайды. 
Әруақыт қимылдап, қозғалып ілгері, кейінді жүріп тұрады. Протоплазмада осы айтылған 
қасиеттер  болса,  онда  оның  жанды  болғаны,  бұл  қасиеттер  болмаса,  онда  жансыз,  өлі 
болғаны. 
 

 
Крахмал, май 
 
Ашытқышты  микроскоппен  қарағанда  бірден  көрінген  зат  -  крахмал  болды.  Крахмал 
өсімдіктердің бәрінде де болады. Крахмал хлорофилдің дәндерінің ішінде су мен қышқыл 
көмірден  түзіледі.  Осы  екі  заттан  крахмал  түзуге  себеп  болатын  күннің  сәулесі.  Күннің 
сәулесі болмаса, тек қана су мен қышқыл көмірден крахмал түзілмейді. Осыған қарағанда, 
крахмал үш жай бұйымдардан түзіледі. 1) қышқыл тегі, 2) сутегі, 3) көмір (су қышқыл тегі 
мен  су  тегінен  түзілген,  қышқыл-көмір  қышқыл  тегімен  көмірден  түзілген).  Бірқатар 
өсімдіктерде  май  болады  (кендір  май,  алашаминке,  я  күнбағыс  майы,  ағаш  майы  һәм 
басқалар).  Май  да  осы  үш  жай  бұйымдардан  түзілген  бірақ,  қышқыл  тегі  майда 
крахмалдан гөрі азырақ болады. 
 
Картоп, бидай, сұлы, қара бидай, бұршақ және басқа ауқат қылатын өсімдіктердің бәрінде 
де  азды-көпті  крахмал  және  май  болады.  Картоптың  қабығын  аршып,  ішінен  ұстарамен 
қырып  алып,  микроскоппен  қарағанда,  крахмал  дәндері  қабат-қабат  болып  көрінеді. 
Бидайдың крахмалдарының дәндері, дөңгелек қалыпты болып келеді. Сұлы мен күріштікі 
сопақтау болады. Тарының крахмалдарының дәндері көп қырлы болады. 
 

153 
 
Шілтердің  ішіндегі  заттардан  крахмалды  айыру  үшін  оған  йод  дәрісінің  ертіндісін  қосу 
керек.  Сонда  крахмал  көк  түсті  болып  боялады.  Крахмал  дәндері  тым  уақ  (яғни  ұсақ) 
болып, көк түсті болып боялса да, анық көрінбеуі де мүмкін. Ол уақытта крахмал салған 
әйнекті  азырақ  қыздырсақ,  крахмал  ісініп,  үлкейіп  көрінеді.  Өсімдіктегі  крахмалды 
сілекей  ерітеді.  Бір  тамшы  сілекейге  бидайдың,  я  картоптың  крахмалын  араластырып, 
дымқыл жерге қойсақ, біраз уақыттан соң крахмал еріп жоқ болып кетеді. 
 
Крахмалдың түзілген бұйымдары қышқыл тегі, сутегі және қышқыл көмір дедік, енді осы 
бұйымдарға азот, фосфор, күкірт қосылса, онда крахмалдан қасиеті, қалыбы, түсі басқа зат 
пайда болады. 
 
Оны  ақшыл  заттар  деп  атайды.  Жұмыртқаның  ағы  осы  айтылған  бұйымдардан  түзілген. 
Сондықтан  «ақшыл»  деп  аталынған.  Протоплазма  да  осындай  ақшыл  заттар  екендігін 
жоғарыда айтып өткенбіз. 
 
Ақшыл  заттың  суда  еритіні  де  болады,  бір  түрлері  суда  ерімейді.  Жануарлардың  ішкі 
мүшелерінде  суда  ерімейтін  ақшыл  заттарды  ерітетін  «пепсин»  (пепсин)  деген  шырын 
болады.  Ақшыл  заттар  ауқатқа  ең  керекті,  ең  пайдалы  зат  болады.  Крахмал  май,  ақшыл 
заттар шілтердің жинағы. Адам баласына тіршілігін сақтау үшін ауқат қандай керек болса, 
бұл  заттар  шілтердің  тіршілігін  сақтауына,  өсіп-өнуіне,  тұқым  салуына  сондай  мұқтаж, 
керек. 
 
Үй салу үшін әуелі балшықтан қыш (кірпіш) жасап, содан соң қышты бір-бірлеп қалайды. 
Қыш  жасауға  балшық  болмаса,  үй  де  салынбас  еді.  Өсімдіктер  де  осы  сықылды. 
Протоплазма, крахмал және басқа өсімдіктерге керек заттар болмаса, кішкентай тұқымнан 
үлкен  өсімдіктер  шықпас  еді.  Бидайдың,  тарының,  күріштің,  картоптың  дәндері,  кілең 
шілтерден  түзілген.  Осылардың  шілтерінің  өсіп-өнуіне  керекті  заттар  болса,  шілтерлері 
бөлініп, біреуінен екеу пайда болып, ол екеуінен төртеу пайда болып, сөйтіп өсе береді. 
Тарының  бір  кішкентай  дәнінен  үлкен  өсімдік  шығатыны  ғажап  іс.  Бірақ  өнер-білімнің 
арқасында мәдениетті халықтар оның өсуіне қандай шарттар керек екендігін біліп болды. 
Оны қалай өсіруін, аз еңбек етіп, көп пайда шығаратын жолын да біліп болды. Сондықтан, 
Америка  сияқты  жерде  жаңбырдың  болған,  болмағаны  бәрі  бір,  егінді  жаңбырсыз  да 
шығара  біледі.  Өнер-білім  кем  жерде  аштық,  ауру  көп  болса,  Америкада  ол  жоқ.  Оның 
бәрі  осы  білімнің  арқасында.  Бидайдың,  тарының,  картоптың  және  басқаларының 
тұқымдарының  крахмалдары  көп  уақытқа  сақталады.  Осылардың  өсуіне  ең  керекті 
нәрсенің  бірі  -  су.  Құрғақ  жерге  егін  шықпайтыны  әркімге  мәлім.  Кішкентай  дән  су  көп 
жерге түскеннен кейін дымқылданып, оның крахмалы суға ісініп үлкейеді: крахмал өзінің 
тегін  өзгертіп,  жаңа  жас  өсімдікке  ауқат  жинап,  ол  ауқатты  бір  шілтерден  бір  шілтерге 
көшіріп, өсімдіктің шілтерінің бәрін ауқаттандырып, өсуіне себеп болады. 
 
Жоғарыда  ашытқышты,  атқұлақты,  шылауды  қарағанда  олардың  шілтерінің  бөлініп 
өсетінін айтқанбыз. Басқа өсімдіктер де осындай жолмен шілтерлене көбейіп, бірден-бірге 
кішкентай тұқымнан үлкейіп, өсімдік шығады. 
 
(аяғы бар) 
 
Кәрім Жәленов 
 
 
 
 
 

154 
 
ЕМШЕК БАЛАСЫН АСЫРАУДЫҢ ҺӘМ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ РЕТІ 
 
1. Баланы қалай асырау керек? 
 
Емшек баласын асырау үшін үш түрлі: 1) табиғи асырау, шешесі балаға емшегін емізіп, өз 
сүтімен  асырайды;  2)  балаға  шешесі  емшек  бермейді,  баланы  сиырдың,  биенің,  ешкінің 
сүтімен асырайды; 3) балаға шешесі өз сүтін де береді, айуанның (хайуан) сүтін де береді. 
Дұрысы - баланы шешесі өз сүтімен асырау, балаға шешенің сүтіндей пайдалы, жағымды 
тамақ табылмайды. 
 
Балаға  қант  керек,  май  керек,  тұз  керек,  белок*  керек.  Осының  бәрі  де  әйелдің  сүтінен 
табылады. Айуанның сүтінде бұлардың бірі болса, бірі жоқ. Я біреуі көп, екіншісі тым аз 
болады. Оны мынадан көруге болады. 
 
Бие сүтінде 
Ешкі сүтінде 
Сиыр сүтінде 
әйел сүтінде 
Бір стакан / не бар? 
6 үлес 
4 үлес 
4/5 үлес 
7 үлес 
Қант 
1/8 үлес 
5 үлес 
3/7 үлес 
4 үлес 
Май 
2 үлес 
4 үлес 
3 үлес 
1 үлес 
Белок 
5 үлес 
1 үлес 
9 үлес 
2 үлес 
Тұз 
 
Бала берігіректе қант пен майды тамақ қылады. Әйелдің сүтінде бұл екеуі  де жеткілікті. 
Биенің сүтінде қант болғанымен, май аз, ешкі мен сиырдың сүтінде май недәуір бар, бірақ, 
қант аз, әйел сүтінен екі есе кем. 
 
Түсініктеме:  *Белок  деген  жұмыртқаның  ағы.  Бұл  жалғыз  жұмыртқада  ғана  емес, 
басқа  да  әртүрлі  тамақтарда  да  болады.  Бұл  затқа  қазақша  қолайлы  ат  табыла 
қоймағандықтан әзірге орысша кетті. 
 
Басқарма 
 
Әйел сүті ақшылдау һәм тәтті  болады, жөнді исі  болмайды. Әуелгі  уақытта әйелдің сүті 
сұйықтау болады, өйткені ол уақыт әйел сүтінде май аз болады. Жаңа туған балаға ондай 
сүт  пайдалы  болады.  Себебі,  баланың  асқазаны  майы  кем  сүтті  оңай  сіңіреді.  Әйелдің 
кешкі сүтінен ертеңгі сүті сұйықтау болады. Баланың асқазаны үшін мұның пайдасы көп. 
Балаға ананың сүтін тамақ қылып, ол сүтті баланың ауанына қарай, баланың асқазанының 
шамасына  -  жайына  қарай  кейде  қойылтып,  сұйылтып  қойған.  Табиғат  ісі  тамаша, 
анасының сүтімен тамақтанып өскен баланың асқазаны көп артық бұзылмайды. Айуанның 
сүтімен  тамақтанып  өскен  баланың  асқазаны  нашар  болады.  Балалар  үйінде  айуанның 
сүтімен  асыраған  балалардың  арасында  өлім  5-8  есе  көп  болады.  Он  екі  баланың  біреуі 
өледі. 
 
Айуанның сүтімен 
тамақтанған болса 
Ананың сүтімен 
тамақтанған болса 
Баланың айлық жасы 
112 
201 

588 
74 

497 
46 

465 
37 

370 
26 

191 
20 

 

155 
 
Оның  үстіне,  айуанның  сүтіне  түрлі  микробтар  (көзге  ілінбейтін  ұсақ  құрттар)  үйір 
болады. 
 
Бұл құрттардың бір жаман жері - көбейіп, быжынап кетеді. Мәселен, жаңа алынған сүтке 
10 микроп түскен болса: 
 
3 сағаттан соң 2 есе көбейіп, 20 болады; 
 
6 сағаттан соң 20 есе көбейіп, 200 болады; 
 
9 сағаттан соң 107 есе көбейіп, 1070 болады. 
 
Көбіне  балаға  сүт  сауып  алынғаннан  кейін  10-12  сағаттан  соң  беріледі.  Ондай  сүт  таза 
болмайды, оның ішінде микроб көп болады
 
Сонымен, әйелдің сүтінің айуанның сүтінен мынандай артық қасиеттері бар: 
 
1) әйелдің сүтінде қант та, май да көп болады; 
 
2) әйелдің сүті бала өскен сайын өзгеріп тұрады (әуелде сұйық болады, сонан бірте-бірте 
қоюланады); 
 
3) әйелдің сүті тез бұзылмайды, микробы болмайды; 
 
Баланы  емізерде  һәм  емізіп  болған  соң  әрбір  әйел  емшегінің  ұшын  бір  стакан  суға  шай 
қасықпен  бір  қасық  борная  кислота*  салып,  ертіп,  сонымен  жуу  керек.  Борная  кислота 
болмаса, жылы сумен жуса да болады. Жуғанда қолмен жуу керек емес, таза мақтамен, я 
таза шүберекпен жуу керек. 
 
Емшекті жуудың бала үшін де, бала емізетін әйел үшін де пайдасы көп. 
 
1) Әйелдің емшегіне жабысқан микроб болса, жуған уақытта шайылып кетеді
 
2) Емшектің терісі тегістеліп, жұмсарып, балаға сорып емуге ықшамды болады. 
 
3)  Жуып  тұрмаса  емшектің  терісінің  тесіктеріне  кір  кіріп,  шаң  кіріп  қатып,  бала  сорған 
уақытта  ауырып  әйелдің  жанын  қинайды.  Жуғаннан  кейін  шаң  шайылып,  кір  арылып, 
емшектің ауырғаны басылады. Бала емізген уақытта әйел тіке отыруы керек һәм кейімей, 
ренжімей  тыныш  отыру  керек.  Өйтпесе,  ананың  ашуы  сүтпен  бірге  балаға  көшіп,  ауып, 
баланың  іші  бұзылады.  Бала  емізіп  жүрген  уақытта  әйел  көп  кейісе,  бала  асын  сіңіре 
алмай өліп кетуі де ықтимал. Баланы қанша уақыт емізу керек, оны кесіп айту қиын. Оның 
уақыты  әйелдің  сүтінің  маңызына,  жұғымына  қарай  болады.  Дәрігерлер  12-15  минуттан 
артық емізу керек емес дейді. Күндіз баланы 2,5-3 сағаттан соң бір емізіп тұру тиіс. Түнде 
бірден артық емізу керек емес, бала емген сүтін сіңіріп, ішін босатпай екінші тамақ беру 
жарамайды. Жылаған сайын балаға емшек беру қате. Бала жаман үйренеді және баланың 
іші  бұзылады.  Балаға  бір  емізгенде  бір  ғана  емшекті  емізу  керек  және  сарқытып  емізу 
керек.  Емшектің  сүті  сарқылмаса,  әйел  тез  4-5  айдан  соң  суалады.  Мал  баққан  кісілер 
білсе керек, мезгілінде дұрыс сауылмаған сиыр болсын, бие болсын ерте суалып кетеді. 
 
Түсініктеме: *Борная кислота дәріханада сатылады, арзан тұрады. 
 

156 
 
Емшек сүті балаға сусын болмайды, тамақ болады. Сондықтан жас балаға да сусын беріп 
тұру  керек.  Қайнатылған  таза  су,  балаға  сусын  болуға  жарайды.  Суды  бала  сүйсініп 
ішпесе, суды тәттімен беру керек. Тәттілеу үшін суға қант салғаннан гөрі, аз ғана сахарин 
салу дұрысырақ. Себебі қант жас баланың ішін желдендіріп, ауыртады. Сахарин зиянсыз*. 
 
Бала  емізіп  жүрген  әйелдің  суықтан,  тұмаудан  сақтанып  жүруі  тиіс.  Буыны  қатпаған, 
бұғанасы  бекімеген  емшек  баласына  тұмау  болсын  және  басқа  әртүрлі  аурулар  болсын 
жұққыш  келеді.  Сондықтан  бала  емізерде  әрбір  әйел  қолын  қайнаған  сумен  сабындап 
жуып,  балаға  емшек  берген  уақытта  аузын,  мұрын  орамалмен  орап,  бетін  баланың 
басынан  аулақ  ұстауы  керек.  Балаға  қарап  жөтелмеу  керек.  Науқас  әйел  баланы  ешбір 
уақытта  сүймеуі  керек.  Әйелдің  қайыз  қаны  (етеккірі)  келіп  жүрген  уақытта  да  бала 
емізуді  тоқтатпау  керек.  Әйелдің  қайыз  қаны  келген  уақытта  бала  беймаза  болып  көп 
жылап,  жайшылықтағыдай  тамақты  сіңіре  алмайды,  бірақ  мұның  бәрі  3-4  күннен  соң, 
қайыз қаны тоқтаған соң басылады. 
 
Бала емізіп жүрген әйел шаршағанша жұмыс істемеуі керек. Ауыр жұмыстан да сақтанып 
жүруі  абзал.  Балалы  әйел  ешбір  уақытта  тұрмысын,  тамағын  өзгертпеуі  тиіс.  Әсіресе, 
әйелдер  арақтан  яки  арақ  тәрізді  ішімдіктерден,  насыбай,  шылым  һәм  басқа  осындай 
нәрселерден  сақтанып  жүрсін.  Балалы  әйелдің  тамағы  жұғымды,  сіңімді  болсын.  Шикі 
жеміс, капуста жеуден де әйелдің сақтанып жүргені жөн. Балалы әйел шамадан тысқары 
тамақ жеп, асқазанын  бұзып алып жүрмесін. Бала  емізіп жүрген әйел түн ортасынан (12 
сағаттан) кешікпей жатып, сегіз сағаттан кем ұйықтамауы керек. 
 
Түсініктеме: *Сахарин қанттан 500 есе тәтті болады, яғни, бір мысқал сахарин салған 
судың  тәттілігі  500  мысқал  қант  салған  судың  тәттілігіндей  болады.  Сахаринды 
біреулер  зиянды  дейді,  біреулер  зиянсыз  дейді.  Тарағанда  бұл  зат  әрбір  ішкен  сайын  аз-
аздан болса зиянсыз, көп ішіліп кетсе зиянды. 
 
Басқарма 
 
Қанша уақыт баланы емшекпен асырау керек деген сөзге қысқа жауап беруге болмайды. 
12  ай,  16  ай,  20  ай  емшекпен  бала  асырайтындар  болады.  Баланың  саламаттығы  жақсы 
болса,  емшектен  ертерек  айырса  да  теріс  болмайды.  Жалпы  қағида  -  8-10  айдан  бұрын 
баланы емшектен айыруға болмайды. Шілденің ыстық күндерінде емшектен бала айыруға 
жарамайды.  Себебі,  ыстық  уақытта  баланың  тамағы  өзгерсе,  асқазаны  оңай  күзеледі, 
жазғытұрым  яки,  күздігүнгі  аласапыран  уақытта  да  баланы  емшектен  айыру  обал. 
Өйткені,  бұл  уақыттарда  безгек  секілді  аурулар  көп  болады.  Емшектен  айырған  бала 
беймаза  болып,  шаршап,  тамаққа  жөнді  қарамай  жүрген  уақытта  дертке  тез  шалдығуы 
мүмкін. Тісі жаңа жарылып, шығып келе жатқан баланы да, емшектен айыру қате. 
 
Баландер  деген  доктордың  жинаған  мағлұматына  қарағанда,  август  (1998  жан),  июль 
(1226 жан) айларында бала көп өледі. Февраль (631 жан), октябрь (625 жан), ноябрь (612 
жан) айларында кем өлді. Баланы емшектен бірте-бірте айыру керек. 8-інші айдан бастап 
балаға емшек сүтінен басқа да тамақ беріп үйрете беру керек. Сиыр сүтіменен жармадан 
істелген ботқа есейіңкіреген балаға ауыр тимейді. Жасқа толған балаға жақсы піскен тәтті 
нан беруге де болады. 16 ай толған балаға жұмыртқа беруге болады. 26-28 ай толған бала 
ет  жей  алады.  Өйткені,  ол  уақытта  баланың  20  тісі  шығады.  Жас  балаға  қою  шай,  арақ 
беруге жарамайды. 
 
Кейбір әйелдер 2-4 айдан соң суалып кетеді.  Кейбіреулердің саулығы кем болғандықтан 
бала  емізе  алмайды.  Ондай  әйелдер  балаларын  амалсыздан  айуандардың  сүтімен 
тамақтандыру керек болады. Баланы шешесі жарыта алмайтын болса, ешкі яки сиыр сүтін 

157 
 
су  қосып  суылтып  һәм  тәттілеп  беру  керек.  Балаға  сүтті  шыныға  құйып  емізікпен  беру 
дұрыс. 6 айдан соң сүтке пісіріп ботқа беруге келеді. Балаға беретін сүт таза, жаңа сауып 
алынған болсын. Сүт таза болу үшін айуанды жақсы күту керек. Қыста айуанға таза шөп, 
таза  жылы  су  беру  керек.  Айуанның  орны  да  таза  болсын.  Сауған  уақытта  сиырдың 
желінін  жуып,  тазалап  сауу  керек.  Сиыр  сауатын  кісі  қолын  тазалап  сабындап  жусын, 
әсіресе  тырнағын  тазартсын.  Сүт  сауылатын  ыдысты  қайнаған  ыстық  сумен  жуып  таза 
ұстауы  керек.  Сауып  алған  сүтті  қайнатып  пісіріп  алған  соң,  суық  жерге  қою  керек. 
Баланың емізігін, сүт құятын шынысын да таза ұстау керек. 
 
Балаға сүт беріп болған соң, емізікті жуып айналдырып суға салып, 5-6 минуттай қайнату 
тиіс.  Шыныны  да  10  шақты  минут  қайнатып,  ішіне  қайнатылған  су  құйып  қою  керек. 
Баланы бір ғана айуанның сүтімен асырау керек. Балаға беретін сүт жылы болсын. Бірақ 
ыстық болмасын, емізікті басқа кісі әуелі аузына салып онан соң балаға беруге болмайды. 
Емізіктің тесігін үлкейтпеу керек. Емізіктің тесігі үлкен болса, баланың шашалып қалуы 
мүмкін. Балаға күндіз алты рет, түнде бір рет қана емізік беру керек. Баланы зорлап көп 
сүт  ішкізуге  жарамайды.  Баланы  зорлаудан  сақтану  керек.  Өйткені,  бала  сүтті  көп  ішіп 
жіберсе,  сіңіре  алмай  қалуы  ықтимал.  Бала  сүтті  бірде  көп  ішеді,  бірде  кем  ішеді. 
Сондықтан,  ішкен  сайын  бір  стаканнан  я  бір  кеседен  іш  деп  балаға  өлшеп  сүт  ішкізу 
бекер. 
 
(аяғы бар) 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет