Ғылым тілі
(научный термин)
Ғылым тілі – бұл уақытқа шейін қазақ оқығанының бір қалыпқа қой-
ып, бір негізге құра алмай келе жатқан мәселесінің бірі. Қазақ мәдениеті
жер жүзіне бой көрсетіп, дүние майданына шыға алмай тұрған уақытта
бұл мәселені бір жөнге салудың пайда, зияны жұрт көзіне байқалмайды.
Бірақ бұл күндегі қылтанақтап келе жатқан мәдениет – қазақ жұртының
бүгіндік қана керегі, ертең тағы тосыннан бір жол салып алуымыз оңай
десек, сөз бір басқа: егер де бүгінгі жол, бүгінгі еңбек мәңгілік дейтін
болсақ, ғылым тілі аса қарауды көтермейтін шетін мәселе.
87
Мәдениет бәйгесінде алда келе жатқан жұрттың қатесі кейінгіге
сабақ. Алдыңғы келе жатқан жұрттың жығылған жары, сүрінген томары
кейінгінің бетін еріксіз бұрғызады. Өзге жолдағы істерінің оң, терісін
қойып, осы тіл жолындағы орыс пен Япониялардың істеген қаталары
бізге айқын үлгі боларлық. Орыс әдебиеті аяғын апыл-тапыл басып,
буынын бекіте алмай жүргенде, жазушылардың қолданатын әдеби тілдері
«церковнославянский» (дін кітаптарының тілі) болатын. Орыс әдебиетіне
негіз салушы Ломоносов, Кантемир, Третьяковскийлер жұрттың бетін
бұра алмай, өлеңі, қара сөзі болсын, бәрін де сол тілмен аламыштап
былғап жазған. Орыс ол қатесін бері келген соң зорға түзепті.
Бұдан кейін Япония жұрты надан күнінде жазу, оқу, аз-аз өнер
үлгілерін берген апасы Қытай болып, Қытайды көсемі қылып алдына
салып, етегінен ұстап жүріп, қытай тілін әдеби тіл қылып ұстады. Бұл
күнде Қытай жұртта қалып, Япония ұзап кетсе де қытай тілі әдеби тіл
болып қалып, Японияға дерт болып, құтыла алмай, әуреде жүр. Қазіргі
уақытта Японияның баласы өз оқуын оқудан бұрын қытай оқуын оқып,
содан кейін басқа жұрттың өнерін, басқа жұрттың ғылым тілдерін
оқиды. Қытай оқуы Японияда ешбір пайдалы оқу емес: жалғыз-ақ ерте
уақыттағы Японияның басшыларының ойланбағандығынан өз оқуын
өзінікі қылып әкете алмағандығынан, керексіз бір нәрсені жамап алып
отыр. Міне, осындай халге қазіргі бетімізбен жүре берсек, біз де бір күні
ұрынатын секілдіміз.
Қазіргі қазақ тіліндегі оқу екі ағысқа бөлініп барады. Бірі – мұсылман-
ша оқығандардың жолы. Ғылым тілін арабшаға, мұсылман негізіне
тартады. Екіншісі – орысша оқығандар жолы, ғылым тілін орысшаға,
Европа негізіне тартады. Бұл жік-тәртібі бастауыш мектептердің һәм
курстардың оқуында айқын білініп отыр. Әркімнің өз білген негізіне
тартатыны мәлім нәрсе. Мұсылманша оқыған мұғалім Европаның ғылым
тілін білмейді, орысша оқыған учитель мұсылманшаны білмейді. Осыдан
ошақтың үш бұтын үш жаққа тартып отырғандық – ғажаптанарлық нәрсе
емес. Бірақ салыстырып, осы екі жолдың бірін алып, бәріміздің бетіміз
бір жөнге сайып келуі мұқтаж. Бұл мұқтажды ұғу – бәрімізге парыз.
Қазақ мәдениетін түрік үлгісіне қарай тарта беретін мұғалімдердің
тұтынатын негізгі жолдары – «пантюркизм», «панисламизм» тағы әр
түрлі «пан-пәленизмдерді» жол қылып ұстайтыны белгілі. Бірақ сол
«пандардың» жолына қай жұрт болсын надан күнінде ғана мойынсұнады.
Мәдениетке бет қойып, басқыштап ілгерілеген сайын пандардан жұрт
жиреніп, пайдасыз бір іс деп санап, далада қалдырады. Осы күнде
көзін жұмып, аузын ашып, тәтті қиялды қорек қылған адам болмаса,
ширақ ақылмен қараған кісіге бұдан кейінгі «пан» – саясат хаосы екені
мәлім боларлық болған. Себебі: қай жұрт болсын, өз бетінде жұрттығы
88
болмаған күнде ғана басқа, өзіне жақын жұрттың тілеуін тілейді. Өз
жұрттығы буын бекітіп, бас қалқайтса, алыстағы жұртқа тілеген тілекті
қайтып алып, өз жұртына жұмсайды. Бұл – дама баласының сүйегіне
сіңген табиғи мінезі. Қазақ кешегі езгіде жүрген уақытында пантүркитер
үйретпей-ақ қырда жүрген қойшы-қолаңшы да түріктің тілеуін тілейтін.
Бұндай екі халықтың бірін-біріне иілтіп, мейірлендіріп отыратын: 1) дін
туысқандығы, 2) сыртқы саяси қалпы, 3) надандығы болады. Егер осы
жұрттар қатардағы жұрт болып, еркіндік пен мідениеттің төріне шыға
бастаса, бірінен-бірінің берекесі, мақсаты айырылып, аздан соң қас
та жұрт болып кетуі оңай. Бұның мысалын діні бір, қаны бір, тұрмыс
ыңғайы бір болған Европа жұрттары баяғыдан бері көрсетіп келеді.
Қашан болсын, адам баласының қазіргі «өз шыққан тауым биік болсын»
деген мінезі қалмаса, еш уақытта күндегі саясат хаосының артынан
ермей, бүгінгі досымен ертең қас болмай отырмайды. Бұлай болған соң,
ақ жолды, әулиелікті дүние жүзіне мен орнатамын деп мідениеттің түзу,
кең жолын тар, қисық жолға салам деу – қазақтың алға басуына кедергі
шығарамын дегенмен бірдей.
Бұл сөздің қорытындысы қазақ жұрты қазіргі уақытта күндегі
саясаттың ыңғайымен жүріп отырып, түзу жолмен мәдениеттің буынын
бекітуді ғана мақсат қылуына керек. «Пантюркизм» қазақ мәдениетінің
жолын өрлетіп, жұрттықтың бойын өсірмейді. Саясат жолына кірген
жұрт туысқандық, жақындық деген нәрседен айырылылады.
Енді әуелгі ғылым тіліне қайтайық. Туысқандық дегенді қолмен аз да
болса бұрауға келетін саясат көтермейтін болса, бірбеткей ғылым жолы
туысқан едім деп бұралауға тіпті көтермейді. Біреу оңға, біреу солға
ьартып, илей бергенге көне беретін ғылым жолы – терінің пұшпағы емес.
Әуелде қалай беттесе, көп уақытқа шейін сол бетінде жол болып бекіп
қалады. Сол себепті қазақ оқуының бетінде қандай жаңалық кіргіземіз
десек те, әуелі кеңінен толғап ойланбай іс қылудың артынан талай аурулы
мәселе туып кетуін ұмытпау керек.
Қазір бізде ғылым тілін арабшадан аламыз деген ағыс бар екен.
Арабшадан алудың ғылыми дәлелі не? Біз ғылым тілі туралы сөйлесек,
қазақтың оқуының жолын бір түзу жөнге салу турасын ғана еске алу
керек. Оқу мәселесіне туысқандық, болмаса келешектегі саясат бетін
қосып шешеміз деу кімнің ісі? Ешбір істі алға бастырмайтын ретсіздік
сол емес пе? Болмаса, заманның өзі көрсетіп отырған дәлелге мойынсұну
керек. Ол дәлел мынау: біз ғылым тілін арабшадан аламыз дегендегі
дәлеліліміз – арабта да бұрынғы уақытта мәдениет болған, сол себепті
ендігі бізге керек болатын ғылым арабтан табылады дейміз. Ертеде араб
мәдениеті болған бір заман бар. Бірақ ойлап қараңыздар, біз осы күнде
дүние жүзіне жарығын шашып отырған ғылымдардың қайсысын аласыз,
89
біреуі сол күйде ме? Алайық медицинаны (дәрігерлікті), механиканы
(машина ғылымы), химияны (кимия), политика-экономиканы (саяси-
шаруа ғылымы), кооперацияны (сауда ұйымдары) һәм басқаларды.
Біреуі осы күйде ме еді? Бұның көбінің ол уақытта аты да жоқ еді? Ал
қазіргі уақытта күндегі қолыңа ұстайтын құралың болды. Бұның бәрін
кім шығарды? Европа шығарды! Бұдан кейін қазіргі мұсылмандардың
мәдениетін алаайық. Мысалы, Түркияның университеттеріндегі тіл,
онан соң жайшылықтағы ғылым тілдері кімдікі? Түріктің бірінші
университеттеріндегі басты тілдер Англия, Франция, Германиянікі.
Бұған біз не айта аламыз? Сол боламыз деп отырған түркіміз өзі, Европа
жұрттарының өз арасында солай-ды.
Қай жұрттың білгіші бір жаңалық шығарса, сол нәрсеге өз тілінде
ат қояды; бұл атты өзге жұрттың бәрі сол тілде қолданады. Біз көбінесе
татар мен түріктің Европа тіліндегі сөздің «г» қарпін «ғ» қылып, «к»
қарпін «қ» қылып алып жүрген сөздерін өз тілі деп сырттан жала жауып
жүрміз ғой деймін. Болмаса, бұл күнге шейін түріктен білгіш шығып,
оның тапқан нәрсесін түрік тілімен қолданып жүрген Европа жоқ. Міне,
заман көрсетіп отырған дәлел – осы.
Жә, түріктің өз бетімен тапқан мәдениеті жоқ болса, өзі де Европа-
ның дастарханының шетінен орын алып отырса, біздің не істеуіміз керек?
Ол уақытта да мәдениеттің кіндігі болған жерге тура тартпай, өзіміздің
қалпымыздағы түрікті өткел қылғанымыз оқу ісін түзу жөнге салғанмен,
қазақ түріктен алыстап кетіп, оқу үлгісін түріктен алумен – түрікпен
туысып кете қоюына кімнің көзі жетеді? Жұрттың рухы бірігуде тұрса,
саясат ыңғайы жұрт рухының сол күйіне қарап бет алатын болса, оқу ісі,
оынң ішінде ғылым тілі еш уақытта алыстатып әкете алмайтынын біздің
ұғуымыз керек.
Бұл мәселе турасында қарсы пікірде болған кісілер болса, дәлелдерін
баяндағаны жөн. Осымен, тезірек оқу ісін бір негізге құрып, мұғалімдер,
учительдер ғылым тілінің жолынж\да бір-ақ түрлі құралды қолдануы
керек.
Биылғы Омбыда болған жастар съезінде де ғылым тілін Европадан
алуды қаулы қылып жасаған жобалары: әуелгі ғылым тілдерін жеткенше
қазақтың өз тіліне аудару керек. Қазақ тіліне аударуға болмағанмен
тілдерге ғана Европадан алу болатын. Жастар съезінің қаулысында қазақ
тілінде шығатын журналдарда ғылым тілі деген бір бөлімі болып, сол
бөлімге Европа қолданып жүрген ғылым тілдерін әркім өзінше перевод
қылып оқушының сынына берсін дескен. Бұл жоба да әркімнің есінде
болсын.
Мұхтар
90
Ғылым тілі туралы жауап
Мұхтар мұғалімнің пікірінше ғылым тілі өзіміздің қазақшаға аударылу
керек. Қазақ тілі жетпесе, Еропа тілін қолдануымыз керек дейді. Пән
ғылымының ұстазы – Европа, басқа жұрттікі бояуыш, басқаның бояған
тілін алғанша, Европаның өз тілін алғанымыз мақұл деген сөзді дәлел
қылып көрсетеді.
Ғылым тілін қазақ тіліне аудару бәріміздің тілегіміз, жетпегенін қайдан
аламыз? Сөз сонда. Бұл арасы мұсылманша, орысша толық мағлұматы
бар мұғалім учительдердің шешетін мәселесі, бірақ журналға жазылып,
жалпы сауал қойылған соң әркім өз ойын сөйлеп өту керек.
Соның үшін біздің айтатынымыз: қай пәнді оқығанда болса да, түпкі
мақсат соны ғылымға қойып іске асыруда. Қай тілді үйренсек те ондағы
мұрат – сол тілдегі пәнді аңдауда.Бізге Европа тілінің керегі пән үшін
ғана, әйтпесе біз Европаның тілін сөйлеп, тап өзі болып кетпек емеспіз.
Бізден бұрынғы әр пәндеріне қатынасқан мұсылман жұрты бұрынғы
қолданып жүрген тілдеріне пәндерді айналдырып қойған (мысалы араб
тіліне). Олар бізден гөрі Европаға жақын, тіпті өзі десек те қате бола
қоймас. Мысалы, Түркия қалың Европаның ортасында. Олар айналысқан
Европамен бұлар да айналысып тізгіндесіп жүр. Басында өздерінен
үлкен философтар шықпаса да, осы күнде Европада оқылатын ғылымдар
Түркияда түгел оқылып отыр.
Ол ғылымдар туралы әлденеше ткітаптар шығарылып, өмірлік ат
қойылып бәрі де сол аттармен бекіп отыр. Қысқасы, түріктер Европаның
қайсысынан болса да мәдениет жүзінде жарысып озбаса, кейін қалып
отырған жоқ. Пән тілінің Европадан табылғаны Түркиядан, Түркиядан
табылғаны Европадан табылады. Жә, өзімізге қайсысын алу пайдалы?
Сол жағына келейік. Мысалы: Европа тілін алдық, кітаптарымызға
жаздық, сол уақытта өз кітаптарымыздан оқып жақсы мағлұмат алып
шыққан кісілер соның себебімен Европа тілінде жазылған кітаптарды
танып, мағынасын біліп, пайдалана ала ма? Ал онымен Европа тіліндегі
кітаптарды біліп, кете алмасақ, жалғыз-жарым пән тілін кітаптарымызға
араластырғаннан Европа бола аламыз ба?
Пән тілінің түпкілікті болып, бояуыш болмауында не мән бар? Әйтеу-
ір пәннің ішіндегі мағынаны, ақсатты аңдасақ болмай ма?
Енді пән тілін Түркиядан алсақ, өз кітабымыздан жетіліп жақсы оқып
шыққан кісілер Түркия тілінде жазылған пәндердің қайсысын болса да
оқып пайдалануға мүмкін. Себебі жалғыз пән тіл болмаса, жазуымыз һәм
басқа тілдеріміздің арасы жақын. Бұлай болғанда мәдениетке жаңа аяқ
басып келе жатқан ұлтымыздың арасында ғылым таралуға көп жәрдемі
тиеді. Және де тіліміздің жақындасуы «пантүркизмге» артық қызмет
қылады. Мұхтар мұғалімнің «пантүркизм» керексіз деп көрсеткен
91
дәлелдерін толық таппаймыз. Дұрыс еместігі өзінен-өзі көрініп тұр. Біз
ос күні «Алты алаш», – деп ұрандап, «Атамыз түрік» деп айғай салып
жүрміз. Бұл неге керек? Әрине, ұлтты жиып, туысқан бауыр құралып ел
болуға керек. «Пантүркизмде» – осыдан басқа мағына бар ма? Европаның
өнерін, білімін үлгі қылайық, жөн. Осы бірінің-бірі қанын ішіп, етін жеп
жатқанда үлгі қыламыз ба? Мұнысы да мәдениет пе? Жоқ, бұл мәдениет
емес. Европа есі дұрыс күнінде неше түрлі ұйымдасудың әкесін жасап
сонымен Европа болған. Басқа ынтымағы жоқ халықтарды жем қылып,
оларды құртуға неше түрлі план жасаған. Енді осы күнгі қырылысуы
кәдімгі ескі хайуандығының ұстап жатқандығы. Осы сөздерге қарап
«Пантүркизм» ел болуымызға ең бірінші себеп дей аламыз. Ынтымақты
қауымдардың мақсаты бір-біріне қайшы келген уақытта араздасып кетуі
мүмкін деп «Пантүркизмнен» қашу шегірткеден қорқып, егін екпеген-
мен бірдей болмай ма?
О кісінің тағы бір айтатыны: тілімізді осы күннен бір бетке салайық;
Қытай тілімен шатасқан Японға ұқсалып араб тілімен шатасудан ерте
сақтанайық деген сөз. Әрине, тіліміздің бір бетке салайық дегені дұрыс
сөз, талас жоқ. Бірақ, араб тілі мен біздің арамызды Қытай мен Японның
арасына салыстыруға мүмкін емес. Себебі біз арабпен діндеспіз. Біздің
дініміздің негізі сол Құран араб тілі. Еш уақытта бұл құранды мектепке
ендірмей, я басқа пән сықылды өзімізге айналдырып алуымызға келмейді.
Бұлай болғанда араб тілінен құтыла алмасақ керек.
Ілияс Ахмедов
Басқарма: Ілиястың сөздерінің бірсыпырасына Мұхтар сөзінде жауап бар. Бірақ оны
қанағаттанбаған ба, бірдеңе жазғысы келген бе, жазыпты. Сондықтан сөзді ұзарта
бермей өз тұсымыздан жауап жазып өтерді лайық көрдік.
Ілиястың негізгі дәлелі мынау:
1.Түрік мәдениет жүзінде Европадан артық болмаса, кейін емес.
2.Пән кітабы көп.
3.Түрік кітабын оқыған кісі көп мағлұмат алады.
4.Ғылым тілін түріктен алсақ туысып кетеміз дейді.
Бұған жауап:
Түрік мәдениеті ілгері басқаны Балқан соғысынан бері. Жас түрік мемлекет билігін
қолына алғалы ғана. Түркияда жалғыз-ақ университет бар. Фабрик, завод, шойын жол
жоқтың қасы. Шаруа, тұрмыс жайы әлі нашар, әдебиеті қазақтың аз алдында, көпіртіп
мақтағанмен мәдениет жүзінде әлі кейін жатыр. Түрік өнерлі жұрт болса қол астындағы
ұсақ мемлекеттерден неге айырылп қалды? Олар түріктің өзінен өнерлі болып кетіп, бой
бермей шығып кетіп отыр. Неше заманнан Европамен ауылдас отырып кенже қалғанына
өзі де өкінеді. Рас, Германияның арқасымен жетілсе жетілер. Ол бір. Онан соң түрік өз
тілінен айырылп қалып, ғылым тілі түгілі, жәй әдеби тілі француз, неміс, англия тілі
болып кеткен. Нағыз түрік тілі – қазақта, түріктен тілге қазақ бай. «Біз тілді сендерден
аламыз» – деп әнеугүні түріктің бір капитаны айтқан. Түрік сагеттеріндегі саяси,
ғылыми тілдердің көбі Европанікі. Түрік тілін жеткізе алмай, түрікшіл татардың алып
отырғаны да Европа тілі. Түріктің доктор, юрист, химик, физиктерінің қолданатыны да
Европа тілі және мұнан былай қазақ мектептерінде түрік тілі міндетті болып оқылайын
92
деп отырған жоқ, орыс тілі міндетті болып отырмақ. Орыс тілді Европадан алып отыр.
Орыс тілін оқитын болған соң, олай болса түріктің тілін оқып хат танитын кісі мағлұмат
ала алмайды.
Түрік бауырмал, рахымды, Европа хайуан, қан төккіш деп жамандайды. Қан төгуге
түрік кімнен осыл жұрт еді? «Мәдениет адам баласының ахлағын (мінезін) бұзады» деп
Жан-Жак Руссо, Толстойлар айтпап па еді? Ендеше қан төгуден қашқан жұрт мәдениетке
жоламау керек. Біз надан күнде ғана бауырмалсыз, мәдениетті болсақ, біз де лажсыз
Европаның бірі боламыз, түріктің аталастығына қарамаймыз. Ал тұрмыс, саясат ағыны
түрікпен қосатын болса, ғылы тілі бөгелмейді. Діні, тілі, қаны басқа неміспен түрік ауыз
жаласып отырған жоқ па?
Және Ілияс дінді айтып құранды көрсетіп ғылым тілін шешкісі келеді. Мәдениет
жұмысын рухани жаққа тіреп шешеміз деу баланың ісі. Ал арабтың қазақ тіліне сіңіп
кеткен тілін шығарып тастаймыз деп отырған кісі тағы жоқ. Дін тіліне «Церковно-
славянский» тілді орыс та алып оты. Ғылым тілін дін тілемн аламыз деу лаққандық.
Қысқасы Ілиястың ана сөздерді, мына сөздерді қуайық дегеннен басқа артық дәлелді сөзі
көрінбейді. Сондықтан құр қарысуда мағына жоқ деп білеміз.
Ғылым тілі туралы сұрау
Қазір қазақ тілінде жазылған ғылыми кітаптар жоқ, мектептерде
қолданылып жүрген біраз кітаптар татардікі, түріктікі, арабтікі. Мұнан
былай оқу қазақтың нағыз өз тілінде болатын болса, қазақша кітаптар
өте қажет.
Орысша оқығандардың кейбіреулері бір сыпыра орысша кітаптарды
қазақ тіліне аудармақ ниеті бар... Орыс тілінен қазақшаға аударғанда
ғылым тілдері көп ұшырайды. Жеткенінше қазақ тілінен табуға жаһат
етілер. Жетпеген жерде тілді кімнен аламыз? Осы мәселені шешу өте
керек. Ғылым тілін Европадан аламыз ба, түріктен аламыз ба деген бір-екі
мақала журналымызда басылды. Онан кейін бұл туралы журналға келген
сөз, айтылған пікір жоқ. Бұл туралы зиялыларымыздың пікірін білу керек
еді, бірақ заманның хәлімен әр түрлі саяси істермен шұғылданып қол
тимегеннен бе, яки қатынас пошта шабанданғаннан ба, зиялы адамдар
бұл күнге шейін пікірлерін не газетке, не журналға жазып білдіргені
көрінбейді. Мұнан былай да сол жазылмаған күйі аяқсыз қала ма деп
ойлаймыз. Сондықтан біз бұл сауалды жалпы оқығандарға қоймай-ақ,
қазақ тілінде шығатын әр газеттердің ғылым тілі туралы пікірін білгіміз
келеді.
Газеттер ғылым тілін қай жұрттан алуды лайық, қажет деп тапса,
сонан кейін қорытып сөз байлап, кітап перевод қылуға кіріссек деген
ойымыз бар. Бұл сөзді аяқсыз қалдырмай барлық қазақ газеттері тезірек
пікірлерін жазуын өтінеміз.
«Жас Азамат» газетасының бұл туралы пікірі жастар съезінің
қаулысында бар. Өзге газеттер болмаса.
93
«ШОЛПАн» журнАЛЫ
(1922–1923)
«Шолпан» журналы Түркістан Орталық партия комитетінің
органы болып Ташкент қаласында басылды. «Шолпанның» 1-санының
мұқабасында «саясат-шаруашылық, білім-әдебиет туралы айында бір
шығатын қырғыз-қазақ журналы» деп жазылған. 1922 жылдың қазан
айынан 1923 жылдың маусымына дейін барлығы 8 саны жарық көрді.
Шығарушысы әрі бас редакторы – Иса Тоқтыбаев.
«Шолпан» журналының маңайына Нәзір Төреқұлов, Сұлтанбек
Қожанов, Санжар Асфендияров, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов,
Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов, Міржақып
Дулатов, доктор Халел Досмұхамедов, доктор Иса Қашқынбаев,
этнограф Әбубәкір Диваев, Мырзағазы Есболов, Кәрім Жаленов,
Аққағаз Досжанова, Әбдрахман Оразаев, Сара Есова және тағы
басқа қайраткерлер мен алаш ардақтылары шоғырланып, әртүрлі
тақырыптарға қалам тартқан.
«Шолпанның» алғашқы саны ғана жеке басылған, кейінгі сандары
2-3, 4-5, 6-7-8 болып бірге жарық көрген.
1-санының мазмұны:
1. Саяси һәм жалпы бөлім;
2. Шаруашылық;
3. Партия тіршілігі;
4. Білім бөлімі;
5. Бұйрық-жарлықтар
Мақалалар осы айдарлары аясында жарық көреді. 1,3-сандарында
«Білім бөлімі», 4,5-сандарында оған қоса «Ағарту бөлімі», ал 6,7,
8-сандарында «Оқу бөлімі» және «Тарихи бөлім» атты жаңа айдарлар
қосылған.
Журналдың тоқтап қалу себебі «Қазақстан ұлттық энциклопедия-
сының» 4-томында: «... жеке мақалаларында буржуазияшыл-ұлт-
шылдық қате тұжырымдарға жол берілген деп есептеліп, осыған
байланысты журнал 8-саны шыққанан кейін 1923 жылдың мамыр
айында жабылды» деп көрсетілген.
94
Түркістан қырғыз-қазақтарының ескі тұрмысы туралы
жазба сөздер
Қырғыз-қазақ әдет, рәсімдері туралы жазба сөздерді жию үшін, 1920
жылы Жетісуға әдейі бір комиссия жіберіліп еді. Сол комиссияның
жиып алып келген сөздерін мен жақын арада реттеп шықтым. Жетісу
комиссиясының барлық жинаған сөздері кеңсе қағазыменен 2 мың беттей
болды. Һәм төмендегі: қыз ұзату, қайынға бару, үлкен кісіні жерлеу, ас-қара
салу, батырлар тіршілігі, ертегі, өтірік сөз, тақпақ сөз, мақал, өлең-жыр,
күлкі сөз, жаңылтпаш, жұмбақ, мінез һәм ашық өлеңдері, ақындардың
айтысуы, жоқтау, түс һәм оны жору, тіршілік белгілері, кесел, һәм оны
емдеу, бақсы оның жолдастары дәу, жын-пері, бақсының дұшпандары
албасты, жезтырнақ қара-албасты, марту, арбаушы, қырғыз-қазақтың ай,
жұлдыз, құйрықты жұлдызға көз қарасы, жыл мезгілдері, он екі жыл –
бір мүшел һәм олардың аттары, шаруашылық, аяқты мал шаруасы. Атқа
мінерлер, қырғыз-қазақтың дүние жүзіне келуі, дүңгене, тараншы, ноғай
һәм Ескендір Зұлқарнайын, Шыңғысхан, Әмір-Темір туралы сөздер екен.
Жоғарыда айтылып өткен сөздерді түзетіп мағынасына қарай һәр
қайсысы өз алдына топталса, Түркістанның ғылымы қалмас үшін үлкен
байлық болмақ.
І) Мінекей, осы жиылған сөздердің арқасында жаңа сөздер-тер-
миндерменен қырғыз-қазақ тілін толтырып, байыту ниеті біздің шағатай
– түріктердің де тіліне жаңалық кіргізуі мүмкін.
ІІ) Ескі ертегі сөздері: қара, көсе, сараңдар сияқты кісілердің түрін
тереді.
ІІІ) Жын, албасты, марту сияқты заттарменен байланысқан қырғыз-
қазақтың сақанасын байыту үшін үлкен пайдасы болады.
ІV) Жаңада ғана келіп, әлі жарияланбаған әйелдер тақырыпты ескі
сөздер, ертегі, мақалдар, бұрынғы басылған сөздер қосылып әйелдері
туралы һәм қырғыз бүтін тіршілігінің қайсы жағы болса да жақсы
аңлатады.
V) Он екі жыл бір мүшел һәм олардың аттары, белгілері қазақ-қырғыз
тілінде календарь шығару үшін зор құрал болады.
VІ) Айуандар туралы айтылған ескі сөздер, әсіресе, түркі тақырыпты
ертегілер салыстыру үшін өте керек болады.
VІІ) Ноғай, тараншы, қырғыз жүзіне келуі туралы мағлұматтар кейін
қырғыз-қазақтың тіпті, түрік тарихын жазу үшін де қолданылады.
Қырғыз-қазақтың бұрынғы әділ жүйрік, жақтамас билерінің салған
жол жобалары осы күнге шейін бірден-бірге өтіп ұмытылмай келеді.
Һәм жиылған ескі сөздердің ішінде кісінің назары түсіп мағынасына
қарағанда кей қазақ-қырғыздың әдет рәсіміне қарай заң шығару үшін сол
жол-жобалар негіз болар деп те ойлаймын.
95
1889 жылда басылып шыққан, Сырдария қазақ-қырғызы туралы Гру-
диковтың тарихы болмаса, осы уақытқа шейін қазақ-қырғыз әдет рәсімі
жағы әлі қарастырылған жоқ. Грудиковтың кітабы жалғыз-ақ, Сырдария
облысынан жиылған мағлұматтар бойынша жиылып, оның ішіне Жетісу
яки болмаса қазақтың мол жері Семей, Ақмола, Торғай, Орал, Бөкей һәм
Айдархан кірмегендіктен, оны қазақ-қырғыз әдет-рәсімі туралы толық
мағлұматты тарих деуге болмайды.
Патша хүкіметінің тұсында билердің қарарларын жазатын кітаптары
таусылғаннан кейін Сырдария һәм Жетісу облыстық кеңселеріне жиып
алушы еді. Енді қырғыз-қазақтың әдет-рәсімдерін жию үшін сол билердің
кітаптары қолға алынса жақсы болар еді.
Мен енді Сырдария облысынан жиналған сөздерді қарап өтпекшімін.
Зорлығына қарағанда Сырдариядан жиылған сөз де Жетісудан аз емес.
Бірақ маңызының қандай боларын келешек көрсетеді.
Жетісудан жиылған қырғыз-қазақтың тіршілік тұрмысына тиісті жазба
сөздері туралы сөзімді әзіріне осыменен тоқтатып, Жетісудан жиылып
келген ескі жазба сөздер түзетіліп жақын арада басылып шығуына сенгім
келеді.
Ә. Диваев
Білім бөлімі
Достарыңызбен бөлісу: |