Алаш көсемсөЗІ: тіл мәселесі көптомдық 2 том Қайрат сақ



Pdf көрінісі
бет9/38
Дата30.01.2017
өлшемі1,66 Mb.
#3031
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38

Баянауыл
 
Баянауыл  қаласында  оқыған  һәм  оқып  жүрген  қазақ  жастары  21 
январьда «Ерік» атты ұйым ашты. Ұйымның мүшелік салығы жылына 
5  сомнан.  Ұйымға  барша  жастар  жиналып,  бір  ауыздан  мындай  жоба 
(программ) жасады:
І
Халық арасына ғылым-білім тарату һәм қазақтың тілі мен әдебиетінің 
өрлеуіне басшылық ету:
1) Қазақша газета, журнал, кітаптарды ел арасына тарату.
2) Халыққа пайдалы кітаптар бастыру.
3) Мұқтаж оқушыларға әл келгенше жәрдем беру.
4) Қазақ балаларына ана тілінде оқитын оқу құралдарын шығару һәм 
бұл жолда кімге де болса жәрдемдес болу.
5) Қазақша кітапханалар, қирағатханалар ашу.
6) Қазақша спектакльдер һәм ідебиет кештері сияқты нәрселер жасау.
7)  Қазақша  мақал-мәтел,  ертегі,  тақпақ,  өлең,  жұмбақ,  жаңылтпаш-
тарды, қазақтың тарихи әңгімелерін жинау.
 
Құрастырушыдан:  Жинаққа  «Ерік»  ұйымының  тіл  тақырыбына  қатысты 
программасы ғана еніп отыр.

79
«АБАй» журнАЛЫ (1918)
Абай журналы 1918 жылы Алаш қаласы – Семейде айында екі рет 
жарық  көрді.  Басылымның  шығарушылары:  Жүсіпбек  Аймауытов  пен 
Мұхтар Әуезов. 
Алаш  қайраткерлерінің  жанкешті  еңбегімен  жарық  көрген  «Абай» 
журналы  «Қазақ»  газетінің  ізін  жалғаушы,  «Сарыарқа»  газетімен 
рухани үндес болғаны байқалады. 
«Абай» журналының алғашқы санында:
«Бірінші,  ғылыми:  риязаят  (математика),  табиғат  (денсаулық, 
дәрігерлік), пәлсафе (жатмағи, ахлақ, тарихи саяси мәселелер).
Екінші, әдеби: өлең, жыр, мақал, тақпақ, ертегі, жұмбақ, күлдіргі, 
мысқыл,  қайым,  жаңылтпаш,  жар-жар,  айтыс,  қара  сөз  һәм  қазақ 
тілінде  жазылған  әңгіме,  роман,  театр  кітаптары,  фелеьетон  һәм 
басқалары.
Үшінші, шаруашылық: мал бағу, сауда, кәсіп, егін, таран, уақ қарыз 
серіктігі, ұйым дүкені, қолөнер жайларынан жазып тұрмақ.
Төртінші, Абайдың өмірі, қара сөздері, өлеңдері басылып тұрмақ», 
– деп, басылым басқармасы оқырмандарын журналдың ұстанған жолы-
нан хабардар етеді.
«Абай»  журналының  тұрақты  авторлары:  Мұхтар  Әуезов, 
Жүсіпбек  Аймауытов,  Міржақып  Дулатов,  Шәкәрім  Құдайбердіұлы, 
Ғұмар  Қараш,  Мәннән  Тұрғанбай,  Сәбит  Дөнентаев,  Сұлтанмахмұт 
Торайғыров, Абайдың ұрпақтары – Ақылбай мен Мағауия, т.б. 
С.Шикібаев  ұйымдастырған  «Уақ  қарыз  серіктестігінің»  демеуі-
мен  журналдың  барлығы  12  саны  жарық  көрген.  Сол  кездегі  солақай, 
әсіреқызыл идеологияның салдарынан басылым басшыларына «ұлтшыл» 
деген  айып  тағылып,  журнал  бір  жылға  толмай  жабылып  қалды. 
Журнал Алаш партиясының ұлттық бағдарын басшылыққа алып, қазақ 
елін прогреске жетеледі, ғылым мен білімді насихаттады, жастардың 
саяси-қоғамдық белсенділігін арттыруды көздеді.  

80
Әдебиет
(тіл сөзі)
Бізде  «әдебиет»  деген  сөз  қазақ  тілі  болып  алынып  бара  жатыр. 
Әдебиет не? Қайдан шыққан? Осы мақалада жазамыз.
«Әдебиет»  араб  тілі  «адаб»  (әдеп)  деген  сөзден  шыққан.  Әдептің 
мағынасын  сыпайы,  жағымды  деп  алғанда,  бұдан  шыққан  «әдебиет» 
анғұрлым  терең  мағыналы  сөз.  Ауыздан  шыққан  мағынасы  бар 
дыбыстың  бәрін  сөз  дейміз,  әдебиет  әдеп  деген  сөзден  алынса,  бұл 
уақытта  мағынасы  тереңдеп,  күллі  сөйлетіп  жүрген  сөзді  сіңіріп  бара 
жатыр. Бұған мысал үшін, орыстың «словестность» (сөз) «литература» 
деген  сөздерін  салыстырайық.  «Литератураның»  мағынасы  латынша 
қаріп  «литератураны»  қаріп  жасау  тасқа  басып  шыққаннан  кейін 
қолданып  кеткен.  Литератураның  алғашқы  мағынасы  –  бір  ақынның 
кітап  болып  тасқа  басылған  сөздері.  Бірақ  бұл  сөз  (литература)  жүре 
бара  «словесность»  (сөзді)  тықсырып  жұтып  бара  жатыр.  Бұл  уақытта 
литератураға  тасқа  басылған,  жатқа  айтылған  бір  кісінің,  көп  кісінің 
сөзі – бәрі сыйып жүр. Заманның хәлін айқын суреттейтін діні, ғылымы, 
ахлағы, пәлсапа сөздерді де литератураға кіргізіп жүр. Бұған қарағанда 
біздің «әдебиет» «литература» сықылды жалпы, кең мағыналы сөз болуға 
лайық.
Баспа,  жазба  һәм  жатқа  айтылып  жүрген  сөздер  –  бәрі  әдебиетке 
сыяды. Бірақ есте болсын, әдебиеттің түп мағынасы ақындық шеберлік-
пен бір нәрсені бұлжытпай суреттеу, келіссіз, ұнамсыз, тұрпайы «Сұм-
пайы»  сөздер  әдебиетке  кірмейді.  Әдебиетті  сөздің  орнына  алған  соң, 
енді сөздің пайдасын, мағынасын түсіндірейік.
Адам  баласын  мәдениет  жүзінде  бұл  хәлге  келіп  жетуі  неше  мың 
бұрынғы өткен ата-бабаларының мимырттаған ауыр еңбегінің арқасын-
да  табылып  отыр.  Ең  алғашқы  қорғансыз,  көмексіз,  тілсіз  от,  киім, 
қару-құралмен жаңа таныс болып келе жатқан адамнің хәлі мен бүгінгі 
түр,  қылыққа  жеткен  адамның  өмір  парқы  жер  мен  көктей.  Тіршілікке 
тырмысып,  жаумен  алысып,  қажырланып  қайсарсыған  сайын  адамның 
жан  қуаттары  піседі.  Ержетті.  Неше  түрлі  айла  құрды,  ақыл  тапты... 
Неше  алуан  керемет  ғажаптар  жасады,  тәжірибесі  ұлғайды.  Адамның 
осы тапқан-таянған өнер-білімнің бәрі сөзбен бекітіліп кейінгілерге келіп 
жеткен.
Адамның  жан  қуаттарын,  дене  қуаттарын  күшейтіп  тез  ержеткізуге 
себеп болған не? Адам мен хайуанның айырмашылығының ең зор белгі-
сінің  бірі  не?  Көңілдің,  сезімнің  күлкі  толқынына,  ырғағына  ыңғайлы, 
орамды нәрсе не? Өмірдің бар керегіне құрал болатын не? Әрине, сөз. 
Бұл  сөз  (тіл)  адамға  ғана  берілген  сый.  Ойдағыны  сыртқа  шығарып, 
білгізетін, адамды бір-біріне қатынастырып, жақын қылатын, алған тәжі-

81
рибесін  білімін  шегелеп,  бекітетін,  ол  білімді  басқаға  ұғымды  қылып 
жеткізетін  неше  мың  жыл  еңбекпен,  бейнетпен  өткен  ауыр  сатысынан 
аз уақытта тез, оңай өткізетін – тіл, сөз болатын. Сөз ойдағыны сыртқа 
шығармақ түгілі (...) әрі ойлататынның өзі сөз. Сөз болмаса, кісі ойлай 
алмас еді. Ойлай алмаса еш нәрсені білмес еді. Адамның ақылымен бірге 
өсіп, біте қайнап әр жұрттың мінезін анық суреттейтін тағы – сөз. 
Бір  нәрсені  ұғып,  білу  үшін,  оны  бекітіп  үстіне  белгі  қойып  кету 
керек. Ол белгі сөз болмақ. Егер сөз болмаса, көңілде әр нәрсенің суреті 
болар  еді  де,  бұлдырған  көмескі  бірдеме  болар  жүрер  еді.  Бұ  көмескі 
белгі суреті хайуанда да бар. Бірақ сол көмескі нәрсеге белгілеп қоятын 
аты жоқ, бекітетін шегесі жоқ. Ол шеге сөз болатын. Тереңірек ойласаңыз 
«тас», «ағаш», «ат» деген бір бір-ақ ауыз сөз, бірақ әрқайсысында қанша 
салыстыру, байқау, сынау сықылды айырмасын білдіретін көп тәжірибе 
бар. Сол көп тәжірибені бір ауыз сөзбен ұғымды қылу сөздің арқасы. Сөз 
болмаса, адамның ақыл-ойы мұндай биік дәрежеге жетпес еді. Соқырдың 
көңілінде не сурет барын білу көздіге қандай қиын болса, сөз болмаса, 
адамның ойы не түрлі болуы білу бізге сондай қиын. Сөз бен ойдың жал-
ғас нәрсе екендігі туралы француздың білгіші Руссо айтқан: «Сөз болмаса 
жалпы ұғым деген нәрсе болмас еді, хайуанда жалпы ұғымның жоқтығы 
сөз  болмағандықтан»  деп.  Руссоның  бұл  пікірін  дұрыс  емес  деушілер: 
«Хайуанда ұғым сықылды бір нәрсе болғанымен, оны салыстырып ойлап 
бекітетін сөз сықылды құрал жоқ» дейді. 
Ақыл жүзінде сөздің қандай күшті екендігіне дәлел үшін сөз білмей-
тін мылқау мен сөз білетін соқырды алайық. Осы екеуінің қайсысы зерек, 
ұғымды,  ақылды  болады?  Жұрт  байқайтын  шығар.  Талай  соқырдың 
білімді, ақын, ақылды болатынын? Ал, мылқаудың артық терең ақылды 
болғанын көргеміз де, естігеміз де жоқ. Бұл нені көрсетеді? Бұл көзден 
сөздің күштілігін көрсетеді. Көз сырттан сезім алатын құрал болса, сөз – 
адамның ішкі рух құралы. 
Неше  жүз,  мың  жыл  бұрын  өткен  ата-бабаларымыздың  сөзінен  сол 
заманғы  жұрттың  мінезі,  ақылын,  білімін,  сезімін,  дінін,  ғадет-ғұрпын 
–  барлық  өмірін  көзбен  көргендей  білеміз.  Ықылым  заманда  табылған 
өнер-ғылымның бәрі сөз арқылы бүгінге жетіп, піскен астай даяр болып, 
жемісін бүкіл адам баласы пайдаланып отыр. 
Оқымыстылар  өнерді  беске  бөледі:  1)  Сөз  (словесность).  2)  Сурет-
шілік (живопись). 3) Мүсіншілік (скульптура – балшық, мрамор, тас һәм 
басқа  нәрселердін  адамның,  басқа  хайуандардың  пішінін  жасау  өнері). 
4) Үйшілік (архитектура – үй, сарай, мәсжид, көпір салу сияқты өнер). 
5)  Ән-күй  (музыка).  Осы  бес  түрлі  өнердің  ең  артығы  –  сөз.  Сөздің 
артықшылығы:  өзге  төртеуін  сөзбен  суреттеп  айтуға  болады.  Басқа 
өнерлер  қанша  кәмелетке  жетсе  де,  сөзді  суреттей  алмайды.  Қазақтың 
«өнер  алды  –  қызыл  тіл»  дегені  терең  ақыл,  тәжірибемен  айтылған 

82
сөз.  Сөздің  пайдасын  айтып  бітіруге  болмайды,  сөз  өлгенді  тірілтеді, 
өшкенді жаңартады. Ойды тербетеді, жүректі оятады, қанды қыздырады, 
жүйені босатады, қамалға қарсы шапқызады, қайғырсаң сая тапқызады, 
тауды бұзады, тасты жарады, сараңды жібітеді, қаттыны жұмсартады – 
істемейтіні жоқ.
Алғашқы  адамның  тілі  қандай  болғаны  бізге  мәлімсіз,  әйтсе  де 
ертедегі сөздердің түпкі тамырын тексерген филолог (сөз тексерушілер) 
сөз біткеннің түбі бір жерге келіп құйылады деген. Әуелгі адамдардың 
сөз аз, шолақ, дәлшіл болған. Оның себебі сөз туу басында еліктеуден 
шыққан.  Күннің  күркірегені,  судың  сарқырағаны,  иттің  үргені,  жылан-
ның ысқырғаны, еліктеуге сабақ болған. Жүре-жүре адамның тұрмысы 
өзгеріп,  мәдениетке  аяқ  басқан  сайын  бір  сөзден  неше  тарау  шығып, 
өсіп,  көбейіп  алғашқы  еліктеу  қалпы  жоғала  берген.  Бұның  осы  күнгі 
охшилардан  (тағы  адамдар)  байқап  біліп  отыр.  Олардың  тілі  тіпті  аз, 
топас  келеді.  Бірнеше  өздеріне  керекті  зәру  нәрселердің  ғана  аттарын 
біледі. Көбінесе ымдасып сөйлеседі. Ал, мәдениетті жұрттың тілі тіпті 
көп, орамды, мысалы Англияда жүз мың, Қытайда 40-50 мыңдай сөз бар 
деп  есептеледі.  Бұл  көп  сөздің  тамыры  әуелде  Қытайда  350,  Англияда 
460 ғана екен.
Тіл жанды нәрсе сияқты: тіріледі, өседі, жоғалады. Өнер ғылымға аяқ 
басқан жұрттың тілі өсіп көбеймек, көркеймек. Тілі күшейген жұрт өнерлі 
де  болмақ.  Тілі  жоғалған  жұрт  ғұрып-ғадетінен,  мінезінен  айырылып, 
ақырында  жұрттығы  да  жойылмақ.  Тілін  тірілту,  жоғалту  әр  халықтың 
өзінен һәм оқымысты, білімді адамдарынан. Мәдениетке кірісе бастаған 
жұрт  өз  тілінен  айырылып  қалуға  мүмкін.  Себебі:  мәдени  жұрттың 
ғылымы,  әдейі  көп  тілін  өзінің  шағын  тіліне  аударуға  жетпейді.  Жет-
пеген жерде біреудің даяр тілін ала салады. Жүре-жүре біреудің тілімен 
сөйлеуді сән көріп, өзінде бар сөзді де басқадан алатын болады. Сонымен 
бір  халықтың  тілі  жоғалып  кетуге  ықтимал,  Бұл  тарих  қараушыларға 
белгілі. 
«Әдебиет»,  «сөз»  деп  екі  айырып,  әдебиетті  қысқаша  ғана  айтып, 
сөздің  мағынасын,  пайдасын  баяндап  едік.  Енді  қандай  нәрсе  әдебиет 
болатынын, һәм қазақтың әдебиеті не хәлде екенін айтпақпыз. 
Өзгеше тілі, діні салты, бар табиғаты, тұрмысы, өмірі басқа жұртты 
ңөзінше өлеңі, жыры, әні, тақпағы, мақалы, ертегі, жұмбағы тағы басқа 
қара сөздері болады... Бұл өлең, мақал һәм басқа басқаларды шығарушы 
кім  екені  жұртқа  мәлім  емес.  Ел  ішінде  айтылып  жүрген,  талай  өлең, 
жұмбақ, мақалдар бар. Соларды кім шығарғанын не бір жола білмейді, 
білсе де, әркім әртүрлі айтады. Мұның себебі – не сол өлең шығарушылар 
атым қалсын демеген, не олардың сөзіне жұрт ілтипат қылып қарап, атын 
қадірлемеген.  Әйтеуір  өлең  болған  біреуден  біреу  таратып  ала  берген: 
Затында  өлеңді  әуелде  бір  кісі  шығарады.  Жүре  бара  шығарушының 

83
аты ұмытылады. Біреуден біреу алып жүріп ол өлеңді өзгертеді: қосады, 
қысқартады,  ұзартады.  Мұндай  шығарушының  аты  жоқ,  халықтың 
аузында  қалған  «халық  өлеңі»  деп  айтуға  лайық.  Бірақ  халық  өлеңі 
дегенмен  шығарушы  халық  емес,  бір  кісі.  Ол  кісі  өлеңді  өнер  көріп, 
болмаса бір мақсатпен яки атын шығарғалы айтқан жоқ, тек өлең айтқысы 
келді – айтты. Өлең болып шықты. Бұл өлеңші өзінің өлеңші яки ақын 
екенін тағы білген жоқ. Халыққа ұнады ма, я ермек үшін керек болды ма? 
Ол өлең әйтеуір айтылып, жоғалмай халық аузында қалғаны – сол. 
Міне,  осы  сықылды  халықтың  аузында  қалған  өлеңдер,  яки  басқа 
сөздер  әдебиет  бола  ма,  жоқ  па?  Сол  үшін  айтып  отырмыз.  Орыстың 
атақты  сыншысы  Белинскийдің  айтуына  қарағанда,  мұндай  мағынасыз 
өлеңдер  әдебиеттің  өзі  болмайды,  әдебиеттің  ұрығы  болуға  жарайды. 
Әдебиеттің  шын  мағынасы  –  бір  халықтың  ақылы  мен  қиялының 
арқасында тамызықтанып табылған білім (сознание). Бұл білім – өмірдің 
ең  бір  зор  қуаты.  Ол  қуат  көптің  қазынасы  болу  керек.  Көп  қазына 
қылатын  нәрсе  пайдалы  болуы  тиіс.  Олай  болса  әдебиет  жалпыға 
қызықты, түсімді, ақыл, ойына азық берерлік бір нәрсе. 
Әдебиет  –  халықтың  сөзі  емес,  белгілі  жазушының  сөзі.  Жазушы 
халықтың  ақыл,  ой,  мінезінің  әртүрлі  тарауын  суреттеп,  халықтың 
алдына  жайып  салады.  Егер  жазушының  қызметі  халықтың  рухына 
үйлесіп,  пікіріне  ұнаса,  сонда  әдебиет  болып  табылады  Жазушының 
өзіне  ұнаған,  яки  бірнеше  оқымысты  адамдар  әдебиет  деп  білген  сөз 
әдебиет бола бермейді. Әдебиетте ойға қонатын, өмірді анық суреттей-
тін тіреулі мақсат болмақ. Әдебиеттің өзі туғызбағанмен, ұйытқы болып: 
туғызуға себеп болатын халықтың өзі һәм ол тумадан пайдаланатын тағы 
халықтың өзі. 
Халық  өлеңі  мағынасыз,  кестесі  аз,  дөрекі  келеді,  сырты  сырлы 
болмайды;  бірақ  өрнегі  көңілге  тез  түседі.  Кестелі,  көркем,  мағыналы, 
заманның  хәлін  айқын  суреттейтін,  сол  замандағы  халықтың  ақыл, 
білімінің  бетін  көрсететін  жазушылардың  сөзін  әдебиет  дейміз.  Егер 
кестелі,  мәнерлі  келсе  де,  заманның  рухын  көрсете  алмаса  ондай  сөз 
әдебиетке  кірмейді.  Соған  қарағанда  қазақтың  басынан  кешірген 
уақиғаларын суреттеген өлең, жыр, мақалдарды әдебиетке кірмейді деуге 
де  болмайды.  Халық  сөзінің  ауданы  тар,  мағынасы  кем,  ойы  көмескі. 
Мақсаты  жоқ,  беті  сандырама  келеді.  Сөзі,  өлеңі  көп  болмағанмен  бір 
жерге қойылған қорытынды алуы, бірте-бірте сатылған тәртіп болмайды. 
Егер осы көп тұқым егіліп, түр тауып, кестеленіп, мағына кіріп, өнерге 
айналса,  сонан  басқыштап  әдебиет  туады.  Әдебиет  –  туатын,  өсетін 
жанды  заттардың  бірі.  Әдебиеттің  басталып,  ұлғаймаған  хәлі  бір 
иленбеген шикі тері. Ол теріні илеп, іс қылып, бойға лайық киім тігіп 
шығару халықтың хәлінен. Ақыл-ойы бет түзеп, жол тауып, әлі кеңеймей 
тұрған  халық  тарихи  бір  уақиғаға  ұшыраса,  тіршілік  тартысында 

84
жарысқа  түсе  бастаса,  халық  әдебиеті  кестеленіп,  сурет  тауып,  шын 
әдебиетке айналмақ. Бір халықтың тарих жүзінде ақыл, ойы шараланып, 
ілгері басуы адамшылықтың жоғарылауына да себеп болмақ. Белинский 
айтқан:  «Тіршілік  тартысында  жарысқа  түсіп,  тарихы  бір  мағынаға 
алынып, өнер-білімге бет қойған дүниеге өзінше көзқарасы бар жұртта 
ғана әдебиет болуы керек» деп. Бұрынғы грек, Рим халықтарының ғана 
негізді  әдебиеті  болған.  Олардың  халқы  жоғалса  да  әдебиеті  жоғалған 
жоқ. Кейінгі жұрттарға әдебиеті үлгі, ұйытқы болды. Ақыл, ойы ілгері 
басып,  өмірінде  бір  мағына  болған  жұрттың  ғана  әдебиеті  болады. 
Сондықтан әдебиеті бар жұрт сирек; көбінің әдебиеті не жаңа басталып 
келе жатқан хәлде, көбінікі жоқ дейді.
Белинскийдің  бұл  сөзіне  қарағанда  надан  жұртта,  таласқа  түсіп, 
мүшеге ілінбеген жұртта, дүниеге өзінше көзқарасы жоқ жұртта әдебиет 
болмау  керек.  Бұлай  болу  мүмкін  бе  екен?  Дүние  жүзінің  аз  болсын, 
көп  болсын,  тіршілік  тартысында  жартысқа  түспей  отырған  халық  бар 
ма екен? Осы заманда жаны тыныш, жағасы бос, тек отырған жұрт жоқ. 
Біреуден  біреу  не  қысымшылық  көріп,  не  көрсетіп,  болмаса  тең  түсіп 
отыр. Жеңуші де, жеңілуші де, тең түсуші де өз тұрмыс хәлін түзеп, не 
қылса  қатардан  қалай,  дүниеде  қызық,  рахат  дәурен  сүруге  таласуда. 
Сондықтан  «жарысқа  түскен»  деп  дүниеде  ықпалы  жүріп  қожа  болған 
халықтарды ғана айтпай, өз шамасынша тартысып жүрген халықтарды 
да айту керек. Егер әдебиет дүниеге өзінше көзқарасы бар жұртта ғана 
болады десе, дүниеге өзінше бір көзқарасы болмайтын жұрт бар ма екен? 
Біреу дүниені ләззәт үшін, біреу өнер үшін, біреу білім үшін жаратқан 
дейді. Біреу әмірі күшті бір Жаратқанға мойынсұну үшін, біреу күштіге 
нашар бағыну үшін, біреу қолы бос, жаны тыныш ішіп-жеп күнелту үшін 
жаратқан деп түсінеді. Төмен дәрежеде нашар түрде болсын дүниеге әр 
халықтың өзінше көзқарасы бар. Көзқарасы бар болса әдебиеті де болуға 
мүмкін. 
Егер надан жұрттың жұрттың әдебиеті болмайтын болса, әдебиет бас 
аяғы  бірдей  ғылымды,  білімді  халықтарда  ғана  болу  керек.  Халқының 
көбі  надан,  азы  ғылымды  халықтарда  әдебиет  болса,  біздің  қазақта  да 
бар ғой деймін. Надан қазақ пен надан хохолдың ақыл-білімінің, дүниеге 
көзқарасында қанша айырма бар екен? Орыстың ақыны мол, кітаптары 
көп:  қазақтан  қара  озып  кетіп  отыр.  Бірақ  ақынымыз,  жазушымыз 
аздықтан  қазақтың  әдебиеті  жоқ  деуге  болмайды.  Әдебиетіміз  не 
бұрыннан бар, не басталып келе жатқан хәлде деуге болады.
Әдебиеттің дүкені – адамның өмірі, дәурені – бүкіл халық. Әдебиет-
тің  жарыққа  шығатын  майданы  –  кітап,  журнал,  театр  жиылған  топ.
Әдебиеттің  күші  –  баспа  сөз  –  матбұғаттың  көбеюі.  Матбұғаты  күшті, 
кітаптары көп жұрттың әдебиеті болмауға ықтимал. Жазушылары болып, 
кітапты  көп  жазса  да  әдебиет  болмауға  мүмкін.  Себебі:  жазушының 

85
болмағы  ақылы,  қиялы  бар,  жазу  білетін  адамның  барлығынан 
оқушының барлығы ермек үшін қолына түскен кітапты оқи бергендіктен. 
Рас,  жазушы,  оқушы,  кітап  болмай,  әдебиеттің  болуы  мүмкін  еместігі. 
Бірақ әдебиеттің болу шарты бұл ғана емес. Әдебиеті бар жұрттың ақыл-
білімінің құралы – сөз. Сөз сол жұрттың ескі өткен заманын суреттеп, 
кейінгілерге  жеткізіп  һәм  ол  сөз  «әдебиет»  жанды  зат  сықылды  өсіп, 
өніп, ұлғаюы шарт. Бұл шарттар болмаса матбұғаты, кітабы, жазушысы 
болғанмен әдебиеті болмауға мүмкін.
Әр  халық  өз  бетімен  өмір  сүріп,  тіршілік  етеді.  Тіршілік  дегеніміз 
–  дүниеге  келу,  ішіп-жеу,  өлу  ғана  емес,  ойлау  білу.  Олай  болса  әр  ха-
лықтың өзінше ұғымы, есі болу керек. Әр халықты ұғымы, есі әр түрлі 
болатыны  дүниеге  (жаратылысқа)  әр  түрлі  қарауынан.  Дүниеге  қарасы 
дегеніміз  –  дүниеге  бар  нәрсенің,  табиғаттың  сырын  өзінше  аңғару, 
түсіну. Бір кісінің мінезі, сөзі, ақылы, табиғаты екінші біреуге ұқсамайды. 
Бұл парықты айтып түсіндіруге болмайды. Рас, туған, өскен жер, ауаның 
ыстық-суығы, тарихи халдер, тұрмыс шарттары әр халықтың рухына әр 
түрлі әсер беретіні, бірақ әр халықтың сүйегіне біткен өзгешілік сыртқы 
шарттардан  емес,  жаратылыстан  пайда  болған  табиғаттың  бір  сыры. 
Мысал үшін әрбір адамды алсақ, біреу сөзге, біреу әнге, біреу төбелеске, 
біреу іске, біреу есепке бейім болып туады. Бір жерде туып өскен әр адам 
осындай  болған  соң,  әр  халықтың  әр  түрлі  болуы  ғажап  емес.  Мұнан 
шығатын  қорытынды:  әр  халықтың  жаратылысы,  дүниеге  көзқарасы, 
ұығымы,  онан  барып  әдебиеті  әр  түрлі  болмақ.  Бір  жұрттың  екінші 
жұртқа  ұқсамай,  әдебиеттің  әр  түрлі  болатыны  туралы  Белинский  осы 
күнгі өнер-білімнің алдыңғы буынында жүрген Германия мен Франция 
салыстырады. 
«Француз  бен  неміс  адамшылықтың  ақылының  екі  шетіндегі  жұрт-
тар: біріне-бірі қарсы. Германияның тұрған богйы – ой тексеру, толғау, 
тәптештеу, білу, Францияның тұрған бойы – бір нәпсі, қарекет, іс, өмір. 
Германия  не  нәрсе  болсын  ақылға,  ойға  салмай  жібермейді.  Дүниенің 
сырын,  табиғаттың  түрін,  адамшылықтың  негізін  –  бәрін  тексеріп 
ойлайды да отырады. Сондықтан Германияның өнері, ғылымы да ойлы, 
білімді  адамдарға  ғана  түсінікті.  Сондықтан  Германияда  неше  түрлі 
ойшыл, білімді философтар шығып, ғылымы, әдебиеті бар адамшылық-
қа үлгі болып отыр. Сондықтан – бір беткейлігінен ісінде табандылық, ой 
суықтық, қаталдық туып отыр.
Француз  өмірді  өмір,  ойды  іс,  білімді  әлеумет  азығы  деп  біледі. 
Француз  тапқан  нәрсесін  көпке,  әлеуметке  ортаққа  салып,  пайдалы, 
қолайлы  қылуға  тырысады.  Сондықтан  оның  өнері,  ғылымы,  әдебиеті 
де ұғымды, тез жеміс береді. Неміске өнер-білім – бір көздеген мақсат. 
Ол мақсатқа табиғаттан пайдалы нәрсе қосып, мағыналы қылып, өмірге 
жанастырмақ.  Французға  өнер-білім  –  табылған  құрал,  ол  құралмен 

86
халықтың  пайдалануын  іздейді.  Оны  қолданып  адамның  тұрмысын 
қиындықтан  құтқаруға  жиһаттанады.  Сондықтан  француздың  әдебиеті 
өнерлі,  халыққа  ұғымды,  пайдалы  келеді.  Неміс  ылғи  хақтықты  табам 
деп іздейді де отырады. Неміс өзінің жазғанын басқалар ұға ма, ұқпай 
ма онымен ісі жоқ. Себебі: неміс көпке сөз жазбайды, қадалып, сарылып 
өзіндей еңбек қылып, өзі хақиқатты, білімді іздейтін оқымыстылар үшін 
жазады. Сондықтан немістің ойында күңгірттік, ауырлық, ұғымсыздық 
көп болады. Француз көпке түсіндірсе болғаны, артық тереңге бармайды. 
Неміс  оңай  нәрсені  тереңге  апарып  қиындатады.  Француз  қиынды 
жеңілдетеді.  Неміс  іздейді,  француз  істейді.  Неміс  адамшылықдықтың 
не екенін білуді сүйеді, француз адамды сүйеді» дейді Белинский. Міне, 
әр халықтың дүниеге көзқарасы әр түрлі болғандықтан әдебиетінің де әр 
түрлі болмағы осыдан.
Қазақ  ұйқышы  надандық  қалпынан  жаңа  ғана  оянып,  көзін  тыр-
малағандай  болып  келе  жатыр.  Өнер-білімге  жұмыла  ұмтылып  кірісіп, 
беті түзеліп, есі әбден кіріп, ықтиқаты бір жерге қойылып бекіген жоқ. 
Ғылым дүкені қызып, қазақтың ақыл-ойы әлі кеңейген жоқ. Соның үшін 
қазақтың дүниеге белгілі өзінше көзқарасы бар, жоқ деп айта алмаймыз.
Баспаға  түскен,  халық  ауызында  жүрген  ескілікті  өлеңдер,  мақал, 
тақпақ,  хисса,  қара  сөздер  қазақтың  басынан  кешкен  өткен  хәлдерін, 
бұрынғы хандар, билер, батырлар заманын анық суреттеп, көз алдымызға 
көрсете  алмаса  да,  не  дәуір  елес  береді.  Жоғарғы  айтылған  сөздердің 
жиылып, теріліп, бір тәртіпке салынса, әдебиетке ұрық болып, жүре-бара 
әдебиеттің өзі болып кетуіне болады. Әдебиетіміз нағыз түрткі көріп, беті 
түзеле бастағаны Абайдан бері (хатты Абайдан басталады дейтіндер де 
бар  шығар).  Жас  буын,  балдыр  қанат  әдебиетіміздің  келешекте  буыны 
қатып, ілгерілеуі әдебиеттің әр тарауынан (роман, драма, комедия, поэма, 
әңгіме)  жазатын  ақындар  қаламшыларымыздың  көбеюі  мен  жалпы 
жұрттың өнер-білімге жұмыла бет қоюына байлаулы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет