Алаш көсемсөЗІ: тіл мәселесі көптомдық 2 том Қайрат сақ



Pdf көрінісі
бет7/38
Дата30.01.2017
өлшемі1,66 Mb.
#3031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38

Шала қазақ
Жетісу  облысының  үлкен  қаласы  Алматыда  саудамен  тұрып  қалған 
5  жүз  үй  шамалы  әр  рудан  қазақ  бар.  Бұлардың  ішінде  мешандықша 
жазылғандары да бар, олар 3-4 үйден артпайды. Көбі қалада тұрғанмен, 
болыстары  қырда.  Көбірегі  мал  саудасын  қылады,  зор  магазин  ашып, 
қызыл малмен сауда қылатындары да бар. Бұлардың түп атасынан бері 

58
қазақ болып келгендері де һәм ноғай, сарт, қашқарлық, тараншылармен 
қыз алысып араласқандары да бар. Сондықтан көбінесе бұларды «шала 
қазақ» дейді. Шала қазақ жалғыз Алматы емес, Жетісудың әр қаласында 
бар. Өздерінің ептілігі, тәуекелшілігімен қайда жүрсе де бір сауда табады, 
қарап жүрмей бір кәсіпке кіреді, төрт түлік мал болмаса, аштан өлемін 
демейді. 
Алматыда  шала  қазақтардың  жеке  мешіті  бар.  Қанша  жыл  сартқа 
араласып сіңіп кеткен шала қазақпен сөйлесе кетсең, қазақ қаны барлығы 
тілінен  беп-белгілі  болып  тұрады.  Үй  тәрбиесі  де  кең,  қонағасыға  да 
тәуір.  Қыр  кісісін  көргенде  тарылып,  жиырылып  отырмайды.  Сыртқы 
қазақ,  қырғызға  қарағанда  бұлар  тіршілік  тартысына  ерте  көндіккен. 
Алматыда  тәртіпті  «Мектеп  Ысхаки»-да  және  қыздар  мектебінде  шала 
қазақтар  балаларын  көп  оқытады.  Сарт  ағайынша  «Ноғай  орыстың 
укасы» деп тұрмайды. Бірақ орыс школдарына қарауы төмен. Өздері қала 
ішінде тұрып, городской гимназия, семинарияда оқиды дерлік балалары 
жоқ. Шала қазақ боз балалары орыс, ноғайды еліктеймін деп, тентек суға 
үйір болып бара жатқандай түрі бар. Бұл жаман ғадетке тым-ақ салынып 
барады. Қалаға араласқан дала қазағы да бұлардан қалысатын көрінбейді. 
Шала  қазақ  жастарының  еңбегі,  талабы,  пысықтығы  осындай  жа-
мандық  жағына  ауыспай,  өнер-білімге,  адамшылыққа  ұмтылса  теріс 
болмас еді, бірақ әлгілерін көріп тұрғанда көңілің қайтып, үмітің кемиді.
Нұраддин Моллағазин
Мектеп керектері
Өткен  нөмірде  қазаққа  қандай  бастауыш  мектептер  керегін  жазып 
едік, енді ол мектептерге не керек, сол жайынан жазбақшымыз.
Қазақ  балаларына  ана  тілінде  төте  жолмен,  қолайлы  құралдармен 
оқыту жайын жақсы білетін мұғалімдер үш жыл оқытқанда бірталай білім 
үйретуге болады. Ана тілінде жазылған кітаптар, газеталар, журналдар 
о  ғайри  ана  тіліндегі  жазу-сызу  бастауыш  мектептен  шыққандардың 
мүлкінде болады, яғни олардың бәрінен де пайдалануға қолынан келетін 
болады.  Біздің  қазіргі  ел  ішіндегі  мектептерімізде  жоғарғы  айтылған 
шарттардың  біреуі-ақ  бар,  ол  бар  дегеніміз  ана  тілімен  оқыту.  Басқа 
шарттары  орнына  келмеген  соң,  үйренерлік  білімнің  көбін  білмей, 
балалар азын ғана біліп шығады. Бізде қазірде төте оқу жолымен оқыта 
білетін педагогика, методикадан хабардар мұғалімдеріміз жоқ қасында. 
Бастауыш  мектепте  керек  құралдарымыз  сайлы  емес.  Кесіп-пішкен 
программа жоқ. Сондықтан қазаққа қандай мектеп керектігі сөйлегенде, 
ол мектепке не керек екендігін де айту тиіс. Мектептің жаны – мұғалім. 
Мұғалім  қандай  болса,  мектебі  һәм  сондай  болмақшы,  яғни  мұғалім 

59
білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен 
балалар көбірек білімді біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мек-
тепке керегі – білімді педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін 
мұғалім. Екінші, оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һәм сайлы болуы. 
Құралсыз  іс  істелмейді  һәм  құрал  қандай  болса,  істеген  іс  те  сондай 
болмақшы. Істің толық жақсы болуына құралдар сайлы һәм жақсы болуы 
шарт. Үшінші, мектепке керегі белгіленген программа. Әр іс көңілдегі-
дей болып шығу үшін оның үлгісі я мерзімді өлшеуі боларға керек. Үлгісіз 
мерзімді  өлшеусіз  істеген  іс  олпы-солпы  я  артық,  я  кем  шықпақшы. 
Керексіз  нәрселерді  үйретіп,  балалардың  өмірін  босқа  өткізбес  үшін, 
үйретілген тиісті білімді кем үйретпес үшін, балалардың күші жетпейтін 
өте алысқа сүйреп кетпес үшін бастауыш мектепке үйрететін нәрселердің 
кесімі-пішімі болуға тиіс. Сол пішім программа болып аталады.
Өткен  нөмірде  біз  айтып  өттік,  қазақ  үшін  орыс  школдарының 
мұғалімдері,  оқу  құралдары  сайлы  деп.  Біздің  ана  тілімізде  оқылатын 
мектептеріміздің құралдары, мұғалімі сондай сайлы болуға тиіс. Сонда 
мектеп  программасын  үлгеріп,  орнына  келтіре  алады.  Мектепке  керек 
нәрсенің  бірі  сайлы  болмаса  да  мектеп  ақсайды,  программа  бойынша 
үстіне  артқан  жүкті  дұрыс  алып  жүріп,  мерзімді  жеріне  мезгілінде 
жеткізе  алмайды.  Сондықтан  мектеп  керек  болса,  мектепке  керекті 
нәрселері де сайлы болуы керек. Мұғалім сайлы болу үшін, мұғалімге 
керек білімді үйрететін орыннан оқып шығаруға тиіс. Ондай орын қазақ 
түгіл,  қазақтан  бұрынырақ  қимылдап  жатқан  ноғай  бауырларымызда 
да жоқ. Қазақтардың өздері дара мұғалимат ашып, мұғалімдерін сонан 
оқытып шығаратын заман алыс жатыр. Қолдан келмейтіндерін қоя тұрып, 
қолдан келерлігін дұрыстау тиіс. Орыс мұғалімдік школдарынан шығып, 
учитель  болып  жүрген  қазақ  жастары  бар,  мұсылман  медреселерінен 
оқып,  мұғалім  болып  жүрген  қазақ  жастары  бар.  Осылардың  екеуі  де 
толық  мұғалімдікке  жарайды,  егерде  бұлардың  біреулері  мұсылманша 
хат білу жағынан, екіншілері педагогика, методика жағынан кем соқпаса. 
Осы  күнгі  орысша  оқығандардың  көбі  мұсылманша  хат  білмейді, 
мұсылманша оқығандардың көбі педагогика, методикадан хабардар емес
Қазақтан тәуірірек школ һәм медресе бітіргендер аз. Ол аздың үстінде 
орысша оқып, мұсылманша да білетіндер аз. Мұсылманша оқып, методи-
ка білетіндер аз. Жұртқа тәртіпті мектеп керек, мектепке сайлы мұғалім-
дер  керек.  Мектептерге  мұғалім  боларлығымыз  жоғарыда  айтылған 
екі  түрлі  жастарымыз.  Олардың  сайлы  мұғалім  болуына  жетіспей 
тұрған  жерін  бітіргенге  жетістіру  ғана  қажет.  Орысша  оқығандардың 
мұсылманша  хат  білуіне  бір-екі  ақ  ай  үйрену  қажет,  мұсылманша 
оқығандар  педагогиканы  дұрыстап  үйренбегенменен  де  методиканы 
біліп, жаңа усулдармен танысуына оған да бір-екі ай үйрену керек. Бұл 
бір-екі ай үйрену қайсысына да болса, қолдан келмейтін іс емес.

60
Мұғалімнен соңғы сайлы болуға тиісті нәрсе оқу құралдары. Оқуға 
керек  қалам,  қағаз,  қара  сия,  сауыт,  отыруға  керек  нәрселер  –  пұлға 
табылатын заттар. Қазірінде пұлға табылмайтын: қазақ мектебінде қазақ 
тілінде  оқытуға  керек  кітаптар.  Өткен  нөмірде  қазақ  бастауыш  мекте-
бінде үйретілетін білімдер мынау дедік: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, 
есеп,  шаруа-кәсіп,  жағрафия,  жаратылыс  жайы.  Осыларды  үйретуге 
керек кітаптар казақ тілінде жоқ. Міне, қазір іздесек ақшаға табылмайтын 
құралдар  осы.  Осыларды  дүнияға  шығару  керек.  Біз  бұларды  уақыт 
жетуінше қолға алып істеп жатырмыз. Бірақ бір жағынан басқа жұмыс-
пен  байланулы  болғандықтан,  бір  жағынан,  басқа  ашық  мәтбуғамыз 
болғандықтан,  тез  үлгеріп  бола  алмай  жатыр.  Шыға  бастағандарына 
өкпесі  бар  кейбіреулер  сын  таққан  болып  жатыр.  Сынағанда  біреулері 
тіпті қолына алып қарамай, екіншілері қараса да танымай сынап жатқан 
көрінеді.  Әркім  сынау  керек  өзінің  жақсы  білетін  нәрсесін.  Білмейтін 
нәрсесін  сынаймын  деп,  құр  өзінің  білмегендігін  көрсетеді.  Біреудің 
бір  нәрсені  білетін,  білмейтіндігі  істегенде  ісінен  көрінеді  «Айқап» 
журналында «Оқу құралы» есімді қазақ әліппесіне сын тағып отырғандар 
жаңа усулдарды білмейтін адамдар. Ол әліппе жазылған жаңа усулдардың 
ең  жақсысы  усулсотие  жолымен.  Оқу  кітаптары  жазылады,  оқыта 
білетін, усулдармен таныс мұғалімдер үшін машина һәм басқа құралдар 
жасалады сол машина құралдардың тетігін біліп пайдаланатын адамдар 
үшін. Жұмысын білмей кінә қою көзілдірікке кінә қойған маймыл сияқты 
болады я ауызы қисық бола тұрып, айнаға өкпелеген сияқты болады. Біз 
оқу  құралдардың  подретін  алып  істеп  жатқанымыз  жоқ.  Біздікі  жаман 
болса, жақсысын шығарыңдар. 
Бұл  оқыту  жайының  таласы  ақыретте  не  болады  деп  таласу  емес, 
қазақ жері олай я бұлай алса, түбінде пәлен болады деп таласу емес. Олар 
алдағы нәрселер. Оқыту жайын кім жақсы, кім жаман білетіндігін көзге 
көрсетуге  болатын  нәрсе  –  педагогика,  методикаларды  кәміл  білетін 
адамдардың  алдында  әліппе  шығарушы  һәм  сын  тағушы,  екі  жағы 
сынға  түссін,  тұтынған  усулы  бойынша  балаларға  сабақ  беріп  көрсін. 
Таласпайтын орында талассын, ауыз ауыртпай соны істеу керек. Әйтпесе 
біліп сын таққанымды, білмей сын таққанымды жұрт қайдан білсін деп 
ойлаған болады ғой. Бұ жағын «Айқап» ойлап я ойламай орын беретіні-
не түсініп жете алмаймыз. Петербургта осы күні болып жатқан кеңесте 
рухани  істермен  қатар  мектеп  мәселелері  де  қаралып  жатыр,  соңыра 
Думада  да  солай  қаралмақшы.  Ана  тілімен  оқытамыз  деген  пікір  – 
орыстан тегі басқа, тілі басқа жұрттың бәрі қуаттайтын пікір. Ана тілімен 
оқу бізге де керек екендігінде еш талас болмасқа керек. Назаров кеңесінде 
қазақта ана тілімен оқуға оқу кітаптары жоқ деп, бірден орысша оқытуды 
қуаттаушы чиновниктер болған. Сондай сөздер болмас үшін ана тілінде 
оқытатын кітаптарымыз бар деп айтуға жарарлық болуымыз тиіс.

61
Шекіспей бекіспейді
«Қазақтың» 162 нөмерінде басылған «Медресе Ғалия» шәкірттерінің 
хаты  туралы  әріптестеріміз  «Уақыт»  газетасының  бетінде  түрлі  сөздер 
айтылып өтті. Бұл сияқты сөздер газета жүзіңде болғанмен, ауыз айтылуы 
«Қазақ»  газетасы  шыққаннан  бері  бар  еді.  Енді  ғана  газета  жүзінде 
шығып отыр. «Бүйректен сирақ шығарған» – сияқты татардан бөлек өз 
алдарына әдебиет түзейін деп жүрсіңдер деп, газета шыққаннан бері но-
ғай  бауырларымыздың  «білімдімін»  дегендерінің  көбі-ақ  айтып  келеді. 
Ана жылы Уфаға бардым. Онда да осы сөз алдымнан шықты. Былтыр 
Садри әпенді Мақсудовты көрдім. 
Ол да көргеннен сөзін осыдан бастады. «Уақыт» бетінде болған ереуіл 
сөздер, бұ да сонан шығып отыр. Әйтпесе, қазақ баласын қазақша оқыту 
керек деген сөзден дау шықпасқа тиіс еді. 
Олай  дейтінім  «Қазақ»  балаларын  бастауыш  мектепте  ана  тілінде 
оқыту  керек  деген  сөз  «Қазақ»  бетінде  сөйленіп  отырғаны  жалғыз  бұл 
емес еді, ауылнай школдар туралы да талай айтылып еді. Әуелі қазақша 
оқу  деген  сөз  «Қазақ»  газетасының  бетінде  шығып  отырғанда  даулы 
болатын орны жоқ. «Қазақ» қазақша шығып отырып, қазақша оқу керек 
десе,  ол  онша  қалыптан  тысқары  сорақы  көрінерлік  нәрсе  емес  еді. 
Екінші, басқа газеталар жүзінде бола қалса да, дау шығаратын орны тағы 
жоқ еді. Өйткені бастауыш мектепте балалар ана тілінде оқуы тиістілі-
гі,  миссионерлер  болмаса,  басқалар  таласпайтын  ақиқат  еді.  Үшінші, 
шәкірттердің хаты татар мүғалімдеріне емес, қазақ мұғалімдеріне жазыл-
ған  хат  еді.  Олай  болса,  ноғай  бауырларымыздың  шиқанының  аузын 
жұлып  алғандай  онда  еш  нәрсе  жоқ  еді.  Төртінші,  татар  мұғалімдері 
туралы айтыла қойғанда да ана тілінде оқудың артықшылығы мұғалімдер 
үшін неге құрбан етілмейді деп өкпелеуге орын жоқ еді. Өйткені халық 
мұғалімдер  үшін  халық  болып  отырған  жоқ,  мұғалімдер  халық  үшін 
мұғалім болып отыр еді. Даудың асыл түбі шәкірттердің хатында емес, 
қазақша газета һәм кітаптар шығып отырғанында. Қазақша кітаптар һәм 
газета шықпаса, шәкірттер балаларды қазақша оқыту керек деп айтпас 
та еді. Сөз түбі бізге тірелетін болған соң, қазақша газета һәм кітаптар 
шығарып  отырған  біз  сөйлеп,  газета  һәм  кітаптарды  неге  қазақша  шы-
ғарып отырғанымызды баяндап, даудың түбін арылтпасқа болмады. Мұ-
нан  былай  да  сол  нәрседен  осындай  ереуіл  сөздер  шыға  бермес  үшін, 
анықтап ашып, біржолата кесіп айтпасқа болатын емес. Қазақша газета 
һәм  кітаптар  шығарғанымызға,  қазақша  оқығанымызға  өкпелейтіндер 
біржолата өкпелеп күдерлерін үзер, әйтпесе қазақ үшін татарша газета һәм 
кітаптар шығару амалын тауып берер, болмаса, қақтықпа сөздерін қояр. 
Біздің  ойымызша,  неге  қазақша  газета  һәм  кітаптар  шығарасың-
дар  деп  өкпелеу,  қазаққа  неге  газета  һәм  кітаптар  таратасыңдар  деп 

62
өкпелеумен  бірдей.  Қазаққа  газета  һәм  кітап  қажет  емес  деу  керек, 
қажет болса, ол газета мен кітаптар қазақ тілінде шықпайынша шарасы 
жоқ. Басқа тілде шыққан газета һәм кітаптар халық ықыласын түсіре 
алмайды. Халық ықыласы түспеген газета һәм кітаптар халыққа тарап, 
оқылмайды. Халыққа таралмаған газета һәм кітаптан пайда болады деп 
айта алмаймыз. Егерде осы шығарып отырған газетамыз татар тілінде 
шықса,  Түркістанда  шығып  тоқтаған  газеталардың  аяғын  құшар  еді. 
Бұл бір. 
Екінші, қазақша газета һәм кітаптар шығарып отырған біздер, татар-
ша газета шығарамыз десек те, шығара алмаймыз. Олай болған соң қазақ 
халқы татарша газета һәм кітап шығаратын болса туын көтеруге керек 
болады. Татар бауырларымыздың қазақ үшін татарша газета шығаратын 
көңілі  болса,  мезгіл  жеткілікті  еді.  Татар  үшін  талай  газеталар  шығып 
жатты, бірақ қазақ үшін шыққан газета да көре алмадық. Қазақ мәселе-
лері үшін газеталарымыздың бір бұрышын бер деп, сұраған қазақтарға 
да  қазақ  мәселелері  оқушыларымыздың  керекті  мәселе  болмаған  соң, 
керексіз  сөзбен  газетаның  бетін  алдырсақ,  оқушыларымызға  жәбір 
болады  деп,  оны  да  қабыл  етпеген.  Қабыл  етпеулері  газетаның  бір 
бұрышын  қимағаңдықтан  емес,  газет  мәселесі  сыймағандықтан.  Қазақ 
үшін  өз  алдына  газета  ашпаса,  татар  газеталарының  бір  бұрышына 
сыймайды. Газеталарының бұрышын бер деп сұраушылардың сұраулары 
білместік,  біздің  қазақша  газета  шығуымыз  қисық  болып,  елде  болса, 
татар  бауырларымыздың  қазаққа  татарша  газета  шығарамыз  десе,  біз 
тоқталдық.  Біздің  қазақша  газета  шығаруымызды  «бүйректен  сирақ 
шығару»  деу  де  жетіспегендік,  қазақ  пен  татар  тілі  бүйректей  бірігіп 
тұрғанда,  біз  келіп  газетаны  қазақша  шығара  бастасақ,  сонда  айтылса, 
дұрыс  болар  еді.  Бүйректей  болып  жігі  біріккен  қазақ  пен  татарда  тіл 
жоқ.  Бұған  дейін  бірікпеген  тіл  жігі,  мұнан  былай  да  екі  халық  тең 
жасап  отырса,  бірікпейді.  Тең  жасамай  бір  жағы  кем  жасаса,  келесі 
артық жағына аударылмақшы. Мақсат қазақ тілін татарша аудару болса, 
татарлар қазақ жұртының қатар жасамасына тырысу керек. Оны істемей, 
қатар жасауын тілесе, тіл жігі осы күйінде кете бермекші. Өйткені, қазір 
жұрттың бәрі тырмысып, ілгері ұмтылып жатыр. Бұл күнде аянбай жатып 
қалған  жұрт,  кетіп  бара  жатқан  жұрттардың  аяғының  астында  қалмақ. 
Қазақ халқы болып жасаймын десе, ілгері ұмтылып талпынатын кезі осы. 
Жайғасып жататын бұрынғы кеңшілік заман жоқ. Басқа жұрттың екпіні 
жатқызып қоймайды. Газета һәм кітаптар халық оянып ілгері ұмтылуы-
на себепші зат болса, олардың да шығатын кезі осы шақ. Сондай заманда 
«шай алмасақ қант та жоқ» деп отырған осы күнгі саудагерлер сияқты. 
Татарша болмаса, газета да, кітап та жоқ деп татар тілін білмейміз деп 
қамалып, біз отырсақ, татар үшін ол жағымды болса болар, бірақ қазақ 
үшін қалай болды? Құрбандық тым зор болмас па?

63
Қазақтың татар болуын тілеушілер ертерек оянарға, ертерек ойларға 
керек еді. Көбінесе қазақтың елтірі, сең-сең, 5-10 тиын садақасын жию-
ды  мақсұт  көрген  «азғындарыңды  жібермей,  медресе,  мектеп  ашып, 
қазақты татарластыру жолында еңбек етерлік идея иесі «адамдарыңды» 
қазақ ішіне жіберіп іс қылу керек еді. Сонда қазақтар бүгінге дсйін не 
татар тіліне ауып болар еді, я татар әдебиетін түсінерлік адамдары көп 
болып,  қазақша  газета  шығарудың  қажеті  болмас  еді.  Сонда  һәм  қазақ 
көзін ашқан біз деп зілденулерің де орындырақ болар еді. Ондай еңбек 
сіңірмей, қазақты адам қылған біз едік деген сөз баяғы «ноғай мен қазақ 
айтысқан» өлеңдегі сөздерге ұқсайды. Біреуді адамдыққа жеткізуге әуелі, 
өзінде адамдық боларға керек. «Қазақтың» татар матбұғатына еркелер-
лік  хақы  жоқ,  тиісін  айтуға  хақты.  Біздіңше  баласы  ғана  ата-анасына 
еркелейді. «Қазақты» тудырған татар емес, татар тәрбиесінде өскен жұрт 
та емес, татар әдебиетінен үлгі алған адамдар да емес. Солай болған соң 
«еркелеу» деген сөздің қанша орынды-орынсыз айтылғанын айыру қиын 
да емес. Қысқасы, басқалар қалай ойласа, олай ойласын. Қалай сөйлесе, 
олай сөйлесін. Татар тілін қабыл етпесең, саған газета да, кітап та жоқ 
деп  қазақты  бір  жарға  қамай  алмаймыз.  Олай  саудаласуға  уақыт  тар. 
Барымызды  «ал»  деп  алдына  салып,  жалынып,  тезірек  алғанына  алла 
разы  болсын  айтып,  тапқанымызды  бере  беру.  Біздің  бұлай  істеуіміз 
басқалардан  бөліну  үшін  емес,  амалсыз  «барымен  базарлау».  Мұны 
басқаша  түсінетіндер  болса,  татар  тілінде  қазаққа  газета  һәм  кітаптар 
шығарып, қазақ ішіне таратып, міне деп, бізге жол көрсетсін. Әйтпесе, 
арзан  философия  алысқа  апара  алмас.  Біздің  әуелден-ақ  айтып  келе 
жатқанымыз, қатар жүріп, ақтықпай екі жұрттың да тең жасап, көркеюіне 
қолдан  келгенін  істеу.  Татар  балаларын  татарша  оқытқанына  қазақ  іші 
тарылмай,  қазақ  балаларын  қазақша  оқытқанына  татар  іші  тарылмай, 
көңіліміз кең болып, жасауымыз тең болса, бетіміз де жөн болар. Оны 
азсынсаңыздар өздерің білесіңдер. Қайырлы сапар болсын дейміз!
Школдарда ана тілімен оқу
Патша хазіретінің 1906 жылғы 14 январьда еткен бұйрығында: «Мұ-
нан  былай  бастапқы  оқу  балалардың  ана  тілінде  болсын»  деген.  Осы 
бұйрық бойынша жасалып, оқу министрі бекіткен сол жылы 31 марттың 
правиласы шықты. Бұл правила бойынша, балалар бастапқы екі жылдай 
ана тілінде оқымақ. Өз қарпі жоқ жұрттар үшін оқу кітаптары ана тілінде 
болғанымен,  орыс  қарпімен  басылмақ.  Өз  қарпі  бар  жұрттар  үшін  оқу 
кітаптары ана тілінде өз қарпімен де, орыс қарпімен де яғни екі қаріппен 
де басылмақ.
Сонан соң бұл правиланы жұрттың көзді-қарақты адамдары қолайсыз 
тапқан.  Бұл  правилада  істеліп  отырған  тәсіл  бар.  Қараңғы  жұртқа 

64
правиланың  қараңғы  жерлерін  қайдан  білсін  деп,  халыққа  зиянды 
жағына  жұмсаушылар  болуы  ықтимал  деген.  Мәселе  ноғайға,  қазаққа 
я  башқұртқа  араб  қарпі  сендердің  өздеріңдікі  емес  арабтікі.  Сендердің 
оқу кітаптарыңның сөздері өздеріңше болғанмен қарпі орысша боларға 
керек деп әурелеушілер болар. Сөйтіп, балалар ана тілімен оқыса да, араб 
қарпімен  оқытпаған  соң,  мұсылманша  хат  білмей,  өзінше  жазғанда  да 
орыс қарпін қолданып, араб қарпін тұтынудан қалар. Ата-бабамыздан бері 
тұтынып келе жатқан, дінмен бірге байласулы араб қарпінің жоғалуына 
риза емеспіз деген. Бұлайша сөз шыға бастаған соң, оқу министерствосы 
тарапынан шайып жуған сөз болды. Ондағы айтқаны мынау: «Өз қарпі 
дегенде сол жұрттың тұтынып келе жатқан қарпін айтып едік. Орысша 
қаріппен  оқу  кітаптары  басылсын  дегеніміз  орысша  тіл  үйренуді 
жеңілдеуге ғана еді. Енді қата аңғарылмас үшін ашып айтылады: «Ана 
тілін оқытатын кітаптар әр халықтың өз тілінде һәм тұтынған қарпімен 
басылсын,  орысша  үйрететін  кітаптар  я  орыс  қарпімен,  я  екі  қаріппен 
бірдей басылсын деді.
Онымен  қоймады  1907  жылы  оқу  министерствосының  мекемесінде 
осы  31  март  правиласын  түзету  туралы  кеңес  болды.  Кеңеске  мұсыл-
мандардан  адамдар  шақырылады,  біздің  қазақтан  Ғабдолғали  Балғым-
баев пен Отыншы Әлжанов барды. Бұл кеңеске 31 марттың правиласы 
сынға  түсіп,  ұнамаған  жері  өзгеріліп,  жетіспеген  жері  толығып  1907 
жылғы  1  ноябрь  правиласы  болып  шықты.  Ондағы  айтылғаны  мынау. 
Бастапқы оқу баланың ана тілінде оқытылсын. Ана тілге баланың үйінде 
өзді-өзі сөйлескенде тұтынатын тілі саналсын. Оқитын школ бір класты 
да, екі класты да болсын. Бір класты школдың бірінші һәм екінші жыл-
дық  бөлімдері  жер  ретіне  қарай  өз  алдына  бөлек  ашылса  да  болады 
(ауылнай школ сияқты). Бір класты школдарда үйретілетін нәрселер: дін, 
ана тілі, орыс тілі, есеп. Екі класты школдарда бұл айтылған нәрселер-
ден  басқа  оқытылатын:  орыс  тарихы,  жағрафия,  жаратылыс  ғылымы, 
сызу һәм өлшеу ғылымының басы.
Алғашқы  екі  жыл  оқыту  ана  тілінде  болсын,  онан  соңғы  жылдарда 
оқыту орыс тілінде болсын. Бірақ ана тілі оқу нәрселерінің бірі болып 
оқытылсын  һәм  басқа  нәрселерді  орыс  тілімен  үйреткенде  түсіндіруге 
демеу болсын. Орыс тілін үйрету әуелгі жылдың соңғы жартысынан ауыз 
үйретуден  басталады.  Орысша  қаріп  таныту  һәм  жазу  екінші  жылдан 
басталады. Орыс тілімен оқыту үшінші жылдан басталады деген.
Сөйтіп,  бұл  правила  бойынша,  орыс  тілі  бастапқы  жылдың  әуелгі 
жарымында  тіпті  үйретілмей,  оқу,  жазу  бәрі  де  баланың  ана  тілінде 
болмақ.  Бастапқы  жылдың  екінші  жартысынан  бастап,  орыс  тілі  үйре-
тілмек, онда да оқытылатын нәрсенің бірі ғана болып һәм орысша оқу-
жазу үйретілмей ауыз үйретілмек. Екінші жылы да орыс тілі оқылатын 
басқа  нәрселердің  бірі  болып,  оқытылмақ.  Бірақ  жалғыз  ғана  ауызша 
түрінде емес, қаріп таныту, жаздыру түрінде үйретілмек. Үшінші жылы 

65
оқыту ана тілдегіден орысшаға аумақ. Ана тілі басқа үйретілетін нәрсенің 
бірі болмақ. Онан арғы жылдардың бәрінде ана тілі сол күйде қалмақ. 
Мұнда ана тілі өтіп кетті деп іш күйгендей еш нәрсе болмаса да, мұны 
да  көпсінгендер  болды.  Араб  қарпін  суырлап  шығарып,  орыс  қарпін 
жүргізуді қалаушылар школда мұсылманша оқу-жазу правила бойынша 
оқытылғанын  сүймеді.  Сондықтан  правила  қағазға  жазылған  күйінде 
қағаз бетінде бола берді де, оқу басындағылар өз көздеген жағына қарай 
оқу ісін жүргізе береді. Қазақ облыстарындағы школдардың бірінде де 
правила  бойынша  оқытылған  оқу  жоқ.  Бұл  сияқты  правила  бар  екенін 
қазақтар білген жоқ. Білгендері үндеген жоқ.
Білгендердің  үндемегенінің  екі  себебі  болды:  Бұл  правиланы  біл-
гендер  әуелі  учительдер.  Бұлар  енді  жаңа  правила  бойынша  оқытамыз 
ба деп, үстінен қарайтын хакімдерден сұраса, ол хакімдер иә демеді. Таза 
топырақ болмаса, көпшікті қақса да тиын соққан болады деп жеңілдеткен 
сияқты,  қазақ  тілінің  сабағының  орнына  орысшадан  қазақшаға  я 
қазақшадан орысша перевод істесе, ана тілін үйренгеннің ырымы болады 
деп, хакімдері айтқан соң учительдер үндемей бұрынғы қалыпша оқыта 
береді.  Учительдерден  басқа  бұл  правилаларды  білетіндер  үндемеген 
себебі, ол кезде қазақта журнал һәм газет болған жоқ. Қазақтың өзінде 
газета,  журнал  болмаса,  правила  барлығын  білгендер  қайда  жазып 
білдірмек. Сөйтіп, 1907 жылғы 1 ноябрь правиласын қазақтар тіпті білген 
жоқ, білгендерді әлгі айтылған себептермен үндеген жоқ. 
Правила шыққаннан кейін 5 жыл өтеді. Ол 5 жылдың ішіндегі заманда 
да оқу басындағы адамда да өзгерістер болды. Правила жасалған кезде 
оқу  министрі  Фон  Кауфман  еді,  онан  кейін  Шварц  болды.  Онан  соң 
Кассо болды. Ұлтшылдық әуесі көтеріліп, бұратаналарға қырын көзбен 
қарайтын мінездер күшейе бастады. Сол шақта ана тіліндегі оқу туралы 
жаңадан  правила  жазылып  шықты.  Бұл  жаңа  правила  дегеніміз  патша 
хазіретінің 1913 жылғы 5 июньде бұратана жұрт үшін ашылатын школ-
дар турасында еткен жарлығы бойынша, оқу министрінің сол июннің 14-
інде жасап шығарған правиласы. Бұл правила жайынан келесі нөмерде 
сөйлемекпіз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет