Алаш көсемсөЗІ: тіл мәселесі көптомдық 2 том Қайрат сақ



Pdf көрінісі
бет8/38
Дата30.01.2017
өлшемі1,66 Mb.
#3031
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38

«Ов» туралы
Газетамыздың 102 нөмерінде студент Ыдырыс Оразалыұғлының осы 
күні фамилия жазғанда қосылып жүрген орысша «ов», «ова»-ны тастап, 
оның  орнына  «ұғлы»,  «қызы»  деп  жазу  тиіс  деген  пікірі  басылған  еді. 
Басқарма  бұл  пікірді  мақұл  көрсе  де,  фамилия  орнына  үлкен  әке  яки 
бабаның  аяғына  еш  нәрсе  қосылмай-ақ  жазылса,  қалай  болар  деген 
пікірді көрсеткен еді. Сонан кейін басқармаға бұл туралы мына кісілер өз 
пікірлерін жазып отыр. 

66
1.  К.С.  «ов»  орнына  «и»,  «ова»  орнына  «ие»  жазу  тиіс.  Мысалы, 
Әлихан Бөкейхани, Назипа Құлжание. Өз әкесін жазғанда «ұлы», «қызы» 
деген сөздер жазылар.
2.  Жармұхамед  Болатұғлы  жоғарғы  пікірде.  Бірақ  «и»  мен  «ие»-ні 
арабша, жат тілдік десек, түрікше «лу», «ли» дегенді алу лайық болмас 
па? Мысалы, Әлихан Бөкейханлу, Назипа Құлжанли.
3. Желкек. «ов» пен «ованы» қалдыру тиіс. Еркек, әйелді айыру үшін 
біреуінің  аяғына  ешнәрсе  қоспай  айтармыз.  Назипа  Құлжан  секілді. 
Екіншісінің аяғына «и»-ді жалғармыз. Әлихан Бөкейхани секілді.
4.  Нығметолла  Күзембаев.  Әкені  жазғанда  «ұлы»  (ұғлы  емес), 
«қызы» деу керек. Үлкен әкені яки бабаны жазғанда аяғына еш нәрсе 
қоспау лайық.
5.  Кенжеғали  Аблуллаұғлы.  «ов»  орнына  «дан»,  «нан»-ды  жалғау 
керек.  Мысалы  Әлихан  Нұрмұхамедұғлы  Бөкейханнан,  «ова»-ның  ор-
нына, еркектен айыру үшін, «ның», «дың»-ды қосу тиіс. Мысалы, Нази-
па Сағызбайқызы Құлжанның.
6.  Ыдырыс  Оразалыұғлы.  Ал  енді  үлкен  ата  жазылғанда  «ұғлы», 
«қызы» деп жазу тиіс. Ал енді үлкен ата яки баба жазылғанда олардың 
аяғына ешнәрсе жалғаудың қажеті жоқ. Қазақтың тілінде түбінде еркек 
пен  ұрғашы  айырылмағандықтан  мұнда  да  оның  керегі  жоқ.  Біреудің 
еркек, ұрғашылығы өз атынан-ақ білінеді.
7. Әлихан Ыдырыс Оразалыұғлының пікірін мақұлдайды.
Басқармадан:  Шын  қазақша айтқанда, Оразалының  Ыдырысы  деп жазу керек еді, 
бірақ біз өзге халықтарға еліктеп, әуелі атымызды, онан кейін фамилия жазып жүрміз. 
Сондықтан бұл үйреністі бұзбай-ақ орысша «ов», «ова», «ин, ина»-ны тастап, мұнан кейін 
«ұғлы», «қызы», «қатыны» деп жазуды лайық көреміз. Мұны жазушылар да ескеруі лайық.
Бұл туралы енді еш нәрсе басылмайды.
Қазақ съезі
Кешегі  келмеске  кеткен  кесірлі  үкіметтің  заманында  тіл  күрмеліп, 
аяқ-қол  матаулы  еді.  Сол  қаһарлы  қара  күндерде  «бас  қосалық,  съезд 
ашалық» деп толғағы толмаған қатынға бала таптырмақшылар да болып 
еді.  Бірақ  ол  уақытта  қойдан  қоңыр,  қояннан  қорқақ  едік.  Сондықтан 
ол  кездегі  басқосу  пайдасыз  қысыр  сөз  еді.  Енді  міне  бостандық  таңы 
атты. Не қыламыз десек те ерікті болдық. Бас қосқыш болсаң, қос енді 
басыңды,  аш  съезіңді,  тоқтату  қылар  ешкім  жоқ.  Бірақ  бас  қосудан 
мақсат  не?  Соны  жұрт  жақсы  білу  керек.  Бас  қосуды,  съезге  баруды 
жұрт қызылды-жасылды киініп, тана-моншақ тағынып, тойға барғандай, 
қызыққа жиналғандай көрсе, ондай съезден әлі де болса пайда жоқ. 
Съезд  пайдалы  болады,  егер  жиылған  адамның  әрқайсысы  неге 
келгенін білсе, халыққа шын жаны ашитын таза ниетті болса, халықтың 

67
қалпына-салтына жетік болса, тіршілі-шаруа істеріне таныс болса, саясат 
істерінен  мағлұмат  болса.  Осындай  адамдар  жиналып,  мынау  алынған 
бостандыққа ғұмырлық ие болу үшін, халықтың мұң-мұқтажын кеңесіп, 
мынау пайдалы дегенді іске айналдырып, мынау зиянды дегеннен халықты 
құтқаруға қам қылса, съезде жасалған қаулыларды елге қайтқанда әркім 
халыққа  түсіндіріп  іске  айналдыруға  ыждаһат  етсе.  Олай  етпей,  съезд 
қаулысы сөйлеген жерде құр сөз болып яки қағаз бетінде ғана жазылып 
қалып, елге қайтқан соң сары қымыз, салқын үйдің қызығында бәрі ұмыт 
болса, ондай съезден де халыққа келер пайда жоқ. 
Енді  біз  өзімізге-өзіміз  өкпелемесек,  өзгеге  өкпелей  алмаймыз.  Қо-
лымызға  берген  бостандықты  ұстай  алмасақ,  пайдалана  алмасақ,  ке-
лінді күң, жібекті жүн еткен мысалында боламыз. Олай болсақ, біз жұрт 
бола  алмаймыз.  Өз  ісімізді  өзіміз  басқара  алмасақ,  бізді  біреу  түзетер 
деу адасқандық. Әр жұрт бұл күнде өз қамын ойлап жатыр әркім өз аты 
бәйгеден келуіне, өзі шыққан тауы биік болуына жанталасып қызмет етіп 
жатыр.  Біз  де  солардан  қалмалық.  Уақыт  өткізбелік.  Өкініп  жүрмелік. 
Қазіргі  бір  күн  бұрынғы  жүз  жылдан  қымбат.  Оян  жұрт,  талпын  жұрт, 
қамдан  жұрт!  «Батырсыған  жігітті  жау  келгенде  көрерміз,  шешенсіген 
жігітті  дау  келгенде  көрерміз»  деген  мақал  бар.  Бұрын  сылтау  бар  еді. 
Заман тар, халыққа амалсыздан қызмет ете алмай жүрміз, әйтпесе өйтер 
едік, бүйтер едік деуші еді. Енді тісін қайрап, жігері қайнап жүрген ерлер 
болса, жол ашылды. Көрсет өнеріңді, қыл қызметіңді, баста жұртыңды! 
Бос сөзден пайда жоқ, бұрынғыдай сылтау жоқ, жанды ортаға салып, іске 
кіріс! Ер көңілді алаштың азаматына енді зор сын!
Міне, қазақ уалаяттарының бәрінде де үздік-создық съездер болғалы 
тұр.  Тұңғыш  съез  Торғай  облысының  съезі  болды.  Бұл  съездің  толық 
отчеты орысша-қазақша жеке басылып шығады, қазіргі қысқаша қаулы-
сын жазып отырмыз.
..................................................................
*
5. Бастауыш оқу 
І.  Жалпы  міндетті  оқуды  съезд  аса  қажет  көргеннен  кейін  қазіргі 
бастауыш мектептерді көбейтуге қаулы қылды, 100 үйге бір мектептен 
кем болмасын делінді. Оқу ана тілінде болсын һәм әйел-еркек балалар 
бірге оқысын.
ІІ. Мектептер земкский һәм мемлекет ақшасына ашылсын. 
Мадияр
*
Құрастырушыдан:  Қазақ  съезінің  барлық  Қаулылары  берілген  бұл  мақаладан  тіл 
тақырыбына қатысты қаулысы ғана алынып отыр. 

68
Закон жобасы
Ақмола,  Семей,  Орал  һәм  Торғай  облыстарындағы  отырықшы  һәм 
көшпелі  қазақтардың  соты,  хүкіметке  қарауы  һәм  басқа  жұртшылық 
жұмыстарын орналастыру турасындағы
Положение
....................................................................................................
 *
Қосымша. Волостной старшина, оның помощнигі һәм ауылный старшиналар орысша 
тіл білетін, хат білетін адамдардан қаланып, сайланады. 
*
  Құрастырушыдан:  «Қазақтың»  №№75,  76,  77,  78,  79  сандарында  жарық  көрген 
«Закон жобасы» мақаласында барлығы 123 статья берілген. Жинаққа 14-нші статьяның 
тіл мәселесіне қатысты қосымшасын ғана енгізіп отырмыз.
жалпы қазақ съезінің қаулысы
Жалпы  қазақ  съезі  21  июльде  Орынборда  ашылып,  26  июльде 
жабылды.  Съезде  Ақмола,  Семей,  Торғай,  Орал,  Жетісу,  Сырдария, 
Ферғана облыстарының өкілдері болды. 
Съезд председателі Халел Досмұхамедов. Председательдің серіктері: 
Ахмет  Байтұрсынов,  А.Көтібаров.  Секретары:  Міржақып  Дулатов, 
Ақылбек Сейітов.
Съездің программасы:
1)  Мемлекет билеу түрі;
2)  Қазақ облыстарында автономия;
3)  Жер мәселесі;
4)  Халық милициясы;
5)  Земство;
6)  Оқу мәселесі;
7)  Сот мәселесі;
8)  Дін мәселесі;
9)  Әйел мәсселесі;
10)  Учредительное собрание сайлауына даярлану һәм қазақ облыс-
тарынан депутаттар;
11)  Бүкіл Россия мұсылмандарының кеңесі (Шорай ислам);
12)  Қазақ саяси партиясы;
13)  Жетісу облысының оқиғасы;
14)  Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің съезіне 
һәм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.

69
Қаулылар:
.........................................................
*
VІ. Оқу мәселесі
1. Жалпы міндетті бастауыш оқу аса қажет.
2. Бастапқы екі жиында оқу ана тілінде болсын.
3. Мектеп кітаптары болсын, өзге баспасөздер болсын, бәрі де «Қазақ» 
әліппесімен жазылсын.
*
Құрастырушыдан: Жалпы қазақ съезінің барлық қаулылары берілген бұл мақаладан 
тіл тақырыбына қатысты қаулысы ғана алынып отыр. 
«Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы
І. Мемлекет қалпы
Русия демократический федеративный республика болу. 
(Демократия мағынасы мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы 
құрдас  мемлекеттер  бірлесуі.  Федерационный  республикада  әр  мем-
лекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әр қайсысы өз тізгінін өзі 
алып жүреді).
Үкімет  басында  Учредительное  Собрание  мен  Г.Думаға  қалауын-
ша  кесімді  жылға  сайланатын  президент  болу.  Президент  халықты 
министрлер  арқылы  бағу,  ол  министрлер  Учредительное  собрание  мен 
Г.Дума алдында жауаптар болу.
Депутаттар  тегіс,  тең,  төте  һәм  құпия  сайлаумен  болады.  Сайлау 
құқында қан, дін, еркек-әйел талғаусыз болу.
Законды жалғыз ғана Г.Дума шығару һәм Г.Дума үкімет үстінен қа-
рап, ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау құқы да Г.Думада болу. Мемлекет 
салығы Г.Думасыз салынбау.
ІІ. жергілікті бостандық
Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып 
Русия республикасының федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ 
автономиясы  сыбайлас  жұрттармен  әзірге  бірлесе  болу,  реті  келмесе, 
бірден-ақ  өз  алдына  жеке  болу.  Қайткенде  де  осы  күнгі  земстволықты 
қабыл алу.
«Алаш»  партиясы  қазақтың  би,  болыс,  ауылнайлары  сияқты  орын-
дарында қызмет ететін адамдар болуына жаһұд қылады. Земствалардың 

70
управаларында,  милицияларында  таза  қызметші  боларлық  адамдардың 
атын халық қалауына салады.
«Алаш» партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау 
болады.  Күш-қуатын  игілік  жолына  жұмсап,  жұрт  тарқы  ету  жағына 
бастайды.
ІІІ. негізгі құқық
Русия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам 
баласы тең болу.
Жиылыс  жасауға,  қауым  ашуға,  жария  сөйлерге,  газет  шығаруға, 
кітап  бастыруға  еркіншілік.  Үкімет  қызметшілері,  иесінен  рұқсатсыз 
ешкім  табалдырығын  аттамаушылық.  Законсыз  жолмен  ешкімді 
үкімет  адамдары  ұстамаушылық.  Сот  сұрамай,  билік  етілмей,  тұтқын 
қылмаушылық. Қылмысты болған адам судья бар жерде 24 сағат ішінде, 
судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырып жауап алса, судья 
үкімімен жабылу. 
Кісі хатын ашқан айып, оқығанға жаза болу.
ІV. Дін ісі
Дін  ісі  мемлекет  ісінен  айырулы  болу.  Дін  біткенге  тең  құқық.  Дін 
жаюға ерік. Кіру-шығу жағына бостандық
Муфтилік қазақта өз алдына болу. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою 
сияқты істер моллада болу. Жесір дауы сотта қаралу.
V. Билік һәм сот
Әр  жұрттың  билік  пен  соты  тұрмыс  ыңғайына  қарай  болу.  Би  һәм 
судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу-тексеруі 
һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылу. Би һәм судья 
орнынан тергеусіз түспеу. Билік һәм сот жүзінде жұрт біткен тең болу. 
Құдайдан соңғы күшті би һәм судья болып, кімге болса, олардың үкіміне 
мойынсұну.  Айтылған  үкім  тез  орнына  келу.  Зор  жазалы  қылмыстар 
присяжный сотпен қаралу. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілінде болу. 
Присяжныйлар қазақтан алыну. Қырдағы ауыл, болыс ішіндегі билікпен 
сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылу.
VІ. Ел қорғау
Ел  қорғау  үшін  әскер  осы  күнгі  түрде  ұсталмау.  Әскерлік  жасына 
жеткен  жастар  жерінде  үйретіліп,  жерінде  қызмет  ету.  Әскер  табына 

71
бөлгенде  туысқан  табына  қарай  бөлу.  Әскерлік  міндетін  қазақ  атты 
милиция түрінде атқару.
VІІ. жұмысшылар
Жұмысшылар  закон  панасында  болу.  (Қазақ  жерінде  завод-фабрика 
аз,  сондықтан  қазақтың  жұмысшылары  да  аз.  «Алаш»  партиясы 
жұмысшылар  турасында  социал-демократтардың  меньшевик  табының 
программасын жақтайды).
ІХ. Ғылым-білім үйрету
Оқу  орындарының  есігі  кімге  де  болса  ашық  һәм  ақшасыз  болу. 
Жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу. Қазақ 
тілінде  орта  мектеп,  университет  ашу.  Оқу  жолы  өз  алды  автономия 
түрінде болу, үкімет оқу ісіне кіріспеу. Мұғалімдер-профессорлар өзара 
сайлаумен қойылу. Ел ішінде кітапхана ашылу.
Х. жер мәселесі
Учредительное  собрание  негізгі  закон  жасағанда  жер  сыбағасын 
алдымен жергілікті жұртқа берілсін деу. Қазақ жер сыбағасын отырған 
жерлерден алып орналасқанша қазақ жеріне оған мұжық келмеу. Бұрын 
алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайту. Қазаққа тиетін 
жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесу. Сыбаға өлшеу норма – жердің 
топырағы  мен  шаруашылық  түріне  қарай  жасалу.  Сыбағадан  артылған 
жер земства қолында болу. Артық тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық 
сыбаға кесіліп берілу. Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілу. 
Жерді қазақ үй басына иеленбей, ауыл-аймақ, туысқан табына меншіктеп 
алу. Өзара әділдік жолмен пайдалану. 
Жер  законында  жер  сату  деген  болмау,  әркім  өзі  пайдалану.  Пай-
дасынан  артық  жер  сатылмай,  земстваға  алыну.  Жердің  кені,  астығы, 
байлығы қазынанікі болып, билігі земства қолында болу.
Аса  зор  ағаш,  зор  өзендер  мемлекеттікі  болып,  аз  ағаш  һәм  көл 
байлықтары земства мүлкіне саналу.
жоба жасаушылар:
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов
Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдолхамит Жүндібаев, 
Ғазымбек Бірімжанов

учительдер съезінің қаулылары
Майдың  1-8-іне  дейін  Қызылжар  уезіне  қараған  учительдер  съезі 
болып  өтті.  Бұл  съезде  қаралған  мәселелер  қатарында  бұратана  школ-
дарының мәселесі де қаралып, қорытып жасаған қаулылар мынау:
1.  Бұратаналар школында оқу ана тілінде болсын;
2.  Орыс тілі 3 жылдан бұрын кіргізілмесін;
3.  Ер балалар мен әйел балалар бірге оқытылсын;
4.  Бұратаналар школында курс алты жылдық болсын;
5.  Бастауыш  школдардан  басқа  бұратаналарға  арналып  орта  һәм 
жоғарғы дәрежелі школдар ашылсын;
6.  Учительдер  дарлау  үшін  кешіктірілмей  мұғалімдік  курстар  һәм 
семинариялар ашылсын;
7.  Барлық бұратана школдарына міндетті оқу орыс тілі кіргізілсін;
8.  Школ  билігі  жилищный  советте  болсын.  Ол  советтерге  бұрата 
учительдер де кірсін;
9.  Бұратана учительдер правосы орыс учительдерінің праволарымен 
бірдей болсын;
10. Бұратаналарға ашылатын школдар қазына күшімен ашылсын;
11. Учительдер  жалованиесі  1200  сомнан  кем  болмасын,  пенсия  20 
жылдан соң ең соңғы алып тұрған жалованиясы мөлшерінде берілсін. 
Осы қаулылар барлық бұратана школдарына бірдей. Бұған біз ауыл-
ной школдарды да қоспақ жолындамыз, 25 майда болатын Омбы учитель-
дерінің съезіне салмақпыз.
Учитель А.Жалмұхамедов

73
«САрЫАрҚА» гАЗЕТІ 
(1917–1919)
«Сарыарқа» газеті 1917–1918 жылдары Семей қаласында шыққан. 
Газетке Х.Ғаббасов басшылық жасады. 
Жалпы, «Сарыарқа» газетінде жарық көрген материалдардан оның 
«Қазақ»  газетімен  үндес,  сарындас  бағытын  аңғару  қиын  емес.  Олай 
болатыны,  «Сарыарқа»  газеті  де  Алашорда  үкіметін  құруды,  қазақ 
елінің өз алдына автономия болуын тіледі. Басылым беттерінде Алаш 
партиясының  бағдарламасы,  Алаштың  гимні,  алашорданың  Семей 
тобының саяси бағдарламасы жарық көрді, сондай-ақ қазақ құрылтай 
съездерінің бағдарламалары мен қаулылары басылды. 
Алаш  қозғалысының  ұйытқысы,  жиырмасыншы  ғасыр  басында 
халқымыздың  шын  мәнінде  «көзі,  құлағы  һәм  тілі»  «Қазақ»  газетінің 
ұйымдастырушылары  –  А.Байтұрсынов,  Ә.Бөкейханов,  М.Дулатов-
тың,  «Алаш»  қозғалысының  көрнекті  қайраткерлері  –  Р.Мәрсековтің, 
Х.Ғаббасовтың,  Ә.Ермековтің,  М.Малдыбаевтың,  Ж.Ақбаевтың, 
М.Жұмабаевтың  және  тағы  басқа  алаш  азаматтарының  құнды 
материалдарын «Сарыарқадан» көптеп кездестіреміз.
Саяси  бағыт  ұстанған  «Сарыарқа»  газетінен  халықты  теңдікке 
жетелеген ой-пікір, тұжырымдар мен қазақ съездерін шақыру, ондағы 
қаралатын  мәселелердің    жоспарлары  мен  шешімдері  жайлы,  сайлау 
хақында,  ұлттың  ең  өзекті  жер,  тіл,  оқу-ісі,  дін,  басқа  да  шешімін 
күткен әлеуметтік мәселелері жайлы терең танысуға болады.

74
21-26-шы июльде Орынборда болған жалпы қазақ сиезінің 
қаулылары
Сиезде  бүкіл  Россия  мемлекетіне  қараған  Ақмола,  Семей,  Торғай, 
Орал,  Жетісу,  Сырдария,  Ферғана  облыстары  мен  Бөкей  ордасы 
қазақтарының өкілдері болды.
Сиездің  президиумына  кіргендер:  Халел  Досмұхамедов  (председа-
тель),  Байтұрсынов,  Көтібаров  (орынбасарлар),  Асылбек  Сыдық, 
Міржақып Дулатов (секретарьлар).
Сиез қараған мәселелер:
1)  Мемлекет түрі қандай болу;
2)  Қазақ өз тізгінін өзі алу (автономия);
3)   Жер;
4)  Әскерлік;
5)  Земство;
6)  Оқу;
7)  Дін;
8)  Сот;
9)  Әйел;
10)  Учредительное собрание сайлауы кезінде жүргізетін әдіс;
11)  Қазақтан баратын депутаттар;
12)  Шура ислам;
13)  Қазақтың саяси партиясын жасау;
14)  Жетісу облысындағы оқиғалар;
15)  Киевте болатын жалпы Россия федералистерінің (өз жұмысына 
келгенде бөлініп, мемлекет жұмысына келгенде бірігетіндер) сиезі мен 
Петроградтағы жалпы жұрт оқуы комиссиясына кіру.
.............................................................................................................
 *
Оқу 
Бала  қалмай  жалпы  оқу  –  міндет.  Алғашқы  екі  жылда  бала  ана 
тілімен оқысын. Қазақ тілінде шығатын кітаптар Байтұрсынов емлесімен 
басылсын.
Құрастырушыдан: Қазақ съезінің тіл мәселесіне қатысты қаулысы ғана алынды
Қазақ тілінде жаңа журнал
Қызылжар жастары қазақ тілінде «Жаңа заман» атты журнал шығар-
ған. Журнал жетісінде бір шығады. Басқарушылары: Біләл Малдыбаев, 

75
Әбуғарире Жүсіп. Бастырушысы: «Тала» ұйымы. Жазылу бағасы: жыл-
дығы – 6 сом, 6 айлығы – 3 сом 50 тиын. Басқармаға келген 4-нші сан-
дағы  сөздері  мынау:  Жетісу  қырғыздарына  жәрдем  жию,  қыр  шаруасы 
жайы, волостное земство, саяси партия, «Талап» члендері, өлең-жыр.
Адресі:  Петропавловск  Ақмол.  об.  Почтов  ящик  №95  редак.  жур. 
«Жаңа-заман»
* * *
Қызылжарда 20 августен бастап екі ай жарымдық мұғалімдер курсы 
ашылды.  Курстың  мақсаты:  елде  бала  оқытатын  мұғалімдері  бір  ізге 
салып,  мұсылманша  оқу  қазақтың  өз  тілімен  болып,  «Қазақ»  газетінің 
емлесін қолдандыру.
Курстан оқып шыққан мұғалімдерге елден жиылған ақшадан үйезный 
комитет  ақша  бермек.  Бұл  туралы  Қызылжарда  болған  үйезный  сиез 
қаулы жасады.
Әр елден келген жастар болып бірігіп, «Талап» қауымының атынан 
жетісінде  бір  шығатын  «Жаңа  заман»  деген  жазба  журнал  шығара 
бастады.  Баспахананы  алуға  бұл  күнде  біз  сықылды  жас  қауымның 
шамасы  келетін  емес.  Сонда  да  қолдан  келген  қызметімізді  құрбан 
қылып, халқымыз үшін қарап отырмау жолындамыз. Осы тілекте болып, 
әр жерде ашылып жатқан қауым, ұйымдарды құттықтаймыз. 
«Талап» қауымы атынан: 
Біләл Малдыбаев.
Басқарма: жолдасымыз «Талап» қауымының талайы ашылып, дегеніне жетсін деп 
тілейміз.
Бастауыш мектептегі 
оқу программасы
Алаш  дуанындағы  оқытушылар  ұйымына  әр  жерден  хат  келіп,  бас-
тауыш  мектепте  қандай  сабақтар,  қай  тілмен  оқылатынын  сұрайды. 
Баршасына газет арқылы білдіруді борыш көрдік. 
1) Бастауыш мектепте сабақ арнаулы қазақ тілінде оқылады. 
2) Орыс тілі төртінші бөлімнен бастап, кірме тіл есебінде оқытылады. 
3) 5 жылдық бастауыш мектеп программасы мынау: 
I бөлімде:
1) Ана тілі: әліппе, оқу, әдемі жазу; 
2) Есеп: алу, жию жүзге дейін; көбейту, бөлу жиырмаға дейін; 

76
3) Иман-иғтиһад; 
4) Дене тәрбиесі. 
II бөлімде:
1) Ана тілі: оқу, тіл құралы, жатқа жазу (емле), әдемі жазу; 
2) Есеп: жүзге дейін; 
3) Дін сабақтары: иғтиһад, ғибадат, Құран кәрім; 
4) Қол істері; 
5) Ән; 
6) Дене тәрбиесі. 
III бөлімде:
1) Ана тілі: оқу, тіл құралы, жатқа жазу, әдемі жазу, үлгілі жазу; 
2) Есеп: төрт амал, керекті өлшеулер; 
3) Дін сабақтары: ғибадат, Құран кәрім тәжуидпен
4) Қол істері; 
5) Ән; 
6) Дене тәрбиесі. 
IV бөлімде:
1) Ана тілі: жатқа жазу, үлгілі жазу, ойдан жазу, оқу; 
2) Есеп: төрт амал, өлшеулер (уақтау, ірілеу, төрт амал); 
3) Дін сабақтары; ғибадат, Құран тәжуидпен. 
4) Орыс тілі; 
5) Тарих ислам; 
6) Ұлт тарихы; 
7) Жағырапия (жалпы); 
8) Жаратылыс
9) Ән-күй; 
10) Дене тәрбиесі; 
11) Қол істері. 
V бөлімде:
1) Ана тілі: жатқа жазу, үлгілі жазу, ойдан жазу, оқу; 
2) Есеп; 
3) Араб тілі; 
4) Орыс тілі; 
5) Жағырапия (мемлекет); 
6) Ән-күй; 
7) Дене тәрбиесі; 

77
8) Қол істері; 
9) Жаратылыс; 
10) Ислам тарихы (қазіргі сұлтанға дейін); 
11) Ұлт тарихы. 
Ұйым атынан мұғалім 
Хайролла Ибраһимов 
Қазақша ай аты жоқ
Біздің ай аты деп жүргеніміз жұлдыз аты. Жұлдызға қойған атты сол 
кездегі туған айға қоя саламыз да, оны ай аты деп ұғынамыз. 
Сол себепті кейде «бұл ай пәлен ай» деп таласамыз. Мысалы: дека-
брь жұлдызының 15-інде туған айды жартымыз қаңтар, жартымыз ақпан 
дейміз. 
Менің ойымша, біздің ескі тұқымда (ескі түрікте) ай аты болса керек. 
Бірақ ол ескі аттар не біржола ұмытылды, не жұлдыз аттарына араласып 
кетті-ау деймін. 
Осы  айтылған  ескі  ай  туралы  білетіндерін  ескі  құлақты  кәриялар, 
оқымыстылар «Сарыарқаға» жазса екен. Ескі түріктерде ай аты болмай 
қоймаса керек дегеніміз: олар 12 жұлдызға ат қойып, бір жасап, 12 жылға 
ат  қойып,  бір  жыл  мүшел  жасап,  5  мүшелге  5  түрлі  ат  қойып,  алпыс 
жылдық бір айналыс жасап отырған түрік жаңа ай, ескі ай, толған ай деп 
отырған түрік нағылып айды ескерусіз қалдырсын. 
Енді келейік жұлдыз атына: біздің қазақтың әр жерінде жұлдыз аты 
әр  түрлі.  Мысалы,  1916  жылғы  173  нөмер  «Қазақ»  газетінде  ардақты 
Хасенғали Байеке молдадан жазып алған ай (жұлдыз) атын қараңыз: әз 
март  отжақпас,  көкек,  шілде,  сарша,  қыркүйек,  мизам,  қараша,  қазан, 
қаңтар һәм ақпан. Енді біреуінің атын білмейді. Ал, біздің жақта көкек 
(март), мамыр, маусым, шілде, тамыз, мизам, қазан, қараша, желтоқсан, 
қаңтар, ақпан һәм бірдің айы. 
Көрдіңіз  бе,  атында  қанша  шатақ!  Ретінде  қанша  шатақ!  Және  бұл 
екеуін  естіген  басқа  түрлі  ат  қоюшы  қазақтар  мұны  қандай  таңырқар 
екен. Онан соң жоғарғы жұлдыз аттары бір қатары арабшадан алынғаны 
көрініп  тұр.  Мысалы,  мизам,  мамыр  –  мағмұр,  маусым  –  мосом  үшеуі 
де арабша. Мақалдағы «қараша, қауыс, кәрі-құртаңды тауыс» дегендегі 
қауыс;  «сәуір  болмай  тәуір  болмас»  дегендегі  сәуір  арабша.  Тағы 
сондайлар толып жатыр. 
Мақсұт – қазақша ай атын ескі түрікшесін іздеп таппақ. Ол табылмаса, 
амалсыз  арабша  ай  атына  халықты  жаттықтыру  керек  деп  білемін  һәм 
жұлдыз атын тамам қазақ бір-ақ атпен ретін бұзбай атау керек деп ұғамын. 
Шәкәрім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет