Емле хақында
«Қазақ» емлесін қабыл еткендіктерін білдіріп хат жазушылар:
Торғайдан Файзолла Сатыбалды Ишанұлы, мұғалімдерден Тәшен
Қиямбеков. Зәкір Ғайсин, Мейрам Асхақов. Шаһмардан Ибраһимов.
Садық Абыланов, шәкірттерден Мырза Ахмет Қожақұланов, Мұртаза
һәм Рахымжан Бексейіт балалары. Павлодардан Қасым қажы медресе-
сіндегі қазақ шәкірттері һәм Астрахан медресесіндегі қазақ шәкірттері.
48
Емле турасында
XI
Бұл заманда оқу, оқыту жылдан жыл таррақи етіп, мақсұты ілгері жүру.
Әр жұрт та аяғын кере-кере аттап кетіп барады. Әр жұрт өз тілін, өз емлесін
қатарға қосып, өз әдебиетін ілгері жіберуде, ол әдебиеттің ілгері басуы
тілдің байлығында. Жалғыз тілдің бай болуы ғана жетпейді, байлығын
майданға салып көрсету керек болады. Біздің қазақ халқы тілі бай,
әдебиеті мол болса да, өзіне арнаулы емле, балаларын тәрбие етерлік жөні
түзу әліппе майданға шыққаны жоқ еді. Замананың түрткілеп оятуына да
оянушылар аз еді. Ұйқысы сергек Ахмет Байтұрсынов неше жылдан бері
ойлап, сынап, жаңа емлемен жазған алифбаны бір жылдан бері майданға
қоя бастады. Емле турасында медресе Ғалиедегі қазақ шәкірттерінің
пікірін білейін деп ойлаған еді. Медреседе қырықтан аса қазақ шәкірттері
бар еді, кейбіреулер қабыл етуді қолдап, кейбіреулері бұл емле және
алифба мәселесі жеңіл іс емес, біраз мекеме қылып тексеріп қарайық,
не үшін десеңіз заманамызға ұнаулы болып дауам ететін бір іс, ол істің
негізді боларлық түрі бар ма, жоқ па? Анықтап көз салу керек, қолдануға
лайықты тапсақ, қабыл қылармыз. Кем жері болса, көрсетерміз деген
ойда болып қабыл етуге кезінде мойындап жауап бермеген еді. Екі айға
жақын талқыға салып, ойлап сынағанның соңында қабыл етуді ұнамды
таптық. Бұл Ахмет Байтұрсынов әліппесінде кем жері болса болар. Ондай
жерлерін тәжірибе иесі елде мұғалім болған шәкірттер өздері бір хатпен
жазушыға білдіруге мүмкін. Лайық болған жерде пікірден шығып кетпес.
Не үшін десеңіз шәкірттеріміз де, жазушыларымыз да әр қайсысы ұлт
балаларына оқу ісінде ауырлық келтіру, қиын жолға бастау ниетінде емес,
бәлки жеңілдік, оңайлату жағында. Аз-маз кем жері болса да, қабыл қылу
керек. «Қос жүре түзеледі» деген, бастауында кемдік, қысқалық болса
да, жүре жөндігіп кетер. Бірен-саран болса да жолбасшыларымыз көріне
бастады. Әр жерде оқып жүрген азаматтарымыз да бар. Мұнан он жыл
бұрынғы шағымыз бен соңғы 4-5 жылды салыстырып қарасақ, арасында
көп өзгерістер бар. Бұрын ноғай медреселерінде қазақ шәкірттері жоқ
есебінде аз еді, соңғы жылдарда бірте-бірте көбейіп оқу жолына кірісіп
жатыр. Жақсы оқып шығып, ұлтына қызмет жолына бел байлап түскен-
дері бар. Сондай талапты азаматтарымыз ұлт баласына қызмет еткелі
ниет қылып оқу құралына ділгір болып шыққанында жоғын-керегін
даярлап қойған Ахмет мырза Байтұрсыновтың оқу құралын қолданып,
тәлім жолына кірісуін тілейміз.
Кейбір ұнатпағандар да болар. Бізге әліп, би, ти, си, яки мұғалім әуелі,
мұғалім саны жетпей ме деп, үстінен қарағанда жетерлік болса да, терең
ойлап қарағанда ұнамсыз талай жерлері бар деп білеміз. Бірнеше милион
қазақ халқы өзімізге белгілі тілде жазылған балаларды тәрбие қыларлық
49
әліппе, емле, сарф, тарих, хисаб, жағрафия секілді өз тілімізде жазылған
кітаптың жоқтығы еді. Өздеріміз кемшілік не дәрежеде екендігі ап-ашық
көрініп тұр. «Көп жоқтаса, жоқ табылады» деген секілді қазақ ішіне
шыққан азаматтар балаларды бір ізбен тәрбие етуге сіздер борыштысыз.
Қабыл етуге риза болып қол қойған шәкірттер медресе Ғалиеде.
Сәдуақас Жандосов, Ысхақ Заһиров, Абушахме Боқаев,
Абдалхамит Молдағалиев, Абдолла Толбаев, Хайралла Ибрахимов,
Закир Сералин, Ахмет Маметов, Ерғали Бейсов, Софалла
Ғабдолғазизов, Исмаил Тұрсынов, Тажәли Жұмалиев.
«Қазақ»: Бұрын «Қазақ» емлесін қабыл еттік деп жазған медресе Ғалиедегі қазақ
шәкірттерінің бұлардан басқа жартысы еді.
Орысша оқушылар
5-інші августа Орынбордағы киргизский учительский школаға кі-
ремін деп келген талапкерлерге емтихан болды. Кіруге келген 80 кісі еді,
оның жартысы қазақ, жартысы орыс балалары. Жаңадан аларлық қақында
әм степендия орны алтау-ақ екен. Келген 80 кісінің алтауынан басқалары
ауқаты көтерсе өз жанынан оқымақшы. Өз жанынан оқитындар пәтерде
тұрып, сонан келіп оқып жүреді, иә жылына 150 сом төлеп, школдан тамақ
ішіп, киім киіп, сонда жатып оқуға да болады. Бай адамдарға жылына
150 сом көп ақша емес, кедейлерге күшінен келмейтін көп ақша. Солай
болған соң дұрысы былай істемек еді: бай балалары өз жанынан оқып,
жарлы балаларына қазына орнын беру еді. Оны істейтін біздің Торғай
мен Орал облысында байлар жоқ. Қазына орнына бай балалары жарлы
балаларымен таласа кіреді. Қазақ байларының қалыбын істемей тұрған
Мамановтар көрінеді. Медреседе оқып жүрген балалардан зерек-зерек
балаларды таңдап алып, мұсылманша болсын оқу оқып қайтуға жібереді
екен. Сондай жіберген баланың бірі биыл киргизский учительский
школға кірді. Бұрын «Медресе Ғалиада» оқып, былтырдан берлі орысша
мұғалімдік ғылымын білу ниетпен учительский школа иә семинарияға
кіру үшін орысша оқыған екен. Талапкерлерге керекті ақшасын беріп,
оқуға жіберіп жүрген байлар да, олардың ақшаларын адалдап орнына
жұмсап жүрген бала да жарайды. Бір жыл орысша оқып, бірден соңғы
болып школға емтиқан еріп кірді. Жоғарыда айтылған алты бос орынның
үшеуі қазаққа, үшеуі орысқа екен. Маманов талапкер қазынадан тиісті
орнын емтиқаннан 5-інші болып келген бір жарлы баласына беріп, өзі
Мамановтардан алатын ақшасының 150 сомын төлеп, школада жатып
оқитын болды. Сөйтіп, биыл қазақтан келген қырық баланың төртеуі-ақ
50
кірді, басқалары өз күшімен оқуға ауқаты жоқ болған соң, қазына орыны
жетпеген соң еліне қайтты. Жылда учительский школаға 40-50 бала
келеді, төртеу-бесеуі, яғни оннан бірі кіріп, басқалары оқуға (қаржы)
таба алмай, еліне қайтады. Бұлар городской, губернский класты, селский
школа бітіргендер. Олар оқырлық орындар шамалы; учительский
школаға, семинария, адам фелдшері иә мал фелдшерінің школалары.
Торғай мен Орал облысында фелдшерлік школалар жоқ. Семинарияларда
қазақ степендиясы иә тіпті жоқ, иә бар болса аз, жоқ есебінде. Киргизский
учительский школада қазына орны 60, оның жартысы қазаққа, жартысы
орысқа деп, ол жағынан да үлкен ауыл үлкендігін қылатын көрінеді. Торғай
мен Орал облысының қазағы дендеп, көбірек оқитын орны киргизский
школа, бұған кіре алмай қайтқаны оқи алмай қалғаны. Бұлардың 5-6 жыл
оқып білгені шала-шарпы мұсылманша қат біледі, білмегендерінде ол да
жоқ. Переуотшик, қатшылық орын-морын табылса жарады, табылмаса
елде тұрып тіл де, жазу да ұмытылып, оқымаған қалпына түседі. Сана-
саңылау түскендей иә мұсылманша, иә орысша жете оқыған жоқ: «аз
білімін көпсініп, көп қазаққа епсініп», переуотшик иә қатшы болса,
пысықсып тікектейтіндер осылардан шығады.
Жоғары әм орта оқулыларымыз аз болса да, шолақ оқулыларымыз
тәуір бар. Ең аз болса әр облыстан шолақ оқумен қалатын қазақ баласы
50-60 болады. Бұлардың қызметке кіргендері қазаққа епсінумен болады,
үйіне тұрғанының оқығанынан жұрнақ қалмайды.
«Асыл тастан, өнер жастан» деуші еді, шырақ ұстап, жұрт алдына
түсіп, түзу жолға бастайтын адамдар шығар деп, үміт ететін жастарымыз-
дың жайы осы. Орысша оқығандарымыз дейтіні шолақ оқулылар болса,
оларға өкпе жүрер ме? Егерде оқығандарымыз деп жоғары иә орта
оқуларды айтса, олар тіпті аз-ақ есепте емес пе? Ұлт жұмысы – үлкен
жұмыс, үлкен жұмысқа көп жұмысшы керек. Үлкен үй салуға да қанша
жұмысшы керек, жеті облыс қазақтың жұмысы үй жұмысынан ұлығырақ
емес пе? Жұмысшы аз болса, жұмыстың өнімі де аз, көп болмақшы. Егер
де оқу іздеген талапкерлеріміздің қырықтан төртеуі ғана оқырлық орын
тауып, басқалары қаңғырып далада қалып отырса, жұрт жұмысшысы
көбейіп мандыр ма, жұмысшы көбеймесе, жұрт жұмысы ілгері басып
өнер ме? Алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу
жөн бе? Бұ да сол сияқты емес пе?
Сол қаңғырып қалып тұрған балалар ұлттың ұлы емес пе? Балам
деген жұрт болмаса, жұртым деген бала қайдан шықсын. Бала деп бағып
оқытып, адам қылғаннан кейін жұртым деп танымаса, сонда өкпелеу жөн
ғой. Аталық міндетін атқарып отырған жұрт жоқ, жұртқа борыштармын
деп жүрген қазақ баласы жоқ. Баққан қазына, қазынаға борыштармыз
деп жүр. Жастарды оқыту расходынан қашып, қазынаға борышты қылып
қойса, жастарда не жазық бар? Баланы ұлша тәрбиелесең ұл болмақшы,
51
құлша тәрбиелесең құл болмақшы. Айып...? Егерде осы күнгі орысша,
оқығандардың арасында жұртым... шығып жатса, жұрттың өткізген
... төлеу үшін емес, адамшылық о... басынан атқару үшін. Мойындағы
борышты білу білімі ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі. Білім
мен адамшылық екі басқа нәрсе, бірақ борышын білушілер көбейсе,
төлеушілер де көбейуі ықтимал.
Жоғарыдағы айтылған сөздердің ақтығы мынау: әуелі, қазақ, жұрт-
шылық етіп оқимын деген жастарыңды бүйтіп қаңғыртып қоймас үшін,
қам қылыңдар! Ол үшін әм жердегі оқитын орындарда көбірек стипен-
дия ашу керек, оны ашу қиын да емес, қымбат та емес. Баланы оқыту ата-
анасына ауыр болғанмен, жұртқа жеңіл. Екінші, стипендияларды түрлі
школдарда ашу керек. Қандай школдарда, қанша степендия ашу әм...
Мұсылман сиезі
Мұсылман сиезі қараған закон жобасында жазылған екен, рухани
мекемелерде қағаз татарша тілмен жазылсын деп. Бұл біздің қазақ
жұртына ыңғайсыз екені көзге көрініп тұр. Түрік затты халықта біздің
қазақтай бір жерде тізе қосып қалың отырған іргелі ел жоқ. Біздің тілді
біздің қазақ жерін араламаған мұсылман бауырларымыз қайдан білсін,
біз кітап жазып, журнал, газет шығара бастағанымыз осы 3-4 жылдың
ғана арасында. Анық түрік затты халық тілі біздің қазақта...
Абай, Шәкәрім, Міржақып, Мағжандай ақыны бар, бір жерде тізе
қосып отырған 5 миллион қазақтың тілі қалай жоқ болады. (Бұл жоғарыда
жазылған ақын сөздері сиезде сөйленген жоқ).
Біздің қазақ осы тілін тастап татарға мінгескені адасқандық болар,
біз – қазақ, татар тіліне шорқақпыз, татар тілі деген тіл тағы біреу емес.
Кавказ, Қырым аулындағы татарды Қазан татарымен сөйлестірсе, бірін-
бірі ұға ма, жұртқа ыңғайлы болу үшін рухани мекеме қағазы һәр облыста
һәр жұрттың өз тілімен жазылсын дедік Жаһаншаһ екеуіміз.
Қағаз тілі бір болса, мұсылман бірігуіне жақсы, законда татар тілі
болсын деп көріне сөйлеген хазірет Хасан ғата, өзге хазіреттер де
Хасан ғата пікірін қабылдайтын көрінді. Бахытжан ағамыз қазақта тіл
жоқ деді. Көп таластан кейін сиез рухани мекеме қағазы «татар-түрік»
тілімен жазылсын деді. Біз қазақ тілі законға жазылсын деп қарыса
алмадық, бүктемеде қалатын болған соң. Жығылатын болған соң,
«түрік» дегеннің ішіне кірдік қой деп тоқтадық. Түбінде біздің қазақ
тілі, бізбен тіл тұқымы бір, өзге мұсылманды байытпаса, бір-бірімізге
қоңсы қонбаймыз ғой. Ғұмыр жүзінде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар:
Абай, Ахмет, Мир Якуп, Шаһкерім, Тарғыннан һәм өзгелерден бұл
көрініп тұр ғой.
52
Закон жобасында жазылған екен, әйел 13 ке толса некеге шарт
болсын деп. Талғат, доктор Құсайынбек Ағаев 13 жаста адам баласы өсіп
жетілмейді, бала көтеруге жарамайды, 13 жасар қыздың күйеуге тиюі
үлкен зиян, 13 жаста ақылда тола ма, 13-тегі бала не шаруа басқарады,
законда неке шарты 16 жас болсын деді. Талғат һәм Құсайынбекпен
ақсақал хазіреттер көп тартысты, 13 жас шариғатқа дұрыс, 16 болса ша-
риғат бұзылады деп. Депутат Жағыпаров айтты: Кавказда әйел баланы
бөрікпен ұрып, жығылмаса, неке қиып алады, бұл да шариғат болғаны
ма? Ақырында Ғұмыр құдіреті хазіреттері бүктеп, законда неке шартына
әйел жасы 16, ер жасы 18 болып жазылды.
Муфтиге қандай өнерлі кісі лайық деп сөз болғанда, муфти орнына
сайлау шарты мынау болсын: дін туралы кітап жазып, кітабын сынға
салып, бәйге алған кісі ғана сайлансын, мына Европа университетінің
ғұламасының жолы сияқты деп едім. Маған жалғыз Мосы әпенді
қосылды. Біз бүктемеде қалдық.
Сералы Лапин рухани кісілер атқаратын билік туралы сиез алдында
закон жобасын таратқан еді, бұл жоба бүктемеде қалғандай болып, закон
жобасын қарайтын кісілер қолына тапсырады. Сералы закон жобасын
мында жазуға уақытша қалам мүжіліп тұр. Жиһанша біздің мұсылман
рухани істері ішкі министрден тысқары, суд министрі икемінде болсын
деп еді , бұ да бүктемеде қалды.
Әлихан
Қазақша оқу жайынан
Қазақ ішінде әр жерде бала оқытатын адамдардан бала оқытуға
програмы (жосық) көрсетілсе екен деген өтініштер келеді. Бұл күнде
қазақ арасындағы оқу жосықсыз һәм жосық жасауға болмайды да. Өйткені
қазақтың бастауыш мектебінде оқитын кітаптар белгіленбек түгіл, әлі
шыққан да жоқ. Жаңа ғана әліппе шыға бастады. Оның да қайсысы
оқылары белгіленген жоқ. Әліппеден әрі оқытатын кітаптар әлі шыққан
жок. Дін жайынан оқытатын, есеп оқытатын, жағрафия һәм тарихтан
қысқалап хабар беретін кітаптар әлі жоқ. Сондықтан програм деген сөз
әзір ертерек. Әуелі бала оқытатын кітаптарымызды түзеп, сайлап алып,
сонан соң неден бастап, неге шейін оқытатынымызға жосық белгілеуге
дұрыс.
Бұл сөзді қоя тұрып, мұнан бұрынырақ ескеретін бір жұмыс бар. Ол
мынау: бір нәрсені істегенде сол істі істей білетін адам істесе, шапшаң
да, жақсы да істейді. Бұл жалғыз қол ісі емес, ми ісіне де солай. Мал
бағатындар мал бағуын жақсы білерге керек, ел бағатындар ел бағуын
жақсы білерге керек. Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге
керек. Бала оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін
53
нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, баланың табиғатын біліп,
көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан
бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге
керек. Баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі халынен хабар аларлық болу
керек. Ол үшін бала турасындағы ... керек. Бұл күнгі ғылымды жұрттарда
бала оқыту жұмысы бала оқыту ғылымын оқуға шыққан адамдардың
қолында. Сол ақылға да дұрыс. Содия содиялық ғылымды оқығаннан
болғанда, доқтыр доқтырлық ғылым оқығаннан болғанда, мұғалім
мұғалімдік ғылымын оқып шыққан адамдардан болуы тиісті.
Біз болысымыз, басқа жұрттың болысындай, елді баға алмайтын
мінін айтып жатырмыз, билерімізде содиядай әділдік жоқ, мінін айтып
жатырмыз, дәрігерлеріміз, бақсыларымыз доқтырдай ауруды емдей
алмайтын мінін айтып жатырмыз, халқымыздың басқа жұрттай білімді
емес, надандық мінін де айтып жатырмыз. Бұлардың мінін айтқанда бала
оқытуымызда қандай мін барын да айтып, әуелі біз елді түзеуді бала оқыту
ісін түзеуден бастау керек. Неге десек, болыстық та, билік те халықтық та
– оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде
оқумен түзеледі. Бүл күндегі үлкендердің біздің жаңалық ісімізді
жатырқап, жаңалық пікірімізді түсінбей, айтқанымызды тыңдамай,
істегенімізге қосылмай отыр. Олар өтіп, кейінгі жастарымыздың да
заманы жетер. Жаңалыққа жастар мойнын бұрып қайырылар, халық
түзелуінің үміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай
тәрбиеленуі бәрінен бұрын ескеріліп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс.
Қазақтың оқу жұмысы бұл күнде школада: қазақ балаларының
бір парасы орысша оқып жүр, бір парасы ескі молдалардан оқып жүр,
бір парасы соңғы замандарда ғана жаңа жолмен оқи бастады. Орысша
оқығандарды оқыту һәм тәрбиелеу ғылымы оқыған адамдардың қолында.
Орысша оқу орыс қолтығында тұрған жұртқа керек, керек болғанда
қазақша оқығанның үстіне керек. Қазақша оқи, жаза білген соң, шама
келсе орысша да білу қажет. Ескі жолдың оқуын сөз қылып, қозғамаймын.
Бүгін бар, ертең жоқ болатын нәрсе. Дүния тегеріші кейін айналмайды.
Ескі мен жаңаның (оқытуға) шыдамдылығы бірдей емес. Ескі әлі-ақ
тозып, жыртылып, пара-пара болып, тұтынудан шығады.
Жаңа жолдың оқуы жаңа оқып шыққан жас мұғалімдердің қолында.
Бұлардың күштері тың, білімдері соны, пікірлері жаңа. Ниеті – жұртына
қызмет ету. Бұлар білгенін, тапқан-таянғанын жұртынан аяп қалатын
емес. Қазақтың бастауыш мектебіндегі жұмысын қолдарына алуға лайық
адамдар. Әр жайдан хабардар, дүниеде не істеліп, не қалыпта тұрғанынан
бұлардың мағлұматы мол. Қысқасы, қазақ арасына білім нұрын жаюға
нағыз қолайлы адамдар.
Бұлардың бір кемшілігі сол: бала оқыту ғылымын оқығандары ішінде
кем болады. Сондықтан көбіне бала оқытуында кемшіліктері – қазақ
54
мұғалімдері түгіл, ноғай мұғалімдерінің көбі дыбыс айыру жағына шорқақ
көрінеді. Дыбысты жақсы білмей, усул сотие жолымен жақсылап бала
оқытуға болмайды. Менің көрген медресе «Ғалия», медресе «Хұсиниядан»
шыққандардың азы болмаса, көбі қазақ тілінде қанша һәм қандай дыбыс-
тар бар екенін жақсы білмейді, көбі қазақ тіліндегі дыбысты араб хары-
фына қарап есептейді. Араб харыфы дұрыс келмейтін дыбыс қазақ тілінде
де бар болса да, жоққа санайды. Қазақ тіліндегі дыбысты жақсылап біл-
мей, қазақ балаларын усул сотие жолымен жақсылап оқытуға болмайды.
Екінші кемшілігі – қазақ мұғалімдері де, қазақ ішінде бала оқытатын
ноғай мұғалімдері де оқуды дыбыспен жаттықтырудан бастамайтын
көрінеді. Ол дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге
пайдасы көп екенін я білмегендік, я білсе де істеп көрмегендік. Дыбыспен
балаларды жаттықтыру – оқу мен жазу үйретудің негізі. Істің басы түзу
басталса, барысы да түзу болмақшы.
Осы айтылған кемшіліктерін түзеу мұғалімдерге қиын емес. Қазақ
тіліндегі дыбысты қазақ сөздерінің ішіндегі дыбыстарды айырып
байқаумен білуге болады. Дыбыспен жаттықтыруды олай оқыта білетін
адамдардың оқытқанда істеген ісінен көріп үйренуге болады я білетін
адамдардан 10-15 күн сабақ алып үйренуге болады.
Бұлардың бәрі де балаларды қинамай оңай оқытуға керек нәрселер.
Қиналмай оқыса, оқуға балалар қызықпақшы, балалары тез хат білсе,
ата-аналары балаларын оқытуға ықыластанбақшы. Ата-анасы баласын
оқытуға ықыластанса, оның оқуына керек расходты шығынсынбас
еді. Сөйтіп, мұғалім жақсы оқыта білгені қазақ ішіндегі оқушыларды
көбейтіп, оқу ісінің шапшаңырақ ілгері басуына күш берер еді.
Бастауыш мектеп
Қазақ бастауыш мектебі қандай боларға керек? Бұл туралы ашылып
пікір айтылған жоқ. Петерборда болатын мұсылман кеңесінде мектеп
мәселелері қаралмақшы, оған қазақтан баратын адамдар қазаққа қандай
мектеп керек екендігін біліп барарға тиіс. Сондықтан «Қазақ» өз пікірін
айтып, жұрт құлағына салмақшы. Осы кезде қазақ балалары оқуды
екі түрлі бастап жүр. Біреулері оқуды ауылдағы мектептен бастайды,
екіншілері ел ішіндегі орыс школасынан бастайды, Солай болған соң,
қазақтың қазіргі бастауыш мектептері осылар дейміз. Қазақ бастауыш
мектебі қандай болу керек деген мәселені шешерден бұрын, осы күнгі
тұтынып отырған бастауыш мектептердің жарамды, жарамсыздығын
тексеріп, сонан соң керек мектебіне түрлі болу жайын сөйлеу тиіс.
Әуелі ауыл мектебінен басталық. Осы күнгі ауыл мектептерін мектеп
деп айтарлық емес. Оқуға керек құрал жоқ, оқыта білетін мұғалімдер
аз. Сонда да қазақша қат білушілердің проценті мұжықтардан жоғары.
55
Осы күнгі тек қат жаза білетін қазақтардан бастап, газета, журнал,
кітап шығарып жатқандарымыздың бәрі де сондай мектептен оқып, қат
танып, жазу үйреніп шыққандар. Мұнан көрінеді: осы күнгі мектептер
осыншама жайсыз, күйсіз қалыбында қалық арасына оқу, жазуды
мұжықтар арасынан гөрі көбірек жайып атқаны, бұл мектептің халыққа
жақындығы, балалар білімді ана тілімен үйренгендігі.
Алайық енді орыс школаларын. Қазақ арасындағы орыс школалары
ауылнай, болосной екі класты школалар. Бұлардан бітіргендер ілгері
оқымаса, онда жоқ болып, шала оқумен қалады. Елде бір-екі жыл
тұрса, оқығанның көбінен айырылып, оқымағандармен бірдей болып,
оқыған еңбек бос кеткен есебінде қалады. Бұл күнде екі класты школа
бітіргендерден ауылнай учитель, писарь болып жүргендері бар екені рас,
бірақ бастауыш мектепте үйренетін білім жұрттың бәріне тегіс керек
ғой. Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектепте
үйренетін білімдер де сондай керек. Осы заманда қат білмеген адамның
күйі тіл иә құлағы, иә қолы, жоқ адамның күйімен бірдей; мұнан былай
қат білудің керектігі онан да аспақшы. Бастауыш мектептен оқығандар
писарь, учитель, фелдьшер, адуокат, содиа, инженер, агроном болар
демей, ең әуелі, қазақша толық қат білетін дәрежеде болуын көздеу керек.
Екінші, бастауыш мектептен үйренген білім әрі оқимын дегендерге
негіз боларлық жағын көздеу керек. Егерде бастауыш мектептен оқып
шыққандар ілгері оқымай, үйінде қалса, ұлт әдебиеті мен мәтбуғатының
мүлкін пайдаланарлық даражалы біліммен қалсын. Әр оқимын деген
қалде: мұсылманша оқыса, бастауыш мектеп оқуы артқы оқудың
негізі болуға жарасын; орысша оқыса, орысша үйренудің қиындығын
жеңілтерлік демеу әм негіз болуға жарасын.
Жоғарыда айтылған қазақ ішіндегі осы күнгі екі түрлі бастауыш мек-
тептің екеуі де көңілдегі мектептердің түрінен табылмайтын мектеп-
тер. Бірінде оқуға керек құрал жоқ, тәртіп жоқ, мөлшер жоқ, жоспар
жоқ. Халық оқуды керек қылғандықтан, жаман да болса, «жоғынан
бары артық» дегенмен істеліп отырған іс. Екіншісінде, яғни, орысша
школаларда тәртіп те бар, құралдар да сай, мөлшер, жоспар бәрі де бар.
Бірақ, сонысына қарай пайдасы аз. Олардың пайдасын кемітіп отырған
бір-ақ нәрсе: қазақты орысқа аударамыз деген пікір бәрін бүлдіріп
отырған. Сол школалар арқылы қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне
түсіреміз дейді, қазақ тұтынып отырған араб әрпін тастатып, орыс әрпін
алдырамыз дейді. Сол үшін әуелі, балалар ана тілімен оқымай, орыс
тілімен оқысын, ана тілімен оқыса да, орыс әрпімен оқысын дейді. Соның
үшін біреулері ана тілінде оқыған аты болу үшін қазақ тілінде орыс әрпі
басылған кітаптардан бастап оқытып, әрірек барған соң, кілең орысшаға
түспек керек дейді. Бұлар еппен қайырмалаушылардың жолы. Біреулері
еп-септі қойып, бірден орысша оқыту керек дейді.
56
Өткен жыл 14-ші ийуінде патша жарлығы бойынша шыққан прау-
илада Ресейдегі бөтен текті жұрттардың мектебінде бастапқы екі жыл
ана тілінде оқылсын деген. Ол прауилаға Оқу министрі қол қойған.
Оның бер жағында Қазақ округінде бір инспектор попетшителге жазған:
учительдер шуваш балаларын шубаш әліппесімен оқытпай, бірден орыс
әліппесімен оқытқанды оңай көреді деп. Оны попечител министрге
жеткізген. Министр енді жазып отыр: шубаш мектебінде орыс әліппесі-
нен бастап оқытқанды бек ұнаттым, бек келісті іс екен – деп. Сүйтіп,
шубаш балаларын шубаш тілімен әм шубаш әліппесімен оқытпай, бірден
орыс тілімен, орыс әліппесімен оқытуға министр батасын беріп отыр.
Бастапқы екі жылда ана тілімен оқытуға тиіс деген прауилаға қол қоюшы
да министр, онан кейін ана тілімен оқытпай, бірден орыс тілімен оқытуды
ұнатушы да министр. Бұл екі қағаздың қайсысы іске асып, қолдануда
болмақшы? Қайсысы хүкіметке жағымды болса, сонысы іске аспақшы.
Хүкіметке жағымдысы қол астындағы жұрттың жазу-сызуы, тілі, діні
бір болу. Ресей қол астында түрлі тілді, түрлі дінді, түрлі жазу-сызуды
тұтынып отырған жұрттар бар. Солардың бәрі тілін, дінін, жазу-сызуын
орысқа аударса, хүкіметке онан артық ұнамды іс болмас. Сондықтан 14-
ші ийіунде министр қол қойған прауиланы 16-нші ноябрьде министрдің
жазған қағазы жеңбекші. Ондай прауилалар іске аспай қалу үшін, бір
миссионер инспектор жазса, болғаны: өз әліппесімен, ана тілімен оқытып
отырсақ, қай уақытта жазу-сызу, тілі жоғалды? Тегі, бөтен жұрттар
тілінен, жазу-сызуларынан айырылып, орыспен бірдей болып сіңісу үшін,
бірден орыс тілімен оқыту керек – деп. Бастапқы кезде ана тілімен оқыту
тиіс деген сөз 1906-нші жылғы 31-нші март прауиласында бар еді. Осы
күнге шейін ауылнай, болосной екі класты бастауыш мектептерде қазақ
әліппесімен қазақша басталып оқылғаны еш жерде естілмейді. Себебі
не? Прауила бойынша қазақ тілі мен қазақ әрпінен бастап оқыт деген
отырған балалардың ата-анасы жоқ. Халықтың өз тілімен, өз әрпімен
оқығанын әкімдер жақтырмайтын болған соң, учительдер өз беттерімен
ана тілмен, ұлт әрпінен бастап оқытамыз дей қоймайды. Сөйтіп прауила
қағаз жүзінде бар болса да, іс жүзінде жоқ. Бұл айтылғанның бәрі де
хүкімет өз пайдасын көздегендіктен істеліп тұрған істер. Бастауыш
мектептер жалғыз хүкімет пайдасы үшін болмай, қалық пайдасы үшін
де боларға керек. Хүкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде,
бір дінде, бір жазуда болу, әр қалыққа керегі өз діні, тілі, жазуы сақталу.
Солай болған соң, бастауыш мектеп, әуелі, миссионерлік пікірден,
политикадан алыс боларға керек, яғни қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық
пікір, суық қолдан тыныш боларға керек. Қазақ дінге нашар күйден
өткен, енді қазақты басқа дінге аударамын деген құр әурешілік. Қазақты
дінінен айыруға болмаса, жазуынан да айыру болмайтын жұмыс. Араб
әрпі ислам дінімен бірге келіп, қазаққа орнаған. Дінмен байласқан жазу
57
дін жоғалмай, жоғалмайды. Қазақта газета, журнал, кітаптар жоқ кезінде
жоғалмаған тіл газета, журналы шығып, кітаптары басылып, жылдан-
жылға ілгері басып келе жатқанда, қазақ тілі жоғалмас.
Олай болса, мектеп арқылы қазақтың дінін, тілін, жазуын жоғалтып,
орысшаға аударамын деген пікірден хүкімет безіп, тиісті бастауы мектеп
екі жаққа да зиансыз, пайдалы болуын көздеу. Солай ойлағанда, көңілге
ұнамды мектептің түрі, біздің ойымызша, мынау: Бастауыш мектептер
оқуы қазақ үшін 5 жылдық боларға. Әуелгі үш жылда балалар кілең
қазақша оқу. Соңғы екі жылда кілең орысша оқу. Мұжық жөнімен қала
болған қазақтар бар, қазақ ретімен қала болатын қазақтар да болар.
Қыстаулары жиын қазақтар да бар, қыстаулары сирек қазақтар да бар.
Солардың бәріне бастауыш мектеп қолайлы болуға тиіс. Бәрінің де оқиын
деген балалары, мектеп жағынан қолайсыздық болып, оқи алмай қалатын
болмасқа тиіс. Сондықтан, әуелі, қазақ бастауыш мектебі екіге бөлінерге:
Келіп оқитын, жатып оқитын мектептер. Келіп оқитын мектептер қала
болған, яғни қыстауы жиын жерлерде болу, жатып оқитын мектептер әлі
сирек отырған жерлерде болу.
Екінші, қыр мектебі әм қала мектебі болып бөлінерге. Қыр мектебі –
ауыл мектебі, болос мектебі болып, о да екіге бөлінерге, ауыл мектебінде
кілең қазақ тілінен оқылатын үш жыл оқу оқыларға, қалғаны кілең
орысша оқылатын екі жыл болос мектебінде оқыларға (тиіс). Болос
мектебіне ауыл мектебінде бітіргендер алынарға (тиіс). Қала мектебі
қаланың үлкендігіне қарай үш жылдық, бес жылдық оқулы боларға
(тиіс). Жатып оқитын ауыл мектебі мен болос мектептеріне келіп оқи
алмайтын балаларды ғана жатып оқитын есепке алуға (тиіс). Бастауыш
мектепте кілең қазақ тілінде үйретілетін нәрселер: оқу, жазу, дін, ұлт
тілі, ұлт тариқы, есеп, жағырапия, шаруа-кәсіп, жаратылыс жайы.
Бастауыш мектептің кілең орысша оқитын екі жылында үйретілетін білім
гимназиясының яки реальный мектептердің төменгі кластарына кірерлік
болу тиіс. Бастауыш мектептер осындай болса, бұлардан әрі мұсылманша
иә орысша оқыту үшін қазақ балаларының бастауыш мектепте үйренген
білімі негіз болуға жарайды.
Ахмет Байтұрсынов
Ішкі хабарлар:
Достарыңызбен бөлісу: |