Қазақстан Білім комиссиясының 31 декабрь, 5 январь,
20 февральдағы мәжілістерінде қабылдаған пән сөздері
І. жүсіпбек «Психологиясының» сөздері:
Улитка
Құлақ қошқар
Сетчатка
Сәуле түрі
Лабиринт
Құлақ иірімі, лаберент
Кортиев орган
Дыбыс тиегі, көрті мүшесі
Тон
Үн, тон
Горчица
Гаршес
Артист
Артес
Антропология
Адам табиғаты ғылымы, антропологие
Физиономика
Келбет ғылымы
Агафия
Тілсіздік ғылымы
230
Аграфия
Жазуды ұмытып қалу
Безсознательное мышление
Санасыз ойлау
Анализатор
Саңлау мүшелері
Дрожжи
Ашытқы
Энзим
Ензім
Оплодотворение
Бала біту
Туфельки
Тупелки
Половая железа
Бел безі
Ион
Ион
Алкогол
Есірткіш
Студень
Ұймал
Секреция
Бездымы
Нейрон
Нейрон
Нерв
Нерв-жүйке
Апперцепция
Аперсепсие
Совокупление
Шағылысу
Инфузорин
Инпузор
Психология
Психология
Метафизика
Құрғақ даналық
Субстанция
Субстанса
Эмперического
Тәжірибелі
Актуальная теория
Амалдық қисын
Биология
Тірлік ғылымы
Популярный
Әйгілі
Инстинкт
Соқыр сезім
Поведение
Қылық
Мимика
Ым
Пантомима
Ымдасу
Раздражение
шіміркену
Теория вероятности
Болжал қиыс
Атавизм
Тегіне тарту
Перстонка
үлдірік
ІІ. Денсаулық комиссариятының ұсынған пән сөздері
Свинка
Шықшыт безшуі
Рожа
Тілме
Крупп
Баспа
Гнилосное и гнойное заражение
Ушығу
Острый сочленовный (суставн) ревматизм
Буын сарсығы
Ревматизм
Сарасық
Цынга
Құрқұлдақ
Чума
Шума
Проказа
Алапест
Сибирская язва
Күйдіргі, түйнеме, жамандату,топалаң
Сап
Маңқа
Круппозная пневмония
Өкпе қағындысы
Англиская болезнь
Ит тию
Анемия
Қан аздық
Рак
Қарасүйел, қылтамақ, жегі
Соркома
Жаманжара
Глисты
Жыланқұрт
Эхинококк
Бауырқұрт
Антинимикоз
Антинимикоз
Чесотка
Қышыма
Парша
Таз
Душевная болезнь
Алмасу
Ушибы
Жарақат
Рана
Жара
Отравление
Улану
Бугорчатка легких
Көкірек ауру
Гуммозный сифилис
Мерез, сиплис
Сифилис
Сиплис
Перелой, триппер
Соз
Лихорадка
Безгек
Комиссия ағасы: Ахмет.
Хатшысы: Елдес.
Мүшелері: Сейтәзім, Нәзипа.
Мәжіліске шақырылып келгендер: Міржақып, Жүсіпбек Бірекешұлы
«жАС ТҮрКІСТАн» журнАЛЫ
(1929–1939)
«Жас Түркістан» журналы Парижде, Берлинде 1929–1939 жылда-
ры жарық көрді. Басылым: «Біз, Түркістан тәуелсіздігін ту етушілер,
еліміздің еркі және жұртымыз Түркістанның бостандығы үшін күре-
семіз!» деп өзінің күрескерлік бағытын жариялады.
Журналдың бас редакторы – тұлабойы өз елінің азаттығы үшін
күрескерлік рухқа толы алаштың азаматы Мұстафа Шоқай. Саяси
қуғын-сүргінде жүріп шығарған «Жас Түркістан» журналы халықара-
лық деңгейдегі басылым болды деуге толық негіз бар. Бұл сөзімізді жур-
налдың 1931 жылғы 25-санындағы: «Жас Түркістанның» тек Еуропа мен
Түркияның белгілі жерлерінде ғана емес, соған қоса Иран, Ауғаныстан,
Қытай, Жапония, Сирия, Арабстанда да оқырмандары бар. Жақында
ғана біз Хижазда тұрушы жерлестерімізден де хат алдық. Ол хатта
Еуропада өз ана тілімізде Түркістан ұлттық тәуелсіздігі міндеттеріне
сай келген бір журналдың шығып тұрғандығына сүйініштерін жасыра
алмаған. ... Москва, Тблиси сияқты үлкен совет орталықтары да «Жас
Түркістан» абоненттері» – деген жазбалар айғақтайды.
«Жас Түркістанда» Мұстафа Шоқай советтер еліндегі ұлт істері
мен оларға қатысты идеология жұмыстарындағы кемшіліктерді батыл
сынады. Өзінің отаршылдыққа қарсы антибольшевиктік күрескерлік
мақалаларын жариялады.
Халықаралық «Жас Түркістанда» шетел хабарлары мен олардың
қоғамдық-саяси хәлдері кеңінен жазылды, совет режимінің отаршыл-
дық ұстанымы мен халықаралық қатынасы талданды. Түркістан хабар-
лары да тұрақты беріліп тұрды.
Жалпы, журнал мақалалары «Саяси бөлім», «Әдеби бөлім»,
«Хабарлар бөлімі», «Шет өлкелерде», «Кітабият» деген бөлімдерге
топтастырылды.
233
Түркістанда
Қазақстанның оқу-ағарту комиссариаты тарапынан мектепте оқыту
туралы шығарған қарардың маңызды бір түйінін (7-тармағын) еш
өзгеріссіз жариялаймыз:
«Орыс тілі Қазақстанда мемлекет тілі; орыс тілі қазақ пролетариаты-
на, қазақ жұмысшыларына басшылық жасап тұрған орыс пролетариаты-
ның тілі. Орыс тілі ғылым-техника саласында жер жүзіндегі ең бай тіл.
Орыс тілі қазақ жұмысшыларының ең керекті тілі. Сол үшін орыс тілін
білу Қазақстанның әрбір жұмысшысына міндетті. Осы жағдаймен қазақ
мектебі оқушыларына орыс тілін жақсы үйретіп шығарған уақытта
ғана совет мектебі бола алады. Орыс тілін жақсы үйреткенде ғана қыз-
метшілерге болған мұқтаждығымызды қанағаттандырып, қоғамдық
құрылыстың құралы бола алады. Сол себепті қазақ мектептерінің (ең
кешіккенде бастауыш мектептердің 3-сыныбынан бастап) орыс тілі
міндетті пән болып оқытылып, маңызды орын алуы керек».
«Еңбекші қазақ» газетасының 19-март 1930 жылғы санында басыл-
ған қарардың бұл түйіні орыс большевиктерінің ұлт, халық қалауымен
пролетар мәдениетін жасаймыз деген шараларының іс жүзіндегі бет-
пердесін айпарадай ашып көрсетеді.
Журналымыз қатталып жатқан тұста тілшімізден төмендегі хабар келді:
«Соңғы уақыттарда Түркістанның әр жерінде маңызды оқиғалар орын
алуда. Ұлттық тәуелсіздік әрекетінің күш алуы совет үкіметін састырып,
ұлттық зиялыларға қарсы қатал шаралар қолдануға мәжбүр етуде.
Атқарушы қызметтегі адамдардың кейбірі қашқан, кейбіреулері қамауға
алынған. Түркістан базарларында азық-түлік табу қиындасқан. Кез-кел-
ген затты алмақ үшін арнайы комиссионнан берілетін талон қажет. Ал
бұл талондармен керекті затты алу ине көзінен түйе өткізгендей қиын!...»
Түркімендер арасында совет үкіметіне қарсы наразылық ұлғаюда.
Колхоздарға халықты зорлап кіргізу нәтижесінде Иран шекарасына
жақын жерлердегі түркімендерден қашып шығушылар көбеюде. Соңғы
шамада 5-6 жүз құралды түркімен жігіттері Иран топырағына өткен.
жаңа түрік латын әліппесі
(Түркістаннан арнайы хаттар)
Май айының 6-күні Алма-Атада Совет Одағындағы түріктердің
«Жаңа әліппе комитетінің» ІV сессия мәжілісі ашылды. Латын әліп-
песі төңірегінде болып өткен күшті күрестер өздеріңізге мәлім. Латын
әліппесінің алғашқы нұсқаушысы болған патшалық Россия үкіметі ауыл-
шаруашылық министрінің қызметкері болған әрі үкімет большевиктер
қолына өткенде бір түнде коммунист болып, Советтік Россияның адал
234
қызметшісі қатарына кіріп алған азербайжандық Ағамғылыұлы еді. Латын
әліппесіне ең күшті қарсылық көрсеткен қазақтар мен татарлар болды. Ең
соңында бұл жерлерде де латыншылар жеңіске жетті. Латыншылдардың
табысты болуына Түркияның латын әліппесіне көшу туралы қарарының
үлкен әсері болды.
Советтік Россиядағы түрік нәсілдері арасында латын әліппесінің
түрлі үлгілері ұсынылды. «Сауаттылық» танытатын, көбінше сауатсыз
«жауапты жұмысшылар» өзінің төңкеріс жақтаушысы екенін танытпақ
үшін латын әліппесін жанын сала ұсынды. Әрбір «түрік ұлты» (1) өзіне
жеке әліппе шығара бастады. Орталық «қарбаластанып», ешбір нәрсе
«естімес» болып кетті. Өткен жылдың август айында советтік Россиядағы
бүкіл түркілер үшін «ортақ әліппе» жайында декрет шықты. Бұл әуелгі әр
ұлт үшін жеке әліппеге қарағанда алға қарай жылжыған тым жақсы қадам
еді. Алма-Атада жиналған Советтік Россиядағы бүкіл түркілердің әліппе
комитеті өкілдері Совет Орталығынан жаңа әліппенің қолданылуына
берілген бұйрықтың барлық «ұлттық» Республикалар жағынан қабыл
етілмегендігін және іске асырылмағанын көрсетті.
Мысалы, латын әліппесін бірінші бастаған совет Азербайжаны ескі
латын әліппесімен басылған көптеген әдебиет әрі мұралары болғанын алға
тарта, ортақ әріптен бас тартады. Басқа «ұлттық» совет Республикалары
жалпылық жағынан жаңа әліппені қабыл етті. Тек бас әріптер мәселесі
жаңа әліппенің қабылдануына кедергі болып тұр. Советтік Қырғызстан
қайраткерлері: «біз пролетарлар мемлекеті бізде ешбір жеке тұрар тап
жоқ. Біз манаптарды бітірдік. Үкімет халық өкілі «батырақ», диқан және
жұмысшылар қолында. Совет әліппесі де сондай болуы керек. Әліппенің
бүкіл әріптері де «батырақтар». Мұнда ешбір «манап» – ерекше – әріп
болмауға тиіс. Сондықтан біз бас әріптерге қарсымыз» сияқты жартылай
шын, жартылай әзіл пікірлерімен жаңа әліппенің бас әріптер мәселесіне
қарсылық танытты.
Енді біраз Советтік Россиядағы түрік Республикаларында жаңа
әліппенің шарт-жағдайы жайлы сөз қозғайық.
Қазақстаннан бастасақ:
Бірінші басқыш мектептер түгелдей жаңа әліппеге көшкен. 2 басқыш
мектептер үшін жалғыз қоғамдық сабақтар ғана жаңа әліппеде басылған.
Осы жылдың 4 октябрінде, яғни Қазақстан Советтік Республикасының
он жылдық мерекесіне шейін Қазақстан халқының жүзден он бесін жаңа
әліппемен сауаттандыруға тырысуда. Күнделікті баспасөзден «Қызыл
әскер» газетасы, «Жаңа мектеп» және «Жаршы» журналдары, 1928
жылдан бастап «Әйел теңдігі», «Жаңа әдебиет», «Қызыл Қазақстан»
журналдары осы жылдың февраль айынан бастап дерліктей жаңа
әліппемен шығады. Май айының 5-нен бастап бүкіл қазақ газеталары
2 бетін латын әріптерімен теруге мәжбүр. 4 октябрьден бастап барлығы
латын әріптеріне көшірілмек.
235
Өзбекстан латындастыру ісінде басқа Республикаларға қарағанда көп
артта. Ол жердегі жаңа әліппемен сөйлейтіндердің саны 50 мың, яғни
халықтың жүзде 12 пайызын ғана құрайды. Осы жылдың басынан бүкіл
мектептер жаңа әліппеге ауысты. 1927 жылдан осы жылдың мартына
дейін Өзбекстанда 3 миллион 140 мың таралыммен 520 түрлі материал
басылған.
Түркіменстан латындасуда ең алда тұрған Республикалардың бірі. Ондағы
бүкіл күнделікті және басқа басылымдар көптен латын әрпінде шығады.
Халықтың жүзде оны осы жаңа әлпбиді қолданады. Бүкіл мектептер жаңа
әліпбимен оқытылады әрі 1887 мұғалім жаңа әліпбимен дайындалған.
Қырғызстан осы жылдың июнінен бастап жаңа әліпбиге көшпек. Жаңа
әліппемен 91,537 сауатты кісі бар (жалпы қауымның жүзден он үші). Жаңа
әліппеде оқыта білетін 2.8145 мұғалім әзірленген. Қырғызстанда бір ғана
қолбайлау болса, ол да ондағылардың бас әріп мәселесіндегі қарсылықтар
(қырғыз жауапты қызметкерлері бас әріпке «манап қаріп» дейді).
Тәжікстан бұл тұрғыдан ең артта қалған. Мәжілісте Тәжікстанның жаңа
әліппені жүзеге асыруындағы жетістіктері көрсетілмейді. Тек Тәжікстанның
да басқа бауырлас Республикаларды қуып жетуі хақында үміттер айтылған.
Татарстан осы жылдың басында жаңа әліппеге көшті. Басында айтыл-
ғандай татарлар латын әліппесіне көшуге күшті қарсылықтар көрсетті.
Алайда соңында бәрібір қабылдауға мәжбүр болды. Қысқа ғана уақыт
аралығында зор жетістіктерге жетті. Татарстандағы жаңа әліппемен сауат-
тылардың саны 276 мыңға жеткен. Барлық баспасөз латын әріптерінде.
Башқұртстан ағымдағы жылдың июль айынан бастап латын әріптері-
не көшпекші. Барлық мектептер латындасқан. Жаңа әліппемен әзірлен-
ген мұғалімдердің саны 2.025- ге жеткен.
Қырым латындастыру ісінде ең алда тұрған совет Республикалары-
ның бірі. Жұртшылық қауымның жүзде отызы жаңа әліпбимен сауат-
танған. Үш журнал, екі газета жаңа әріптермен шығады.
Латындастыру әрекетін бұрын бастаған Азербайжан бұл жолда көп
табыстарға қол жеткізді. Мұндағы бірлескен әліппе мен бас әріптер
мәселесіне қарсылық көрсетіліп тұрады. Халықтың жүзде 24 пайызы
яғни 581 175 кісі жаңа әріптермен сауатты. Латын әліппесі қабылданған
уақыттан 1929 жылдың октябрь айына дейін Азербайжанда 3 миллион
445 мың 700 таралыммен түрлі баспасөз басылған.
Гүржістан, Армения түрік қауымдары да түгелдей жаңа әліппеге
көшті.
Аткелтір
1
Москва үкіметі әрі кейбір орыс «ғалымдары» түріктерді бір-бірінен бүтіндей
айырып, боршаламақшы және мұндай «төңкерістік жолмен» орыстандырмақшы болады.
Сол үшін әр түрік тұқымын «ұлт» деп атауға тырысады. Басқарма
236
Өзбекстанда өзбек тілі
Орта Азия оқу ордасы тұрғылықты тілді үйрету ісінің ең алда тұрған
әрі ең баса жүктелген жері. Бұл оқу ордасын бітірген әрбір еуропалық
(орыс) жергілікті тілді жақсы меңгерді деп куәнама алады және жауапты
орындарға тағайындалады. Сондықтан мұнда өзбекше қандай әрі
қай дәрежеде үйретілгенін білу әркімді де қызықтырса керек. «Права
Востока» газетасы бұл жайлы 5 май нөмерінде төмендегілерді жазады:
оқу орнында өзбек тілін үйрену үшін 48 (қырық сегіз) сағат қана бөлінген.
Бір орыс агрономы бұл 48 сағаттық өзбек тілі курсын тыңдағаннан кейін
осы тілді меңгергені туралы куәнама алған. Әрі Тәжікстанға жауапты іс
атқарушы болып тағайындалған. Бұл арада айта кетерлігі – Тәжікстанға
баратын іс жүргізушіден тәжік тілін білу де талап етілер еді. Агроном
тағайындалған жұмыс орнына келіп, тәжік диқандарға ауылшаруашылық
серіктік туралы насихатын жасай бастады. Ол қоразды түсіндірмекші
болады. Бірақ тіл білетін мырза құрғыр өзбекше де қалай түсіндірерін
білмей дал болды. Ары ойлап, бері ойлап «қо-қо-қо» деп шақырып
жіберді. Ол осысымен халыққа қоразды түсіндірген болды.
Артық «құрметке лайық» агрономның шаруасы есекке келгенде қа-
лай түсіндіргенін оқырмандардың өздері де білген болар.
Қазақтар арасында жергіліктендіру
Бүкіл Түркістан газеталары «барлық күштер жергіліктендіру ісіне
аударылған» деп жазады. Орта Азия Бюросы осылай деп айғайға аттан
салғанындай жаңа тәубесіне келген Анғам да «жергіліктендірудің жақсы
жүріп жатқандығынан», оның көп «табыстарынан» сүйсіне отырып
сөйледі. Бұл «табыстардан» біреуін біз жоғарыда ғана жазып өткен
Орта Азия оқу ордасындағы өзбек тілін үйрену мысалынан көрген едік.
Ол жерде өзбек тілі орнына қораздың шақырғаны, есектің ақырғаны
үйретіледі. Бұл оқу орнының жұмысына емес, хайуанат бақшасына
көбірек ұқсайды.
Мінеки, сізге Түркістанның қазақтары ішіндегі хал: бұл жерде осы
кезге дейін есектің аңыраған дауыстары естілмеген болса да іс жаман
жағдайда. Осы жылдың 21 январында Қазақстан Атқару Комитеті
барлық комиссарларға бірінші майға дейін «жергіліктендіру» мәселесі
үшін дайындық көрулерін бұйырған. Бұл дайындық жоспары бүкіл
мекемелерде орыстарға қазақ тілінде іс жүргізуді үйретумен әрі қазақ-
тарды әзірлеу курсын ашумен ғана шектелген еді. Нақты қолданыста
аталған реформаның басында оқу-ағарту комиссарлығы тұру керек еді.
237
Керісінше, тексеру нәтижесінде оқу комиссарлығының қызметкерлері
қазақша жүргізуді қажет деп таппаған. Оқу комиссартиатындағы жағдай
бұлай болғанда басқа комиссарлықтан ауыз ашу тіптен қиын.
Сауда комиссарлығы өзінің жергіліктендіруден ешбір шаруасы бол-
мағандығын білдірген. Қазына комиссарлығы да жазу машинасы мен
машина терімшілері жоқтығы тасасына жасырынып отыр. Денсаулық
сақтау комиссариаты да жергіліктендіруге ешбір мән де, маңыз да
бермегені сияқты ауылшаруашылық комиссариаты да көшпелі, жартылай
көшпелі шаруаларды орналастыру сияқты маңызды іспен болып, мұндай
майда-шүйде, ұсақ-түйек істермен айналысуға мұршасы болмағанын
айтады.
Осылармен ұлттықтандыру майданында ештеңе де атқарылған жоқ
десек, жөнсіздік жасаған боламыз. Сондықтан да осы саладағы бірқанша
«табыстарды» төменде санап өтпекші боламын.
Қазақстан еңбекшілер одағы (Profsoіuz) биыл декабрь айында одақ
мекемесін тазалаушы әйел орнын жергіліктендіруге бұйрық берген.
Қазақстан почта жұмысшылары одағы февральдан бастап хат-хабар
тасушы әрі төрт тазалаушылар орнын жергіліктендіруді іске асырды.
Ауылшаруашылық комиссарлығы 2 қарауыл мен 7 атбағар қазаққа
жер беруге шешім шығарған.
Қазақстан жол серіктігі бірінші октябрьден бір қазақ қызметшісі мен
1931 жылы январьда бір қазақша машина терімшісін алуға уәде еткен.
Денсаулық сақтау комиссарлығы 3 қазақ малайына жер беруге мақұл
болған.
Міне, бұлар Москваның сатқын агенттері тілінде «Қазақстанды
жергіліктендіру», «Еңбекші қазақ» газетасының тілінде «қазақтандыр-
майды, азаптандырады» деп аталады.
Түркістан хабарлары
ІІІ. ұлттық баспа және баспасөз жайлы Түркістан газеталарында өте
қызық мағлұматтар беріледі. 1929 жылы және осы жылдың өткен алты
айы ішінде Советер Орта Азиясында (Түркістанның қазақтар бөлігінен
басқасы) жалпы 1047 кітап таратылған. Бұл баспа өнімінің барлығы 9
миллион 234 мың нұсқа. Өкінішке орай, бұл мәліметті алған «Правда
Востока» газетасы (14 июль) бұл баспа өнімінің қай тілдерде шыққаны
жайлы ақпарат жазбаған.
Орта Азияда жалпы 46 газета шығады. Бұлардың 12-сі орысша. 31
ұлттық газетаның жалпы таралымы 396700 нұсқа. Журнал, оқушылар
баспа өнімі 71 дана (28-і орысша), таралымы 221 мың.
238
Әрине, аталған барлық баспа өнімдер тек тілі тұрғысынан ғана
ұлттық нақышын қарастыруға болады. Рухы, мазмұны жағынан түр-
кістандықтардың ұлттық рух, мұқтаж және тілектерін көрсетуден көп
алшақ жатыр. Енді бір сәт бұл баспасөздердің басында кімдер тұрғанына
зейін аударайық. 76 ұлттық баспасөз (журнал, газета т.б.) басында
33 (отыз үш) редактор бар. Өзбекстанда бір кісі екі-үш баспасөздің
бас редакторы мен бірнешеуінің редакциялық алқа ағзасы болса,
Түркіменстанда бір адам 5 баспасөздің басында отыр. Бір газета және
журналдың жалғыз бір адам жағынан жазылуы сияқты ғажайып оқиғаны
«Правда Востока» газетасы өзі жазады. Бұл да ештеңе емес. Редакторсыз
тек аудармашылардың жәрдемімен шығарылып жатқан 20 дан артық
«ұлттық баспасөз» бар екен.
Аталған 33 совет «ұлттық» баспасөзі редакторларының білім дәрежесі
төмендегідей көрсетіледі:
6 кісі жоғары партия курстарын бітірген, 4 кісі журналистер
курсынан шыққан, қалғандары орта және бастауыш совет мектептерін
тамамдағандар.
76 баспасөзге 36 редактор. Бұл да маңызды бір нәрсе! Сіз редактор
қатысуынсыз, тек аударма жолымен шығарылып жатқан артық ұлттық
баспасөзді көріңіз. Бұл Түркістандағы совет ұлттық саясатының әрі
совет «ұлттық» республикаларының өте жақсы бір фотографиясы.
Большевиктер жалданған тілмаштар әдісі арқылы Түркістанда орыс
пролетары диктатурасын жүргізу үшін неліктен жалған тілмаштар
көмегімен «ұлттық баспасөз» шығара алмасын? Бұл «ұлттық баспасөз»
де әдеттегі «ұлттық республикалардан» аумайды.
Түркістанда ұлттықтандыру мәселесі
Кейінгі айларда Түркістаннан келген большевик баспасөзі бүгінгі
Түркістан билігінің ұлттықтандырылған-ұлттықтандырылмағаны тура-
лы есептер мен мақалалар жазуда. Бұл газеталар Түркістанда «ұлттық-
тандыру» саясатының 20 пайыздан артық еместігі мәселесінде бір
ауызды.
Мысалы, Орта Азия бюросы мен коммунист партиясының баспасөз
органы «Правда Востока» газетасының (№ 204) 3 бетінде «Ленин ұлттық
саясаты лайықты жүргізілмей жатыр» тақырыбымен бірнеше оқиғалар-
ды жазуда. Мен бұлардан бір-екеуін көшіріп жазбақшымын:
«Ленин» аты берілген Ташкенттің бір ауданында ұлттықтандыру
мәселесінің талқысына бүкіл мекеме өкілдерінің қатысуында бір мәжіліс
шақырылған. 15 мекеменің тек 5-нен ғана өкілдер келген. Келгендердің
ішінде жол басқармасының өкілі болған Востров:
239
– Бізге жергілікті тілді үйрену керек емес. Керек болса тілмаштар
арқылы іс жүргізе аламыз. Орыс жұмысшылардың жергілікті тілді
үйренулері үшін біздің басқарма бюджетінде қаржы қарастырылмаған.
Міне, мұны айтқан адам Түркістан жолдарының, яғни күре тамыр-
ларының басқармасынан келген бір мұжық баласы.
Мәжілісте орыстарға тіл үйрету мәселесі де қарастырылды. Ал, бірақ
бұған жоғарыдағы мұжық «Бюджетімізде қаржы жоқ!» деп жауап берді.
Осыдан да байқалатыны – Түркістанда ұлттықтандыру саясатының
жүрілуі іс басына түркілерді әкелумен емес, орыстардың жергілікті
тілді үйреніп, билік басында үкімдік етуінен тұрады. Ал ұлттықтандыру
саясатының мағынасы, керісінше, барлық басқарма мен іс орындарынң
басында жергілікті түркілердің болуы.
Ұлттықтандыру саясатының қалай атқарылғанын аталған «Правда
Востока» газетасы төмендегі есеппен өлшем жасайды: бүкіл Түркістан
аумағында ұлттықтандыру 20–30 пайыздан аспайды. Қаржылық орган-
дарға бұл есеп тіпті көптік етеді. Себебі бұл қаржылық мекемелер һәм
майлы һәм қаймақты болып, елдің күре тамырлары саналды.
Мектептердегі оқушы есебі де сол қалып. Мысалы, «Көшкиде» төрт
мектеп бар. Мектептердегі жалпы оқушы саны 490 болса, бұлардың тек
27-і ғана түркістандық, қалғандары орыстар (сол газета).
Сізге тағы бір мысал: бір түркістандық Бәһбуди (бұрынғы Қарши)
қаласының кооперативі есігінде кезек күтіп тұрғанда соңындағы орыс
ілгері өтпек болып, алдындағы түркістандықты итеріп жіберді. Намысын
таптатқысы келмеген түрік ақысын жібермеген. Зорлық жасаған орыс
ашуланып, төбелесе бастаған. Бұл жанжалды көрген бір орыс әйелі
ондағы орыстарға:
– Әй, орыстар, өзбектер бір орысты ұруда, – деп бақырған. Орыстар
жиылып түркістандық жұмысшыны ұрып өлтірген.
Мұны Түркістан газетасы емес, орыс газетасының өзі жазды.
Мәселенің басқа жағы жоқ! Бұл өлімге себеп – тағы ұлт мәселесі. Өзін
Түркістан қожайыны деп санаған бұл орыс бір түркістандықтың өзінен
ілгері тұрғанын қабылдай алмаған. Өкінішке орай, бұл орыс коммунист
партиясының ең сенімді адамы һәм Баһбуди (Қарши) жұмысшылар
одағының мүшесі.
Ленин орыс емес ұлттардың теңдігі үшін әйгілі ұлт мәселесін ортаға
қойды. Осы саясатқа «Бес жылдық жоспардай» маңыз берді. Нәтиже
жоғарыдағы оқиғада болғаны сияқты тағы да орыстардың үстемдігімен
аяқталды.
Осы жағдайда мұның ішінде бір сыр бар. Коммунист партиясы-
ның ұлттықтандыру саясатының нәтижесі болған бірлестіру саясаты
Түркістанның бүгінгі күйінде орындалар ма? Егер орындалса, қандай
240
түрде болмақ? Орыстардың жергілікті тілді үйренулерімен бе, жоқ әлде,
орысша һәм түрікше тіл қолданумен бе?
Тап қазіргі ретпен ұлттықтандыру саясаты Түркістанда жүзеге аспас.
Себебі Түркістанның күре тамырлары орыстардың қолында буылуда.
Орыстар жағынан тағайындалған, яғни іс басына келген кейбір түркіс-
тандықтардың әсері аз, тіпті еш жоқ дерлік дәрежеде. Ол орыстың
айтқанындай Түркістанның бүгінгі қожайыны – тек орыстар. Олар
тарапынан бір жергілікті түрік өлтірсе, ұрылса мұның еш құны жоқ.
Орыстар жергілікті тілді үйренбек емес. Себебі «аударма арқылы
жұмысымызды жүргіземіз» деген бір орыс түсінігі бар.
Біздің қорытындымызша, Түркістанның бүгінгі билеу формасы
өзгермейінше, ұлттықтандыру мәселесі орыс тілінің үстемдігімен нәти-
желенеді. Себебі Түркістанның күре тамырлары болған қаржылық бас-
қармалар орыс мұжығының диктатурасы қолында буылуда.
Ұлт мәселесінің нәтижесі болған жергіліктендіру саясаты Түркістан-
дағы орыс жалмауыздарының үкімдігінде емес, түркістандықтардың
толыққанды тәуелсіз және өз диктатурасы болған билік түрінде ғана жеміс
береді. Әйтпесе «құрғақ сөз құлаққа жақпас» дегендейін ұлттықтандыру
саясаты бос көпірме сөз болып қала бермек.
Иілтер
Түркістан хабарлары
Достарыңызбен бөлісу: |